Ақылы жолдар: Жүргізушілер 2025 жылы қанша рет пайдаланғаны анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 54 млн-нан астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:
1. Алматы — Қонаев (8,9 млн)
2. Шымкент — Өзбекстан шекарасы (6,98 млн)
3. Шымкент — Тараз (4,93 млн)
4. Тараз — Қайнар (4,09 млн)
5. Шымкент — Қызылорда (3,6 млн)
6. Астана — Теміртау (3,4 млн)
7. Қонаев — Талдықорған (3 млн)
8. Астана — Щучинск (2,94 млн)
9. Щучинск — Көкшетау (2,53 млн)
10. Астана — Павлодар (1,94 млн)
11. Алматы — Қорғас (1,82 млн)
12. Қызылорда — Арал (1,34 млн)
13. Қостанай — Денисовка (1,33 млн)
14. Көкшетау — Петропавл (1,31 млн)
15. Тараз қаласының айналма жолы (1,31 млн)
16. Павлодар — Семей — Қалбатау (998 мың)
17. Балқаш — Бурылбайтал (974 мың)
18. Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынбор) (962 мың)
19. Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (659 мың)
20. Қостанай — РФ шекарасы (Троицк) (615 мың)
21. Орал — РФ шекарасы (Самара) (609 мың)
22. Шу — Бурылбайтал (492 мың)
23. Орал — РФ шекарасы (Саратов) (435 мың)
24. Қандыағаш — Мақат (385 мың)
25. Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (127 мың)
26. Үшарал-Достық (29 мың).
Бұдан бұрын 15 қыркүйектен бастап ақауы бар ақылы жол учаскесінде жүру тегін болатыны айтылды.