Әкесінің автомобилін ұрлап, дүкен ғимаратын қиратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сызранда 17 жастағы бозбала өз әкесінің көлігін ұрлауда күдікті деп танылды. Жасөспірім Lifan X50 шетелдік автомобильді мініп қыдырмақ болған.
None
None

Нәтижесінде аурухана төсегінен бір-ақ шықты.

Жас жүргізуші рульге ие бола алмай, Каменоломной көшесіне орналасқан дүкен ғимаратына соққан. Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар алғашқы көмек көрсетті, артынша ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тексере келгенде, көліктің иесі бозбаланың әкесі болып шықты. Алдын ала белгілі болғаны, жасөспірім кілтті рұқсатсыз алған.

Соңғы жаңалықтар