«Әкім егін орған күн» - баспасөзге шолу

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің шілденің екінші жартысында жарияланған материалдарына жасалған шолуды ұсынады.

Газеттің 16 шілде күнгі саны «Әкім егін орған күн» (Нұрбек Оразаев) атты көлемді репортажбен ашылған. Биыл Батыс Қазақстанда күн жаңбырлы, жер ылғалды болып, соның нәтижесінде егін бітік шықты. Мұны аталған материалдан да көруге болады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Зеленов ауданында болған кезінде алдымен Орал - Кирсанов бағытындағы жол жөндеу жұ­мы­сы­­­мен танысты. Ұзындығы 48 шақырымды құрайтын жол­жөндеу жұмысына 2 млрд. 290 253 теңге қаражат бөлін­­ген.

Өткен жылы жолдың 11 шақырымы жөнделсе, осы жылы 22 шақырым, келесі жылы 15 шақырымы жөн­деуден өтпек. Жол жөндеу жұмы­сымен танысқан облыс әкімі жұ­мыс­тың сапалы және уақтылы орындалуын тапсырды.

-Орал - Кирсанов бағытындағы бұл жол облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қатарына жатады. Өткен жылғы жоспарлан­ған жөндеу жұмыстарына облыс­тық бюджеттен 358 миллион қа­ражат бөлінді. Биылғы жылғы жөндеуге республикалық және жер­гілікті бюджеттен 1 миллиард қаржы қаралған. Келер жылдағы жоспарлы жөндеуге 900 мил­лион теңге қаражат қажет. Бұл ба­ғыттағы жол жөндеу жұмыстары жа­ңа технологиямен жүргізілуде. Бұл әдіс бұрыннан төселген асфальт қабатын қазып алып, шебін мен цемент қосып, жаңа төселе­тін қабаттың астына негіз ретінде пайдалану болып табылады. Жаңа технология жол жөндеу жұмысын қарқынды жүргізуге және қара­жат үнемдеуге мол мүмкіндік береді. Жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін бір шақырымына ор­таша есеппен 150 миллион теңге қаржы қажет болса, бұл әдіспен жөнделген жолдың әр шақыры­мына 47 миллион теңге қаражат жұмсалады. Былтырғы жылдан бас­тап қолданысқа енген техно­логия жақсы нәтиже беруде. Бо­лашақта жол жөндеу жұмыстарына осы әдісті кеңінен қолдану жос­парлануда, - дейді облыстық жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас­шы­сының орынбасары Асқарбек Жақсығұлов.  

Сонымен қатар облыс әкімі аудандағы егін және мал шаруа­шылығымен айналысатын бірқа­тар шаруа қожалықтарын арала­ды. Дариян ауылдық округіне қа­расты "Азамат" шаруа қожалы­ғын­да болған өңір басшысы күздік бидайды ору жұмысымен таныс­ты. Ғалым Наурызбаев жетекші­лік ететін қожалық егін шаруашы­лығымен қатар мал шаруашылы­ғымен де айналысады. Бүгінгі таң­да шаруалар 250 гектар жерге егіл­ген күздік бидайға орақ салған. Биылғы жылдың ауа райы егін шаруашылығы үшін өте қолайлы болғандықтан, егіндіктен   алынып жатқан өнім де мол.

-Қазір өткен жылдың тамыз айында егілген 250 гектар күздік бидайды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Былтыр күздегі және көк­тем кезіндегі ылғалдың мол түсіп, егін шаруашылығы үшін ауа райы­ның қолайлы болғанынан шығар, биылғы өнім өте жақсы. Әр гектарынан орташа есеппен 40 цент­нер бидай алудамыз. Өз басым дәл осындай өнімді 2001 жылдан бері жинап тұрмын. Егін егу кезінде барлық технологияларын сақтауға тырысамыз. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек­тер жұмыстың қарқынды жүруіне септігін тигізуде, - деді «Азамат» шаруа қожалығының жетекшісі Ғалым Наурызбаев.

Сондай-ақ өңір басшысы осы Дариян ауылдық округіне қарас­ты «Матевосян» шаруа қожалы­ғының күздік егіс алқабымен та­нысты. Бұл қожалықтың негізгі кәсібі - егін шаруашылығы. Қожа­лық меншігінде 7662 гектар егіс­тік жер бар. Шаруашылық қара­уындағы ауыл шаруашылығы техникаларында, егін ору науқанын­­да 70-тен астам адам жұмыс іс­тейді. Қожалық иелерінің айтуын­ша, көктемгі уақытта жауын-ша­шын­­ның мол болуынан биылғы егіс бітік шыққан. Мол өнімді ысырапсыз жинап алуға шаруалар  бар күштерін жұмсауда.

-Өткен жыл соңында және қыс мезгіліндегі қардың мол түсуі мен ауа райының жайлы болуы егіннің мол шығуына септігін ти­гізді. Орылып жатқан бидайдың сапасы да көңіл қуантады. Үкімет тарапынан да зор қолдау көріп отырмыз. Арзандатылған бағамен берілген жанар-жағармайдың өзі шаруаларға көп көмек. Жақын­да «John Deere» маркалы амери­кандық екі су жаңа комбайн мен күнбағыс жинауға арналған трак­тор сатып алдық. Бұл заманауи техникаларда адамның алаңсыз жұмыс жасауына барлық жағ­дай­лар жасалған, - дейді шаруа Александр Матевосян.

Мол шыққан егістікті оруға то­­ғыз комбайн түскен. «John Deere» маркалы американдық комбайн­дарды басқару өте қолайлы көрі­не­ді. Басқару кабинасы түгелге жуық әйнектелгендіктен, комбайншыға жан-жағын толық бақылап отыру­ға қолайлы. Автоматтандырыл­ған егін ору құралының ішінде тіпті салқындатқыш та бар. Бар­лығы 6 мың гектар күздіктің бүгін­гі таңда тең жартысы орылған. Қалған егінді 10 күн ішінде жинап ал­мақшы. Көкжиекпен астасқан егін­дікке әрі қуанып, әрі риза болып тұрған өңір басшысы Алтай Сейдірұлы алқапта жүргендерді таңғалдырды. Комбайн штурвалы­на өзі отырды. Сөйтіп, алып тех­никаны тізгіндеп, 1,5 шақырым­дай жүргенде бункер алтын дәнге мөймілдеп толды. Осылайша, об­лыс әкімі биыл құт қамбаға құ­йылатын ырысқа өзі жинаған 48 центнер бидайды қосты.

-Бүгін біз егін салумен айналысатын шаруаларды аралап, егін­нің мол өнім беріп жатқандығына  куә болдық. Әрине, осындай мол өнім алуға қол жеткізу шаруалар­­дың еңбегі мен өңіріміздегі ауа ра­­йы­ның қолайлылығынан деп ой­лаймын. Бүгінгі күні диқандар ор­таша есеппен гектарына 40-50 цент­нерден өнім алып отыр. «Ма­тевосян» шаруа қожалығы тек егіс егіп қана қоймай, астық пен ас­тық өнімде­рін өндіріп, шет мем­лекеттерге шығаруда. Соңғы жылдары шаруа қожалықтары қарамағындағы техниканы жаң­ғыр­­туға көп көңіл бөліп келеді. Жаңа технология адамның көп күш жұмсамай, жұ­мыс өнімділігін күшейтуге мол мүмкіндік беруде.Жаңа технология алған қожалық­тарға мемлекет тарапынан көр­­сетілетін көмек те зор. Еңбек етіп,өнімділікті арт­тырамын деген шар­уаларға әрда­йым қолдау көрсе­ту­ге әзірміз, - деді  облыс әкімі Алтай Көлгінов журналистерге бер­ген  сұхбатында.

Бұдан соң өңір басшысы «Матевосян» шаруа қожалығының күнбағыс алқабында болды. Қожа­лық жетекшісі күнбағыстың сұры­бы, егілу технологиясы, күтілетін өнімі туралы жан-жақты аяндап берді.

Желаев кентінде орналасқан «Желаев астық өнімдері комбинатында» болған облыс әкімі ас­тық, макарон, майлы шемекі өнді­рісінің барысымен танысты. Айта кетейік, комбинат өндірген бұл өнім­­дер ішкі нарыққа қоса, Ауған­стан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қыр­­ғызстан, Армения секілді шет елдерге  де  жөнелтіледі.

«Жаңа  жүйенің қағидаларын ұғындырды» (Болат Есқалиев) - бұл мақалада Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта денсаулық сақтау қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қағидаларын ұғындыруға арналған сапармен медицина ғылымының докторы, профессор, С. Асфандияров атындағы ҚазМҰУ кафедрасының меңгерушісі Құралбай Құрақбаев, Денсаулық сақтау жә­не әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қыз­метке ақы төлеу комитеті БҚО филиалы департаменті басшысының орынбасары Айнагүл Дәулетшина болғаны айтылған.

Сақтандыру жүйесі «Ұлт жоспары - 100 нақты қа­дам» жобасының негізін­де жасалғаны көпшілікке мәлім. «Міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру туралы» заңға сәйкес, міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесі елі­­міз­де 2017 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Енді елі­міз­де­гі әрбір азаматтың денсаулығы үшжақты жауапкершілікке алына­ды, яғни мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі бұған атсалысады. Қазір әлемде медицина­лық сақтандыру жүйесі кеңінен қолданылады. Қазақстан үздік ха­лық­аралық тәжірибені ескере оты­рып, үшжақты ынтымақты жауап­кершілік негізінде жүзеге асатын жүйені таңдады. Бұл жүйені жүзеге асыру медицинаның мүмкіндігін кеңейтеді. Аталған жиылыста жа­ңа жүйенің осындай ерекшелікте­рі, әкелер мол мүмкіндіктері жа­йында олар кеңінен әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді. Аудан әкімінің орынбасары Мең­зипа Жұ­матова, аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрошев, дәрігерлер ой-пайымдарымен бөлісті.

Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс беруші­­лер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық ор­гандарында тіркелген өзін-өзі қам­­тыған азаматтар өздері үшін төлей­ді. Мемлекет азаматтарды тегін ме­дициналық көмектің ке­піл­дік берілген көлемімен (ТМККК) әрі қарай қамтамасыз етуін жал­ғас­ты­рады. Олардың қатарына әлеу­мет­тік мәні бар аурулар, шұғыл жағ­­дайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Жаңа жүйе бойынша келер жылдың 1 қаңтарынан мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна тө­лей­ді. Бұл ретте ерекше санатта­ғы азаматтар үшін мемлекет төлей­тін жарнаның мөлшері орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құ­райды. Бұл 2024 жылға дейін кезең-кезеңмен өседі. Ал жұмыс берушілер төлейтін жарна мөл­ше­рі жалпы кірістің 5 пайызын құ­рай­ды. Бұл да кезең-кезеңімен жү­зеге асады, яғни 2017 жылы - 2 пайыз, 2018 жылы - 3, 2019 жылы - 4, 2020 жылы 5 пайызға өседі. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр­ған азаматтар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиа­торлар, азаматтық-құқықтық не­гіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар кірістерінің 7 пайызын қорға аударады. Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1 пайыздық, 2020 жылдан 2 пайыздық мөлшерде тө­лейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры жарнасын төлеу­ден азаматтардың 15 санаты боса­ты­лады. Оның ішінде 12-сі - ха­лық­тың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен бірге әскери қыз­меткерлер, арнайы мемлекеттік жә­не құқық қорғау органдары­ның жұмысшылары болмақ. Халық­тың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Ба­тыр ана» атағын алғандар, І-ІІ дә­режелі «Ана даңқы» ордені­мен марапатталған көп балалы ана­лар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбие­леніп жатқан азаматтар жарна төлемейді. Сондай-ақ техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейін жо­ғары білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде, резидентурада оқып жатқан азаматтар және үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырған аналар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, уақытша ұстау, тер­геу абақтыларындағы азаматтарда жарнадан босатылады. Бұлар­дың барлығы мемлекет есебінен тегін көмек алады. Сондай-ақ көр­сетілетін медициналық көмек сақ­тандыру қорындағы қаржы ар­қылы жүзеге асырылады. Алайда мемлекет бюджетінен кепілдендірілген тегін медициналық кө­мек­ке бөлінген қаржы тоқтап қалмайды. Қазіргі күні азаматтар қан­дай медициналық көмек алып жүр­се, соның барлығы алдағы уақытта да жүзеге асырыла береді. Мәселен, жедел медициналық жәрдем, санитарлық авиация, әлеу­меттік аурулар, төтенше жағдайларда көрсетілетін медици­­налық көмектер, вакцина егу се­кілді бірқатар қызметтер тегін жүргізілмек.

«Радикалдануға  бейім топтар анықталды» - Сәкен Әбілхалықовтың бұл көлемді ақпаратында діни экстремизмге қарсы күрес мәселелері сөз болады.

Өңірде дәстүрлі емес ислам бағытындағы діни радикализм мен экстремизмнің айқын көрі­ністері байқалуда. Оған жас­тар жиі қолданатын әлеуметтік желі арқылы теріс дінге шақыратын ақпараттардың кеңінен таратылуы, баланың дінге қы­зығушылығын байқаған ата-ананың дер кезінде құ­зыретті құрылымдар мен сенім телефондарына ха­барласпауы, діни сауаттылықтың төмендігі өз әсерін тигізуде. Бұл жөнінде облыс орта­лығындағы Достық үйін­де өткен облыстық ас­ самблеяның қоғамдық келі­сім ке­ңесінің отырысында айтылды.

Жиын барысында өңірдегі ді­ни ахуал турасында баянда­ған об­лыстық дін істері басқарма­сы­ның басшысы Талғат Нығметовтің айтуынша, батысқазақстан­дық­тар­­дың жекелеген санаты­ның дес­­труктивті радикалды діни ұйым­ға өтуін барын­ша азайту мақса­тын­да өңірлік ді­ни экстремизм мен терроризм­ге қарсы іс-қимыл жөніндегі мем­ле­кеттік органдар­мен бірлескен жұ­мыс жоспарлы түр­де жүргізіліп келеді. «Бұл ба­ғыттағы жұмыстар биыл облыс әкімінің төрағалығы­мен өткен ді­ни бірлестіктер­мен байланыс жөніндегі кеңес отырысында арнайы қаралды, - деді Талғат Рақымұлы. - Қолға алынған іс-шара­лардың нәтижесінде өңірде ра­дикалдануға бейім қауіп-қатер топ­тары анықталды. Олардың қатарында саудамен айналысатындар, вахталы әдіспен жұмыс істейтіндер, қоғамдық-көлік ұйым­дарының қызметкерлері, діни экс­тремизм мен терроризм үшін сотталғандар, әскери жанжал ай­мағына кеткен адамдардың отба­сы мүшелері, жұмыссыздар, орал­мандар, дәстүрлі емес діни ағым­ның өкілдері бар шалғай ауылдың тұрғындары, жатақхана-интернат­та тұратын студенттер мен оқу­шы­лар, күмәнді шетелдік діни оқу­да оқитын жандар бар. Облыс жа­мағатының 80 пайыздан астамы жастар. Сол себепті облыстық жас­тар басқармасымен бірлесіп жұ­мыс істеудеміз. Бүгінде төрт аудан­­дағы жастар ресурстық орталығында дінтанушы білімі бар мамандар жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қалған аудандар да тео­логтармен қамтылмақшы. Облыс­тық білім басқармасы арқылы мек­теп және оқу орындарындағы діндар жастарға дәстүрлі бағыт­­ты түсіндіру жұмыс­та­ры жүргі­зіліп келеді. Мәселен, биылғы бірінші жартыжылдық ішінде 14-21 жас ара­лығын­дағы 32040 оқушы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтыл­ды. Облыстық ішкі саясат басқар­масы арқылы өңірдегі БАҚ-та бас­қарманың медиа-жоспары аясында жұмыстар жүргізіліп, «ИШИМ» террористік ұйымының идеоло­гиясын әшкерелеу, халықтың ра­дикалды сипаттағы теріс діни ағым­дар идеясына қарсы иммунитетін күшейту жөніндегі ақпа­раттық іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Түзету мекемелеріндегі діни ахуалды жақсарту жұ­мыстары да өз нәтижесін беруде. Яғни бостандыққа шыққан алты  адам дәстүрлі бағытқа ауысты».

Жиын барысында қаралған екін­ші мәселе - жер реформасын тү­сіндіру. Соған орай сөз алған облыстық жер қатынастары бас­қар­масының басшысы Әлия Мұ­хам­бетжанованың айтуына қара­ғанда, өңірімізде бұл бағытта 14 ақпараттық-түсіндіру тобы жасақ­талған. Топ құрамында елге, өңі­рімізге танымал тұлғалар, ауыл шаруа­шылығы саласының сарапшылары бар. Күні бүгінге дейін реформаны түсіндіру мақсатын­да 639 шара өтті. 4 мамырдан бе­рі қоғамдық кеңестің 91 отырысы болса, оның бесеуі облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Со­ның нәтижесінде республикалық комиссияға 20 ұсыныс жолданды. Сонымен қатар 23 мамырдан бастап облыс әкімі мен оның орынбасарлары аталмыш реформаға орай аптасына үш рет қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Мұндай қабылдауларды Орал қаласының, аудандар мен ауылдардың әкім­дері  де  жүргізуде.

Үштілді білім жүйесі турасын­да баяндаған облыстық білім бас­қар­масы басшысының міндетін уа­­қытша атқарушы Зәуре Ғұма­рованың айтуынша, бүгінгі таңда өңіріміздегі 193 балабақша мен 189 шағын орталықтағы 19770 ба­ла ағылшын тілін оқуда. 2020 жыл­ға дейін облыстағы 39 мектепке жаратылыстану-математика пән­дері бойынша үштілді білім жүйе­сін енгізу кестесі жасақталды. Қа­зіргі уақытта 42 маман аталмыш пән­дер бойынша үштілде сабақ беруде. Бүгінгі таңда пән мұғалім­дері мен оқушылар үшін тілдік курстар, онлайн сабақтар мен консультациялар ұйымдастырылуда.

Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты тиісті шешімдер  қабылданды.

Облыста «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл туралы «Теректіліктер - Қаратөбеде» атты материалда (Ертай Бимұханов, Серікбай Хасанов) хабардар етілген.

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында 13 шілде күні Қаратөбе ауданына көш-керуенін бұрған теректілік меймандарды аудан шекарасынан қарсылаған қа­ратөбеліктер достық ниетпен келген аға­йын­ға ақ дәм ұсынып, әннен шашу шашты», делінген онда.

Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев бастап кел­­ген делегация алдымен жергілікті кәсіпкер Сержан Ашығалиевтің иелігіндегі «ДЕМ» минералды сусынын шығаратын цех жұмысымен танысып, өнді­ріс ошағының қуаттылығы жөнінде біраз мәліметтермен қанықты.

Сәулетті ғимарат дене шынық­тыру-сауықтыру кешенінде қос аудан спортшыларының волейболдан жолдастық кездесуі өтті.

Одан соң ауданның тарихи орын­дары мен көрікті жерлеріне саяхат жасаған теректіліктер орталық саябақты  аралап, сәні мен салтанаты келіскен аталмыш сая­бақтағы әсем гүлзарларды, бала­лар ойыны алаңын, ҰОС-дан орал­маған боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны, «Мәңгілік алау» мемориалын, көк байрағымыз жел­біреген ту тұғырды тамашалап, майдангерлер рухына бас иді.

М. Мерәлиев атындағы аудан­дық тарихи-өлкетану музейіне мәдени саяхат жасаған топ аудан­ның тыныс-тіршілігімен, құт-ме­кеннің тарихымен етене танысты.

Мегажобаның негізгі бөлігі ау­дан әкімдігінің мәжіліс залында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен «Қазақстанның таңдауы - бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстелде жалғасын тапты.

Оған үкіметтік емес ұйымдар же­текшілері, ардагерлер кеңесі мен жастар қоғамдық бірлестігі­нің мүшелері, БАҚ өкілдері қа­тысты.

-Ел Президентінің «Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келі­сімді нығайту мақсатында Қазақ­стан халқы ассамблеясы құрыл­ған болатын. 21 жыл ішінде ассам­блея этносаралық толерантты­­лық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құрау­шы бөлігіне айналды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қолдауы негізінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега­жобасы аясындағы облыс орталы­ғынан  бастау алған эстафета Қа­ратөбе ауданына да жетіп отыр.

Мегажобаның негізгі мақсаты мен міндеті ұлттар мен ұлыстар арасында этносаралық және кон­фессияаралық келісімді нығайту, достық қарым-қатынасты арттыру, патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу болып табылады, - деді басқосуда сөз алған аудан әкімі Асхат Берлешұлы.

-Елбасының сындарлы саяса­ты негізінде облысымыздан бастау алған мегажоба аясында Асхат Шахаров бастаған Қаратөбе ау­даны активіне зор алғысымды білдіремін.

Облыс орталығына жақын ор­наласқан Теректі ауданы төрт ау­данмен шектеседі. Халық саны 40 мыңға жуық ауданда 52 елді ме­кен бар. Ауданда 29 ұлт өкілі бір-бірімен тату-тәтті күн кешуде. 

Теректі ауданынан Марабай жы­рау, Хамза Есенжанов, Әбубә­кір Кердері, Ақұштап Бақтыгереева сықылды айтулы тұлғалар түлеп ұшқандығы - біз үшін үлкен мақ­таныш.

Ауданымыздың әлеуметтік-эко­номикалық деңгейі үлкен өнер­кәсіп пен ауыл шаруашылығы­на бейімделген.

Аудан бойынша көптеген ин­вестициялық жобалар жоспарла­нып отыр. Оның ішінде индус­триал­ды парк құру, 7 гек­тарды құрайтын за­манауи жылыжай са­лу жобалары жос­парда бар, - деді Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұ­қаев.

Дөңгелек үстел­де Қаратөбе аудан­дық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Орынғали Ермек­қалиев, БҚО Қазақ­стан халқы ассам­блеясының мүшесі, қаратөбелік Ирина Классен, терек­тіліктер Сәлім Кукашев, Гүлнұр Әйтімова сөз алып, екі аудан арасындағы халықтар достығы мен ынтымағына баса назар аударды.

Басқосуды БҚО Қазақстан хал­қы ассамблеясы төрағасының орын­­басары Ғайса Қапақов қо­ры­тын­дылады.

Дөңгелек үстелден соң мей­ман­дар аудандық мәдениет үйі­нің фо­йесінде орын тепкен этномәде­ни бірлестіктердің қолөнер шеберлері көрмесімен танысып, әр түрлі ұлт өкілдері дайындаған тағамдардан дәм татты.

Мегажоба аудандық мәдениет үйінде өткен Теректі ауданы көр­кемөнерпаздарының концерті­­мен ерекшеленді.

Теректі аудандық ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылған сазды бағдарлама әпдегеннен-ақ көрермен көңілін бау­рап алды.

Халық әні «Ақ кербезді» шыр­қата салған кіп-кішкентай бүл­дір­шін Амангелді Шапағат үлкен-кішіні түгел сүйсіндірсе, Асыл­хан Қазиев пен Омар Ғаббасовтың күй тартысы делебені қоздырып, кө­рерменге қиқу салдырды.

«Жұлдыз» үлгілі би ансамблі­нің орындауындағы түрлі ұлт билері мереке ажарын ашты. Әсіресе, республикалық, ха­лық­аралық байқаулардың лауреат­та­ры Таңат Жексенбаев, Гүлназ Құ­са­­йынова, Асыланбек Шайхин жә­­не Айбек Дәулетқалиевтің орын­­да­уындағы әсем әндер кө­­рер­мен­ге  еріксіз  қол  соқтырды.

Өнердің көптеген жанрын қам­тыған мерекелік концерт Ер­кін Нұрымбетовтің «Теректі тол­қы­ны» әнімен кеш шымылдығын жапты.

Концерттік бағдарлама соңын­да Теректі ауданының әкімі Мұ­рат Мұқаев сөз алып, қонақжай­лылық танытқан Қаратөбе халқына ри­зашылығын жеткізіп, ылайым береке-бірлікте жолығуға жазсын деген тілегін білдірді.

Бұдан соң Қаратөбе ауданы­ның әкімі Асхат Шахаров Теректі ауданының әкімінің қолынан мегажоба эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алды.

Қаратөбе ауданының халқы аты­­нан Теректі ауданының бас­шы­лығына отандық өнім «Ша­ңы­рақ» естелік сый­лы­ғы мен «Қара­төбенің жеті кереметі» суреті сый­­ға тартылды.

Ынтымағы жарасқан қос аудан басшылары естелік сый­лықтар­мен алмасып, татулық шоғын маздата түсті.

«Жұлдызайдың» шапағаты» (Айша Өтебәлі) «BI Жұлдызай» қайырымдылық қоры атқарған жұмыстарға арналған.

«BI Жұлдызай» қайырымдылық қоры  «Bi-Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Қор екі бағытта жұмыс істейді. Оның бірі  шығармашылық бағыттағы дарынды балаларды анықтауға арналған болса, екіншісі  мүмкіндігі шектеулі жетім балаларды емдеу ісін ұйымдастыруға бағытталған.  11 жыл ішінде «BI Жұлдызай» фестивалі арқылы талай шығармашыл жастың жолы ашылғаны белгілі.

Қордың екінші бағыты - медициналық-әлеумет­тік жобасы 2013 жылдан бастап қолға алынды.  Бұл жобаны жүзеге асыру үшін құрамында балалар дәрігер-ортопеді, балалар хирургі, балалар невропатологы және логопед, психолог, дефектолог-маманы бар жеделтоп құ­ры­лып, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі, кешенді емді қажет ететін ба­лалардың тізімін жасақтай бастады. Нәтижесінде  тек қана Аста­на қаласының өзінде 2014 жылы 502 бала, 2015 жылы 778 кешен­ді емді қажет етуші балалар анық­та­лып, өткен жылы осы балалар­дың 100-ге жуығына ота жасалып, оңалту емін алды. Кешенді ем ал­ған бүлдіршіндердің көбі аяқта­ры­нан тұрып, өз беттерінше жүре алатын халге жетті. Талайларға қуа­ныш, бақыт сыйлаған бұл жо­ба­ның тиімділігі дәлелденген соң мұндай игілікті істі одан әрі жал­ғастыру мақсатында дәрігер­лер­ден құралған жеделтоп  енді елі­міздің түкпір-түкпірін аралап, ке­шенді емді қажет ететін науқас балаларды анықтауға шешім қа­былдаған.  «Астана медициналық  университеті»  АҚ балалар хирургиясы кафедрасының доценті, про­­фессор ассистенті, «BI Жұл­дыз­ай» қайырымдылық қорының үйлес­ті­рушісі Роза Қарабекованың ай­­туынша, осы жылдың аяғына де­йін жеделтоп барлық облыс ор­талықтарын аралап шығуы тиіс.

-Бұл медициналық-әлеуметтік жоба үш кезеңнен тұрады. Біріншісі - еліміз бойынша кешенді ем алатын балалар санын анықтау. Мұ­ны биыл жыл аяғына дейін аяқ­таймыз.  Екіншісі - мамандарды оқыту, үйрету. Биыл қыркүйек айында еліміздің түкпір-түкпірін­дегі балалар үйінің дәрігерлерін Астана қаласына шақырып, екі ап­талық семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Әр қаладан екі маманнан келуі керек, оның біреуі міндетті түрде оңалту (реа­билитация) дәрігері болуы тиіс. Үшінші кезең - бұл  шет қалаларға мамандарды шығарып, балаларға ота жасату, оңалту емін жүргізу. Бұл жұмысты жаңа жылдан кейін қолға алмақпыз.

Біз биыл жыл аяғына дейін елі­міздің 16 қаласына барып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі сырқат балалар санын анықтауды жоспарлап отырмыз. Біз негізінен, 14 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды емдейміз. Соның ішінде жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан ауыр сырқатты балалар осындай емге мұқтаж. Сол себепті біз осы жолы барлық облыс орталықтарындағы балалар үйін аралауды бастадық.  Бұған дейін Қарағанды, Шымкент қалаларын­да болдық. Қарағандыда екі балалар үйінде болып, төрт науқас бала­ны анықтадық. Шымкент қаласын­да осындай үш бала тізімге енгізілді. Міне, бүгін Орал қаласындағы Бөбектер үйінен тағы бір науқасы ауыр бүлдіршінді таптық. Кішкентай сәби аяқ-қолын игере алмайды, науқасы түсініксіз. Әзірге арнайы зерттеулерсіз біз бұл балаға ДЦП диагнозын қойдық. Кейін бұл баламен арнайы жұмыстана­тын боламыз. Орал қаласында екі күннің ішінде Балалар ауылында, Аналар үйінде, Бөбектер үйінде және облыстық балалар үйінде болып, 100-ден астам баланы дә­рігерлік тексеруден өткіздік. Бұ­дан кейін  осы мақсатпен Тараз, одан әрі Көкшетау қаласына барамыз. Биыл жарты жылдың ішінде төсекке таңылған 100 балаға ота жасалды, осыншама балаға оңал­ту емі жүргізілді. Кешенді ем алу үшін отадан немесе негізгі емнен кейін науқас міндетті түрде оңал-ту емін алуы керек, сонда ғана адам сырқатынан толық айығады. Нәтижелі емнің 10 пайызы отадан, қалған  90 пайызы оңалту шараларынан болатыны медицинада әлдеқашан дәлелденген, - деген Роза Ағабекқызы мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу үшін «BI Жұлдызай» қайырымдылық қо­рының  Астана қаласындағы көп­теген денсаулық сақтау орында­рымен бірлесіп жұмыс істеу жө­нінде меморандумға қол қойға­нын айтты.  Оның сөзінше, үш жыл ішінде медициналық-әлеуметтік жоба аясында барлығы 1122 бала медициналық тексеруден өтіп, 95 науқас балаға ота жасалған және 842 бала медициналық орталық­та оңалту емін алған.  Бір айта ке­тетін жәйт, науқас балаларды емдету үшін қор мүшелері өз жа­лақыларынан ай сайын қаражат аударып тұратын көрінеді. Нағыз қайырымдылық деген осындай-ақ болар...

Жаз айлары - түрлі нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары қызатын кез. Бұл жолы Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап, жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан. Осы жөнінде «Үш мектеп, бір балабақша күрделі жөндеуден өтуде» (Гүлжамал Жолдығали) деген материалда тілге тиек етілген.

Шаһар басшысы ең алдымен ат басын тіреген М. Ықсанов атында­ғы №36 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 5 шілде күні басталған. Қазіргі күні бұл жерде 70-тен астам жұмысшы еңбек етуде. Қабырғасы 1936 жылы қа­лан­ған ескі мектеп ғимаратын күр­де­­­лі жөндеуден өткізу үшін 111 млн. теңге бөлінген. «РемСтройБыт» ЖШС директорының орынбасары Марлен Иманға­лиев­тың айтуынша, мектеп ғимараты тү­гел­дей жаңартылып, жаңа оқу жы­лы­ның қарсаңында дайын бол­мақ. Үш ауысымда жұмыс жасап жат­қан мердігерлер 1 қыркүйекке де­йін жөн­деу жұмыстарын аяқ­та­мақ. Жұмыстармен танысқан қа­ла бас­шысы мектептің қасбеті мен тө­бе­жабынының түсіне назар ау­да­ру қажеттігін айтты.

Келесі бас сұққан №39 мектеп 1963 жылы салынған. Оған қоса жалғасқан қосымша ғимараттың қабырғасы 1978 жылы қаланған. Бұл нысан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша күрделі жөндеуден өтуде. Жобаға респуб­ликалық және жергілікті бюджет­тен 107 млн. теңге қаралған. «Ди­зайн ДА» ЖШС директоры Ораз­­бек Мұқамбетовтің айтуын­ша, 45 жұ­мысшының 20-сы - жұ­мыс­пен қам­­ту орталығы арқылы жолдан­­ған­дар. Бұл білім ошағын­да жүр­гізі­ліп жатқан күрделі жөн­деу жұ­мыс­­та­ры­ның 60-70 пайызы аяқтала кел­ген.
Жөндеу жұмыстары аяқ­та­лып қал­ған сынып бөлмелерін аралап көр­ген қала әкімі Нариман Төре­ға­лиев қисық еденге төселген линолеумге қатысты ескерту жасады. Ба­лалар үшін бар жағдайды жасау қажеттігін айтқан қала басшысы еденді тегістеп барып, линолеумді қайта төсеуге, сондай-ақ электр, жы­­­лу жүйесіне қатысты да ұсақ-тү­йектің бәрін ескеруге кеңес берді.

Жұбан Молдағалиев атындағы №2 мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары бел ортасына таяп қал­ған. Бұл мектептің негізгі бөлігі 1969 жылы, қосымша ғимараты 1986 жылы салынған. Білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстары «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысы не­­­­гізінде жүзеге асуда. Жөндеу жұ­мыстарын «Домостроитель» ӨК жүр­гізуде. Күрделі жөндеу жұ­мыс­­тарына 390 млн. теңге қаржы қа­растырылған. Қазіргі күнде 110 адам жұмыс жасауда. Мектептердегі жүріп жатқан жұмыстардың мән-жайымен танысқан қала басшысы мектеп басшыларына жөндеу жұмыстары аяқталған соң мектеп ауласын көгалдандырып, абаттандыру туралы ұсыныс айтты.

-Биылғы жылы қала бойынша үш мектеп, бір балабақша күр­­делі жөндеуден өтуде. Білім ошақ­­та­рында қыркүйек айына де­йін күр­делі жөндеу жұмыстары аяқ­­та­­ла­ды деп күтілуде. Құрылыс жұ­мыстарын қарап жүріп, өз ұсы­ныс-ескертпелерімді айттым. Олар­дың бәрі ескеріліп, балаларымыз жарқыраған жаңа мектепте білім алатын болады. Жалпы, жұмыс өз деңгейінде жүріп жатыр, - деді білім ошақтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының мән-жайымен та­нысқан Нариман Төреғалиев.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Фатиха Пайдинаның айтуынша, №33 «Орленок» балабақшасындағы күрде­лі жөндеу жұмыстарын «БатысСтройсервис» ЖШС жүзеге асыруда.

Өңірде түрлі деңгейдегі депутаттар тұрғындармен кездесумен бірге оларды қабылдап та келеді. «Депутатқа  бұйымтайларын  айтты» (Күлімхан Тасенова) аттыы ақпаратта №17 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты, «Uniserv» ЖШС-ның бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде теректілік азаматтарды қабылдағаны айтылған.

Кездесуге келген сегіз  адам  өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ор­таға салды. Қабылдауға жазылған азаматтарды негізінен тұрғын үй, жол төңірегіндегі мәселелер ойландырады екен. Ақсуат ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Қымбат Көселбаева жерлестері аманаттаған бес мә­се­лені депутаттың алдына тартты. Әсіресе, округке қарасты жолдарды жөндеу, электржелілерін ауыстыру, су жүргізу жұмыс­та­ры, жерге кезекке тұру, бала­бақ­шаның тарлығы жөнінде мән-жай­ды жіті түсіндіріп, көмек сұ­ра­ды. Подстепныйдан  таяғына сүйе­ніп келген қария Абылай Меңді­ғалиев ауылға су өтетін арық қа­зылса және жастарға мәдениет үйі салынса деген өтініш білдірді. Ауданымыздың құрметті азаматтары мен мешіттің бас имамы Х. Сыдықов орталыққа мешіт салуға қолдау көрсетсеңіз деп бұйымтайларын айтты.

-Маңызды мәселелерді көте­рулеріңіз орынды. Қолымнан келетін істі мен өз жауапкершілігіме толық ала аламын. Алайда кей­біріңіздің өтініштеріңізді орындау қолымнан келмейді. Өздеріңіз тү­­сінесіз ғой, депутат болғаным­­мен, бәрі менің құзырымда емес. Дегенмен жоғарыдағы басшылармен бірлесе талқылап, шешімін та­буға тырысамыз, - деген Нұрғазы Сәтбайұлы.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында басқарма, департаменттер басшыларымен қатар аудан әкімдерінің баспасөз мәслихаттары қолға алынды. «12 маман ауылға келмек» атты ақпаратта (Нұртас Набиоллаұлы) Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановтың қаты­суымен «2016 жылдың өткен кезеңінде Ақжайық ауданында атқарылған жұмыстар және 2020 жылға дейінгі аудан да­муы­ның бағдарламасы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы іс-жоспарлар айтылған. Мысалы, биыл аталмыш аудандағы бюджет көлемі 5,5 млрд. теңгені құ­рап, 2016 жылдың I жартыжыл­дығын­да 99,9 пайызға игерілген. Ағым­дағы жылдың бірінші мау­сымында өнеркәсіп өнімінің кө­ле­мі 411,8 млн. теңге, негізгі ка­пи­талға са­лын­ған инвестиция көле­мі 215,2 млн. теңгені құраған. Эко­номикасы мал шаруашылығына негізделген ай­мақта ірі қара 79,1 мың, ұсақ мал 271,9 мың, жылқы 28,4 мың бас­қа жетіп, өткен жыл­дың осы кезе­ңі­мен салыстырған­да Зеңгі баба тү­лігі 2, ұсақ мал 2,3, жылқы 13 па­йызға көбейген. Ау­дан әкімі өзі басқаратын өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыры­лу көрсеткіштеріне жан-жақты тоқталып өтіп, жур­на­листердің сұ­рағына жауап берді.

Клара Қамбетова, «Қазақстан - Орал» телеарнасы:

-Бірінші сұрақ: Биылғы мау­сым айында Ақжайық ауданы бо­йын­ша мал ауруы фактісі тіркел­генді­гінен хабардармыз. Мәселені зерт­теу тұрғысынан нәтиже бар ма жә­не аурудың таралу аумағын шек­теу бағытында қандай жұ­мыс­тар атқарылды?

Екінші сұрақ: Ақжайық ауданы - өзен-көл мен тоғандарға бай  өңір. Ауданда балық шаруашы­лығын дамытудың мүмкіндіктері қан­дай?

Әділ Жоламанов:

-Маусымның он жетісі күні Чапаев ауылына іргелес Нефтебаза аумағында 10-15 ірі қара малы­ның бір күнде ауру фактісі тіркелді.
Бұл жайында бұқаралық ақпарат беттерінде аусыл ауруы деген ақ­парат тарады. Біз қажетті сақтық шараларын дер кезінде қолға ал­дық. Мәселен, көлік қатынасын шектеп, сауықтыру шараларының бірі ретінде мал егу жұмыстарын қолға алдық. Облыстық ветери­нарлық зертханаға патологиялық материалдар сараптамаға жіберілді. Дәл осындай материалдар Ас­тана қаласына да жіберілген еді. Жуырда оның нәтижесі келді. Малға келген індет аусыл немесе пастереллез емес, өңеш, қолқа аурулары екені анықталған. Мұның адамға келтіретін ешқандай зияны жоқ. Яғни ондай аурумен ауырған малды сойып, сатуға ешқандай кедергі жоқ. Қырық шақты ірі қара ауырып, жеті-сегіз бұзау өлген еді. Бүгінде жағдай тұрақталды.

Екінші сұрағыңызға жауап бе­рейін. Бүгінгі таңда балық шаруа­шылығын дамытуға қатысты бір­қатар жобалар қолға алынуда. «Әлім» шаруа қожалығы Ащы өзе­нінде балық өсіруді қолға ал­ды. «Атамұра» шаруа қожалығы Бударин ауылы маңынан тоған жасап, тұқытұқымдас балықтарды көбейтуде. Биыл жеке кәсіпкер Данияр Құспанғалиев Чапаев ауы­лының іргесінен бөгет салып, онда балық өсіру жұмыстарын жолға қойды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Камила Сақболсынова, «Приуралье» газеті:

-Ел тәуелсіздігінің 25 жылды­ғына орай Ақжайық ауданында халық игілігіне қандай да бір жа­ңа нысан немесе өн­діріс орнын ашу жоспар­да бар ма? Сон­дай-ақ аудан­да Жайық өзе­нінің қос қап­та­лына қа­ты­науға мүмкіндік бере­тін кө­пір салу жобасы жа­йында бұқаралық ақпа­рат құ­рал­дарында айтылып ке­леді. Осы мәселеге қа­тыс­ты қан­дай жаңалықтар бар?

Әділ Жоламанов:

-Биыл Тайпақ ауылдық ок­ругіндегі Харь­кин орта мек­тебіне жаңа ғимарат са­лу­ды бастамақпыз. Аудан орта­лы­­ғындағы балабақша жөн­деу­ден өтеді. Тұрғындар­дың са­лауатты өмір салтын ұс­та­нуына қолайлы жағдай туғызатын спорт алаңдарын салу жұмыстары да жал­ға­са бер­мек. Көпір құрылысы мә­селесі об­­лыс әкімі Алтай Сей­дір­ұлының жі­ті наза­рында. Қазіргі уа­қытта жо­ба­­лық-сметалық құжат­тар да­йын бо­-ла келді. Құрылыстың сметалық құ­ны 27,5 млрд. теңгені құ­рап отыр. Қазіргі уақытта үкімет­тің қаржы бө­луге байланысты ше­ші­мін күту­де­міз.

Әуес Оранаева, «Қазақстан АҚ РТРК»  облыстық радио бөлімінің аға редакторы:

-Ақжайық ауданы аумағындағы Сәтимолла кенішіне байланысты аяқ алысы ширақ басталған жо­баның қазіргі жай-күйі қалай?

Бүгінде жастарды әскерге алуда олардың денсаулықтарына байланысты көптеген қиыншы­лықтар туындап жатады. Бұл мә­селеге байланысты ауданның ден­саулық саласында қандай жұмыс­тар атқарылуда?

Биыл «Диплом­мен ауылға» бағ­дарламасы бойынша Ақжайық ау­данына қан­дай саланың мамандары келмек?

Әділ Жоламанов:

-Аудандағы Сәтимолла кеніші Атырау облысына таяу орналас­қан. Қазіргі таңда бұл жерде зерттеу жұмыстары аяқталды. Яғни ол аймақтағы калий кенінің жер ас­ты қоры түбегейлі анықталды. Ен­ді кенді өндіру бағытындағы әр түрлі деңгейдегі  келіссөздер  жүр­гізілуде.

«Жастар денсаулығы мә­селесі­не келсек, әр ауылдық округке кө­шедегі жаттығу алаңдарын салу қолға алынды. Жалпы спорт саласын дамытуға қомақты қар­жы бөлінуде. Биылдың өзінде жасанды көгал жабынын төсеуге 12 млн. теңге бөлінді. Биыл мұндай алаңның құрылысы Чапаев ауылында салынса, келер жылы Тай­пақ ауылында қолға алынбақ. Биыл ауданымызда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 36 маманға тұрғын үй алуға несие берілсе, 18 маман көтерме жәр­демақымен қамтылды. Аталмыш бағдарлама бойынша былтыр ау­данымызға сегіз дәрігер келсе, биыл тағы бес дәрігердің келуін күтіп отырмыз. Жалпы айтқанда, ауданымызға «Дипломмен ауыл­ға» бағдарламасы аясында бес жо­ғары, жеті орта білімді маман келмек. Орайы келіп тұрғанда, математика, биология, орыс тілі пәндері бойынша мұ­ғалімдер қа­жет екенін айта кетейік», деген Ақжайық ауданының басшысы.

Алматы қаласында 18 шілде күні лаңкестік оқиға орын алғаны белгілі. Осыған орай «Орал өңірі» газеті 19 шілде күнгі нөмірінде www.akorda.kz сайтынан алынған «Мемлекет  басшысының  төрағалығымен Қауіпсіздік  кеңесінің  шұғыл  отырысы  өтті» деген тақырыпта материал жариялаған.

Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В. Жұмақановтың, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің басқа да мүшелерінің Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан Президенті қаза бол­ғандар мен зардап шеккен­дер­дің отбасыларына көңіл айтты және оларға мемлекеттік органдардың барлық қажетті көмекті көрсетуін тапсырды.

-Бүгін Алматыда, өкінішке қа­рай, тағы да адам құрбандығына ұшыратқан террорлық акт болды. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын, оларға тиісті пси­хо­­логиялық және материалдық қол­­дау көрсету керек. Сондай-ақ құ­қық қорғау органдарына қала­­дағы құ­қық тәртібін қамтамасыз ету тұр­ғысынан барлық қажетті ша­ра­­ны қабылдауды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі ық­тимал арандатушылықтарға бой ал­дырмауға шақырды.

-Қазір құқық қорғау орган­дары жұмыс істеп жатыр, қас­кү­немдердің кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қор­ғап, жараланғандарға меди­цина­­лық көмек көрсету жөнінде же­­дел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүр­­гізу қажет. Сондай-ақ Алматы тұр­ғын­да­рына тұрақты түрде мә­лі­мет беріп, жалпы қоғамдық тыныш­­тықты қамтамасыз ету керек. Қауе­­сет таратушылардың аяусыз түр­­де жолын кесіп, арандатушылар­ды анықтау маңызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі іс­тер министріне оқиға орнына бару­ды және Алматы қаласының әкімі­мен бірлесіп, қаладағы жағ­­дайды тұрақтандыру жөнінде ша­ра­лар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшы­сы Ақпарат және ком­му­ни­ка­ция­лар министрлігіне азамат­тар­дың барлық сауалдарына жедел жа­уап беріп, халыққа уақтылы жә­не толық ақпарат беріп отыруды тапсырды.

«Төрт  кісіні  мерт  қылған күдікті  ұсталды» деген ақпаратта лаңкестің тұтқындалғаны айтылған.

Алматы қаласының аумағында орын алған оқиғаға орай ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мына мазмұнда мәлімет таратты:

«18 шілде күні сағат күндізгі 11.00-ге жуық уақытта Алматы қа­ла­лық іш­­кі істер департаментіне қа­расты Алмалы аудандық ІІБ-ның кең­сесіне кір­­мек болған біреу кіреберісте кезек­шілікте тұр­ған поли­ция қызметкерін оқ атып жаралайды. Осы әрекетінің нәтижесінде қыл­мыскер ішкі істер қызметкерінің ауто­мат­ты қа­­руын иеленіп, оқиға ор­нынан бой таса­ла­ған. Қылмыскер­дің ізі­не түс­­кен кезде ол өзі заңсыз иелен­ген қа­ру­­­ды қолданып, «Боран» экипажы­­ның екі қызметкерін жа­ралады. Бұдан кейін де қарулы қар­сылық көр­сет­кені­не қарамастан, күдіктіні полиция қызметкерлері «Қазақконцерт» АҚ-ның маңында қолға түсірді. Оны құрықтау барысында полицияның екі қызметкері жараланды. Кү­дік­ті­­нің кім екендігі анықталды.

Қолға түспес бұрын қылмыс­кер бір қала тұрғынының жеңіл аутокөлігін тартып алмақ болған. Осы заңсыз әрекет барысында алған жарақаттан аутожүргізуші көз жұмды. Сонымен қатар оқ тиіп, жараланудың салдарынан үш полиция қызметкері мерт болды.

Күн ілгергі мәлімет бойынша, ұс­талған 27 жастағы ер адам бұрын сот­талған, Қызылорда облысында дү­­ниеге келген, сонымен қатар ол өт­­­­кен демалыс күндері бір әйелді өл­­тірген болуы мүмкін деген күдік бар.

Алматы қаласы бойынша «Сирена» жедел жоспары енгізіліп, барша полиция қызметкерлері қолға түс­кен қылмыскердің сыбайласын ұс­­тауға жұмылдырылды», делінген онда.

Елімізде домбыра тартып, күй шертетін, ән салатын өзге ұлт өкілдері аз емес. Соның бірі - Максим Карамышев. Бұл туралы Р.Амангелдина хабарлаған.

Орыстың қаршадай баласы Максим Карамышев Оралдағы түрлі мерекелік  шараларда қазақтың қара домбырасымен күй шертеді. Жай дағды бойынша ойнамайды, бар болмысымен беріле шертеді.

Өзінің айтуынша, киелі аспапты меңгеруге деген құлшынысын аң­ғарған анасы Гүлсара Гайсина оны №13 мектептегі мектептен тыс жұ­мыс орталығының филиалына  домбыра үйірмесіне беріпті. Бү­гінде домбыра үйірмесінің жетекшісі Ардақ Халықова апайының үйретуімен он шақты күйді шебер меңгерген. Әсіресе, күй атасы Құр­манғазының ойнақы, мерекелік кө­ңіл күйді білдіретін би ырғағы­мен жазылған "Балбырауын" күйін ерекше беріле тартады.

Қаладағы Ж. Молдағалиев атындағы №2 орта мектептің 10-сыныбында мемлекеттік тілде бі­лім нәрімен сусындап жүрген Мак­симнің сабақ үлгерімі өте жақсы. Еңбекқор әрі ізденімпаз жас өрен  орта мектепті «Алтын белгімен»  бітіру үшін талмай ізденеді. Болашақта дәрігер болғысы келеді. «Дом­быраның қоңыр үні жаныңды жадыратады, келешектен үміт­тен­діреді, көңіліңнің кірін жууға кө­мектеседі. Мен қазақтың ұлттық аспабын жаныма өмірлік серік ете­мін», - дейді ол. Оның отбасында­ғы бауырлары, әсіресе, әкесі Вик­тор Максимнің қазақ тілін, салт-дәстүрін жақсы білетінін, домбыраны шебер тартатынын мақтан етеді. Жақында Карамышевтар от­басы үйірме өткізген отбасылық сайыста «Ынтымақты отбасы» аталымын жеңіп алды.

БҚО қоғамдық кеңесінің хатшысы Ақсерік Әйтімов «Қоғамдық  кеңестер қазақстандық қоғамды ширатуы тиіс» деген мақаласында қоғамдық кеңес алдында тұрған өзекті мәселелерді сөз еткен.

ҚР Президенті  Нұрсұл­тан Назарбаев «100  нақты қадам - Ұлт жоспа­рының» 99-қадамында азамат­тардың шешімдер қабылдау үдерісіне қа­тысу мүм­кіндігін кеңейту, сонымен қа­тар мем­лекеттік органдар мен әкім­дер жанындағы қоғамдық кеңестердің  стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикатор­ларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлі­гін­дегі рөлдерін күшейту, мемлекеттік шешімдерді қабыл­дау ашықтығын арттыру туралы тапсырмалар берген болатын.

Елбасының осы тапсырмасына сәйкес қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін, қызметін айқын­дайтын құқықтық-нормативтік құ­жат 2015 жылғы 2 қарашада «Қо­ғамдық кеңестер туралы» Қазақ­стан Республикасының заңы қа­былданғаны мәлім. 2016 жылғы 1 қаңтар­дан бастап қолданысқа ен­ген осы заң аясында ел аума­ғында қоғамдық кеңестер өз жұ­мыс­тарын ұйымдастырып, жолға қою­да.

Қоғамдық кеңес халық алдында есеп беретін мемлекет қалып­тастыру жөніндегі мемлекеттік сая­­сатты іске асыруға, барлық дең­гейлердегі мемлекеттік орган­дардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдар­дың, азаматтардың кеңінен қаты­суын қамтамасыз етуге бағыттал­ған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру мақсатында құрыл­ған консультативтік-кеңесші, қа­да­­­ғалаушы құрылым болып табы­лады. Облыстық, қалалық, аудан­дық кеңестер жергілікті жерде мә­селелерді дербес қарап, тиісті шешімдерді өздері қабылдайды.

Қоғамдық кеңестің құрылатын мер­зімі негізінен үш жыл. Үш жылдан кейін құрамы өзгеруі тиіс.

Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері «Қоғамдық кеңес­тер туралы» заңында айқын­дал­ған.

Халықты да, билікті де толған­дырған маңызды мәселелер бойын­ша пікір білдіру қоғамдық ке­ңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

Азаматтық қоғамның мүдде­ле­рін білдіру, республикалық жә­не жергілікті деңгейлерде шешімдер­ді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, со­нымен қатар   атқарушы  билік буын­­дары мен жергілікті өзін-өзі бас­қару құрылымдарының аза­маттық қоғаммен өзара  нәтижелі іс-қи­­мыл жасауын дамыту мен қоғам­дық бақылауды ұйымдастыру, ор­талық және жергілікті өзін-өзі бас­қару органдары қызметінің ашық­тығын қамтамасыз ету  қоғамдық кеңестердің міндеттері болып табылады.

Қоғамдық кеңестердің өкілет­тіктеріне  бюджеттік бағдарлама­лар әкімшісінің бюджеттік бағдар­ла­маларының жобаларын, стра­те­гиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарлама­ларының жобаларын, мемлекет­тік және үкіметтік бағдарлама­лар­дың жобаларын талқылау, атқа­ру­шы органдардың есептерін тал­қылау,  бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарла­малардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсе­тілетін қызметтерді) өткізуден тү­сетін ақша түсімдері мен шы­ғыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұм­са­луы туралы есептерін талқылау жатады.

Сонымен бірге азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты норматив­тік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қа­тысу,  қызметтік әдеп норма­ла­рының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мә­селелері бойынша жеке және заң­ды тұлғалардың өтініштерін қарау және өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді. Ал тиісті мемлекеттік органның бі­рінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның 5-бабы 1-тармақшасы бойынша 10 жұмыс күні  ішінде  береді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне ме­кеме, қоғамдық ұйымдардың  ұсы­нысына қоса, жеке адамдардың өзін-өзі ұсыну туралы өтініштері қоғамдық кеңесті ұйымдастыру мақсатында құрылған жұмыс тобында қаралып, дауысқа салуы нәтижесінде шешім қабылданып, сайланды.

Кеңес құрамының үштен екісі қоғам қайраткерлері мен жеке аза­­маттардан құралады. Ал бір бө­­лігіне билік тізгінін ұстаған отандастарымыз  енеді. Бұл талап толық сақталып, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесі құра­мына 41  адам сайланып, сапалы жұмыстар атқаруда.

Кеңес төрағасы болып аудан­дық және облыстық деңгейдегі  ла­уазымды қызметтерді абырой­лы атқарған, басшылық жұмыс­та тәжірибесі мол Батыс Қазақ­стан аумақтық кәсіподақтар орталы­ғы­­­ның төрағасы Ербол Ғұмарұлы  Салықов сайланды.

Жұмысты жүйелеу мақсатында қызмет бағыттары бойынша  «Қо­ғамдық мониторингті, қоғамдық тыңдауды, қоғамдық талдауды жә­не есептерді тыңдауды ұйымдас­тыру мен жүргізу», «Тұрғындар­дың әлеуметтік мәселелері және әлеуметтік жобалар мен денсау­лық сақтау», «Білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты», «Кәсіпкерлікті және экономиканың нақты секторын дамыту», «Ауыл шар­уашылығы, табиғатты пайдалану, экологиялық қауіпсіздік жә­не төтенше жағдайлар мәселеле­рі», «Құқық қорғау  құрылымда­ры мен сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы іс-қимыл мен өзара ынты­мақ­тас­тық  бойынша» комиссиялар құрылып, төрағалары сайланып, жұ­мыстарын бастап кетті. Аз ғана уа­қыттың ішінде 16 отырысын өткізді.

Қоғамдық кеңеспен бірлесе жұ­мыс атқаруға ниет білдірген қо­ғамдық ұйымдар, мекемелер менжеке адамдардың белсенділігі, әри­­­­не, бізді қуантады. Бұл сөзі­міз­ге дәлел ретінде «ЖАҢАРУ» жем­­қорлыққа қарсы жал­пыұлт­тық қозғалысы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің және об­лыс­тық, қалалық ардагер­лер қоға­мының белсенділігін айтуға бола­ды. Күні бүгін жеке адамдардан түскен өтініштер бойынша бі­раз мәселе комиссияда қаралып, тиіс-­ті шешімдер қабылданды.

Қоғамда өткір пікірталас қа­лып­тастырған жер мәселесіне қа­тысты қоғам­дық кеңес төраға­сы Е. Салықов­тың төрағалымен облыстық бас­қарма басшылары, мемлекеттік мекемелер мен  қо­ғам­дық ұйым­дардың, сондай-ақ БАҚ  өкілдері қатысқан ашық жиын өткізілді. Батыс Қазақстан облы­сының жер­дiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы­ның басшысы С. Нұрғалиев, Батыс Қазақстан облысының жер қа­ты­настары басқармасының басшы­сы Ә. Мұхан­бетжанова баянда­малар жасап, көп­шілік өз ойла­рын еркін ортаға салды.

Осы орайда қоғамдық пікірді тыңдау, жинақтау және оны «Жер заңнамасының жекелеген норма­ларын қолдануға морато­рий енгізу туралы» Қазақстан Рес­публи­касы Президентінің 2016 жыл­ғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын тал­қылау және түсіндіру әрі ұсы­ныс­тар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша құрылған үкіметтік комиссияға жинақтап жіберуді жоспарға алдық.

«Сайып келгенде, ел-жұрттың пі­кірін қоғамдық кеңестердің жиы­­нында тыңдап, ақылға сыйымды, көңілге қонымды ұсыныс-пі­кір­лерді уақтылы ескеру, міне, бұл факторлар демографиялық жағ­да­йы­мыздың жақсаруына, ха­лық­тың ауылдық елді мекендер­ге тұрақтануына, азық-түлік мәселе­сінің  түбегейлі оң шешім табуына, ішкі тұрақтылығымыздың  ны­ғая түсуіне, халық пен биліктің мүдде бірлігіне, яғни кәсіби мем­лекеттің қалыптасуына оң ықпал етпек», деген А.Әйтімов мақаласының соңында.

Елімізде жемқорлық пен пара алуға қарсы жұмыстар ұдайы жүргізіліп келе жатқаны белгілі. «Жемқорлық  пен  парақорлық айылын  жимай  тұр...» (А.Өтебәлі) атты көлемді ақпаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментінің баспасөз мәслихатының мәліметтері паш етілген.

Шараға департаментке қа­рас­ты тергеу басқарма­сы­ның басшысы Ахмед Аба­каров, тергеу бас­қар­масының бақылау-әдісте­мелік бө­лімінің бас­шы­сы Нұркен Нәбиев, тергеу бө­лі­мі­нің басшысы Талғат Нұр­жа­нов қатысты. Жиынды тергеу бас­қар­масының басшысы Ахмед Аба­ка­ров жүргізіп, департаменттің ағым­дағы жылдың алғашқы жар­ты­жыл­ды­ғында атқарған жұмысы жөнінде баяндады.

-2016 жылдың алты айы бо­йын­ша өндірісте болған 287 қыл­мыс­тық істің 107-сі сыбайлас жем­­қор­лық қылмыстарына жата­ды. Осы 107 қылмыстық істің үш­тен бірі, яғни 34-і ауыр қылмыс ре­тін­де тір­келген. Қылмыс жасауда 33 кісі кү­дік­ті болып та­ны­лып, жыл басынан бері олар­дың 20-сы сотталды. Тал­дау қо­ры­тын­ды­сына сүйенсек, ең көп сыбай­лас жемқорлық қыл­мыс­тары ла­уа­зым­дық өкілеттіліктерді асыра пайдалану (34) және пара алу (14) фак­тілері бойынша жасалады. Депар­тамент жұмысындағы негізгі басым бағыттардың бірі - лауазымды тұлғалардың кәсіпкер­лік қызметке араласу фактілерінің жолын кесу. Жыл басынан бері төрт лауазымды тұлға жасаған осын­дай сегіз жағдаят (факт) анықтал­ды. Атап айтқанда, Орал қалалық сотының үкімімен «Орал қалалық тұтынушылар құ­қық­тарын қорғау басқармасы» РММ басшысының орынбасары Д. Қазиева қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныл­ды. Ол «Атаба Орал» ЖШС-ның директорынан әкімшілік жауап­­­кершілікке тартпау және жал­пы қамқорлық үшін пара алған. Д. Қазиеваға мүлкін тәркілей отырып, жергілікті басқару және мемлекеттік құрылымдарда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Және 2 450 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта бір мемлекеттік ме­кеменің басшысына қатысты қыл­мыстық істер сотта қаралуда. Ол өзінің лауазымдық өкілеттігін асы­ра пайдаланып, кәсіпкерлік қыз­­­­метке заңсыз араласқан. Д.Қазиева қызмет бабы бойынша өзі қадағалауы тиіс кәсіпкерлік нысандарына қысым көрсету ар­қы­­лы тегін материалдық құн­ды­лық­­тар алып отырған.

Бұдан басқа департамент­пен ағымдағы жылдың І жартысында Ұлттық эко­номика министрлігінің төрт қыз­­­­мет­кері қылмыстық жа­уап­кер­­ші­­лік­ке тартылды. Олар­дың үшеуі бойынша соттың айыптау қо­ры­тындысы шықты. Атап айт­қанда, Орал қалалық сотының 2016 жыл­ғы 14 маусымдағы үкі­мімен «ҚР Ұлт­тық экономика министрлігі та­би­ғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау коми­те­ті­нің Батыс Қазақстан облы­сы бойынша департаменті» ММ-ның басшысы В. Разов айыпты деп танылды. Ол лауазымдық өкілет­тігін асыра пайдаланып, «Ақ­сай­ГазПромЭнерго» АҚ-ның бас директоры А. Абзалиловтан (таби­­ғи монополия субъектісі) жа­ңа кең­се­лік жиһаз бен техника талап еткен және бұларды ал­­ған. В. Разовтың заңсыз әрекет­те­рі­нің нәтижесінде акционерлік қо­ғамның және заңмен қорғала­тын қо­ғам мен мемлекет мүддесі­не едәуір зиян келтірілді. Сондай-ақ В. Разов өзінің қызметтiк өкiлет­­тi­гін өзiне және «Жайықжылу­қуат» АҚ үшін пайда мен артық­шы­лық­тар алу мақсатында қызмет мүдде­ле­рi­не қайшы пайдаланған. «Жа­йық­­жылуқуат» АҚ өзінің ба­­сым жағ­дайын теріс пайдаланып,
«А. М. Тка­лун» ЖК-ға және «Кублей» ЖШС-на электр қуатын сатудан не­гізсіз бас тартып, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бә­­секелестікті қорғау комитетіне электр қуатын өндіруші кәсіпорын тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы анықталған жоқ деп жалған ақпарат берген. Разовтың осындай әрекетінің нә­тижесінде «А.М.Ткалун» ЖК-ға жалпы мөлшері 17 150 010,78 теңге және «Кублей» ЖШС-на 30 919, 764, 19 теңге шығын келтірілген.

Жоғарыдағыдай заңбұзушы­лық­­­тары үшін В. Разовтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Жә­не 3500 айлық есептік көрсеткіш  (6 937 000 теңге) көлемінде айып­пұл төлеу жазасы тағайындалды.
Қа­зіргі уақытта аталған ми­ни­стр­­­ліктің тағы бір департаменті­нің басшы қызметкеріне қатысты қыл­­­мыс­­тық іс сотта қаралуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қа­тыс­ты қылмыстық іс бі­лім саласында да тіркел­ді. Жыл басынан бері осы са­ла­ның аудандық білім бөлі­мінің басшысы мен мектеп директорынан бастап білім беру меке­мелерінің есепшілеріне дейінгі бес қызметкер жауапкершілікке тартылды. Бұған мы­сал келтірер болсақ, Орал қа­ла­лық сотының ағымдағы жыл­дың 9 наурызындағы үкімі­мен қала­дағы №45 жалпы білім бере­тін орта мектептің директоры Ф. Дау­мова қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Ол лауазымды тұлға бола тұра, 1-4-сы­ныптардың кірісі аз және көп балалы отбасы балаларын ыс­тық тамақпен қамтамасыз ету бойын­ша орындалған жұмыс акті­ле­рі­не кедергісіз қол қойып, қа­­ра­жат­ты шотқа аудару үшін өзі жеке кәсіпкерден бұдан бұ­­рын мемлекеттік мекемемен ау­да­­рылған қаражаттың 10%-ы кө­ле­мін­дегі ақ­­­ша түрінде пара алған. Ф. Даумо­ваға мүлкін тәркілей оты­рып, жергілікті басқару және мемлекет­тік органдарда лауазымды қыз­мет атқаруға өмір бойына ты­йым салынды. Және 3 550 000 тең­ге көлемінде айыппұл тө­леу жа­­за­сы тағайындалды. Сон­дай-ақ «№20 мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК директоры А. Төлегенова өзі­нің еңбек міндеттемелерін орын­да­маған тұлғаларға ең­бек­ақы аударып отырғаны үшін айыпты деп танылып, Орал қалалық сотының 2016 жылғы 12 ма­мыр­дағы үкі­мімен оның мүлкі тәр­кіленді. Оған жергілікті басқару және мем­лекеттік органдарда лауазым­ды қыз­мет атқаруға өмір бойына ты­йым салынып, 9 910 000 теңге кө­ле­мінде айыппұл төлеу жазасы та­ға­йындалды. Келтірілген шығын 716 700 теңге қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қа­тыс­ты қылмыстар басқаны былай қой­­ғанда, құқық қорғау құры­­лым­­да­рында да орын алу­да. Мысалға айтар бол­сақ, ағым­дағы жылдың алты айын­да құқық қорғау құрылымдарының сегіз қыз­мет­ке­рі қыл­­мыс­­тық жа­уап­кер­­ші­лік­ке тартылып, бесеуі сотталды. Атап айт­қан­да, Орал қалалық ішкі істер бас­қармасының көші-қон полиция бө­лімінің инспекторы, полиция капитаны А. Қуанышқалиев азаматтарды тұрғылықты орны бойынша жедел әрі кедергі­сіз тіркеу үшін 5000 теңгеден екі рет пара алғаны үшін Орал қала­лық сотының 2016 жылғы 25 ма­мыр­дағы үкімімен айыпты деп танылды. Бұл қылмысы үшін А. Қуа­нышқалиевтің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен шеттетілді және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Бұған қоса оған 820 000 теңге көлемінде айыппұл тө­­­леу жазасы тағайындалды. Жә­не ҚР ҚК-ның 49-бабының 1-бөлі­мі­­не сәй­­кес А. Қуанышқалиев поли­­ция ка­пи­таны шенінен айырылды. Сон­­­дай-ақ жыл басынан бері жол-па­трульдік полициясының үш қыз­меткері пара алғаны үшін айыпталып, олардың мүлкі тәркіленді. Және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұған қоса қылмыскерлерге параның еселенген сомасы көлемінде айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындалды.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында да жем­қорлық фактілері анықталып, 11 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдар­ламаларды жүзеге асыруға бө­лінген бюджеттік қаражаттарды қадағалау барысында департаментпен сыбайлас жемқорлық са­натына жатпайтын қылмыстық істер қозғалды. Мұндай істер со­ңынан тараптардың татуласуына және келтірілген шығынды өтеуіне байланысты тоқтатылды. Атап айтар болсақ, «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарлама­сы бойынша Зеленов ауданына қарасты Факел ауылындағы көпірді жөндеу жұмысын артық бағалаған «Анаконда» ЖШС директоры А. Зинченко мемлекетке мүліктік зиян кел­тіргені үшін айыпталды. 1 890 800 теңге көлеміндегі шығын қайтарылып, Н. Зинченкоға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Сондай-ақ «Зеленов аудандық сәулет, қала құрылысы және құ­рылыс бөлімі» ММ-ның басшысы А. Жұмабеков те 2012 жылы ла­­­уазымдық өкілеттігін асыра пай­даланған. Ол «Өңірлерді дамы­ту - 2020» бағдарламасы шең­бе­­­рінде тұрғызылған «Зеленов ау­­даны­ның Достық ауылын электрленді­ру» объектісі бойынша бағасы ар­тық жұмыс көлемін қабылдаған. Осы іске қатысты анықталған 12 236 100 теңге шығын қайтарылып, бүгінде А. Жұмабековке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатыс­ты құқықбұзушылықтар құры­лыс саласында да жиі кездеседі. Бұ­ған да мысал келтіріп көрелік. «Те­ректі ауданының сәулет басқарма­­­сы» ММ басшысы А. Шукеев «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды бұзып, «Теректі ауданы Подстепный ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы» мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру барысында жеткізуші ұсынған бағадан артық сомаға келісімшарт жасаған. Айыпты адамның 1 369 400 теңге шығынды бюджет­ке қайтаруына байланысты қыл­мыстық іс ақталмайтын негізде тоқтатылды (шынайы өкінуіне жә­не келтірілген шығынды өтеуі­не байланысты).

Жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тарға қарамастан, пара алу жағдаятта­ры да азаймай отыр. Жыл басынан бері 24 пара алу фактісі анықталды. Бұл жөнінде нақты айтар бол­сақ, «ҚР Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекция­сы» ММ басшысының мінде­тін ат­қа­рушы С. Самарханов 2016 жылдың 7 маусымы күні вете­ри­нарлық сертификатты жедел дайындау үшін 5000 тең­ге пара алғаны үшін айыпталды. Сот үкімімен С. Самар­ханов айыпты деп танылып, оның мүл­кі тәркіленді. Ол енді мемле­кет­тік қызметтен шеттетіліп, лауа­зым­ды қызметті өмір бойы атқара ал­майтын болды. Және оған пара­ның 50 еселенген сомасы, яғни 250 000 теңге айыппұл салынды. Қо­ры­та айтқанда, 137 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, 63 қылмыс­­тық іс сотқа жолданды, - деген Ах­мед Абакаров жиналғандарға сы­­байлас жемқорлық фактісі анық­­­талған жағдайда, департаментке арызбен келуге болатынын немесе 98-47-20 телефоны ар­­қы­лы жүгінуге бо­ла­тынын айт­ты. Оның сөзінше, де­­пар­тамент­тің жә­не Бөрлі ай­мағы бойынша ау­дан­аралық басқар­­­масының әкім­шілік ғима­ра­тын­да азаматтардан арыз­­-ша­ғым­дар­ды қабылдау жәшіктері ор­натылған. Сондай-ақ департа­мент басшылығы азаматтарды ал­­дын ала жазылу бойынша да күн­делікті қабылдайды. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 телефоны арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына тегін хабарласуға болады.

Департамент қызметкерлері­нің айтуынша, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысына сәйкес Сыбайлас жем­­­қорлыққа қатысты құқықбұ­зу­­шы­лық жағдаяттары туралы ха­­бар­лаған немесе сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілген. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көмектескен адамдарға мынандай тәртіппен біржолғы сыйақы беріледі:

1.Сыбайлас жемқорлық құқық­бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 АЕК;

2.Онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК;

3. Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК;

4. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

5. Аса ауыр сыбайлас жемқор­лық қылмыстар туралы қылмыс­тық істер бойынша - 100 АЕК.

Осы қағидалардың 9-тарма­ғын­да көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеу­лер де белгіленуі мүмкін. Көтер­ме­леу, қаржыландыру республи­ка­лық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

«Жасыл экономиканың ұлттық жоспарын жасақтау керек» атты ақпаратта (А.Өтебәлі) «ҚПО б.в» компаниясының Орал қала­сындағы бас кеңсесінде   Батыс Қазақстан  облысының  «AKZHAIYK  INVEST» инновациялық  форумы өткені туралы айтылған.

Өңі­рде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форумға мемлекеттік орган қызметкерлері мен іскер адамдар және ҚР даму институттарының өкілдері қатысқан.

Форумда облыс әкімі Ал­тай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тоғызыншы Ас­тана Экономикалық форумын­да «Экономикалық дамудың өзі күрделі өзгеруде. Біз ресурс­тар экономикасынан білім мен инно­вациялық экономикаға түпкілікті көшудеміз» деп атап көрсетті. Ерек­­ше инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермей­­ті­ні түсінікті. «Елбасымыз айтқан­дай, біздің мақсатымыз - жа­һан­дық  технологиялық төңкеріс­тің бөлшегіне айналу. Интернет ар­қылы ақпарат жер бетіне бір мезетте тарап жатқан заманда өмір сүрудеміз. Күн сайын әр түрлі салада жаңалықтар болып жатады. Біздің облысымыз да сондай жаңалықтардан кенде емес. Біз бүгін форумға өңіріміздегі таза ауаны, экологиялық қауіпсіздікті және өңіріміздің инновациялық-стратегиялық экономикалық да­муы мен инвестициялық саяса­тының басым бағыттарын талқы­лауға жиналып отырмыз. Өңірі­міздің инвестициялық әлеуеті зор. Соны өңіріміздің, еліміздің эконо­микасын көтеруге қалай пайдала­нуға болады, қандай тың идеялар бар, мұның қандай жаңа жолдары бар? Бүгін біз бәріміз бірігіп, осы мәселені талқылайтын бола­мыз, осы форумды  сол үшін ұйымдастырып отырмыз», деді әкім.

Баршамызға белгілі, экономиканы көтеру үшін облысқа инвестиция және онымен байланысты технологияны көптеп тартуымыз керек. Осыған орай  біз Еуропа­лық қайта құру және даму банкі, БҰҰ даму бағдарлама­сы, «Dora­nova» фин компаниясы секілді халықаралық ұйымдар­мен, халық­аралық қаржы институт­та­рымен, эксперттермен, қазақстан­­дық жә­не шетелдік ірі  иннова­ция­лық компаниялармен кездесіп,  осы ба­ғытта келіссөздер жүргіздік. Биыл маусым айының аяғында Астана қаласында облыс әкімдігі мен Еу­ропалық қайта құру және даму банкінің арасында Орал қаласы­ның жылу жүйелерін жаңғырту жөніндегі 7 миллиард теңгенің жобасын қаржыландыру бойын­ша келісім жасалды. Еуропалық қайта құру және даму банкімен басқа да әлеу­меттік маңызды бір­қатар жобаларды бірігіп жүзеге асыру жоспарда бар. Мұндай жо­-
балардың қатарында техника пар­кін жаңарту және қалалық жолаушылар тасымалы басқар­ма­сы жүйесі,  ком­муналдық қызметті басқару жү­йесі, электр қуатын үнемдеу технологиясын енгізу арқылы Орал қаласының жарық жүйесін жаңғыр­ту жұмысы бар. Жақында біз «SmartCity - ақыл­ды және эколо­гиялық таза қала» бағдарламасы аясында арнайы компания өкілдігімен кездесіп, олармен ынты­мақтаса жұмыстану жө­нінде келі­сімге отырдық. Сон­дай-ақ тұрмыс­тық қалдықтарды өңдеу бойынша «Doranova» фин компаниясы­мен  бірнеше мәрте кез­дестік, олар бізбен бірігіп жұ­мыстануға  дайын  екенін  айтты.

«AKZHAIYK  INVEST» иннова­ция­лық форумы облыста инновация­лық құрылым жасақтап, эколо­гия­лық таза әрі қауіпсіз және қазір­гі заманға сай дамыған, заманауи қала құру мақсатында, ірі компа­ниялармен бірігіп жұмыстану үшін ұйымдастырылып отыр. Өңі­рімізде түрлі сала бойынша ин­новациялық технологияның даму үлгілері бар. Атап айтар болсақ, облыста 2014 жылдан бастап екі бірдей үй құрылысы комбинаты - «Болашақ-Т» және «СВ плюс» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс мате­риалдарын өздері шығарып, оны өздерінің жұмыстарында күн­де­­лікті пайдаланып жүрген бұл ком­бинаттар жылына 70 000 ш.м. тұрғын үй құрылысын жүргізуде.  Бұдан басқа Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Қызыл кітапқа енген бекіре балығын табиғи емес жол­мен өндіру жобасы бар. Сондай-ақ  облыста машина жасау, ауыл шаруашылығы кешені, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес, туризм саласын жаңаша дамытуға баса көңіл бөлінуде, - деген өңір басшысы форум қаты­сушыларына ағымдағы жылдың 8-9 қыркүйегінде халықаралық ин­весторлармен экономикалық жә­не іскерлік байланысты арттыру мақсатында Орал қаласында  «WestKazInvest» халықаралық ин­вестициялық форумын өткізуді жос­­парлап отырғанын айтты. Бұл форумның бизнесті жаңаша да­мы­туға мүмкіндік беретінін айтып, кәсіпкерлерді мұны ұтымды пайдаланып қалуға шақырды. Әкім­­­нің айтуынша, қыркүйектегі фо­рум­ға 1000-нан астам іскер адам қатыспақ. Оның ішінде 150-ге жуы­ғы - шетелдік компания өкіл­дері.

Бұдан соң  сөз алған Қа­зақстан­ның қаржыгер­ле­рі қауымдасты­ғы кеңесі­нің төрағасы М. Әуезов жинал­ған­дарды алдымен қауым­дас­тық жұмысымен таныстыр­ды. Оның сөзінше, қауымдастық 1999 жылы мамыр айында құ­рыл­ған. Бүгін­де құрамында 160 мүшесі бар, олар: 43 банк, 33 сақтандыру, 29 қор, 12 консалтинг пен аудит және 50 шақты басқа да сек­тор­лар. Қаржы секторына қарас­ты ұйымдардан тек өткен жыл­дың өзінде 138,5 млрд. теңге көлемін­де салық түскен. Төр­аға сөзінің соңында қауымдас­тық­тың әкім­дік­термен өңірлердегі инвести­ция, салық және жұмыс көздерін көбейту, қаржылық сек­торды да­мыту, сондай-ақ қаржы­лық қыз­мет­тің сапасын арттыру бағытын­да ынтымақтаса жұмыс іс­теуге ықы­ласты екенін жеткізді.

Келесі кезекте сөйлеген Еуропа және Орта Азия елдеріндегі кор­поративті басқару бойынша IFC экперті Б. Джанджалия кор­поративтік басқарудың тиімділігі жөнінде әңгімелесе,  ҚР Техноло­гиялық дамуы бойынша ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов еліміз­дегі инновацияның даму қарқы­ны жөнінде баяндады. Ол өз сө­зінде облыстың инновация бағы­тындағы белсенді жұмысын атап көрсетті. Оның айтуынша, біздің облыстан 2011-2015 жылдар ара­лығында инновациялық грантқа 16 өтініш түскен.  Ол сондай-ақ Ұлт­­­тық инновация байқауының 2015 жылғы қорытын­дысы­на тоқ­талып, «Үздік журналис­тік мате­риалдар» бойынша «Орал өңі­рі» газетінің тілшісі Сәкен Әб­іл­ха­лы­қовтың инновациялық бағ­дарла­маны насихаттау бағытын­дағы бір­неше мақаласы еліміз бо­йын­ша үздік деп танылғанын айт­ты. Жұматай Сәлімов сөзінің соңын­­да бизнесмендердің инно­вация маңызын түсінетінін, сон­дық­тан да осындай қор құрып, жобалар­ды жүзеге асырып жатқанын тілге тиек етіп, ұлттық агенттіктің өңірлер тарапынан түскен ұсы­ныс­тарды мейлі заңдық тұрғыдан болсын, мейлі қаржылық неме­се әдістемелік тұрғыдан болсын, қолдауға дайын екенін айтты.   

«ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Мароли компания жетістігін өз мекемесіндегі корпоративті басқарудың сәтті жүзеге асырылуымен байланыстырды. Және ол компанияның ин­новациялық әдістемелер тә­жі­рибесін өзгелермен бөлісуге  қашан да дайын екенін жеткізді.

Осыдан кейін  «Орал» әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Технологиялық дамуы бойынша ұлттық агенттігі «Алгоритм» тех­но­­паркі ғимара­тын­да «Smart­­City» («Умный город - Ақыл­ды қала») бағдарламасы аясында  ке­шен құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл жоба қала инфрақұ­рылымын жетілдіруге бағыттал­ған. Сондай-ақ БҚО әкім­дігі мен Қазақстан қаржыгерлері қауым­дас­тығы облыстың әлеу­меттік-эко­­номикалық дамуы жөніндегі мәселелерді шешу аясында күш біріктіру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Түстен кейін «БҚО инвести­ция­лық мүмкіндігі мен даму әлеуеті» тақырыбындағы сессия басталып, қатысушылардың әрқайсысы өз саласы бойынша баяндама жасады. Мысалы, «БҚО машина құры­лысы кәсіпорындарын дамыту жә­не жаңғырту перспективалары» тақырыбында баяндама жасаған «БҚО машина құрылысы консорциумы» қауымдастығының дирек­торы Көшербай Айғожаұлы кә­сіп­орындардың технологиялық жаң­ғыртылуы өндірістік үдерістің жа­ңартылуымен (мысалы, өндіріс орын­дарын автоматтандыру, ро­бот жұмысын енгізу, сандық мо­делдеу т.б.) тығыз байланыс­ты екенін айтып, ол үшін кәсіпорын­дардағы маман-кадрларды жаңа­шыл­дыққа үйрету, жұмыс беру­ші­лермен бірлесіп, оқыту бағдар­ла­масын ұйымдастыру қажеттігін айт­ты. Оның сөзінше, Атырау,  БҚО және Маңғыстау облысы аума-ғында ұлттық кластер дамып келеді. Өңірімізде машина құрылысы саласын жаңғырту және жетілдіру мақсатында құрылған «Машзавод» консорциумы осы бағытта жұмыстануда.

Сессияда «Батыс Қазақ­тан облысының мұнай сервисі жобаларының ин­­вес­тициялық мүмкіндігі» жөнінде әңгімелеген «CentrasiaGroup» ода­ғының төрағасы Алмас Құдай­бер­ген қазақстандық компаниялар­дың құрылыс және мердігерлік жұ­­мыстарға қатысу арқылы ел эко­номикасының дамуына үлкен үлес қосып  жүргенін  жеткізді.

-Мысалы, таяуда Теңіз мұ­най кенішінде құны 37 миллиард дол­лар тұратын ірі жоба жүзеге асырылмақ. Осы жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күті­луде. Біздің отандық кәсіпорындар­дың оларға түрлі құрылғылар, мы­салы,  мұнай-газ өндіру ісіне аса қажетті резервуарлар мен кабельдерді ұсынуына болады. Бұл жұмыста мұнай өндіру саласын-дағы ең озық технологиялар қолданылмақ. Аталмыш жобаны жү-зеге асыру кезеңін біздің жергілік­ті кәсіпорындардың ұтымды  пайдаланып қалғаны жөн, - деді төр­аға өз сөзінде.

Сессия барысында  Қазақстан-ның энергетиканы қалпына келтіру қауымдастығы бас директо-рының орынбасары Арман Қашқынбеков энергия қорларын үнемдеу үшін күн мен жел секілді қайта қалпына келетін жергілікті қуат көздерін тиімді пайдалану керектігін айтты. Оның сөзінше, Жапония, Америка секілді елдер табиғи энергия көздерін қазірдің өзінде ұтымды пайдалануда, біз олардан қалып қоймауымыз керек.

-Еліміз қайта қалпына келе­тін энергия көздерін дамытуды заң­дық тұрғыдан бекітті. Қазіргі уа­қытта нақты жұмыстар атқарылу­да. Бүгінде электр энергиясын тұ­тынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 0,6 пайызды құрайды. Шетелдік инвесторларға қай облысқа қан­ша күн стансасы, қанша жел стан­сасы қажет екенін түсіндіру үшін еліміздің электр қуатын дамыту бойынша Ұлттық жоспарын жа­сақ­тау керек, - деді ол. 

Форумда бұдан басқа облыс­тың инфрақұрылымына арналған жоба мен өңірдегі қонақ үй бизне­сін дамыту перспективалары туралы, сондай-ақ өңіріміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы жөніндегі баяндамалар тыңдалып, аталмыш тақырыптарға байланыс­ты ұсыныстар мен пікірлер тал­қыланды.

«Керемет  кәсіптерге  үйдің қасынан  неге  оқып алмасқа?» - Ақжайық ауданынан Болат Қосжанұлы шағын мақаласында жұмыспен қамту мәселесін қозғаған.

Ақжайық ауданындағы 42290 тұрғынның 23,4%-ы, яғни 9876-сы - жастар. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығында 743 жас жұмыс іздеушілер қатарында болса, олардың 43-і ресми түрде жұмыссыздықпен тіркелген. Өткен жылы жастар қатарынан 58 жас кәсіби оқуға жіберіліп, олардың 32-сі еңбекке орналасты. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 2015 жылы 75 жас тартылып, күні бүгінде 43-і тұрақты жұмысқа орналасты. Биыл 46 жас маман осы бағдарламаға тартылды, шілде айынан бастап тағы да 30 қыз-жігіт жұмысқа тартылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 27 жас барды. Өзін-өзі қамтамасыз ететін жастар - 460.

«Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы - 2020» бағдарламасы бас­талғалы ауданда несие алған 438 адамның 76-сы - жас адам, олардың 55-і мал өсіру бағытын­да, 21-і халыққа қызмет көрсету орындарында еңбек етуде. Ха­лық­қа қызмет көрсету мекемелерін ашу мақсатында қам-қарекет жасап жатқандар аз емес.

Ақжайық ауданы әкімі жанын­дағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жастар ара­сын­дағы жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті өрістету жайында жан-жақты сөз болды. Осында ша­­қырылған ауылдық округ әкім­дері, жастар жетекшілері, меке­ме, кәсіпорын жетекшілері алдын­дағы өз сөзінде аудан әкімі Әділ Жоламанов мемлекеттік саясат­тың ажырамас бөлігі - жастар сая­сатын ауданға жүзеге асыру мақ­сатындағы қадау-қадау істерді атап көрсетті.

Отырыс барысында маңдай­ал­ды жас толқынның өнегелі істері сараланды. Мысалы, Жаңабұлақ ауылынан Әнуар Меңдібаев 2 млн. теңге несиеге тойхана ашу үшін жұмыстануда. Көнеккеткеннен ша­р­уа Алтынбек Айдынғалиев 3 млн. теңге несиеге 300 бас ұсақ мал алды. Чапаевтан Әділ Бақты­ғалиевтың «Жайық Жанары» несие серіктестігі 1 млн. теңгеге фо­тосалон ашып, халыққа қызме­тін ұсынса, Расул Рахишев 3 млн. теңгеге «Алаң» автокөлік жөндеу, жуу цехын ашты.

Кәсіпкерлік қызмет адамнан тәуекелділікті, ерік-жігерді, төзім­ді қажет ететіні мәлім. Отырыста осы ретте бай тәжірибесі бар, ал­дың­ғы толқынның еңбегінен де біраз мысал  келтірілді.

Мекеме-ұйымдар жетекшіле­рі тарапынан жастарға ой салар­лық әңгіме айтылуда. Қазір ата-ана соңғы сиырын сатса да, баласына жоғары білім алып беруге тырысады. Бірақ дипломы болса да, жұмыс таба алмайтындар аз емес. Неге? Өйткені бәріне бірдей шаңсыз жерде отырып жұмыс істеу мүмкін емес. О бастан-ақ заман сұранысына сай кәсіпке бау­лу жағы ұмытылып жатады. Ақ­жайық агротехколледжінің өзі­нен заманауи механизатор, жүр­гізуші, аспаз, дәнекерлеушілікке т.с.с., яғни үйдің қасынан неге оқып алмасқа? Бұл кәсіптер еш­қашан «тозбайды, ескірмейді» ғой.

Ата-аналар балаларының жо­ғары лауазымды маман болға­нын қалайды. Егер қабілеті жетіп, сол қызметтерді атқарып жат­са, сөз басқа. Ал қабілет-қарымы жете ме, жетпей ме, оған бас қа­тырып жатқандар аз-ақ. Бұл қай­дан келген түсінік.

Аудан әкімі басқосу барысын­да қыз-жігіттердің көркемөнер­паздыққа, театр үйірмелеріне, өл­­кетану ісімен, репетиторлыққа ба­руына мүмкіндіктер мол еке­нін  ашып  көрсетіп  берді.

Осы автор «Аналарыңды жылатпаңдар, айналайындар!» деген ақпаратына қазіргі діни ахуалды арқау еткен.

Әлдебір арандату­шы­лардың шеңгеліне ілігіп қалып, Сирия ас­пақ болып, ақыры темір тор­­­ға қамал­ған­дар­дың арасында Ақжайық ауданының 1988 жылы туған азаматы бар. Оның және сон­дай ада­су­­­дан қайғыға ұшырағандар­дың «Қа­лай қателікке тап болдық, неге талтүсте арам пиғыл­ды­ларға арбалып қал­дық?»  деген өкініші жаста­ры­мызға ащы сабақ болуға тиіс.

Ақжайық ауданындағы «Таным» деструктивтік діни ағымдар­дан зардап шеккендерге кө­мек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрман Бисеғалиев, Оралда­ғы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің найб имамы Талғат Есқалиев және ча­паевтық педагог, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мәлік Берді Әлі ауылдық округтер орталығы Мерген, Ақсуат, Ілбішін, Алмалы, Тайпақ, сондай-ақ шағын елді мекендер Ті­нәлі, Қабыл, Атамекен, Шабдаржапта тұр­ғын­дармен кездесудегі әңгімеге осы жайт өзек болып тартылды. Дәстүр­лі дінімізді тәрк етіп, бөтен болмысқа бой ұрудың зардабы жайында олар­дың нақты мысалдармен, слайдтар ар­қылы баяндаулары жиналғандарға ой салғаны сөз алғандардың көптігі­нен байқалды. Ауылдарға шыққан бұл топ құрамында жоғарыда атал­ған азаматтың анасы, бүгінде зейнеткер Қ.-ның болып, өз отбасының сол қайғы­сы туралы жасырмай айтқаны жұрт­ты тіпті толқытты, жанарларға жас ал­ғызды. «Ұлым мұндайға тап болаты­нын қайдан білейін. Есеңгіреп қал­дым... Көпшілік сияқты мен де бір ме­кемеде хал-қадірімше еңбек еттім. Жұ­ысқа шауып жүргенде балама қа­рау­ға мұрша болмай қалды ма екен?.. Бір жаққа жұмысқа барамын деп кеткен, әйтеуір, үйге қолын кісендеп алып кел­генде өз көзіме өзім сенбедім. «Кешір, мама, ке­шір»деді. 3,5 жылға сотталды. Түр­ме­ге, сонау бір қалаға барып тұра­мын. «Осыдан шыққаннан кейін дұрыс дінге бет бұрамын» дейді. Қайтейін, аманды­ғын тілеймін, осы сөзінен үміт­тенемін. Үмітім ақталатынына да сенемін. Ал өзімнің баламдай өрімдей жастарға айтарым, аналарыңды жы­латпаңдар, айналайындар!».

Асыл дініміздің, дәстүріміздің шек­сіз құндылықтары, ұл-қыз тәрбиесіне ең алдымен ата-ананың жауапкерші­лігі туралы жан-жақты сөз болып, сұ­рақтарға жауап қайтарылған осындай дидарласулар алдағы кезде де ұйым­дастырылуын  сұрады  көпшілік.

Жаз айлары кезінде жеміс-жидек, қауын-қарбыз пісіп, сауда қызады. Осы орайда сапасыз өнімнен уланып қалмау маңызды. «Орал өңірі» газетінің 21 шілде күнгі санында «Құрамында нитраты көп қарбыз саудасы тыйылмай тұр...» деген материал осы тақырыпқа арналған.

Жуырда Орал қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының қызметкерлері белгіленбеген сауда орындарына жедел тексеріс ұйымдастырды. Нәтижесінде саттықтағы қарбыздардың құрамынан нитраттың қалыпты жағдайдағыдан үш есенің үстіндегі артық мөлшерін анықтады. Алайда аталмыш орындардағы қарбыз саудасы әлі күнге тоқтаған жоқ.

Қалалық тұтынушылар­дың құқығын қорғау бас­қармасындағы ұйымдастыру-құқықтық және мониторинг бөлімінің басшысы Қапиет Ғинаят­ұлын аталмыш тақырыпта әңгіме­ге тартқан едік.

-Қазіргі уақытта өңірімізге елі­­міздің оңтүстік аймағының бақ­ша өнімдері көптеп келуде. Осыған орай біз халықты сақтан­дыру ба­ғытында белгіленбеген сауда  орындарына барып, акция ұйым­дас­тырдық. Акция барысында жол бойында сатылатын қарбыз-қауындардың құрамын­дағы нитраттарды жедел анықтау жұмыс­тары жүргізілді. Нәтиже­сінде Же­лаев кенттік округіне шығар тас жолы және Сырым Датұлы кө­шесі бойында сатылып жатқан қарбыз-қауындардан нитраттың қалыпты жағдайдағыдан артық мөлшері анықталды. Мәселен, қа­лыпты жағдайда қарбыздың бір келісіне сәйкес келетін нитраттың мөлшері 60 миллиграмнан аспауы тиіс. Ал біз тексерген қарбыздарда бұл көрсеткіш 200-230 миллиграмға дейін жет­ті. Қауынның бір келісіндегі нит­раттың құрамы 90 миллиграмнан аспауы қажет. Біз тексеріс­тен өткізген қауындарда бұл көр­сеткіш 200 миллиграмға дейін  жуықтады. Тұрғындарға мұн­дай күмәнді орындардан бақша өнім­дерін сатып алудың денсаулыққа қауіпті екенін ескерткіміз келеді. Ал тұрақты сауда орындарында арнайы зертханалар жұмыс жасайды. Ол жерде алған өніміңізді сол бойда тексерістен өткізуіңіз­ге мүмкіндік қарастырылған. Тәр­тіп бойынша бақша өнімдері арнайы жабдықталған орындарда сатылуы тиіс және сатушының аты-жөні жазылған бейджигі, сон­дай-ақ оның гигиеналық тұрғыда тазалығын растайтын медицина­лық қітапшасы болуы керек. Ме­дициналық кітапшаның талап еті­летін себебі онда рентген, гель­минт (ағзада паразиттік құрттар­дың бар-жоғын анықтау) тексе­рістерінің нәтижесі көрсетіледі. Кейбір адамдар өзі науқас бол­мағанымен, ауруды тасымалдау­шы болып келуі мүмкін. Дегенмен биылдыққа бау-бақша өнімдері­нен улану фактісі тіркеле қойған жоқ. Тағы бір айта кетерлік жайт, жол бойында автокөліктерден бөлінетін улы газдардың астында тұрған көкөністерді алмаған жөн. Құрамындағы нитрат мөлшері шек­тен асқан бау-бақша өнімдерін мол көлемде тұтынғанда іш өту, құсу, бас айналу секілді зиянды белгілері бірден байқалады. Ал мұндай кө­көніс өнімдерін жүйелі түрде тұтынып, бірақ аталмыш белгілер байқалмаған жағдайда уақыт өте келе бауыр, асқазан, бүйрек секілді ағзалардың қалып­ты жұмысы бұзылады, - дейді Қа­пиет Ғинаятұлы.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ринат Шәуеновтің мәлімдеуінше, орталық базарларда, шағынаудандар мен кенттік округ­терде көкөніс саудасын ұйым­дас­тыруға 34 арнайы орын белгіленген. Мұндағы қауын-қарбыздар да белгіленбеген орындардағы секілді еліміздің оңтүстік өңірі­нен әкелінетіні бесенеден белгілі. Ендеше, ол жердегі көкөністер құрамындағы ағзаға зиянды әсер ететін нитраттың мөлшері қан­дай деңгейде екен? Ринат Сатымұлы осы сұрағымызға қатысты ақпа­ратпен айналысу өзі басқаратын бөлімнің құзыретіне жатпайтын­дығын, мұндай деректі қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасынан алу керектігін айтты. Ал қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасында­ғы ұйымдастыру-құқықтық және мониторинг бөлімінің басшысы Қапиет Ғинаятұлы аталмыш мекеме тарапынан арнайы белгі­лен­ген сауда орындарындағы кө­кө­­ніс құрамына байланысты ешқан­дай тексерістің жүргізілмегенін мәлімдеді. Шаһарымыздағы «Ел ырысы» базарының директоры Нұрлан Наурызбаевтың айтуынша, көкөніс құрамын тексерістен өткізетін бір ғана тұрақты зертхана қаламыздағы «Мирлан» орталық базарында орналасқан. «Мирлан» ЖШС-ның бас директоры Қази­на Молдашева соңғы күндері Қаратөбе, Ақжайық аудандары­ның жергілікті қарбыздары сат­тық­қа шығарыла бастағанын айтады. Аталмыш сауда орнының директоры Тагира Журавлеваның мәлімдеуінше, орта­лық базардағы саттыққа шығарылған өнімдердің барлығы талапқа сай, күн сайын арнайы тексерістен өткізіледі. Ондағы зертхана орталық базарда сатылатын өнімдерді ғана тексе­реді екен. Мұның сыртында көкө­ніс өнімдерінің құрамын тексеру бойынша ақылы қыз­мет көрсете алады. Сайып келгенде, «Арнайы белгіленген 34 сауда орнының барлығындағы көкөністер құра­мын талапқа сай тексерістен өткі­зуші кім?» деген сұрағымызға тия­нақты жауап табылмады. Осыдан кейін «Оңтүстік аймақтан жеткізі­летін талапқа сай емес көкөніс өнім­дерінің тасымалына заңды тос­қауыл қойылмай ма?» деген сауалы­мыз да басы ашық күйінде қалды.

-Мамыр айынан бастап арнайы белгіленбеген орындардағы қарбыз-қауын саудасына байланысты 365 хаттама толтырылып, барлығы жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Соған қарамастан мұндай орындардағы көкөніс саудасы түпкілікті тыйыл­май тұр. Сондықтан бұл бағыт­тағы жұмыстар әлі күнге дейін жалғасуда, - дейді қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүсілім Жәрдемов.

«Гүлжазираның  ертегілерінің» балаларға  берері  көп» - Е.Бимұхановтың ақпаратында Қаратөбе ауданында туып-өскен, белгілі тележурналист Гүлжазира Берікқызының «Гүлжазираның ертегілері» атты су жаңа ертегілер жинағының шыққаны сөз болған.

«Сиқырлы кітаптың құ­пия­сы», «Құлыншақтың анасы кім?», «Ойыны осылған мыстан», «Тәкаппар күнбағыс» т.б ертегілерден тұратын жинақ балаларға арналған.

Автор кейіпкерлері арқылы оқырманды ізгілікке үйретіп, жақсылық жасауға шақырады. Достықты қадірлеп, үлкенге құрмет көрсету, денсаулықты күту туралы ой салып, тәкаппарлық, жал-қаулық, мақтаншақтық, өтірік айту сияқты жаман қасиеттерді айыптайды.

Бүгінгі күні белең алып отырған дұрыс тамақтанбау, компьютер, ұялы телефонға телміріп, табиғат-тың ғажайыптарына көңіл бөлмейтіндігі де автор назарынан тыс қалмаған. Бұрыннан келе жатқан халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер бұл кітаптағы ертегілерде  өзге қырынан та­нылады. Отансүйгіш, ең­­бекқор, өнерлі аң-құс­тың бейнесін ашу мақсатында кітап иллюстрациялық суреттермен безендірілген. Кітаптың суретшісі - Серік Басбаев. Астана қаласындағы «Шаңырақ-Медиа» баспасынан  1500 данамен шыққан кітаптың  оқырманға  берері  көп.

«2016  жылдың  алты  айында Қазақстанның  ЖІӨ  өсімі  0,1%-ды  құрады» - Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада уақтылы қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар 2016 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындылары бо­йынша экономика өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік бергені айтылған.

Астанада Қазақстан Үкі­метінің отырысы өтті, оның барысында Қазақ­стан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Би­шім­баев (суретте) 2016 жылдың бірін­ші жар­ты­жылдығындағы әлеумет­тік-эко­­но­микалық ахуалдың қо­ры­­тын­ды­лары бойынша баяндады.

«Бірінші жартыжылдықта құ­ры­лыс (6,6%-ға), көлік қызметтері (4,3%-ға), ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіру (2,7%-ға) және өңдеу өнеркәсібі  (0,5%-ға) көлемінің ұл­ғаюы есебінен ЖІӨ-нің өсуі 0,1%-ды құрады», - деді Бишімбаев.

Бұдан басқа экономиканың ал­ты негізгі салаларын қамтитын (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) қысқа мерзімді экономикалық ин­дикатордың (ҚЭИ) өсу қарқыны­ның оң серпіні байқалады. «Бірін­ші жартыжылдықтың қорытын­ды­сы бойынша ҚЭИ ағымдағы жыл­ғы қаңтар-мамырдағы 99,0%-ға қарағанда 99,3%-ды құрады», - деп хабарлады министр.

Негізгі капиталға салынған ин­вестициялар көлемі бірінші жар­-тыжылдықта 8,5%-ға  ұлғайды. Ин­вестициялардың ең салмақты өсуі ауыл шаруашылығында 48,6%-ға, өнеркәсіпте 12,8%-ға және жыл­жымайтын мүлікпен операция­ларда 5,4%-ға байқалып отыр.

«Мұнай мен металдардың әлем­дік бағасының төмендеуі нәти­жесінде 2016 жылғы қаңтар-мамырда экспорт көлемі 31,8%-ға, 13,7 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Импорттың 27,0%-ға, 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін төменде­ге­ні белгілі болып отыр. Нәти­же­сінде сыртқы сауда айналымы 29,9%-ға, 23,0 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен сыртқы сауда сальдосы 4,5 млрд. АҚШ доллары деңгейінде оң болып қалуда», - деді Бишімбаев.

Оның деректері бойынша ел­дің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 шілдеге 96,2 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 5,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 3,5%-ға,  65,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті және Ұлттық банктің алтын-валюталық активтері 9,4%-ға, 30,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскен. 

«Орташа айлық номиналды жа­лақының 9,9%-ға, 133,5 мың теңге­ге дейін өскені белгіленді. Инфляция ағымдағы жылдың басынан бері (2015 жылғы желтоқсанға қарағанда 2016 жылғы маусым) 4,6%-ды құрады», - деді Бишімбаев.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде тұрғын үй­ді пайдалануға берудің елеулі өс­кенін атап өтті. 2016 жылғы алты  айда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 16,9%-ға 5,0 млн. м2 дейін өсті, оның ішінде мемлекет қара­жаты есебінен 262,0 мың м2 пай­далануға берілді, жылдың со­ңына дейін тағы 309,0 мың м2 пайда­лануға беру жоспарланып отыр. Апатты мектептерді  және үш ауы­сымдық оқытуды жою үшін ағым­дағы жылдың басынан бастап 2015 жылы басталған төрт мектептің құрылысы аяқталды және 42 мек­тептің құрылысы басталды. Жыл­дың соңына дейін 34 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспар­ланып отыр.

«Ағымдағы жылдың екінші жар­тыжылдығында экономиканың жоспарланған өсуін 0,5% деңге­йінде қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті мемлекеттік ор­гандарға дағдарысқа қарсы ша­раларды іске асыруға бөлінген, оның ішінде ағымдағы жылғы 21 маусымда Үкімет мақұлдаған екінші экономикалық өсу мен жұ­мыспен қамтуды қамтамасыз етуді ынталандыру жөніндегі шаралар топтамасы шеңберінде бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет», - деп қо­рытындылады Бишімбаев.

«Эстафета  Тасқалада» (Рауан Сатыбалдиев) атты ақпаратта республикалық «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Қаратөбе ауданының делегация­сы Тасқала ауданында болғаны айтылған. Тасқала жеріне аяқ басқан қаратөбеліктерді аудан әкімі Санжар Әлиев бастаған бір топ атқамінерлер ауданға кіреберістен ақпен қарсылап алған.

Қос ауданның  өкілдері зұл­мат жылдарда хабарсыз кеткен боз­дақ­тарға арнап «Азалы ана» ме­мо­риалдық кешенінің басына гүл шоқтарын қойды.  Ізінше С. Жақсы­ғұлов атындағы ор­та мек­теп­тің спорт залында екі аудан волей­бол­шы­ла­ры­ның жолдас­тық кез­де­суі­нің ашылу салта­наты өт­ті. Салтанатты шарада Тасқала ау­да­нының әкімі Санжар Жұ­ма­тай­ұлы кел­ген қонақтарға «Қош келдіңіз­дер!» айтып, спорт­шыларға сәтті­лік тіледі.

Одан кейін аудан әкімдігінің  мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім - мәңгілік елдің тұт­қа­сы» атты Тасқала және Қара­тө­бе ау­дандарының ресми делега­ция­сының қатысуымен дөңгелек үс­тел өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблея төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов арнайы келіп қатысты. Басқосуда алдымен сөз алған аудан әкімі Санжар Жұматайұлы қос ауданның арасындағы дос­тық көпірінің нық болуын тіледі. Сон­­­дай-ақ Қаратөбе ауданында өн­­ді­рі­летін «Дем» минералды суы­­­ның тұтынушылары санын арт­­­ты­­­ру­ға атсалысып, болашақта ау­­дан дүкендері сөресінде Тыш­қан­тай­дан шыққан таза судың сатылуы­на ықпал ететінін айтты.

Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров та жиылғандарды ме­­­рекелі күнмен құттықтап, тас­қалалық әріптестерімен бір үстел басында бас қосу үлкен құрмет еке­нін жеткізді. Кезегімен сөз алған Ғайса Хамидоллаұлы да жал­пы ұлта­ра­лық татулықты ту етіп, қашанда ел­дегі тыныштықты сақтау басты мақ­сат екендігін тілге тиек етті. Со­ны­мен қатар осындай басқосулар ар­қы­лы ауданара­лық достықты ны­ғай­тып, бірлесе кәсіппен айналысуға бет бұру керектігін жеткізді.

Осы жерде екі ауданның әкімі өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Әрі қарай аудан басшылары мен келген қонақтар аудандық мә­­­де­­ни-демалыс орталығының фойесіндегі Қаратөбе ауданы ұйым­дастырған қолөнер  көрмесін тамашалады. Бұл жерге қаратөбелік шеберлердің саз бен қағаздан жасалған түрлі бұйымдары мен аудан табиғатынан сыр шертетін фотоэтюдтар қойылыпты.

Сонан соң Тасқала жұрты қа­ратөбелік өнерпаздар дайын­даған концертті тамашалады. Ән кешінің шымылдығын Қаратөбе аудандық халықтық ұлт аспаптар оркестрі ашты. Аудан жұртшылығы аталмыш өнер ұжымының орында­уында Сүгірдің «Ыңғай төгі» мен Құрманғазының «Қызыл қайыңын» ерекше ықыласпен қабылдады. Облыстық ән байқауларының лау­реаты Альфия Исламованың орын­дауындағы «Мұны неге біл­мей­сің...»  әні мен Аяжан Смағұ­ло­ва­ның орындауындағы «Гурьевтік Гу­заль қыз» әні тыңдарман қо­ше­­ме­тіне бөленді. Тек Қаратөбенің ға­на емес, күллі қазақтың мақта­ны­шы сал Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін Асхат Оразов, Мереке Есқайыров және Армат Исламғалиев нақышына келтіре орындады.

Шара соңында Қаратөбе ау­да­нының әкімі Асхат Берлешұлы әріптесі Санжар Жұматайұлына «Қаратөбенің жеті кереметі» картинасы мен мегажоба эстафетасын табыстады.       

«Бөкей  ордасы: барлық салада жұмыс қалыпты жүруде» (А.Өтебәлі)  - бұл ақпаратқа Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжановтың Қазақстанның орталық коммуникациялық қызметі БҚО филиалында  кезекті баспасөз мәслихатындағы баяндамасы арқау болған. 

Жиын барысында Нұрлан Сағынтайұлы өзі басқарып отырған ауданның тыныс-тіршілігі мен даму жоспары жөнінде баяндады. Оның сөзінше, ауданда барлық сала бойынша жұмыс қалыпты жүруде.

-Енді әр сала бойынша нақты көрсеткіштерге тоқталар болсам, 2016 жылы  аудандық бюджет  2 млрд. 942 млн. 862 мың теңгені құрады.  Бюджеттің   алты айдағы шығыс бөлігінің орындалуы 1 млрд. 333 млн. 550 мың теңге немесе 99,8%. Аудандық бюджетке 1 млрд. 410 млн. 663 мың теңге түсім түсіп, жоспар 105,6 пайызға орындалды. Бұл 2015 жылдың жар­тыжылдығымен салыстырғанда, 2,9 пайызға артық.  Соның ішінде, салық түсімдерінің жартыжылдық жоспары 98 млн. 128 мың теңге болса, орындалуы 151 млн. 267 мың теңге немесе 154,2 пайыз.        

Біздің аудан облыс көлемінде асыл тұқымды мал шаруашылы­ғы бойынша аса бағалы, тектік тұқымды қоры бар аймақтың бірі болып табылады. Ауданымызда қазақтың ақбас сиыры, қой, жыл­қы және қазақтың асыл тұқымды бактриан түйесі өсіріледі. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылы  өндірілген өнімдер­дің жалпы көлемі 2 млрд. 404 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне шаруашылықтарымыздың  барлық санатында  64 660 бас ірі қара, 139 575 бас қой мен ешкі, 20 312 жылқы, 1 192  түйе бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара малының саны - 3,3%,  қой мен ешкі - 3%,  жылқы - 6,2%, түйе малы 0,2 пайызға өсті.  Аудан бойынша бір тұрғынға жеті бас малдан келіп тұр, бұл облыс бойынша алдыңғы қатарлы көрсеткіштің бірі болып табылады.

Ауданымызда 453 шаруа қожа­лығы бар. Ұлт жоспарының 35-қа­дамын орындау мақсатында  жар­тыжылдықта жаңадан 18 шаруа қожалығы ашылып, оларға 53 175 га жер телімі пайдалануға берілді. Бұған керісінше, жерді тиімді пайдаланбаған 13 шаруа қожалы­ғы жабылып, олардың 21 308 га же­рі мемлекетке  қайтарылды. Ау­дан бойынша мал шаруашылығын дамыту мақсатында бес өндіріс­тік кооперативі құрылды. Бұған қоса  12 асыл тұқымды шаруашы­лығы бар, соның ішінде  «Хан ордасы» ЖШС айыр өркешті бактриан түйесін, тоғыз шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырын, екі шаруа қожалығы асыл тұқымды кө­шім және жабы  жылқыларын өсі­реді. Ағымдағы жылы қазақтың ақбас сиырын өсіретін бір  шаруа­шылық,  еділбай қойын өсіретін екі  шаруашылық және бір көшім жылқысы шаруашылығы жасақ­та­луда.

2013-2015 жылдар аралығын­да «Сыбаға» бағдарламасы  бойын­ша 25 шаруашылыққа 249 млн. 870 мың теңге несие беріліп, 144 бас асыл тұқымды бұқа мен 1321 аналық ірі қара малы сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы  бо­йынша соңғы екі жылда  жеті шаруашылық 42 млн. 700 мың теңге несие алып, 10 бас асыл тұқымды айғыр, 138 бас бие  сатып алды.  2016 жылы тоғыз  шебер - жоспар бойынша жұмыс жүргізі­луде. Бес шаруа қожалығы асыл  тұқымды мал сатып алды, ал екі бордақылау алаңы мен асыл тұ­қымды қой шаруашылығына жа­ңа қыстақ салынатын болады. Те­мір Масин ауылдық округінде қы­мыз өңдейтін цех салынуда. 2015 жылы аудан шаруашылықтары 480 млн. 745 мың теңге субсидия алса, ағымдағы жылы 425 млн. 690 мың теңге көлемінде субсидия төлеу жоспарлануда.

Жыл өткен сайын мал шаруа­шылығы саласының материал­дық-техникалық базасы нығай­ты­луда. Мәселен, 2013-2015 жылдар аралығында лизингке 55 трактор, 62 ауыл шаруашылық техника­сы, 2016 жылы лизингке сегіз трак­тор сатып алынды. 2015 жы­лы шар­уа қожалықтары үшін 50 ұңғыма
құдықтары бұрғыланып, пайдала­нуға берілді. Шаруа қожалықтары энергияның балама көздері ре­тінде 32 күн батареялары мен жел генераторларын пайдалану­да. Бұйырса, 2020 жылы осы жыл­мен салыстырғанда ауданда бар­лық санаттағы ірі қара мал басын  9,1 пайызға,  қой-ешкіні 5,4 па­йызға, жылқыны  15,1 пайызға, тү­йені 2,0 пайызға өсіру жоспарла­нуда. Сондай-ақ сегіз шебер жоспарды іске асыру, асыл тұқым­ды мал шаруашылығының санын 23-ке жеткізу, шаруа қожа­лық­­тарының санын 500-ге дейін кө­бейту және саланың материал­дық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырмақпыз.

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкер­лікті дамытуға зор мән беріліп, бұл үшін барлық жағдай жасалуда. 2016 жылдың 1 шілдесіне ауданда 883 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, кәсіпкерлік са­ласында 1605 адам жұмыс жа­сайды. 2015-2016 жылдары аудан­да наубайхана, сүт өнімдерін өн­діру цехы, профнастил өндірісі, қамысты қорғандап буу және ке­рамзитоблок өндіретін цехтар іске қосылып, жаңадан 14 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде қуат­тылығы күніне 800-1000 тас шы­ға­ратын керамзитоблок өндіру цехы халықты сапалы өніммен қамтуда және құны 20 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін шығару цехы «Аймақтық индустриялан­дыру картасына» енгізілді. Ағым­дағы жылдың жартыжылдығын­­-да сала бойынша өндірілген өнім көлемі  -  1 млрд. 729 млн. теңгені,  бюд­жетке түскен төлемдер - 8 млн. 815  мың теңгені  құрады, бұлкөрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тиісін­ше 1,2 пайызға және  3,3 пайыз­ға  артып отыр. Жыл басынан «Жұ­мыспен қамту - 2020 жол карта­сы», «Кәсіпкер» сынды бағдар­ла­малар аясында  23 кәсіпкер 50 млн. 650 мың теңге несие алып, бұл қаржылар мал өсіру, тұрмыс­қа қажетті қызмет көрсету орын­дарын ашу және шағын өндіріс орындарын ұйымдастыруға жұм­салды. Есепті мерзім ішінде ау­данда  екі азық-түлік және бір шар­уашылық дүкені, бір тойхана, бір қой жүнінен жайма өндірісі, бір тігін цехы, бір наубайхана ашылып, тағы да бір наубайхананың құрылысы аяқталу қарсаңында. 2014-2016 жылдары  «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарлама­сы аясында төрт кәсіпкерлік жо­ба - Хан ордасы ауылындағы плас­тикалық терезе шығару, қолөнер қызметі және туризм саласын дамыту және Сайқын ауылын­дағы тұшпа­ра өндірісі мемлекет грант­тарына ие болды. 2020 жылға де­йін шағын кәсіпкерлік субьекті­лері­нің санын 15 пайызға арттыр­ғы­мыз келеді.

Өз кәсібімен айналысу үшін ауыл тұрғындарына  «Жұмыспен қам­ту -2020 жол картасы» бағ­дарламасының ережесі ыңғай­лы болып отыр. Алайда «Биз­нес­тің жол картасы - 2020» бағ­дар­ла­­масы арқылы алынатын несие­­лер екінші деңгейдегі банктер ар­қылы беріледі, ал бұл банктер ауылдық жерлердегі бизнеске қы­зығушылық танытпайды. Банктер­дің жергілікті жерде орналасқан нысан­дарды кепілдікке алмауы, құ­жат­тарды жинақтаған кезде банк қыз­меті үшін облыс орталығына жиі бару ауыл адамдарына ед­ә­уір қиыншылықтар туғызады. Сон­дықтан екінші деңгейдегі банк­тер­дің  филиалы аудан орталығы­нан  ашылса  дейміз.

Ал енді жұмыспен қамту мә­се­лесіне келер бол­сам, қазіргі таң­да аудандағы экономикалық белсенді ха­лық саны - 9 364 адам,  жұмыс­сыз ретінде тіркелгендер - 477 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,0 па­йыз болып отыр.  Биыл 181 адам жұмысқа орналасқан болса, соның ішінде 98 адам тұрақ­­ты жұмысқа, 59 адам әлеумет­тік жұмыс орындарына, 24 адам жастар тәжірибесімен орналасты. 233 адам қоғамдық жұмыспен қамтылып, қайта даярлау және кәсіптік оқуға бес адам жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі  жандар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Олардың қатарында ауданда 503адам бар. Өткен жыл ішінде мүм­кіндігі шектеулі жандарға арнал­ған төрт «Бос орындар жәрмең­кесі» өткізіліп, нәтижесінде 11 адам жұмысқа орналастырылды. 2016 жылдың І жартыжылдығы­на  мүмкіндігі шектеулі екі адам тұ­рақты жұмысқа орналасты, төрт кісі қоғамдық жұмысқа жолданды, біреуі әлеуметтік жұ­мыс орны­на, тағы біреуі «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолданды. «Өрлеу» жобасы бойынша 51 адамы бар 10 отбасыға 936 мың теңге төленіп, қаржы мақ­сатты игерілуде. Жоба аясында жеті адам тұрақты жұмысқа,  бір адам жастар тәжірибесіне, 12 адам ақы­­­лы қоғамдық жұмысқа тартылды.  Аудан бойынша ағымдағы жылы  мүмкіндігі шектеулі 13 жан­ға санаторлық-курорттық, біреуі кресло-арбамен, тағы біреуі арнаулы әлеуметтік қызметпен қам­тылса, олардың 25-іне жеке кө­мекші қызметі көрсетілді. 

Ауданның емдеу жүйесі 19 ден­­саулық сақтау мекемесінен тұ­рады, олар: бір аудандық аурухана, үш дәрігерлік амбулатория, үш фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 медициналық пункт.  Емдеу мекемелерінде    29 дәрігер, 116 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Дегенмен дәл
қазіргі уақытта аудандық ауру­ханаға рентгенолог, окулист, акушер-гинеколог, хирург-дәрігер, бар­лығы төрт маман жетіспейді.  Маман тапшылығы жұмыс жасап жүрген дәрігерлерді қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру курстарына оқуға жіберу арқылы ше­шілуде. Ағымдағы жылы ауданы­мызға бес  жас маман дәрігер жә­не 10-12 орта буын қызметкер келеді деп күтілуде.  Жас мамандарды ауылда ұстап қалу үшін бар­лық жағдайды жасауға тырыса­мыз. Мысалы, ауданымызға «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бо­йынша жұмыс істеуге келген 15 маманға  8 млн. 780  мың теңге көтерме жәрдемақы төленді, ал­ты маманға 15 млн. 908 мың теңге  бюджеттік несие берілді. 2016 жыл­дың 1 шілдесіне аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі 77,6%-ды құрай­ды. Ауданда жөндеуді қажет етіп тұрған үш мектеп (М. Бегалиева, М. Мәметова, Жәңгір хан) бар, олар­ды 2020 жылға дейін күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз.

Биыл кезекте тұрған азамат­тарға жалға берілетін коммунал­дық үйлер құрылысын жүргізу жал­ғасын тапты.  Қазіргі уақытта Сай­қын ауылында бір пәтер­лі ал­ты тұрғын үйдің құрылысы жү­ру­де және тағы бір пәтерлік бес тұрғын үй құрылысына қаржы қарал­ды. Жалпы құны 23 млн. 218 мың теңгені құрайтын аудан ор­талығы Сайқын ауылының бас жос­пары дайындалып, аудандық мәслихат­қа бекітуге жолданды. 

Мемлекеттік бағдарламалар ар­­қылы салынатын тұрғын үй­лер­ден басқа аудандағы аз қамтыл­­ған отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында жеке кәсіпкер­мен арадағы келісім негізінде    көппәтерлі екі тұрғын үй құры­лысы  жүргізілуде. Сонымен қатар аудандағы бұрынғы аурухана ғи­маратын жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізіп, коммуналдық тұрғын үй ретінде пайдалануға  беру  жоспарлануда.

Аудан  бойынша автомобиль жол­дарының жалпы ұзындығы 378 шақырымды  құрайды,  оның ішінде 103 шақырым - респуб­ликалық маңызы бар автожол­дар. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолда­рының жалпы ұзындығы - 275 шақырым. Қазіргі таңда Сайқын ауылының 5,6 шақырым құрай­тын ішкі асфальт жолдарын орта­ша жөндеуден өткізу үшін  жоба­лық-сметалық құжаттар дайын­далуда. 2016 жылға барлық кіреберіс жолдарын жәй жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге 3 млн. 300 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда.   

Аудан бойынша 22 елді мекеннің 10-ы орта­лық­тандырылған сумен қам­тылған. 10 елді мекеннің тұр­ғындары өз құдықтарындағы су­ды пайдаланады. Екі елді мекен­ге (Қарасу, Үштерек) су тасымалданады. Тұрғындардың орталық­тан­­дырылған сумен қамтылу дең­гейі - 62,4 пайыз. Бүгінде Сайқын,  Бөрлі, Көктерек және Жамбыл ауылдарының су құбыры құры­лы­сы нысандарының жобалық-сметалық құжаттары дайын.     

Аудандағы 22 елді мекеннің то­ғызы газдандырылған (Сайқын, Мәм­бет, Жәрмеңке, Мұратсай, Әжен, Хан ордасы, Қарасу, Үштерек, Бисен). Тұрғындардың газбен қам­тылу деңгейі 61 пайызды құрап отыр. 2016 жылы Жәрмеңке елді мекенінің медициналық пункті мен бастауыш мектебін және Қа­расу елді мекеніндегі медицина­лық пунктті табиғи газбен жылы­ту жүйесіне  қосу жоспарлануда. 11 елді мекенді газдандыру үшін (Саралжын, Бөрлі, Ұялы, Кеңой, Жиекқұм, Көктерек, Жамбыл, Шо­ңай, Сейітқали, Мәмбет, Қарасу) жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, бұл жұмыстарға 2 млрд. 133 млн. 790 мың қаржы қажет болып тұр. 

Өңірлерді дамыту бағдарлама­сы шеңберінде тамыз айынан бас­тап жалпы құны 14 млн. 653 мың теңгеге Бисен және Орда ауылдарында жасанды көгал тө­селген футбол алаңдары салынуда, бұл жұмыс 1 қыркүйекке де­йін аяқталады деп күтілуде. Тә­уелсіздігіміздің 25 жылдығына байла­нысты «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін 70 млн. теңгеге Сай­қын ауылында тротуар салу, басқа ауылдарда саябақтарды және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Елді мекендердің жасыл аймақ­-та­рын құру мақсатында Хан ор­дасы ауылындағы орман шаруа­шы­лығы және округ әкімшілігі тарапынан алты  гектар аумаққа қарағай көшеттері отырғызылды. Осы бағытта Сайқын ауылына да бір гектар жерге жасыл желек егілді, - деген Нұрлан Са­ғынтайұлы мәдениет және спорт саласында да қыруар шаруа атқа­рылып жатқанын айта келіп, ғи­мараттың тарлығынан балаларды волейбол, баскетбол секцияларына  көптеп тартудың мүмкіндігі болмай отырғанын алға тартты.

«Зардап  шеккендердің жағдайын білді» - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек терактіден зардап шеккендердің жағдайын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

-Өздеріңіз білетіндей, Қауіпсіздік кеңесі­нің жиынында Мемлекет басшысы қажетті шараларды жүргізуді тапсырды. Бұл - қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ішкі істер министрі мен ҰҚК төрағасы оқиғаны баяндады. Кеше таңғы сағат 10.54-те осы оқиға басталды. Ал 25 минут ішінде құқық қорғау қызметкерлері қылмыскерді ұс­та­ды. Террористік  қа­уіптің қызыл дең­­­гейі енгізілгенін білесіздер. Кеш­­ке 19.30-да қызыл деңгей са­ры деңгейге ауыстырылды. «Дабыл» операциясы бойынша  құ­қық қор­ғау органдарының қыз­меті кү­шейтілді. Қазір ол алынып тастал­ды. Жағдай тұрақты. Кеше әлеуметтік желілерде тексерілмеген, көптеген жалған хабар келіп түсті. Атқарушы құқық қорғау орган­да­ры нақты алгоритммен бұл мә­­лі­меттерді тексеріп, шындыққа жанас­пайтынын мәлімдеді. Қыл­мыс­кер бір орында болған жоқ. Сондықтан оны ұстауға уақыт кетті. Кеше ол ұсталды, есін жиды. Одан жауап алынды. Бүгін тергеу изоляторында», - деді қала бас­шысы.

Сонымен қатар  шаһар басшысы науқастар мен қаза тапқандар жайлы айтты. «Бес адам қаза тап­ты, барлығы полицей. Полицей­лердің ерлік көрсеткенін атап өту керек. Ешқайсысы сасып қалма­ды. Қарсылық көрсетті. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бүгін марқұмдардың отбасыларына аяқтай ба­­рып, көңіл айтуды жоспарлап отырмыз. Қа­зір үш полицей өте ауыр жағдай­да. Олардың өмірі үшін дәрігер­лер күресуде. Зардап шек­кен та­ғы екі адамның жағдайы жақсы. Бүгін мемлекет басшысының тапсырысымен қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы сәйкес қаулы шығарыл­ды. Яғни бүгін жағдай бақылау­да. Сон­дықтан біз құқық қорғау органда­рына қолдау көрсетіп, кө­мектесуіміз керек», - деді Бауыржан Байбек.

Еске салайық, 18 шілдеде Ал­матыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Ал­матыда «Жедел ұстау» арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үй­ле­рінен шықпауды өтінген. Қалада­ғы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полицияқызметкері және бір бейбіт тұр­ғын қаза тапқан. Шабуыл жаса­ғандардың екеуі ұсталды», - де­лін­ген Алматы ІІД таратқан ақпарат­та. Сонымен қатар  Алматыда тер­­рорлық қауіптің «қызыл деңге­йі» жарияланып, кейін бұл режим алынды. Терроризмге қар­­сы күрес жөніндегі жедел штаб­тың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қа­уіп­сіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралды. Мысалы,  «Жұлдыз» ықшамауданында және Қап­ша­ғай­дағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.

«Заңды  қатайту  қажет» - лаңкестік оқиғаға байланысты оқырмандар пікірлері берілген.

Әділғазы  Нұрғалиев, еңбек  ардагері,  қоғам  қайраткері:   

-Алматыда ойран салған мәліғұнның лаңы бүкіл қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызды. Бес адам қыршын кетті, біраз бала мен жар, ата-ана жылап қалды. Мұсылмандықтың тура жолынан тайып, санасы уланғандардан шығып жатқан мұн­дай қасіреттер бізді ойлантпай қоймайды. Өткенде Ақтөбеде, енді келіп  Алматыда қайталанып отыр. Меніңше, заң­­ды қатайтпаса, әсіресе, басқа дін, өзге ағым­дардың жетегінде жүр­гендердің аяғын жинататын тегеурінді, қатал жаза белгілейтін заң қажет. Бұл туралы өткенде Ақтөбедегі терактіден кейін Елбасымыз да айтты. Ал бейбіт тұрғындардың өмірін қиып, бей­күнә жандардың қанын төккендерге меніңше, өлім жазасын қолдан­баса бол­майды.

Талғат  Нығметов, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

-Елі үшін кеудесін оққа тосып, қаза бол­ған құқық қорғау органдарының ержүрек қызметкерлерінің тума-туыстарына көңіл айтамыз. Алматыда орын алған лаңкестік оқиғаны құзырлы мемлекеттік құрылым­дар жан-жақты зерттеп, қылмыскерлерге заң жүзінде қатал жаза қолданатын шығар деп ойлаймын.

Өкінішке орай, бүгінгі күні әлемде ешбір елде терактілерден түбе­гейлі қорғану мүмкін болмай отыр. Сондықтан азаматтарымыз күдік туғызатын жағдайларға немқұрайлы қарамай қырағылық танытып, мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет жасаса, нақты нәтижеге қол жеткізеріміз сөзсіз. Облыс тұрғындарын сақ болуға, күдікті заттарға мән беріп, республикалық «114» қауырт желісіне немесе біздің басқарма­ның 24-46-46 сенім телефондарына хабарласуын сұраймын. Бұл мәсе­ле­лермен жалпы қоғам болып күресуге шақырамын!

Алдағы кыркүйек айында дін саласындағы заңнама­ны қайта қа­растырып, күрделі өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Гүлфия  Көшбаева,  «Нұр Отан» партиясының Қазталов аудандық филиалының  сектор меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты:

-Апта басында Алматыда орын алған қанқұйлы әрекет - ешқандай ақтап алу­ға келмейтін жайт. Қазақстандықтар бұл қа­сіреттің тамырына тек бірлік пен біртұтас­тық арқылы балта шаба алады. Мұндай жағдайда бәріміз қайғыны бөлісіп, ынтымақ пен татулық танытуымыз қажет.

Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішінде жеткен еліміздің жетістіктерін көре алмаушылар баршылық. Олар рухани тұрғыдан қатты әлсіреген, яғни бойында Отанға, ата-анаға немесе бауырға деген сүйіспеншілігі төмендегендермен байланыс орнатып, өздері­нің арам ойларын жүзеге асыруда. Өткенде Ақтөбеде, күні кеше Алматыда болған оқиға да соған себеп. Сондықтан барлығымыз да діни тұрғыдан барынша сауатты әрі қырағы болайық  дегім келеді.

«Бес  жылда - 504 жоба!» - А.Өтебәлінің мақаласында индустрияландыру мәселесі көтерілген.

Индустриялизациялауды  дамыту - ел экономикасы саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған орай Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында же­дел­де­тілген ин­дус­­трия­лизация мен ин­фра­құрылымды дамыту мәселесіне баса назар аударуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде индустриялизациялау үдерісі жедел қолға алы­нып, экономикамыздың дамуына серпін беретін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырыла бас­талды. Бұл ретте  еліміздің әр жылдарға арналған үдемелі ин­дустриалдық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарла-маларының ықпалы көп болды. Солардың бірі - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіп­керліктің тұрақты және теңгерім­ді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ  бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Аталмыш бағдарлама­ның бірінші кезеңі 2010-2014 жылдар аралығында жүзеге асырыл­са, екінші кезеңі  2015-2020 жыл­дары іске асырылуы тиіс.

Облыстық кәсіпкерлік және ин­дустриалдық-инновация­лық даму басқармасы қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 2010-2015 жылдары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мақса­тында 504 жоба  мақұлданып, кре­диттердің жалпы сомасы жә­не тар­тылған инфрақұрылымы 54,9 млрд. теңгені құраған. Бұл жөнін­де нақтырақ айтар болсақ, 2010 жылы  5,7 млрд. теңгеге 24 жоба, 2011 жылы  4,7 млрд. теңгеге 43 жоба,  2012 жылы  14,2 млрд. тең­геге 108 жоба, 2013 жылы 15,0 млрд. теңгеге 98  жоба, 2014 жылы  9,4 млрд. теңгеге 123  жоба, 2015 жылы  5,9 млрд. теңгеге 108 жоба жүзеге  асырылған. Агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп, тағам өнімдерін өндіру, жиһаз, құры­лыс  материалдары, металл өңдеу, көлік  және машина жасау сала­сында жүзеге асырылған бұл жо­балардың нәтижесінде 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Егер бұларды әр жылдарға бөліп айтар болсақ, 2010 жылы  - 741, 2011 жылы  - 599, 2012 жылы - 660, 2013 жылы - 700, 2014 жылы  - 612, 2015 жылы 205 адам  тұрақты жұмыс­пен қамтылды. 2016 жылдың ал­ты айында тағы 31 жоба 5606,1 млн. теңгеге мақұлданды. Биыл­ғы жобалар түгелдей  жүзеге асып  жат­са, тағы біраз жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүргендердің нә­па­қасын табуына мүмкіндік туар еді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір түрі - мақұлданған жоба­лар­­ды демеуқаржылау (субсидиялау). Демеуқаржы кәсіп­орынның банк­терден алған не­­сие­­сін арзандату үшін беріледі. Мысалы, қала­лық кәсіпкер өндіріс орнын одан әрі дамыту үшін банк­тен 14 пайыз­бен несие алса, мемлекет соның жеті пайызын, ал ауылдық кәсіп­кер несиесінің 10 па­йызын  өтеп береді,  қалған пайызын кәсіпкер­дің өзі төлейді. Бұл  білген кісіге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған  үлкен  көмек. Мемлекет келешегі жар­қын кәсіпорындарға қолұшын  созуға  қашан  да  ниетті.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша өңіріміздің бір­қатар инновациялық маңызы зор жобалары 2010 жылдан бастап субсидияланып келе жатыр. Оларды таратып айтар болсақ, 2010 жылы облыс бойынша  21 жоба 5585,6 млн. теңгеге, 2011 жылы 36 жоба 4 119,90 млн. теңгеге, 2012 жылы 105 жоба 13951,5 млн. теңгеге, 2013 жылы 64 жоба 13 103,30 млн. теңгеге, 2014 жылы 86 жоба 6716,8 млн. теңгеге, 2015 жылы 101 жоба 5777,1 млн. теңгеге, 2016 жылдың алты айында 31 жоба 5606,1 млн. теңгеге мақұлданды. 2010-2016 жылдар ара­лығында өңірімізде барлығы 54860 млн. теңгеге 444 жоба  суб­сидияланған. Сондай-ақ  осы жылдар ішінде 91 жобаның өндіріс­тік инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет тарапынан 5681,8 млн. теңге бөлінген.

Бұдан басқа мемлекет кәсіпкер­лік саласын дамыту үшін бағ­дар­ламаның төртінші бағытына сәйкес «Бизнес кеңес­ші» бағдар­ла­масын да жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама  бойынша кәсіпкерлік негізіне оқытудың  қыс­қа мерзім­ді курстары жүр­гізілуде. 2010 жыл­дан бастап күні бүгінге дейін 4,2 мың кәсіпкер оқытылды. Нақты­рақ айтсақ,  2010 жылы 629, 2011 жылы 605, 2012 жылы 817, 2013 жылы 943, 2014 жылы 914, 2015 жылы 985 адам аталған курста оқып, кәсіпкерлікті  жүргі­зу ба­ғытында толық мағлұмат ал­ды.  2011-2015 жылдары шағын жә­не орта бизнестің  топ-менеджментін оқыту жобасы бойын­ша «Назарбаев университеті» АҚ-ның бизнес-мектебі базасында 53 топме­неджер оқытылса, тек былтыр­дың өзінде 14  адам аталған бизнес-мектептен білім алып, же­ке кәсіптерін игеру тәсілдерін үйреніп шықты. Ағымдағы жылы жоғары кәсіпкерлік мектебінде оқығысы келген 11 үміткердің кандидатурасы мақұлданды. Сон­дай-ақ «Іскерлік байланыс» жо­басының бірінші кезеңіне қатысу үшін облыстан 81 кәсіпкер жіберілді, 11 кәсіпкер шетелдік тағ­лымдамадан өтті. Өткен жылы осы жобаға 15 адам қатысып, бір кә­сіпкер шетелдік тағылымдамадан өтіп қайтты. Бір сөзбен айтқанда,  2010 жылдан бастап бизнесті жүр­гізуге сервистік қолдау аясында 15,2 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Өткен жылдың өзінде 1084 кәсіпкер сервистік қолдаудың игілігін көрді.

Бұдан төрт жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2012  жыл­­дың сәуірінде «Биз­нестің  жол картасы - 2020» бағдарла­масына өзгерістер енгізіліп, кәсі­бін жаңадан бастаған кәсіпкер­лерге 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік гранттар беру жөнінде шешім шығарылған болатын. Мем­лекеттік грант бөлудің негізгі мақ­саты - экономиканың басым секторларында жаңа іс бастағысы келген жас кәсіпкерлер мен әйел­дерді және мүгедек кәсіпкерлер­ді қолдау. Бағдарламаның шарты бойынша қайтарымсыз қаржылай көмек бүгінгі  заман талабына сай, тиімді әрі өзіндік жаңалығы бар инновациялық жобаларға ғана берілуі тиіс. Және бұл қаражат кә­сіпкерлікпен айналысқанына үш жыл болған кәсіпкерлерге ғана берілуі керек. 

Кәсіпкерлерге мемлекет тара­пынан жасалған мұндай қамқор­лық біздің өңірімізде де кеңінен  қолдау тапты. Облыс бойынша  2012-2016 жылдар аралығында 60 кәсіпкер жалпы сомасы 130 млн. теңгені құрайтын  инновациялық гранттарға ие болды. Бұл жөнінде нақтырақ айтар болсақ, 130 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік грант­­тың 79,033 млн. теңгесін орал­дық кәсіпкерлер алса, 12,200 теңгесін Зеленов ауданының кә­сіпкерлері олжалапты.  7,620 млн. теңгені Қазталовтың және 7,300 млн. теңгені Сырым ауданының  кә­сіпкерлері иеленсе, 4,789 млн. теңге Қаратөбе ауданының,  4,500 млн. теңге Ақжайық ауданының азаматтарына бұйырыпты.  Сондай-ақ  Жәнібек ауданына 3,940 млн., Бөкей ордасы ауданына 3,555 млн. теңге, Теректі ауданына 3,350 млн. теңге бөлінді. Өнеркәсіп орталығы саналатын Бөрлі ауданының тұрғындары бар болғаны 3,318 млн. теңгеге ие бол­са, жаңақалалық  кәсіпкерлер тек 395 мың теңгені місе тұтыпты.  Об­лыстық кәсіпкерлік және индус­триалдық-инновациялық даму бас­қармасы қызметкерлері бер­ген мәліметке  сенсек, 2012-2016 жылдар аралығында Жаңақала ау­данынан мемлекеттік грантқа тек бір ғана жоба ие болса, Шыңғыр­лау мен Тасқала ауданы кәсіп­кер­лері әлі күнге дейін мұндай тегін қаражатты олжалай алмапты. 

2016 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында республикалық бюд­жеттен жеке кәсіпкерлікті қол­дауға 2,2 млрд. теңге нысаналы трансферттер қарастырылды. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне де­йін көрсетілген қаражаттың  762,14 млн. теңгесі игерілген. Сондай-ақ индустриалдық  ифрақұрылым­ды  дамытуға бағытталған қаражат­тың бөлінуі қазіргі уақытта нақ­тылануда.

«Біз бұл жолы «Бизнестің жол кар­тасы - 2020» бағдарламасы ая­сында мемлекет тарапынан кәсіп­керлерге көрсетіліп жатқан кө­мек­ті тілге тиек еттік. Елімізде кә­сіпкерліктің  қарқынды дамуына  бұдан басқа да бағдарламалар, мысалы, «Жұмыспен қамту - 2020», «Өнімділік - 2020», «Агробизнес - 2020» секілді мемлекеттік бағдарламалар ықпал етуде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан осындай қолдау-көмек­тің нәтижесінде  елімізде  кәсіп­кер­лік­тің  көкжиегі  кеңіп  келеді», делінген мақала соңында.

 Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануы газет оқырмандарының оң ықыласын туғызып келеді. «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатырдың «138 дауыс - әлемнің  әділ  бағасы» деген пікірі соған дәлел.

Еліміздің Біріккен Ұлт­­тар Ұйымы Қауіпсіздік кеңе­сі­нің 2017-2018 жылдар­дағы тұрақты емес мүше­лігіне сайлануы бұл - сырт­қы саясаттағы айтулы жетіс­тігіміз, мемлекеттік мәр­те­­бе­міз және жаһан алдын­дағы зор жауапкершілігіміз.

Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дық белесінде орын ал­ған тарихи оқиғаның артында халқымыздың «Істің қалай бітері - бастауынан»  дейтін бек қа­ғидасы тұр. Олай дейтініміз, тә­уелсіздігін жаңа ғана жариялаған жас мемлекеттің өз меншігінде­гі зымырандық-ядролық қару-жа­рақ­тан түбегейлі бас тартуы - дү­йім дүниеде бұрын-соңды бол­маған құбылыс. Еліміздің әлем­ге паш еткен бейбітсүйгіштік ұс­танымы нақ осы сәттен басталды. Одан берідегі ширек ғасыр бе­дерінде қай мінберден де Қазақ­станның айтып келе жатқаны - та­тулық, келісім һәм берекелі тірлік. Біздің еліміз ешқашан бейбіт мақсатынан, берік ұстанымынан айныған емес. Берекелі бірлік пен келелі келісімнің болуы тұрақты дамудың кепілі екендігін Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөзімен де, ісімен де сан мәрте дәлелдеп келеді. 

 Қай мәселеде де өз ұстанымын айқын әрі орнықты дәйектейтін еліміздің халықаралық аренадағы беделінің мойындалуы алдағы уа­қытта да аса зор жауапкерші­лік жүктейтіні сөзсіз. Еліміз Орталық Азия аймағынан айтулы Кеңес құ­рамына енген тұңғыш мемле­кет болғандықтан, жалпы адамзаттың баянды болашағын қамтама­сыз ету жолындағы батыл баста­ма­ларының орнықты іске асуына ерекше мүдделілік танытуы тиіс. Өйткені миссиямызды қолдап да­уыс берген 138 мемлекеттің үкілі үміттерін ақтау елдік сын. Осы тұс­та әркімнің көкейінде «Әлем елдерінің басым бөлігі неге Қа­зақстанды таңдады?» деген заңды сұрақ бас көтереді. Бұл - қауіп­сіз ғалам құру жолында тың бастама ұсынған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігіне деген әлемнің әділ бағасы. Бұл - еліміз­дің сыртқы саясатының қуаты, Ұлы дала елінің әлем алдындағы беделі.

«Бәсі биік кеңесте әлемнің әб­ден асқынып, толғағы толған мә­селелері талқыланатынын біле­міз. Ендеше, Ұлы дала елі жер жаһан­дағы қатерлі індеттер қаупін азайтуға, ашаршылықпен шынайы кү­ресуге, лаңкестік зардаптарының мейлінше жойып, тұрақты даму­дың әлемдік сипат алуына ықпал етпек. Осылайша Отанымыз ға­лам тыныштығына қызмет етіп, адам­зат бесігінің тыныш тербелуіне іс жүзінде сүбелі үлес қоспақ», деген Н.Дүзбатыр.

«Орал өңірі» газетінің 23 шілде күнгі нөмірінің басты материалы - «Бағдаршамның  жыры бітетін  түрі  жоқ...» (Нұрбек Оразаев).

«Орал өңірі» газетінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №4 санында «Қай қиылысқа бағдаршам қажет?» атты мақала жарияланған болатын. Көпшіліктің көкейіндегі мәселе қала тұрғындары, қоғамдық және жеңіл көлік жүргізушілері, қала берді, жаяу жүргіншілер арасында сауалнама жүргізу арқылы көтерілген еді.

Іле-шала редакция тарапы­нан осы мәселелердің анық-қанығын, шешілу жолда­рын нақтылай түсу үшін Орал қа­ла­сының әкімдігі мен қалалық ішкі істер басқармасының назарына қызметтік хат та жолданды. Жоғарыдағы материал газет бетінде жарық көрісімен ғаламтор ар­қылы қолдаушылар мен пікір айтушылар көбейді. Олардың бірсыпырасы «Сайттан ескен самал» айдарымен газет бетінде тағы жарияланды.

Құзырлы құрылымдардан көп ке­шікпей төмендегі мәтінмен жа­уаптар келіп жетті. «Бағдаршам ор­натылмақ» деген қуанышты та­қы­рыппен газеттің келесі санына тағы мақала бердік. Дегенмен оқырман қозғаған орынды мәсе­ле әлі күнге дейін нақты шешімін тапқан жоқ. Бала кезімізде айтылып, орындалмаған нәрсені үл­­­кен­дердің аузынан «Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген сөз тіркесін естуші едік. Бұл мәселеге де сол сөз келетін сияқ­ты ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, ке­ліп жеткен жауаптарды оқырман­ның, қала берді, құзырлы орган­дар­дың ойына тағы бір қайталап салсақ: «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Б. Ғұбайдуллинге. Сіздің 2015 жылғы 21 қаңтардағы бағдаршам орнату туралы №411 хатыңызға орай Орал қаласының әкімдігі келесіні мәлімдейді. Бүгін­гі таңда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және ауто­мо­биль жолдары бөлімімен, қала­ның көше-жол желісінің ескі үл­гі­­дегі алты бағдаршам нысанын ауыстыруға жобалау-смета­лық құжаттамасы дайында­лып, одан басқа қаланың жаңа шағынау­дандар салынуымен және апат­ты әрі қауіпті көше қиылыста­рында жаңадан бағдаршам нысандарын орнатуға жобалау-сме­талық құжаттама мемле­кет­тік сараптамадан өтуде. «Орал өңірі» газетінің оқырмандары көтеріп отырған орындарға бағ­даршам нысандарын орналастыру ұсыныстары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау комиссиясында қарастырылатын болады. Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Орынғалиев».

Ал Орал қалалық ІІБ басшысы, полиция полковнигі М. Ғабдуллин­­нен келген жауап мәтіні тө­мендегідей: «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Б. Ғұбайдуллинге. Сіздің 2015 жылғы 21 қаңтардағы бағдаршам орнату туралы №411 хатыңызға орай Орал қалалық ІІБ ӘПб инспекторлары бағдар­шам орнату мәселелері бойынша тексеріс өткізді. 2015 жылы Пугачев пен Чагана Набережная көшелерінің қиылысына бағдар­шам орнату жоспарланып отыр, басқа орындарға бағдаршам қа­ражат түсуіне байланысты орнатылады».

Оқырман келісетін шығар. Екінші хатқа көз жүгіртсек, тіпті көңіл­ге мол үміт ұялатып тұр... Деген­мен газет оқырмандарының өзде­рі кө­терген өткір мәселені газет бетіне жариялағанымызға да бір жыл жарым уақыт өтіпті. Сол уа­қыттан бері көлік жиі кептелетін, жаяу жүргіншілер көп өтетін жерлерде бағдаршамның жоқтығы­нан қаншама жүргінші жарақат алып, мүгедек атанды. Ең өкініштісі, қан­­шама адам қайғылы қазаға ұшы­рады?!. Ал ондай оқиғалардың алдағы уақытта да орын алмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан бағдаршамның жыры бітер түрі жоқ, әзірге «Сақтан­саң, сақтармынды» мықтап ескеріп жүргеннен басқа амал жоқ, жүргінші...

«Ішкі істер органының мәліметтеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы екі түрге бөлінеді екен. Яғни біріншісі - реттелетін жол қиылыстарында орын алған жол-көлік оқиғасы, екіншісі - реттелмейтін жерде орын алған жол-көлік оқиғасы. Қарапайым тілмен айтқанда, бағдаршам бар жерде және бағдаршам жоқ жерде болған жол-көлік оқиғалары. Осы жылдың алты айында реттелетін қиылыста алты жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде бір адам жарақат алып, бір зардап шегуші көз жұмған. Ал реттелмейтін жол қиылысында 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 14 адам түрлі дене жарақаттарын алып, бір адам қаза тапқан», деген деректер де келтірілген мақалада.

«Мәңгілік махаббат жыры» (Гүлжамал Жолдығали) атақты кино әртістері Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешеваға арналған.

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков пен ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешеваның «Мәңгілік махаббат жыры» атты кездесу кеші өтті.

Жастар шығармашылы­ғының ұйымдасты­руы­мен өткен шараға өнерсүйер қауым көп жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Ма­рат Тоқжанов Ақ Жайық атырабына ат басын бұрған өнер тарлан­дарына Ақ Жайық жұртшылығы­­ның атынан ризашылығын біл­дірді.

-Сіздер өмірлеріңізді өнерге арнап, кино мен театр өнерінің талай биік белестерін бағындырып келесіздер. Бүгінгідей зор құр­мет пен ел-жұрттың ыстық ықы­ласына табиғи дарын және адал еңбектеріңізбен қол жеткіздіңіздер. Киелі сахнада қол ұстасып келе жатқан сіздер­ді кө­рермен қауым махаббат символы ретінде құрмет тұтады. Ал сіздер­дің ғибратқа толы өмірлеріңіз өске­лең ұрпақ үшін үлгі-өнеге, - деді  өз сөзінде Марат Лұқпанұлы.

Өздерін тек қазақ елі емес, сол кездегі Кеңес Одағына әйгілі еткен «Қыз Жібек» фильмінен бөлек, М. Әуезов атындағы академия­л­ық театрдың сахнасында талай кейіпкерді сомдап жүрген қос саңлақ жиылған жұртшылықпен емен-жарқын әңгімелесті. Ақта­ры­ла сыр айтқан Меруерт Өтеке­шева «Қыз Жібек» фильміне түсу­дің оңай болмағанын айтады.

-Сол кезде мен 10-класта оқи­тынмын. Киноға түсуге кастинг өтіп жатқаны туралы хабарламаны көрген бойда киностудияға өзім барып, суретке түсіп кеттім. Біраз уақыттан соң бізді өнер көрсетуге шақырды. Сол кезде еліміздің әр түкпірінен жиналған 400-500-дей кілең әдемі қыздарды көргенде шошып, кері кетіп қал­ғым келді. Бірақ мені алғаш қа­былдаған киностудиядағы Ғалия апа тоқтатты. Әрине, әңгіме өте көп болды. Бірақ белгілі өнер тарлан­дарының ортасында ойнайтын болғандықтан, өз рөлімді нашар ойнауға қақым жоқ еді. Өнер саңлақтары Фарида Шәрі­пова, Гүлфайруз Исмаилова, Ыды­рыс Ноғайбаев, Әнуарбек Молдабеков, Асанәлі Әшімов сынды әріптестерден көп нәрсе үй­рен­­дім. Халыққа танымал өнер жұл­дыздарының ортасына түскен­де мен мектептен енді ғана келген бойжеткен болатынмын. Бірақ олар мені өнерге баулыды. Кинофильмнің бас режиссері Сұлтан Қожықов өте керемет адам еді. Шындығында, «Қыз Жібек» фильмі арқылы маған өнер жолы ашылды. Сондықтан да мен өте бақыттымын, - деп сөзін сабақта­ған актриса сол жылдардағы «Қыз Жібек» фильмі­нің афишасы бол­ған плакатты облыстық өлкетану музейіне табыс етті.

Ал әу-бастан-ақ жұртшылықты әзілімен баураған Құман Тастанбеков Қыз Жібек пен Төлегенін емен-жарқын қарсылаған Жайық жұртшылығына ризашылығын білдірді.

-«Қыз Жібек» фильмінің көрер­менге жол тартқанына 45 жыл болды. Киноға түсу оңай болған жоқ. Аш болған кездеріміз болды. Та­мақ күтеміз, одан қалды түсірілетін кинокадрларға қажетті күн райын бағып, «Жаңбыр қашан жауады, күн қашан шығады?» деп күтеміз. Көп көріністер фильмге енбей қалды. Бірақ ол материалдар бар. Бүгінгі кездесуде облыс әкімі Алтай Сей­дірұлы «Қыз Жібек» фильмі қалай түсірілді?» деген деректі фильмді түсіруге қолдау білдіретінін айтты. Біз бұған қуаныштымыз, - деді.

Көрермендерге рухани азық сыйлаған шуақты шарада сөз алған ақын Ақұштап Бақ­тыге­реева махаббаттың шынайы үлгі­сін көрсетіп, өнерде де, өмірде де қол ұстасып келе жатқан қос ғашыққа ақ тілегін арнап, «Жүре бер арамызда ел қуантып, бүгі­н­нің Жібегі мен Төлегені» де­ген жүрекжарды жыр жолдарын жол­дады. Кездесу кешіне жинал­­ған жұртшылықтың ішінде аудан-ауыл­дардан арнайы келген көрер­мендер де аз болған жоқ. Екіжақ­ты диалогқа құрылып, шынайы әрі жанды өткен кездесу кешінде көрермендер өнер саңлақтарына көкейдегі сұрақтарын қойды. Желаев кентінің тұрғыны Төлеген Қопашев Қыз Жібек пен Төлегенге Жайық бойынан ескерткіш орнатылса деген ұсынысын білдірді. Кештің жүргізушісі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин бұл орынды ұсыныстың осыдан төрт-бес жыл бұрын облыстық «Орал өңірі» газетінде көтерілгенін тілге тиек етті. Ал Құман Тастанбеков бұл ұсынысқа өз ойын былай жеткізді:

-Тараз қаласында үлкен сая­бақта Қыз Жібек пен Төлегенге арнап биіктігі үш метрдей ескерткіш орнатты. Содан кейін Қызылорда облысындағы Арал қаласындағы мәдениет үйінің алдында Жібек пен Төлегенді екі тұлпарға мінгізіп, ескерткіш тұрғызды. Жайық елінде де махаббаттың символы бол­ған Жібек пен Төлегенге ес­керт­­кіш орнатылса, қандай жарасымды! Шындығында, шаңырақ көтерген жастар баратын жер болу керек. Осындай ойларыңыз болса, біз құрметпен қараймыз.

Әсерлі өткен кездесу кешінде белгілі актриса Меруерт Өтеке­шева жастарға қаратып, «Махаббат бар, оны аялай біліңдер!» деген өсиетін айтты. Ал Құман Тастанбеков сүйікті жарына ел алдында махаббат әнін шырқап, жұбайлар сыйластығының шынайы үлгі­сін көрсетті. Кездесуге жиналған жұртшылық әсерлі әңгіме, әуезді ән, күмбірлеген күй тыңдап, бір жасап қалғаны анық. Кеш соңында көрермендер өнер жұлдыздарымен естелік суретке түсіп, қолтаңба жаздырып алып жатты.

«Олимпиада  қатысушыларына  қолдау» (Н.Оразаев) атты ақпаратта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйым­дастыруымен Қазақ­стан Республикасы Тәуел­сіздігі­нің 25 жылдығына арналған және «Олимпиа­да қатысушыларына қолдау көрсету» ұранымен «Ұлт рухы» тақырыбында эт­но­мәдени бірлестікте­рі ұжым­дары арасында облыс­тық жарыс өткені айтылған.

Теннис орталығында өт­кен жарыстың ашылусалтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің  орынбасары  Марат Тоқжанов, БҚО  Қа­зақстан халқы ассамблея­сы  хат­шы­лығының басшысы Ғайса Қапақов сөз алып,  қатысу­шыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысқан 300 спорт­­шы шағын футбол, волейбол,  дойбы, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен са­йысқа түсті.

Аталмыш додаға «Еділ-Жа­йық қазақтары қауымдастығы» қо­ғамдық бірлестігі, «Та­тар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Ма­сис» армян бірлестігі, «Кәріс эт­номәдени бірлестігі», әзірбайжан  «Бірлік» мәдени-ағартушылық қоға­мы,  «Еднання» украин этномәдени бірлестігі, «Грамада» этномәдени бірлестігі және жеті ауданнан кел­ген командалар қатысты.

Екі күнге созылып, тартысты өт­кен жарыста Ақжайық ауда­ны­­ның командасы ерлер арасындағы во­лейболдан, дойбыдан, тоғызқұ­ма­лақтан бірінші орынды иеленіп, ко­мандалық есепте ал­ға шықты. Ал Сырым ауданынан келген спортшы­лар әйелдер арасындағы волей­болдан, шағын футболдан, тоғыз­құ­малақтан оза шауып, жүлделі екінші орынды ие­ленді. Жарыстың үшін­ші орны бөрлілік спортшылар­ға бұйырды.

Жеңімпаз командалар мен жекелеген аталым иелеріне БҚО  Қа­зақ­стан халқы ассамблеясы атынан бағалы сыйлықтар, облыстық дене шынықтыру және спорт бас­қармасының атынан дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

Домбырашы-ұстаз, БҚМУ-дың магистранты Асқар Кенжеғалиев «Саратовта «Ерке сылқым» шалқиды» деген жолжазбасында  Махамбет атындағы БҚМУ-дың жолдауымен Ресейдің Саратов қала­сын­дағы Н. Чернышевский атын­дағы СМУ-да ғылы­ми-тәжі­рибелік тағылым­да­мада болып қайтқанын тілге тиек еткен.

-Сапар барысында ма­гистр­лік диссертация та­қырыптарымен бөлістік, тәжірибе алмастық, семинарлар­ға қатысты, - дейді автор. Кейін өзімнің салам бойынша домбыра өнерінің жағдайы мен дамуын білу мақ­сатында ондағы домбырашы-ұс­таздарды іздестірдім. Сөйтіп, Жа­зира есімді ұстаздың "Азия" кафе­сіндегі кішігірім жұмыс бөлмесі­не келдім. Бөлме іші қазақы ба­ғытта барынша әшекейленіпті. Сабақ оқушылар айнала отырған аласа жер үстелде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында ересек­тер де бар екен. Олар нота парақтарын ежіктеп оқып, әр түрлі күйлер мен әндерді орындап отыр. Оқушылармен танысып, Орал қа­ласында "Ақжелең" атты мектеп-студиямның барын, онда өздері секілді оқушылармен қатар ересектерге де домбыра үйрететі­нін айттым. Әсіресе, украин ұлтының 61 жастағы А.Величко есімді ақ­сақалдың домбыра үйреніп жүр­­гендігі  оларды  таңғалдырды.

Саратовтық өнерпаздар ре­пер­туар­ларындағы Құрман­ға­зы­ның "Балбырауын", Ә. Желдібаев­­тың "Ерке сылқым", Қ. Ахмедия­­ровтың "Алтын ұя", М. Әубә­кі­ров­тің "Талас" сынды күрделі күй­­лер­мен қатар біраз әндер арқы­лы қазақы тойларда, Алғай, Дер­гачи, Маркс және басқа да көп­теген ауылды мекендерде өнер көрсетіпті.

-Наурыз мейрамы қарсаңын­да Саратов облысына келген бұ­рынғы БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев өнерімізді тамашалады. Мереке барысында домбырашыларға ри­зашылығын білдіріп, «Бізден қан­дай көмек керек?» деді. «Алты домбыра, қазақтың сахналық үлгідегі алты ұлттық киімі керек еді» дедім. Бірер аптадан кейін Оралдан сұраған дүниелерім жетті. Қатты қуандым. Бірде Алтай Көлгінов те (ол кезде Орал қаласының әкімі) өнерімізге тәнті болып, байла­ныс телефонын қалдырып, «Қандай кө­мек қажет? Хабарласыңдар» де­ді. Ел ағаларына өте ризамын. Осы сұхбатты пайдалана отырып, оларға алғысымды жеткізгім ке­леді. Үйірмені Саратовтағы қазақ кәсіпкерінің қолдауымен «Азия» кафесінің бір бөлмесінде жүргі­зу­деміз. Әрине, арнайы оқу ғимара­ты болғанын қалаймын. Жастар қазақтың домбырасына көбірек үйір болса екен деймін. Өзім ту­ралы айтар болсам, Жазира Арал­қызы Жақсыбаева (Тамашева) - 1975 жылы 6 қарашада Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауда­нында дүниеге келдім. 1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы саз кол­леджінің вокал маман­ды­ғы бо­йын­ша тәмамдадым. Бітірі­сі­мен Саратовтың Ершов ауылын­да қазақ жігітімен тұрмыс құрып, кейін дәм-тұзымыз жараспады. Айдана, Дияр есімді ұл-қыз тәрбие­леп отырмын. Денсаулығыма байланысты І топ мүгедегі­мін. Сол се­бепті Саратов қаласынан ұзақ уа­қыт­қа алысқа шыға алмаймын. Оқушылармен жұмыс барысын­да әдіс-тәсілдерім жетпей жатады. Әйт­песе, біраз ізденіп, көптеген ойларымды жүзеге асырар едім, - дейді  Жазира.

Бірер күн қол қойылымы, сау­сақтарды дұрыс басу, басқа да әдіс­термен жұмыстанып, сабақ бер­дім. Алдағы уақытта ғаламтор ар­қылы сабақтар жүргізіп, тәжіри­бе алмасуға әзір екенімді айттым.

Осынау сапардан түйгенім, біз­дің тарапымыздан Ресейдегі домбырашы мамандарды оқы­ту, ар­­на­йы курстарға шақыру, оқу орта­лықтарын қалыптастыру, ансамбль, оркестр құрылуына жағдай жасау секілді жүйелі жұмыстар жүр­гізілсе деймін. Тәжірибемнен өт­кендей, домбырамен әр түрлі ән айту арқылы қазақ тілін үйрете­тін арнайы бағдарламалар жа­сақтап, жүзеге асыруға болады. Өзім ашқан "Ақжелең" мектеп-студиясы үш жылға жуық уақыт бойына қала тұрғындарын домбыра­мен күй тартып, ән айтуға үйретіп келеді. Кейін дәл осындай студия күй астанасы атанған Жаңақала ауданындағы Рухани орталықта да ашылғаны қуантады.

«Домбыра өнері - тек  Қазақстан­да ғана емес, Ресейде де дамып, қолдау көрсе деймін. Ұлы күйші  Құр­манғазы бабамыздың Ресейдің Алтынжар топырағында жатқаны осыны меңзейтіндей», деп түйіндеген ойын автор.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева «Міндетті    әлеуметтік  медициналық сақтандыру» деген мақаласында аталмыш көкейкесті мәселені сөз еткен.

Өткен жылы  елімізде «Мін­детті әлеуметтік ме­ди­ци­налық сақтан­дыру туралы» заң қабылданды. Медици­на­лық сақтандыру - халықтың денсаулығын қорғау жү­йе­сі. Аталмыш сала қордағы қаражат есебінен азамат­тардың тегін медициналық көмек алуына ке­піл­дік беруді көздейді және  мем­лекеттің, жұмыс беруші мен аза­мат­тардың ден­саулық сақтау бо­йын­ша ортақ жауапкершілі­гін қам­тама­сыз етеді. Барлық дең­гейдегі мемлекеттік бюджеттен қар­­жы­ландырылатын тегін денсаулық сақ­тау­дан меди­ци­на­лық сақтан­дырудың айырмашылығы осында. Медици­налық сақтандыру міндет­ті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.

Өзге елдердегі секілді бізде де инфекциялық емес аурулардың кө­беюі, денсаулық сақтау саласын заманауи технологиялармен, жабдықтармен қамтамасыз ету және қартайған адамдар санының артуы мемлекет тарапынан көп шығынды талап етеді. Осы проблемаларды шешу үшін  қосымша қаржыландыру көзі керек. Иә, қа­­зіргі таңда жұқпалы эпидемия­лық ауруларды толыққанды жең­дік, ал жұқпалы емес аурулар, мысалы глаукома, қант диабеті, жү­рек-қан тамыры аурулары, жара­қаттану т.б. белең алып келеді жә­не өз тарапынан көп шығынды қа­жет етеді. Денсаулық сақтау проблемасы жөніндегі жауапкерші­лік мемлекетке де, онда өмір сүріп жатқан адамдардың барлығына да ортақ болуы тиіс. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды әртараптандыру,  озық елдердегі секілді халықтың өмір сүру дең-гейін көтереді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенде адамдардың амбулаторлық ем қабылдауға, алғашқы медици-налық-санитарлық көмек алуға қолжетімділігі артып, дәрігерлер жүктемесі азаймақ. Бүгінде ден-саулық саласын кадрлармен қамтамасыз етуде жүйесіздіктің, кезек күту секілді көріністердің барлығы рас. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріндегі стандарттарға жуық-татып, әр дәрігерге жүктемені 2000 адамнан 1500 адамға дейін төмендетуге қол жеткізілмек. Әрине, жүктеме азайғанда ем сапасы жоғарылайтын болады.

Жалпы еліміздің денсаулық саласында міндетті әлеуметтік медициналық жүйенің енгізілуіне кадрлар даярлау өзекті мәселе болса да, Батыс Қазақстан облысында  даярлығы жақсы, әлеуеті жоғары деңгейдегі кадрлар ресурсы бар. Облысымыздың меди-циналық техникалық әлеуеті де жоғары.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсіп, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болмақ. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. Қазақстанда үздік халықара-лық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзір­ленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары бас­талады.

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, мүлікті жария ету жөніндегі комиссия төрағасы Біржан Қуанәлиев «Жария етуге мол мүмкіндік» мәселесін қозғаған.

Оның хабарлауынша, Жәнібек ауданы бойынша күні бүгінге аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комис­сия­ға 29 өтініш түсті. Бұл мүлік нысандарының жалпы құны 167 миллион 500 мың теңге құрайды. Осы нысанның бесеуі тұрғын үй саласына жатса, ал тұрғын үй емес нысанға 24 нысан кіреді.  Тұрғын үй емес 24 нысанның ішіндегі 17-сі коммерциялық нысандар, нақтырақ айтқанда, дүкендер, тойханалар, асханалар және тағы басқа да нысандар болып табылады.

Жоғарыда айтылған 29 нысанның 21-іне мү­лік жария етілді. Ол нысандардың екеуі тұрғын үй болып саналып, жалпы құны 6 миллион теңгені құрады. Ал тұрғын үй емес нысандардың саны 19 бол­са, олардың жалпы құны 118 миллион 500 мың теңгеге ба­ғалан­ды.  Солардың ішінде 13-і коммер­циялық нысандар қата­ры­на жат­қызылып, олардың құны 80 миллион теңгені құрады.

Аудан әкімдігі жанындағы мү­лікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға түскен жеті өтініш мүлікті жария ету заңнамасына сәйкес, дәлірек айтқанда, топтамада берілген құжаттардың толық емес болуы, берілген құжаттар­дың ішіндегі қателіктерді өшіру, бояу, тағы басқа  және арыз иесінің өтінішін қайтарып алуы сияқты себептерге байланысты кері қай­тарылып отыр. Сондай-ақ бір өті­ніш қазір қаралу үстінде. 

Биыл жыл басынан бері мүлікті жария ету науқанына байланысты аудандық газетке 15 мақала жа­рияланса, аудан әкімдігінің интернет ресурсына бес мақала беріл­ді. Сол сияқты аудан орталығын­да мүлікті жария етуді  жарнама­лайтын жеті билборд ілініп, ау­дан әкімдігі жанындағы мүлікті жа­рия етуді өткізу жөніндегі комис­сияның қабылдау орнында ақпа­раттық тақта орнатылды.  Соны­мен қатар 2014 жылдан бастап бүгінге дейін аудандық мүлікті жария ету жөніндегі комиссия мү­шелерімен төрт дөңгелек үстел оздырылды.

Қорыта айтқанда, 2016 жыл­дың 1 желтоқсанына дейін мүлік­ті жария ету жөніндегі жеңілдік­терді аудан тұрғындары тиімді пайдалануға тиіс.

«Әскерилер арасындағы  тіл байқауы»  - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында  мемлекеттік тілді жетік мең­гер­­­ген, ұлты қазақ емес әс­­кери  қызметкерлер ара­сын­дағы «Мемлекет­тік  тіл - менің тілім» бай­қауы­ның екінші кезеңі мәреге жеткені айтылған.

Байқау-сайыс үш айналымнан тұрды. «Бастау», «Өрлеу», «Баяндау» сынды сайыс кезеңдерінде қатысушылар өздерін таныстырып, түрлі тақырыптар бойынша мақал-мәтел айтып, көркемсөз оқып, сахналық көріністер қо­йып, Отан, патриоттық сезім, адамгершілік, отбасы мен ба­ла тәрбиесі сынды өзекті тақы­рыптарда ойларын баяндады. Қысқасы, тілді қаншалықты мең­гергендіктерін көрсетті.

Аталмыш сайыста Ақтөбе, Атырау, Ақтау,  Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан әскери бөлімдерден келген аға лейтенант Станислав Вдовкин, ефрейтор Рамиль  Мазитов,  кіші сержант Расул Тохтамов,  қатардағы жауынгер Роман Ананьнев, ефрейтор Иномжан Сабиров,  сержант Станислав Котенко «Өнер алды - қызыл тіл» екенін терең түсінетін, тілге деген құрмет, лтипаттары ерекше жандар еке­нін бірден  аңғартты.

Байқау қорытындысында Орал­дағы 5517-әскери бөлім­нің  әскери қызметкері,  сержант  Станислав Котенко  жеңімпаз ата­нып, Астанада өтетін қорытын­ды кезеңге жолдама алса, 5546-әскери бөлімнен келген ефрейтор Рамиль Мазитов (Атырау ) екінші, 6656-әскери бөлімнің кіші сержанты  Расул Тохтамо (Ақтау) үшінші орынды иеленді.

Жүлдегерлер мен қатысу­шы­лар өңірлік қолбасшылық қол­басшысының дипломдарымен, алғысхаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңы  Орал қалалық жас­тар мәдениет үйі өнерпазда­рының  концертіне  ұласты.

«Жарайсың, Өмірбек!» - БҚО кәсіпкерлер палатасы Бөкей ордасы аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі Жалғасбек Ташуов Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласына сәйкес атқарылған жұмысты хабарлаған.

Соңғы жылдары ауыл­дың деңгейін көтеріп, жағда­йын жақсарту үшін қомақ­ты қаржы бөлінуде. Сол себеп­ті  халық қайтадан ауылға бет бұра бастады. Ауыл шаруашылығын жа­нына серік етіп, ата-баба­мыздың төл кәсібі - мал өсі­румен, сонымен қатар қазір бау-бақша өсірумен шұғылданып жүрген­дер­дің еңбегі еш кетіп жатқан жоқ.

Биыл бағбандар үшін Ор­да өңірінде ауа райы қо­лайлы. Сол себепті  БҚО кәсіпкерлер палатасы Бөкей ор­дасы аудандық филиалы ауданда кенжелеп қалған бақша шаруа­­шылығын дамыту мақса­тын­да жұ­мыстанып, Мұратсай ауыл­дық ок­ругінің тұрғыны Өмірбек Мұқан­ға­лиевке хабарласып, кеңес берген болатын. Қазір Өмірбек Мұ­қанғалиев Мұратсай ауылының қасынан  бақша егіп, көкөністері ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, өз жемісін көруде.

Шілде, тамыз айлары - жиын-терімнің қызатын шағы. Сонау көк­темнің күн күлген сәттерінен бас­тап, жүйекке көкөніс отыр­ғы­зып, оның күтімімен бел шешпей айналысқандардың еңбегінің қы­зы­ғын көретін  кезең келді. Әрине, қарапайым тұтынушылардың, соның ішінде аудан орталығы тұрғындарының дәруменді тағам түрін күнде дастарқаннан көруге ықыласты сәті де осы мезгіл.

-Аудандық кәсіпкерлер пала­­тасының директоры Бибігүл Жұ­ма­ғұловаға үлкен рақмет, «Осы іспен айналыс, қолыңнан келеді» деп кеңес беріп, барлық құралжаб­дықтарды өз қаражатынан алып беріп, маған үлкен көмек жасады. Биыл мен тек жер құ­нарлылығын қара­йын деп шағын аумаққа ғана еккен болатынмын.
Қазіргі таңда аудандық кәсіпкер­лер палатасынан мемлекеттік бағ­­дарламалар жөнінде кеңес алып, келесі жылы палатаның қолда­уымен несие алып, шаруам­ды ұл­ғай­тып, тамшылата суаруға кө­шіп, бақ­шамды қоршап, жұмы­сым­­ды жалғастырғым келеді, - дейді Өмірбек Мұқанғалиев.

Қазіргі таңда ол Мұратсай ауылынан 3-4 шақырым жерде, су жа­ғасынан жер алып, онда қияр-қы­занақ, қырыққабат, қауын-қарбыз, пияз, асқабақ және де басқа бақша дақылдарын егіп, ауыл тұрғында­рына арзан  қаққа сатып отыр.

«Сот  жүйесінде  өзгеріс  көп» - А.Өтебәлінің ақпаратына БҚО соты басшыларының Қазақстанның орталық коммуни­кациялық қызметі БҚО филиалында өткізген баспасөз мәслихатында мәлім еткен деректері арқау болған.

Шараға Батыс Қазақстан об­­лыс­тық сотының төр­аға­сы Бек Әметов, об­лыс­тық соттың қылмыстық істер жөнін­де­гі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Тұрсын Оразова және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен сөйлеген облыстық сот төрағасы Бек Әметов сот сала­сын­дағы үлкен өзгерістер жай­лы баяндады.

-Елбасы Ұлт жоспары аясын­да іске асырылуы тиіс «100 нақты қадам» жобасында сот қызметін заманауи ағымға сай жетілдіру жөнінде қадап айтқан болатын. Осыған орай 2016 жылдың 1 қаң­тарынан бастап «Бес инсти­тут­тық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық ор­та қалыптастыратын 59 заң күші­не еніп, сот жүйесі жаңа формат­та жұмыс істей бастады. Нәтиже­сін­де сот жүйесіне жүктелген қа­дамдар­дың барлығы орындалып, отандық сот жүйесі жаң­ғыртылды. Мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтарда соттар бес сатылы сот төрелігінен үш сатылы сот тө­ре­лігі жүйесіне көшті. Бұл ретте тек бірінші апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалып отыр. Көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілді. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзі­мін қысқартады. Сондай-ақ жаңа аза­маттық іс жүргізу кодексі қа­был­данып, жұмыс барысында жаңа технологиялар қолданыла бастады. Осының нәтижесінде халық ен­ді шағым жасау үшін бұрынғыдай соттарға аяқтай барып, уақытын кетірмейді. Енді олар өздерінің арыз-шағымдарын соттарға кез кел­ген жерде отырып-ақ, интернет арқылы бере алады. Сондай-ақ Жоғарғы сот кеңесі туралы, Судьялардың мәртебесі туралы және Әкімшілік құқықбұзушылық ту­ралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Азаматтық, әкімшілік сот мей­лінше қысқартылды. Бұл сот істеріндегі созбалаушылықты жой­ды. Бұдан басқа 100 нақты қа­дам­ның 17-қадамына сәйкес судья­лар­ға қойылатын талап күшейді. Бұ­­рын 25 жасқа толған, екі жыл жұ­­­мыс өтілі бар, біліктіліктен өткен судьялар судьялық қызметке алы­на беретін. Бүгінде олай емес,су­дья­лық қызметке қабылдану үшін, бі­рін­шіден, үміткерлердің еңбек өті­лі бес жылдан кем бол­мауы тиіс. Екіншіден, олар міндетті түрде бұ­рын сот хатшысы, сот көмекшісі, адвокат қызметінде жұмыс жасауы керек. Бұдан басқа жұмысқа қабылданған судья­лар­дың біліктілігі бір жылдан кейін тек­се­рі­ле­­ді. Сынақтан өте алма­ғандар судья­лық қызметін тоқта­тады.

Тағы бір жаңалық, Жоғарғы сот жанындағы сот жюриі түбегейлі қай­та құрылды. Сот жюриінің екі ал­қасы бар. Біріншісі - тәртіптік ал­­қасы, мұнда өзінің аты айтып тұр­ғандай, қызметкерлердің тәрті­бі қаралады. Ал біліктілік алқа­сын­да қызметкерлердің біліктілігі тек­­серіледі. Жоғарғы сот жанынан құрылған біліктілік алқасы судья­лардың біліктілік деңгейін әр бес жыл сайын тексереді. Судьялық қызметті 20 жыл және одан да ұзақ уақыт атқарғандар біліктілік сы­нағын тапсырмайды. Жақында біздің облыстан 46 судья Ақтөбе қаласына барып, Жоғарғы сот жа­нындағы біліктілік алқасына сы­нақ тапсырып келді. Сондай-ақ Жо­ғарғы сот жанынан сот төре­лігі академиясы құрылды. Енді судья­ға үміткерлер осы академияда дайындалатын болады. Бұл да сот жүйесінің үлкен жетістігі деп айтуға болады. Халықаралық кеңес
пен мамандандырылған сот алқасы құ­рылды. Жоғарғы сот жанынан құ­рылған мамандандырылған ал­қа дауларды, соның ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарайтын болды. Оның шеңберін­де шетел инвесторларының құ­қын өз­дерінде туындаған құқықтық дау­­­лар бойынша сапалы әрі әділ шешу жүзеге асырылады. Бұл ин­вес­тицияның тартымдылығына оң ықпал етпек.

«100 нақты қадамның» 20-қа­дамында соттарды дыбыстық жә­не бейнеқұрылғылармен то­лық қам­тамасыз ету жөнінде ай­тыл­­ған. Бұл сот жұмысының ашық­ты­ғын қамтамасыз етеді және сот мә­жілісінің жүру тәртібін жақ­сар­­та­ды. Қазіргі таңда елімізде сот­­тар­дың 90 пайызы осындай құ­рыл­ғылармен жабдықталған. Мы­са­лы, біздің облыста 54 сот мә­жі­лісіне арналған зал болса, бүгінде со­ның 42-сі дыбыстық және бейнеқұрылғылармен қамтамасыз етілген. Қалғаны жыл аяғына дейін аталған құрылғылармен толықтай қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сондай-ақ тергеу судьяларының құзыреті кеңейтілді. Олар 2015 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап, тер­­­геу амалдары бойынша өз санк­­­­цияларын беретін болды. Бұ­­лар­­дан басқа тағы бір жаңалық, ол Судья­лардың жаңа әдеп ко­дек­сі­нің жобасы жайында. Бұл жоба Жо­ғарғы сот жанындағы халықара­­лық ке­ңес­тің отырысында мақұлданды. Аталмыш құжат бойынша Еуро­па­­лық кеңестің Венеция комиссиясы сарапшыларының қо­­ры­тынды­сы алынды. Шетелдік са­рапшы­­лар бұл жобаны әлемдік стан­дарт­­қа сәйкес деп бағалады. Ко­декс ағымдағы жылдың күзінде өте­тін судьялардың съезінде қа­­былда­на­ды деп күтілуде. Осы жерде айта кететін бір жәйт, біз­ дің облыста судья әдебі комиссия­сына былтыр тек бір ғана шағым түсті. Биыл аталмыш комиссияға судьяның іс-әрекетіне қатысты бірде-бір арыз-шағым түскен жоқ,

Тағы бір айта кететін жәйт, би­ылғы жылдың алты айлық жұ­мыс қорытындысында Азаматтық іс бо­­йынша біздің облыс республика бойынша жоғары деңгейде. Ал Қылмыстық істер мен Әкімші­лік істер бойынша көрсеткіштер был­тыр­ғымен шамалас, - деді Бек Әмет­­ұлы өз сөзінде.

Бұдан соң облыстық соттың қыл­мыстық істер жөніндегі сот ал­қасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев, азаматтық істер жө­ніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Ора­зова сөйлеп, өткен алты айдағы ат­қарылған  жұмыстарға  тоқталды.

«Қыз  Жібек  пен  Төлеген»  Ақ Жайықта» (Ләззат Шағатай) - бұл ақпаратта облыс әкі­мі Алтай Көлгіновтің  өңіріміз­ге гастрольдік сапармен кел­ген Қазақстанның ха­лық әртісі Құман Тастанбеков және ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешеваны қабылдағаны айтылған.  

-Біздің өлкеге арнайы атбасын бұрып келулеріңіз ел-жұрт үшін әрине, қуа­нышты жайт. - Сіздердің есімде­рі­ңіз аталса, халық, ең алдымен, махаббат­тың символы болған Қыз Жібек пен Төлегенді елестететіні анық. Сіздерді мерейлі жас­­қа же­туле­ріңізбен шын жүрек­тен құт­тық­таймын! Дендеріңіз сау бо­­лып, мәдениетімізді өркендетуге үлес қосып, жастарға әрдайым үлгі-өнеге болып жүре бе­ріңіз­дер, -  деген Алтай Сейдірұлы  қонақтарға сый-сияпат  көрсетті.

-Елге келмегелі көп болып еді. Бүгінгі салиқалы әңгімеміз шы­ғармашылық турасында өрбіді. Әри­не, ең алдымен, Оралдың та­ри­хы және бізге ыстық көрінетін қа­ра шаңырақ қазақ драма театры­ның бүгінгі тынысымен таныс­тық. Одан кейін фильмнің түсірілуі мен сол кезде кездескен қиындықтар туралы сөз қозғадық. Өйткені ол уақытта тарихи фильмнің тү­сірілуі күрделі болатын. Фильмнің режиссеры Сұлтан Қожықов, суретші Гүл­файрус Ысмайлова, мемлекет жә­не қоғам қайраткері Ілияс Омаров, композитор Нұрғиса Тілен­диев сынды елге танымал тұлғалардың қолқа салуымен, Дінмұхам­ед Қо­наевтың қолдауымен осы фильм дүниеге келген еді. Қазақ­тың ки­но тарихындағы інжу-мар­жанға айналған фильмнің түсірі­лімі 1970 жы­лы аяқталып, әлем­нің 76 елінің назарына ұсынылды. Биыл түсі­ріл­геніне 45 жыл тол­ған  фильм өз мәнін жоймай келеді, жойылмайды да. Тек бүгінгі жастар фильм туралы көбірек білсе дейміз. Біз оны дәріптеу­ден ешқашан жалықпаймыз, - деген сахна шеберлері сандық формат негізінде қайта жазылған "Қыз Жібек" фильмін облыс әкіміне тарту еткендіктерін айтты.

Кездесу барысында Алтай Көл­­гінов "Қыз Жібек" фильмі негі­зінде оның түсірілу тарихы мен жолдары, кездескен кедергілер мен қиындықтары туралы деректі фи­льм түсіру керектігін ұсынып, бұл іске қолдау білдіретінін жеткізді.

Қазақ кино және театр өнерінің қос шамшырағы осы сапар­да ауыл-аудандарды аралап, ха­лықпен жүздеспекші.

«Жергілікті  полиция  қызметі  жетілдірілмек» (Л.Шағатай) - бұған облыстық мәслихаттың 5-сессиясы арқау болған.

«Кеше облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 5-ші сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов төрағалық еткен жиында 2016-2018 жылдарға ар­нал­ған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толық­тырулар және жергілікті полиция қызметінің жартыжылдық қорытындысы туралы есептер тыңдалды», делінген онда.

Алдымен облыстық эко­номика және бюджет­тік жоспарлау басқарма­сы­ның басшысы Қайсар Маңқараев 2016-2018 жылдарға арналған об­лыстық бюджеттің бекітілуі туралы баяндама жасады. Оның мә­ліметінше, 2016 жылға арналған кірістер 120 886 282 мың теңгені құраған. Соның ішінде салықтық түсімдер 29 395 424 мың теңге, салықтық емес түсімдер 2 088 028 мың теңге, 12 557 мың теңге негізгі капиталды сатудан түскен түсім болса, 89 390 273 мың теңге трансферттердің түсімі.  Бюджет­-тің шығысы 122 601 606 мың тең­ге, ал таза бюджеттік несиелеу 3 275 747 мың теңге, бюджеттік  несие 6 516 899 мың теңге, бюджеттік несиені өтеу 3 241 152 мың теңгені құраған.

Одан әрі қала көшелері мен қо­ғамдық орындарда тәртіптің сақ­талуы, жол қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алуда жергілікті полиция қызметі­нің атқарған жұмыстары туралы облысымыздағы  жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бе­рі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар мен учаскелік полиция инспекторлары­ның көмегімен ашылған қылмыс­тың саны 11,8 пайызға артып, аза­мат­тардан түскен арыздар мен өті­ніштердің қаралуы өткен жылмен салыстырғанда 26,0 пайыздан ас­қан. 71 мыңнан астам адам әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, оларға 392 791 074 теңге айып­пұл салынған.  Күні бүгінге дейін айыппұлдың 213 175 374 теңгесі (54,3 пайызы) өндіріліп алынған. Биылғы жартыжылдықта облыс бойынша 7 252 қылмыстық іс тір­келсе, өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 12,0 пайызға (6477) көбей­гендігі байқалады. Алайда  қыл­мыстың көбейгеніне қарамастан, оның ауыр және өте ауыр түрле­рі азайып, ашылу деңгейі 86,9 па­-
йыз­ды құраған. Соңғы алты ай­дың ішінде жергілікті полиция қыз­меткерлері тұрғындардың   52 817  шұғыл шақыртуларына көмекке барған. Соның нәтижесінде кө­ше­де жасалатын қылмыстар 2,2 пайызға төмендеген. Облыс орта­лығындағы учаскелік полиция пункттері аймағында «Қауіпсіз ау­ла» жүйесі бойынша 103 бақылау бейнекамерасы орнатылған. Осы бейнекамералардың көмегімен 51 қылмыс дер кезінде ашылып, 7713 құқықбұзушылық уақыт оздырмай анықталған. Жергілікті полиция қызметінің тағы бір ба­ғыты - жол қауіпсіздігін сақтау.  Биыл жол-көлік оқиғалары 2,5 па­йызға, жарақат алғандардың са­ны 15,1 пайызға төмендегенімен, ажал құшқан адамдардың саны артып, 59,3 пайызды құраған. Ба­лалардың қатысуымен 33 жол-кө­лік оқиғасының  салдарынан же­ті бала мерт болып, 35-і әр түр­лі дәрежеде жарақат алды, - деп атап өткен Манарбек Серікқа­ли­ұлы бұл саладағы күрмеуі қиын біраз мәселені алға тартты. Оныңішінде учаскелік полиция инспек­торларының жан-жақты әлеу­мет­­тік қорғалмауы, материалдық-тех­никалық базалардың жеткіліксіз­дігі толыққанды жұмыс жасауға кедергі келтіретінін айтты.  Орал қаласы бойынша  екі учаскелік полиция пунктін ашу күн тәртібінде тұрса,  облыс аумағындағы 185 учаскелік пункттің 99-ы жөндеуді қажет етеді. Қазіргі күнде ауыл­дық  жердегі 98 учаскелік полиция пункті қажетті компьютермен қамтылмаған.  Ауылдық жерлерге әлі де 107 автокөлік жетіспейді. Тіпті 28,7 пайыз полиция қызмет­кері қызмет ететін жерінде тұр­ғын үймен қамтамасыз етілмеген.

Осы орайда ҚР ІІМ жергілікті полиция қызметкерлері үшін жалдамалы тұрғын үйдің төлемін қамтамасыз ету мәселесін қарасты­ру үстінде екенін тілге тиек етті.

Облыстық мәслихаттың депу­таты Ляна Тұрсынова жергілікті полиция қызметінің бастығы Ма­нарбек Ғабдуллиннің баянда­ма­сындағы аталмыш мәселелерді  қанағаттанарлық деп танып, әріп­тестерінен қолдау сұрады.

Сессия барысында бұдан бө­лек облыстағы елді мекендер ау­мағында қаңғыбас иттер мен мы­сықтарды аулау және жою,  2016-2018 жылдары субсидиялауға жа­татын әлеуметтік маңызы бар ав­томобиль қатынастары тізбеле­рін бекіту,  облыс бойынша Тек­се­ру комиссиясы мемлекеттік ме­кемесінің ережесін бекіту, облыс әкімдігінің әйелдер істері жә­не отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия­­ның дербес құрамына өзгеріс­тер енгізу, облыстық мәслихат жа­нын­­­дағы кәсіпкерлер мәселесі жөнін­дегі сараптамалық кеңесі­­нің ше­шіміне өзгерістер енгізу тура­лы мәселелер қаралды.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Алтай Көлгінов еліміз­дің әр аймағында болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар, ең алдымен, құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, автокөлік жолдары мен аулалардағы қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуді қажет етеді деп атап өтті. - Бұл мақсаттар үшін аулалар мен автокөлік жолдарына, ірі жол қиылыстарына бейнебақылау камераларын орнату үшін жарты миллион теңге қаржы бөлінетін болады. Сондай-ақ учаскелік по­лиция инспекторларын 50 авто­көлікпен қамтуға қаржы бөлу қарастырылуда, - деп атап өтті облыс басшысы. 

«Алты айда   20  адам  сотталды» (Н.Оразаев) - бұл ақпаратта «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы жөнінде айтылған.

Комиссия отырысына қа­лалық мәслихат депу­таттары, сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу жөніндегі басқарма мамандары, мемлекеттік емес ұйым мүшелері, жастар бірлестіктерінің жетекшілері қа­тысты. Отырыстың күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің Әдеп кодексі тура­лы  мәселелер  талқыланды.

Басқосуда сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу жөніндегі қо­ғамдық кеңестің төрағасы Аққали Әубекеров сыбайлас жемқорлық­тың алдын алу жөніндегі қоғам­дық кеңесінің 2016 жылдың жарты жылында атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

-Осы жылдың алты айы ішінде тіркелген 287 қылмыстық істің 107-сі сыбайлас жемқорлық­қа қа­тысы бар деп табылды. Жыл ба­­сынан бері сыбайлас жемқор­лық­қа қатысы бар деген күдікпен 32 адам тергеліп, 20 адам сотталды. Мысалға, «Орал қалалық аумақтық инспекциясының вете­ринариялық бақылау және қада­ғалау комитетінің» басшысы С. Самарханов ветеринариялық құ­жат­ты тездетіп жасап беруі үшін тұтынушыдан бес мың теңге кө­ле­мінде пара алған. Сот айыпталу­шыны кінәлі деп танып, 250 мың теңге айыппұл өндіруге және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Ал қаладағы №45 мектептің директоры Ф. Даумова келісімшарт бойынша оқушыларды ыс­тық тамақпен қамтитын жеке кәсіпкерден жалпы қамқорлық үшін 71 мың теңге көлемінде пара ал­ған. Орал қалалық сотының үкімімен орта білім беретін мектеп­тің директоры ҚР ҚК 366-бабы­ның 1-бөліміне (пара алу) сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның елу еселенген көлемінде 3 млн. 550 мың теңге айыппұл салынды. Айта берсек, бұндай деректер жетерлік. Біздің бүгінгі мақсатымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту болып отыр, - деді Аққали Әубекеров.

Комиссия отырысына қатыс­қан сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу жөніндегі басқарма бас­шысы Біржан Хайруллин де ат­қа­рылған бірқатар нақты істерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, жыл басталғалы департамент се­гіз  мемлекеттік орган мен ұйым қыз­метіне талдау және сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анық­тау жұмысын жүргізген. Талдау қорытындысы бойынша барлығы 82 сыбайлас жемқорлық тәуекел­дері анықталса, оның екеуі пер­соналды басқару тиімділігі, тоғы­зы бақылау функцияларын жүзе­ге асыру бойынша, жетеуі рұқсат беру функциялары бойынша болып отыр. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ауыстыруға ұсынылған бес «жасырын» қызмет пен функция анық­талған. Сыбайлас жемқорлық тә­уекелдерінің көп бөлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алатыны анықталған. Мемлекеттік сатып алуға жасалған мониторинг қорытындысы бойынша 12 мекемеге хаттар жолданып, мемлекеттік сатып алулары тоқтатылған. Үнемделген қаржы көлемі 3,4 млн. теңгені құрайды. Департамент 2016 жылдың бі­рінші жартыжылдығында мем­ле­­кет­тік қызметшілердің, азаматтық қызметшілердің, квазимемле­кет­тік сектор, діни және этномәдени бірлестіктердің, бизнес-қауымдас­тықтың, үкіметтік емес ұйым өкіл­дерінің, жастардың қатысуы­мен 136 лекция мен семинарлар ұйымдастырыпты. Бұл шаралармен 5651 астам адам қамтылған.

Жиынды қорытындылаған комиссия мүшелері ғасыр індеті­мен бірлесе күресу мақсатындағы жұ­мыстарды бұдан әрі жандандыру керектігін айтты.

«Хан зиратында 526 құлпытас» - Нұртас Набиоллаұлының мақаласына «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратының конференц-залында өткен «Қазақстанның араб жазуындағы эпиграфикасын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық семинарда айтылған мәселелер арқау болған.

Оған өңірге іссапармен келген Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Әшірбек Муминов, Р. Сү­лейменов атындағы Шығыстану инс­титутының жетекші ғылыми қыз­­меткері, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Нұрманова, сон­дай-ақ жергілікті өлкетанушы­лар мен тарихшы ғалымдар қа­тысты.

-Құлпытастарды зерттеу бағы­тындағы жұмысымызды осыдан үш жыл бұрын бастаған болатынбыз. Алғашында өз күшімізбен елу құлпытастан тұратын жинақты даярлап, оны жұртшылыққа та­ныстырар сәтте өңірімізге Әшір­бек Құрбанұлы бастаған ғалым­дар то­­бы келген еді. Сол сапарда ға­лым­дар біздің көрсетуіміз бо­йын­­ша жергілікті мамандарға тү­сі­нік­сіз болған күрделі жазбалы құл­пы­тас­тар­дың мәтіндерін оқып, сырын ашты. Олар өлкеміздегі көне құлпытастарды нақты жобалар арқылы ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызы аса жоғары екенін мәлімдеген болатын. Нәти­жесінде ғалымдардың тікелей бастамасымен және министрліктің қол­дауымен «Қазақ халқының мә­­­дени ескерткіштері рухани мұ­раны сақтау мен жеткізудің жо­лы ретінде (Батыс Қазақстан об­лы­сының эпиграфиялық ескерт­кіш­тері негізінде)» атты ғылыми жо­ба жасақталды. Қазіргі уақытта ж­ұ­мыс мерзімі үш жылға белгіленген жобаның уақыт жағынан бел ортасына келдік. Осы жиында аталмыш жоба аясында атқарылған істер қорытындыланбақшы, - деді семинардың модераторы, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин жиынды ашқан кіріспе сөзінде.

Әшірбек Муминов,  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетіндегі дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор:

-Қазақ құлпытастарын зерттеу­дің халықаралық маңызына, әлем­­дік ғылымнан алатын орнына тоқталып өтпекшімін. Жалпы біз­дің ат­­қарып жатқан ісіміз жергілікті дең­гей­де­гі жұмыс емес, әлем­дік тұрғыда зор маңызға ие зерттеу болып та­былады. Біз­ге дейін араб эпиграфикасын зерт­теу бойынша көптеген ға­лым­дар жұ­мыс жасаған. Өткен ға­сыр­да дү­ние­жүзілік шығыстану ғы­лы­мын­да фран­цуздардың орны үлкен еді. Олардың араб эпиграфиясын зерттеген еңбектері 1931 жылдан бастап шыға бастаған. Бұл бағыттағы жұмыстар Каирдегі француз инс­титутының басшылығымен бастал­ған. Оны алғаш болып Макс Ламбершн деген ғалым қолға алған. Қазіргі уақытта оның оқушысы Люд­виг Калюс және француздың та­нымал профессоры Жан Руи Баки Громон секілді көптеген ғалым­дар осы жұмыста бас қосып, әлемде ислам діні пайда болғаннан ке­йінгі ең ескі ескерткіштерден бас­­тап хронологиялық тәртіпте хижри жыл есебінің бірінші жылынан басталатын араб жазуларын жария­лап келеді. Бұл тұрғыда алғашын­да тек қана араб әлеміне мән берілсе, кейін иран, сондай-ақ жер шарындағы өзге де аймақтарға ден қойыла бастады. Ол жарияланған жазулардың маңызы әлем цивилизациясы тарихы үшін өте зор. Соңғы кезде аталмыш бағыттағы зерттеу жұмыстарында кейбір ай­мақтардың мүлде қамтылмағаны мәлім болып отыр. Осыған дейін араб жазуларының байлығы жа­ғынан иран жері бірінші орында деп есептеліп келген болатын. Бірақ кейінгі мәліметтерде орталық Азия одан кем түспейді деген пікір айтыла бастады. Бір­де француз институтында Қа­зақ­станнан бірде-бір құлпытас немесе өзге эпиграфикалық жазу ту­ралы жарияланым да, әлемдегі ғы­лым­ның бұл жайында хабары да жоқ екені туралы мәселе көтерілді. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан об­лысының өзінде 50-60 мың эпи­графикалық жазу бар деген болжам айтылып отыр. Осы тұрғыдан алып қарасақ, жер жүзіндегі ислам цивилизациясының зерттелуі толық емес деген қорытындыға келеміз. Сондықтан маман ретінде бұл жұмысқа барлық ғалымдар атсалысуымыз қажет екендігін айтар едім. Елімізде архитектуралық ескерткіштерді зерттеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Оған бізге дейінгі зерттеушілер Малбағар Меңдіқұлов, Серік Әжі­­ғалиевтің кітаптарын мысал ре­тінде келтіруге болады. Олар ес­керткішті зерттегенімен, он­дағы жазуларға мән бермеген. Бі­­рақ со­ның өзі біздің болашақта іс­тей­тін жұмыстарымызға негіз бо­ла­ды. Жалпы Орталық Азия­да­ғы құл­пы­­тас­тар­дың тарихы те­рең. Материал­дық жағынан қа­рас­­тыр­сақ, Х ға­сырға жататын Са­мар­қандтан та­был­ған тас күйдірілген кірпіш­тен жасалған. Одан кейінгі Қа­ра­ха­ни­лар кезінде қайрақтастар қол­да­ныла бастады. Қазір Айтжан Шай­­мерденқызымен бірлесіп X-XIV ғасырдағы ғұламалардың қа­бір­ста­ны болған Самарқанд қаласындағы чакардизаның жазуларын басылымға дайындап жатырмыз. Құлпытастар тек қана қайтыс бол­ған адамдардың құрметіне қойыл­ған емес. Ол сол кездегі қоғамда үстем болған идеологияның ұста­нымдарын жеткізу функциясын да атқарған. Қазақ құлпытастарына қатысты айтар болсақ, араб жазу­лы эпиграфика немесе құлпытас­тар ислам орталықтарынан шық­қан дәстүрлі мәдениетті біздің же­рі­міз­ге әкелді десек, екіншіден, оны ғұн, көк түріктері және одан ке­йін­гі қазақ хандары заманынан ке­ле жатқан төл дәстүріміздің де жал­ғасы ретінде қарастыруға болады. Бүгінде біз ескерткіштерге құлпытас, сандықтас деп өзіміз ат берудеміз. Ал ондағы мәтіндерді өз қолдарымен жазған адамдар қалай атады? Олар балбал деген сөзді қолданған екен. Бөкей ордасы ауданына қарасты Хан зи­ратындағы құлпытастарда осын­дай терминнің кездесетінін күні кеше ғана ондағы зерттеу жұмыс­тарына қатысып келген Айтжан әріптесіміз мәлімдеп отыр. Бұл көне ғұн, түрік заманынан келген дәстүрдің бүгінге дейін жетке­нін көрсетеді. Сондықтан XIX-XX ғасыр құлпытастарына берідегі ес­­керткіштер деп немқұрайлылық танытуға болмайды. Одан бұрын­ғы заманның тастары жойылып кет­кенімен, қазіргі бар ескерткіш­терді ескі бір дәстүрдің жалғасы ретінде қарауымыз керек. Қазақ құлпытастарының функциясы көп болған. Мен солардың екі-үше­уін ғана атап өтейін. Біріншіден, мемлекеттік шекара белгісі ре­тінде қызмет атқарған. Ондағы таң­баларға қарай отырып, қазақ мемлекетінің территориясы қай жерлерге дейін созылғанын анық­тауға болады. Тарихта оты­рық­шы­­­лық мәдениетке көбірек мән бе­рі­ліп жүр. Ал көшпелі қоғамға на­за­ры­мыз аз ауады. Құлпытастағы ру, тайпа, ауыл, бөлім аттарының жазылуында үлкен мақсат болған. Ол сол кездегі қоғамның ішіндегі ынтымақ, бірліктің болуын, бір-бі­рі­не ағайын, жанкүйер адамдар екенін, орта ғасырлардағы дәс­түрлі қоғамда бірлік қандай күш­ті бол­ғанын көрсеткен. Жуырда Жапонияда болғанымызда, То­кио ха­лықаралық зерттеулер уни­­верси­­те­тінің ұжымымен сөй­лес­тік. Олар отарлық замандағы Қазақстан та­­ри­хын зерттеп жатыр екен. Олар­д­ың жұмыстары мұрағат құжатта­ры негізінде жүргізілуде. Мен олар­дан «Сіздер біржақты көзқарас­­пен зерттеудесіздер. Құжатқа сенім үлкен. Алайда сол кездегі жағдай­ды білдіретін қазақ қоғамының іші­нен болған ескерткіштеріңіз бар ма?» деп сұрадым. Олар «Біздің жұмысымыз осы жағынан әлсіз» де­ді. Бізде отарлық кезең болды. Қа­зіргі біз жасап отырған уақыт - пост­колониалдық кезең. Сол себепті ғы­лымда стереотиптер толып жатыр. Мәлім мүдделер мақсатын­да бізге өтірік құндылықтар, жал­ған ақпараттар беріледі. Өздеріңіз жақ­сы білетіндей, сол негізде жазылып жатқан оқулықтар да бар. Бі­рақ жаңа Қазақстан тарихын жазу, оны тәуелсіздік кезіндегі тың де­рек­тер негізінде қалыптастыруда осы құлпытастар тақырыбын кө­тер­ген өте тиімді. Жапон зерттеуші­ле­рі­мен болған сұхбатымыздың со­ңын­да олар «Бірігіп жұмыс жасайық, сіздер жинаған материалдардың бір бөлігін шығаруға жәрдемдесейік» деген бағыттағы ұсыныс­та­рын айтты. Меніңше, бұл болашағы бар бастамалар деп есептеймін. Себебі тек Қазақстанда емес, өзге батыс елдерінде, Ресейде немесе Қиыр Шығыс мемлекеттерінде бұл тақырыпқа қызығушылық жоғары. Осындай жобаларға қатысамыз де­ген ниеттері де бар. Соңғы кезде Көкшетау  өлкесіндегі  және Жәңгір хан кешеніндегі құлпытастарды салыстыра зерттеудеміз. Алғашқы та­былған аз ғана материалдардың нәтижелері сенсациялық болып шығуда. Жапониядағы сапарымыз­да дүниежүзілік көлемде мәдени құндылықтарды сақтау, оларды қал­пына келтіру, сандық техно­ло­гияға жазып алып, болашақ ұр­пақтарға жеткізу мәселесіне мән бердік. Жапон елінде бұл бағытта үлкен орталықтар жұмыс жасайды. Сөйтіп, Жапония ешбір мәде­ни құндылықтың жоғалып кетуіне жол бермейді. Ал біздің қоғамға қарайтын болсақ, құлпытастар өте тез жойылып барады. Қоршаусыз ескерткіштер мал сүйкенсе сынып кетуде, түрлі табиғи, экологиялық әсерлерден жазулары көмескіле­ніп жатыр. Сондықтан оларды өте жедел түрде есепке алу керек. Мұн­­дай құндылықтарды сақтау­дың ең қолжетімді түрі - оларды жария­лау.

Айтжан Нұрманова, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының  жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының  кандидаты:

-Құлпытастарды зерттеу жо­ба­­сының бастамасын 2014 жы­лы Батыс Қазақстан облысына іс­са­пармен келгенімізде көріп, қол­­ға алған едік. Сол жолы және оған дейінгі жасалған алғашқы жұ­мыс­тар институтымыздың басылымы­на енді. Ол елу бет көлеміндегі ма­қала болып, шағын каталог ретін­де жарияланды. Мысалы, Есім­хан Нұралыханұлы, Көкшетау ма­ңа­йы­нан табылған Уәлихан Абы­лай­ханұлы, Жәңгірхан Бөкейханұлы және Түркістанда жерленген хансұлтандардың, сондай-ақ қа­зақ даласында өмір сүрген би-батыр­­лардың құлпытас дерек­те­рі қазақ тіліндегі басылым болып шық­ты. Олардың қатарында Мә­тен қо­жаның, Атыраудағы му­зей­­де сақта­лып тұрған Құрман­ға­зы күйшінің, одан бөлек Мұса Шор­ман­ұлының, Ос­пан Құнан­бай­ұлының құлпытас­тары бар. Оған көптеген тарихшылар үлкен қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта құлпытастар бойынша басылымның жарыққа шыққанын күтіп отырған кісілер өте көп. Жоба аясындағы биылғы экспедициямызға тоқталар бол­сақ, осыған дейін Бөкей ордасы тарихи музей кешенінің ғылы­ми бөлім меңгерушісі Гүлмә­ру Мыр­зағалиева Жәңгір хан зира­тын­дағы араб қарпімен жазылған 113 құлпытасты оқыған болатын. Бұл жолы біз сол жерден  одан басқа 200-дей тасты оқып зерттейміз деп келген болатынбыз. Алайда қазба жұмыстарының арқасында ондағы хатталған құлпытастар саны 526-ға жетті. Мұның өзін соңғы көрсеткіш деп есептемейміз. Өйт­кені әлі де қазылмаған жерлер қалды. Мон­шаның іргетасына салынып кет­кен құлпытастар да бар екен. Олар да зерттеліп толықтырылады де­ген ойдамыз. Экспедиция жұмы­с­ын жүргізуге Алматыдан Дина Ме­де­рова екеуміз келген болатын­­быз. Бізге Қазбек Құт­ты­мұ­рат­ұлы, Мұратбек Жахатов, Гүл­­мә­ру Самиғоллақызы секілді жер­гілікті мамандар қолұшын созды. Бөкей ордасының музей қызметкерлері де көмілген тастарды күннің 45 градус ыс­тығында қазып, тазалап беріп зор көмек жасады. Мұндай кө­мек болмағанда, бір аптаның ішін­де осынша көлемдегі жұ­мыс­­ты тындыру мүмкін емес еді. Таңғы сағат жетіден кешкі то­ғыз­ға дейін қорымның басында жұмыс жүргіздік. Одан шыққан нәтиже де өте маңызды. Мыса­лы, қазып алынған бір құлпы­тас­та ханның қасында болған белгілі дін адамының қай жылы имам болғанын, қанша жыл ахун­дық құрғанынан, қанша жыл өмір сүргені туралы үлкен мә­­­­­­лі­мет сақталған. Мұндай құлпытастар сирек кездесе­ді. Оның тағы бір ерекшелігі - әдет­те марқұмға тас белгіні ата-ана­сы, ұл-қызы, бауырлары ор­­нат­­са, мұнда сол кісінің ықыласынан бір саудагер кісі өз еркімен қо­йыпты. Құлпытастың жан-жа­ғына сүрелер, ал артқы беті­не шағын өлең жазылған. Құл­­­­пы­­­тас топыраққа көміліп қалған­­дық­тан жақсы сақталған. Қо­рым­­да Жәңгір ханның өзі жә­­не оның әулеті, хансұлтан­дар, олар­дың әйелдері мен ұл-қыз­дары жерленген. Соны­мен қа­­тар саудагерлердің құл­пы­тас­та­­ры өте көп. Мұның өзі осы жер­­де үлкен сауда ор­та­лы­ғы бол­­ғандығын көр­се­­те­ді. Кей тас­­тарда Ішкі ор­да­лық князьдар нәсілінен, төре руы, старшын, қожа, мударис, мол­да, указ­ной молда, имам, тар­хан, хан төлеңгіті, дамолла, тәр­жіма­­шы деген термин­дер кездеседі. Бір әйел заты­ның өзіне бір­­не­ше термин қолдан­ған. Мы­са­лы, бұрыннан белгілі хала­лы, зәу­жасы, оның сыртында мән­ку­ха­сы, хатуны деген сөз­­дер бар. Дәрігерлер де жерлен­­ген. Олар тәбиб деп кезде­седі. Қази, ахун­дар, тас шеберлеріне де өте көп белгілер орнатылған. Тас жазып тұрушы, тас қашаушы де­ген кі­сі­лердің өздерінің де құл­пы­тас­тары сақтал­ған. Ша­ға­тай тілін­де­гі мә­тін­дер өте көп, Парсы тілін­дегі өлеңдер жазылған. Сон­дай-ақ ол қорымға көпте­ген ру-тайпалардың өкілде­рі жер­ленген. Та­тар саудагер­ле­рі­нің қай аймақтан келгендігі ту­ра­­лы де­рек­­тер де бар. Мұның бәрі Жәң­­­гір хан маңайы­на жи­нал­ған кісілердің биогра­фия­сын жа­сақ­­тауда өте ма­ңыз­ды бо­­лып есептеле­ді. Тас­­тағы жа­зу­лар­дан оны қашаушы­­лар­дың жо­ға­ры деңгейдегі білім­ді адам­дар болғаны да аң­ға­рылады.

Жиын барысында аталмыш жо­баға қатысты аудандардағы жұ­мыс­шы топтардың атқарған істе­рі туралы тыңдалып, бұл ба­ғытта жіберілген кемшіліктер­­­­­ге бай­ланысты сын-ескертпе­лер ай­­тылды. Семинарға қатысушылар эпиграфикалық ес­­керт­кіштерді зерттеудің маңы­зы жә­не оны жетілдіру туралы ой-пі­кір­ле­рі мен ұсыныстарын ор­та­ға салды.

«Орал өңірі» газетінің 26 шілде күнгі нөмірінде «ЭКСПО - 2017» 93 күнге созылмақ» деген ақпарат (Н.Набиоллаұлы) жарық көріп, онда «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаеваның Орал қаласына арнайы іссапармен келгені айтылған.

Р.Асанбаева қаладағы «Шағала» қонақүйінің конференцзалында өткен оралдық туроператорлармен кездесуінде ЭКСПО тақырыбына байланысты шеберлік класын жүргізді. Кездесу барысында Роза Әбдіхамитқызы мәлімдегендей, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі 93 күнге созылмақ. Оныншы маусымнан басталып үш ай бойына жал-ғасатын көрмені бес миллиондай келуші тамашалайды деп күтілуде. Жиында Астана қаласында өтетін халықаралық көрменің ұйымдастырылуы және сол үшін салынып жатқан құрылыс нысандарының басты ерекшеліктері баяндалып, оған еліміздің жә-не шетел туристерінің назарын мейлінше молырақ аудару мәселесі сөз болды. «ЭКСПО - 2017» көрмесін бір күн бойына тамашалау үшін билеттің базалық бағасы алғашында 2 мың теңгені құраған болса, бүгінде ол 6 мың теңгеге дейін көтерілген. Роза Асанбаева көрме уақыты таяғанға дейін билет құны тағы қанша мөлшерде өсе түсетіні белгісіз екенін айтады. Ол осы орайда туроператорлар үшін ЭКСПО билеттерін 10-нан 45 пайызға дейінгі арнайы жеңілдіктер арқылы алу мүмкіндіктері бар екенін айтып өтті.

-«Жібек жолы» жобасына қатысушы елдер министрлерінің жиынында Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы 2017 жылы әлемдік деңгейдегі туризм саласын екі айтулы шара күтіп тұрғанын мәлімдеген еді. Оның біріншісі БҰҰ 2017 жылды халықаралық тұрақты туризм жылы деп жариялауы болса, екіншісі - Астана қаласында халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО - 2017» көрмесінің өтуі. Аталмыш көрменің әлем бойынша баламасы жоқ, дүниежүзі туристері тамашалайтын екі түрлі ерекшелігі болмақ. Оның бірі - биіктігі 100 метр, ені 80 метр болатын шар тәрізді ғимарат. Онда «Болашақтың энергиясы» атты әлемдегі ең алғашқы музей орналасады. Екіншісі - Астана қаласының «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтетін аумағы оныншы маусымнан оныншы қыркүйекке дейінгі аралықтағы 93 күн бойына сахналық алаңға айналып, үш мыңнан аса мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылады. Бүгінгі сапарымыздың мақсаты - оралдық туроператорлар үшін роуд шоу ұйымдастыру болатын. Әлемдік тәжірибе ЭКСПО-ны тамашалаушылардың елу пайызынан астамы көрме билетіне туроператорлар арқылы қол жеткізетінін көрсетуде. Бүгінгі оралдық туроператорлардың қатысуымен болған шеберлік класымыз сәтті өтті деп есептеймін. Енді олар тек қана Батыс Қазақстан облысының емес, көршілес Ресей елі туристерінің де «ЭКСПО - 2017» көрмесін тамашалауына жол ашады деген сенімдемін. Кездесуіміздің барысында туроператорлар өздері қойған түрлі сауалдарына жауаптар алды. Ең бастысы - туроператорлар үшін оныншы шілдеде басталған және оныншы тамызда аяқталатын кезең бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл кезең оларға ЭКСПО билеттерін айтарлықтай жеңілдікпен алуға зор мүмкіндік береді, - деді Роза Әбдіхамитқызы жиын соңынан журналистерге берген сұхбатында.

«18 айда 210 сыбайлас жемқорлық қылмыс» (А.Өтебәлі) - өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кезекті аймақтық комиссия отырысынан алынған деректер мәлім етілген.

Бұған аудан, қала әкімдері мен мен облыс орталығындағы барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамыҰлт жоспарының бірінші реформасы кәсіби мемлекет құруға, екіншісі, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Ұлттық бюросы құрылды. Баршамызға белгілі, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң 2016 жылдан бастап күшіне енді. Бұл өзгерістердің барлығы мемлекеттік органдардың ашықтығын, олардың қоғам алдындағы есеп беруін және жариялылығын қамтамасыз етеді, - деген Алтай Көлгінов бұл жолғы комиссия отырысында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жәй-күйі туралы мәселе қаралатынын айтты.

Аталмыш мәселе бойынша сөйлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшысы Ә. Әшірбаев облыстың мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады.

-Сыбайлас жемқорлық - тұрақты түрде зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел іс-қимылды талап ететін қауіпті құбылыс. Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуға кедергі жасайды, еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Біздің облысымыз - Елбасының ерекше назарындағы, республикамыздағы дамуы екпінді қарқынмен жүріп келе жатқан аймақ. Осы аймақта заңдылықтың сақталуына азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығының тиісті дәрежеде қорғалуына бәріміз бірдей жауаптымыз. Елімізде жемқорлық деңгейі жоғары екені ешкімге жасырын емес. Қоғамды жайлаған бұл дертпен бүгінде барша әлем күресуде. Әлемнің 70 елінде осы мәселе басты назарда. Дегенмен, еліміз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесі бүгінде көріне бастады. Мысалы, Транспаренси Интернешнл халықаралық ұйымы жасаған сыбайлас жемқорлықтың дамуын анықтайтын картада біздің еліміз сыбайлас жемқорлық бойынша 140-орыннан 123 орынға түскен. Сондай-ақ бүкіләлемдік банк рейтингінде Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 50-ден 41-орынға келді. Бұл аталмыш бағыттағы жұмыстың нәтижелі жүріп жатқанын көрсетеді. Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жаңа құқықтық тетіктер қабылданды. Жаңа тетіктер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адамдар мемлекетке келтірілген шығынды өтеген жағдайда, олардың жазалары жеңілдетіледі, әрі бұдан мемлекет бюджеті айта қаларлықтай толығады, - деген Ә. Әшірбаев бұған мысал ретінде еліміздегі бірқатар белгілі тұлғаларға қатысты деректерді слайд арқылы көрсетті.

-Енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің жұмысына тоқталайын. 2015 жыл мен ағымдағы жылдың алты айында департаментте 250 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелсе, соның 210-ы, яғни 84 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 330,5 млн. теңге, осының 263,9 млн. теңгесі, яғни 80 пайызы қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық жасады деп күдік келтірілген 84 тұлғаның қылмысы мойындалды. Олардың 15-і - облыстық, 24-і - аудандық, 40-ы қалалық және бесеуі аудандық деңгейдегі қызметкерлер. Өкінішке орай, осы-лардың 23-і мекеменің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы облыстық департаменті анықтаған қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша сот шешімдерімен белгіленген айыппұл көлемі 309,8 млн. теңгені құрады. Көрсетілген мерзім аралығында 62 мемлекеттік қызметкер мен оған теңестірілген тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қатысты 135 қылмыс жасады. Бұл жөнінде нақтырақ айтар болсам, әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері тарапынан жа-салған қылмыстар саны - 82 (27 қызметкер), ІІД жүйесі қызметкерлері - 21 (18 қызмткер), Инвестиция және даму министрлігі бойынша - 9 (5 қызметкер), Ұлттық экономика министрлігі - 9 (4 қызметкер), Қаржы министрлігі - 7 (4 қызметкер), Әділет министрлігі - 3 (1 қызметкер), Ауыл шаруашылығы министрлігі - 2 (2 қызметкер), сот жүйесінің қызметкерлері - 2 (1 қызметкер). Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың дені бұрынғыша ІІМ қызметкерлерінің еншісінде қалып отыр. Соңғы 1,5 жыл ішінде БҚО ІІД-ның 15 қызметкері және құқық қорғау қызметінің тағы басқа саласы бойынша үш қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұған нақты мысал келтірер болсам, Орал қалалық ІІБ №2 Абай полиция бөлімшесіне қарасты тірек пунктінің учаскелік инспекторлары Шуақбаев пен Увалиевтің қаланың орталық базарында тұтыну тауарларын сатумен айналысатын адамдардан жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды. Сот шешімі бойынша аталған қызметкерлердің әрқайсысына 7,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, мүліктері тәркіленді. Олар құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырылды. Сондай-ақ Инвестиция және даму министрлігі БҚО бойынша көлік бақылау инспекциясының бес қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мысалға айтар болсақ, аталған мекеменің Төреханов дейтін бас маманы үлкен жүк маши-насын көлік бақылау бекеттерінен кедергісіз өткізу үшін біреуден 900,0 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Сондай-ақ теміржол көлік-терін бақылау бөлімінің басшысы Мұқанов «Орал» бекеті арқылы өтетін теміржол пойыздары бригадирлерінен оларды қорғап, тиісті тексерулерді болдырмау үшін пара алып отырған. Мұндай жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырып жүрген теміржол көліктерін бақылау бөлімінің басшысы ұсталып, бүгінде оның қылмыстық ісі қаралуда.

2015 жыл мен ағымдағы жылдың алты айы ішінде облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің үш қызметкері мен облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бір қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Валихан Разов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылып, оған 6,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде сот шешімі шығарылды. Бұған қоса оның дүние-мүлкі тәркіленетін болды және оған мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Қаржы министрлігі саласынан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің үш қызметкері және облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бір қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мысалы, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Ақсай» кеден бекетінің жетекшісі Сатаев бір кәсіпкерден жалпылама қамқорлық жасап, қорғағаны үшін және тауарларға декларацияны кедергісіз рәсімдеу үшін 925,0 мың теңге көлемінде пара алған. Осы қылмысы үшін Сатаев айыпталып, оған 55,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және дүние-мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Серикопов та жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қорған болғаны үшін және жалға орын тауып бергені үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Бұл қылмысы үшін аталған азаматқа 43,0 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жоғарыда мен әкімдік пен құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің үстінен 82 іс қозғалғаны жөнінде айттым. Осы істер бойынша 27 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұлар жөнінде нақтырақ айтар болсам, білім саласы бойынша - 18 қылмыстық іс (12 қызметкер), денсаулық саласында - 33 қылмыстық іс (үш адам), ауыл шаруашылығы саласында - 9 қылмыстық іс (бір адам), облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласында - 5 қылмыстық іс (бір қызметкер), Құрылыс және архитектура саласында - 4 қылмыстық іс (үш адам), Жер қатынастары және жер пайдалануды қадағалау саласында - 4 қылмыстық іс (екі қызметкер), әкімдер мен әкімдік қызметкерлері - 3 қылмыстық іс (екі адам), Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау саласында - 2 қылмыстық іс (екі адам), Энергетика саласында - 2 қылмыстық іс (екі адам), Сот жүйесінде 2 қылмыстық іс (бір адам).

Сыбайлас жемқорлық жағдаяты білім саласында жиі кездеседі. Соңғы 1,5 жыл ішінде білім саласының 12 өкілетті қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Шүкірова (Чукурова) біліктілік категориясын беру үшін қарамағындағы мұғалімдерден пара талап еткен және оны ақшалай түрінде алып отырған. Бұдан басқа ол пара бергендерді мектеп директорлығы қызметіне кедергісіз қабылдаған. Шүкірованың (Чукурованың) бұл қылмыстары дәлелденіп, оған 18,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Және парақордың дүние-мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасай алмайтын болды. Сондай-ақ №45 орта мектептің директоры Ф. Даумова жеке кәсіпкерден орындалған жұмыс жөніндегі актіге кедергісіз қол қойғаны үшін 71,0 мың теңге көлемінде пара алған. Осы қылмысы үшін Ф. Даумова қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Даумова да мемлекеттік қызметті өмір бойы атқара алмайтын болды. Денсаулық сақтау саласы да - жемқорлық жағдаяттары көп тіркелген салалардың бірі. Мысалы, облыстық «Қарағайлы» туберкулез санаториясының бас дәрігері Мұқашева мен оның жұбайы Қазыбаев 2011-2015 жылдар аралығында санатория қызметкерлерінің көмегімен аталмыш мекемеде ем алып жатқан науқастардың санын шамадан тыс көп етіп жалған көрсету арқылы 47,0 млн. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын қымқырған. Олар санаторияда болмаған, бірақ тізімде бар науқастардың тамағы мен дәрісі үшін бюджеттен қаражат бөлгізіп, оны жалған кәсіпкерлердің есепшотына аударту арқылы олжалаған. Бұл қылмыстық іс қазіргі кезде сот орындарында қаралуда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында екі қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма қызметкері Бисенбиев әкімшілік құжатты толтырмағаны үшін біреуден 40 мың теңге көлемінде пара алып, ұятты болды. Осы ісі үшін Бисенбиев айыпты деп танылып, оған 2,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және ол мемлекеттік қызмет атқару құқынан өмір бойы айырылды, - деген Ә. Әшірбаев бұдан әрі өзі жетекшілік ететін департаменттің Мемлекеттік және Үкімет бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қадағалайты-нын жеткізді. Оның сөзінше, 2015 жылы және үстіміздегі жылдың алты айы аралығында 23 сыбайлас жемқорлық жағдаяты мен жеті қызмет бабын пайдаланған құқықбұзушылық анықталған. Осыған байланысты 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан соң сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жақсат Мұратов, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы М. Ғабдуллин, Теректі ауданының әкімі М. Мұқаев, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т. Қонақбаев, облыстық көлік бақылау инс-пекциясының басшысы Т. Еділбаевтар сөйлеп, олардың әрқайсысы өз саласы бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған қызметкерлерді анықтау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндады.

Жиын соңында облыс әкімі тағы бірқатар мекеме басшыларына сөз беріп, олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

«Бақытты балғындар ән салды» - Ә.Орынбасаров Теректі ауданының орталығындағы «Ақбота» бала- бақшасында «Өркендеу» этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты сазды кеш өткені жөнінде хабарлаған.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және ұлттар арасындағы достықты нығайту мақсатында өткен шарада кішкентай бүлдіршіндер белсенділік танытты. Өнер әлеміне енді қанат қаққан талапты балғындар қазақ, үнді, испан билерін билеп, тәтті тілдерімен Отан туралы тақпақтарды жатқа айтты. Сонымен қатар әсем әндер орындалып, ата-аналар қауымы балаларының таланттарына тәнті болды. Шараның бас ұйымдастырушысы «Өркендеу» этномәдени орталығының төрағасы В. Шиннің осындай мәні бар шараларды қолға алуы алғаш емес.

-Балалардың таза күлкісі мен шексіз қуаныштарын көзбен көргенге не жетсін?! Еліміздің болашақтары саналатын бүлдіршіндерге көп көңіл бөлуіміз қажет. Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы солардың қолында. Сондықтан шаралардың көбін балалармен байланыстырғанды жөн көрдім. Алдағы уақытта оқушылар арасында шығармалар байқауын өткізу жоспарда бар. Оған да ауданымыздың барлық жастарын атсалысуға шақырамын. Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтті. Сөзімнің дәлелі - балғындардың көзіндегі жарқыл мен ата-аналардың алғысы, - дейді орталық төрағасы.

Шара соңында «Өркендеу» этномәдени орталығы атынан балабақша ұжымына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Облыста соңғы кезде адамдардың суға батып кету оқиғалары аз тіркеліп отырған жоқ. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті «Судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз!» деген ескерту мақаласын ұсынған.

Жыл сайын жазғы шомылу маусымында Батыс Қазақстан облысы аумағында ғана емес, жалпы республика көлемінде суда қайғылы жағдайлар жиі орын алып отыр.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 13 адам суда қаза болса, соның ішінде үшеуі жасөспірім. Сонымен қатар бір жасөспірімнің денесі іздестірілуде.

Соңғы қайғылы оқиға Ақжайық ауданы Чапаев ауылында орын алды. 21 шілде күні 13 жасар үш жасөспірім қыз суға түсуге арналмаған жерде, ата-аналарының қарауынсыз суға түсіп, соңы екі қыз баланың қазасымен аяқталды.

Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып отыр.

Яғни азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, арты қайғылы жағдаймен аяқталуда.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- шомыла білмей белден жоғары суға түспеңіз;

- шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз, әсіресе, балаларға қадағалауды күшейтіңіз;

- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіз;

- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыз;

- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыз;

- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіз;

- суға көп шомылмаңыз, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыз.Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерьлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар.

«Естеріңізде болсын! Егер де сізге қауіпті жағдай төнсе, сізге көмек қажет болса, «112» Құтқару қызметінің телефон нөміріне қоңырау шалыңыздар», делінген материал соңында.

Рио олимпиадасына санаулы күндер қалды. Осыған орай газет ҚазАқпараттың «Қазақстандықтар Рио олимпиадасына визасыз баруы мүмкін» деген ақпаратын берген.

ҚР Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Мұхтар Тiлеубердi мен Бразилияның Қазақстандағы елшiсi Деметрио Буэно Карвальо Қазақстан мен Бразилия үкiметтерi арасындағы екi ел азаматтарының визасыз сапары туралы келiсiмге қол қойды.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, бұл келісім тезірек күшіне енсе, Қазақстан азаматтары он күннен кейін алауы желбірейтін Рио олимпиадасына визасыз баруға мүмкіндік алады.

«Қазақстан азаматтары сыртқа шыққан кезде визасыз немесе визаны жеңілдетіп алу жүйесін құру туралы Елбасының тапсырмасы бар. Сондықтан Сыртқы істер министрлігі бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Міне, Бразилия мен Қазақстан арасында келісімге қол қойдық. Бұл келісім бойынша, екі ел азаматтары бір-біріне отыз күнге дейін визасыз сапарлар шеге алады. Өздеріңіз білесіздер, Бразилия - Латын Америкасында өз деңгейінде көтерілген мемлекет. Сондықтан біз үшін бұл өзгерістің маңызы зор. Әрине, келісімді толықтырамыз, қазіргі кезде осындай өзгеріс керек. Өздеріңіз білесіздер, он күннен кейін Бразилияда олимпиада ойындары басталады. Сондықтан жақын арада осы келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз олимпиада ойындарына визасыз барады деп үміттенеміз», - деді келісімге қол қойғаннан кейін М. Тілеуберді.

Вице-министр атап өткендей, бұл келісімнің Қазақстан үшін тағы бір тиімді тұсы Бразилия азаматтары келесі жылы ЭКСПО көрмесіне визасыз келе алады.

«Оның үстіне өздеріңіз білесіздер, Бразилия азаматтарының саны көп ел. Екі жүз миллионнан астам халқы бар. Сондықтан келесі жылы Астанада өтетін «ЭКСПО - 2017»-ге қонаққа Бразилиядан көп қонақ келеді деп үміттенеміз», - деді ойын түйіндеген М. Тілеуберді.

Айта кетейік, қол қойылған келісім сондай-ақ екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристiк және өзге байланыстарды нығайтуға, әсiресе, екi ел азаматтарының өзара сапарларын жеңiлдетуге бағытталған.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесіне өзгерістер керек»  (Л.Шағатай) - бұған мемлекеттік сатып алудағы өзекті жайттар арқау болған.

Жуырда кәсіпкерлердің өңірлік палатасында жергілікті кәсіпкерлердің басқосуымен мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі кейбір мәселелер және оларды жетілдіруді талқылаған жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов төрағалық етті.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі кәсіпкерлерді көптен мазалап келе жатқан мәселелердің бірі. Жиналғандардың барлығы өз ойларын ортаға салуға тырысты. Кәсіпкерлердің бірі жұмыс көлемі аяқталғанша құрылыс материалдарының қымбаттап кететіндігі ескерілмейтіндігін алға тартса, енді бірі төлемақының жұмыс уақытында бірден емес, жарты жылдан кейін кешігіп берілетіндігіне наразы. Олардың айтуынша, еліміздегі шетелдік кен игеруші компаниялардың тапсырысына қол жеткізу оңай емес, алдын ала ақпарат берілмейді, бұл көптеген кедергілерге жол ашады. Сондай-ақ отандық өнімнің сапасы өзгелерден кем түспейтінін айтқан жергілікті кәсіпкерлер «Қарашығанақ» секілді ірі кен игеруші компаниялар өздеріне қажетті тауарды тек ағылшын жабдықтарынан жасалуын қатаң талап ететініне наразы. Ал жергілікті кәсіпорындар шикізатты көбінесе Ресей елінен әкелетіні белгілі. Соған байланысты жергілікті кәсіпкерлер көп жағдайда кен игеруші кәсіпорындар жарияланған тендерлерден қағыс қалып жатады.

-Бізде кен игерушілерден алдын ала ақпарат алу мүмкін емес. Қолымызда компанияның сұранысына сай қажетті материалдар бола бермейді. Соның салдарынан талапқа сай ғимаратты салып үлгере алмайтындықтан, тапсырыстан қағыламыз. Олар біздің осы әрекетімізді сылтауратып, Еуропадан дайын өнімдер әкеледі. Егер алдын ала толық ақпарат берілсе, бұған жол бермес едік. Бұл мәселе облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы арқылы шешімін тапса деген тілегіміз бар, - дейді «Василец» ЖШС директоры Алексей Василец.

Әйткенмен, бұл сұрақ жиында басы ашық күйінде қалды. Жергілікті қамтуға әрі мемлекеттік сатып алуға қатысты тағы бір мәселе бюджеттік ұйымдар да, кен игеруші кәсіпорындар да төлемақыны жұмыс жасалып болғасын бірден емес, жарты жылдан кейін кешігіп төлейтіндігі. Мұндай әрекеттің сыбайлас жемқорлыққа жол ашуы мүмкін екенін айтады.

-Неге біздің өнімге бірден қаржы төленбейді. Біз құбырларымызды аталған жерге апарамыз, кепілдік береміз. Барлық сынақтан, техникалық қадағалаудан өткіземіз. Айталық, өткен жылы Орал қаласындағы коллекторды жөндеуге диаметрі 1000 мм құбыр салдық. Ақшасын жарты жылдан кейін төледі. Өйткені мердігер мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс көлемінің бәрін аяқтап бітірмей, мемлекет бізге ақша бермейді деген сылтауды айтады. Осының кесірінен біз шығынға ұшыраймыз. Бұл мені ғана емес, барлық әріптестерімді мазалайтын сұрақ, - деді «Орал сауда өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Василий Крылов.

Басқосуда талқыланған екінші мәселе - мемлекеттік сатып алуда қымбаттау коэффициентінің ескерілмейтіндігі. Яғни белгілі бір нысан құрылысы аяқталғанша, бастапқыда көрсетілген құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кететіні ұмыт қалады. Соның салдарынан құрылысшылар шығынға ұшырап, ұтылады. Кәсіпкерлер бұл мәселені айтудай-ақ айтып келгенімен, нәтиже болмай келеді.

-Құрылыс кәсіпорындары немесе басқа да мемлекеттік сатып алуға, кен игерушілердің тендерлеріне қатысушы компаниялар бар. Бәрімізге күш біріктіру керек. Яғни жобалау деңгейіндегі жұмыстарға, мердігерлік жабдықтау шараларына да бірігіп қатысуға тиістіміз, - деген БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин кәсіпкерлер тарапынан белсенділік керектігін алға тартып, айтылған ұсыныстардың барлығын құзырлы органдарға жеткізетіндігін айтты.

Келесі жылдан бастап Атыраудағы теңіз кен орны мен Ақсайдағы Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобалары басталмақ. Жергілікті кәсіпкерлер бұл істен сырт қалмай тендерге қатысып, тауар, қызмет, жұмыс көлеміне қол жеткізулері тиіс. Жиынға қатысқан «Қарашығанақ» компаниясының өкілдері өздеріне айтылған сын мен ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, өзара келісіммен жұмыс істеуге уәде берді.

Мемлекеттік сатып алу және жергілікті қамту мәселелері қызу талқыланған жиында кәсіпкерлер тұрақты кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыс жүйесінің енгізілуі, мемлекеттік сатып алу жүйесін жеңілдету бойынша да ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық газет «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалдарының атқарып отырған қызметін де назардан тыс қалдырмайды. «Үздік бастауыш партия ұйымы анықталмақ» (Н.Набиоллаұлы) атты ақпарат соған дәлел.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында аталмыш филиал төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесті.

Кездесуде «Қазақстан - 2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы, партиялық жобалар мен бастауыш партия ұйымдары, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы, «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайланғандығы, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы туралы айтылды.

«Қазақстан - 2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Саяси кеңес бюросы отырысында облыстық мәслихат депутаттары қатарынан партиялық тәлімгерлер мен сараптама топтары және олардың құрамдары бекітілген. Бүгінде бұл бағытта арнайы жоспар жасақталып, жұмыс жүргізілуде екен. 2016 жылдың бірінші шілдесіндегі мәлімет бойынша филиалдағы партия мүшелерінің саны 33331 адамды құраған. Олар 271 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Жыл басынан бері партия қатарына 6926 адам қабылданыпты. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты саяси доктринасы бойынша нақты әлеуметтік топтардың мәселесін - ардагерлер, егде адамдар, мүгедектер, жастар, балалар, аналар мен бизнестің мәселелерін шешуге бағытталған тоғыз ірі партиялық жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облысымызда 149 595 жас тұратын болса, олардың 10 312-сі «Жас Отан» жастар қанатының сапында. 2016 жылы облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында «Нұр Отан» партиясы атынан 195 депутат сайланған. Олардың 26 пайызын әйелдер құраса, тоғыз пайызы жастардан тұрады екен. Үстіміздегі жылдың бірінші тамызынан бірінші желтоқсанға дейін «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткізілмек. Байқаудың басты мақсаты - үздік бастауыш партия ұйымын анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарына тарату, сондай-ақ партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді бастауыш партия ұйымы төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру болып отыр.

Өңірде әлеуметтік сала нысандарын ашуға ерекше мән беріледі. «Жаңаөмірде - жаңа дәріхана» деген ақпаратта (Ә.Орынбасаров) Шаған селолық округінің орталығы Жаңаөмір ауылында халық асыға күткен дәріхана ашылғаны жария етілген.

Жеке кәсіпкер Д. Кондрашев ауыл тұрғындары мұқтаж болған нысанды қолға алып, өз ісін соңына дейін жеткізді. Расымен, Жаңаөмір ауылында осы күнге дейін дәріхана болмаған еді. Ауырып ем іздеген тұрғындар қалаға баруға мәжбүр болатын.

Дәріхананың ашылу салтанатында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж. Нығметов пен округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы В. Полищук құттықтау сөз сөйледі.

-Ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгінетіндердің саны да артуда. Бүгін өз кәсібін бастап отырған жеке кәсіпкер Д. Кондрашев шағандықтарға жаңа дәріхана қызметін ұсынып отыр. Дәріхана ашуда кәсіпкер өз қаржысына иек артқанмен, болашақта кәсібін кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр. Жалпы, ауданымызда кәсіпкерлердің қатары жыл сайын 3-4 пайызға көбейіп келеді. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептеймін, - дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Нығметов.

С.Хасанов Қаратөбе ауданында өткен «Ардагерлердің аймақтық семинары» жөнінде хабардар еткен.

Онда қатысушылар алдымен аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар мен мәдени орындарға саяхат жасап, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізудегі облыс ардагерлер ұйымдарының жұмыстары турасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов баяндап, ардагерлерге қолдау көрсету, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу бағытында әңгіме өрбітті.

Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары - бес институ-ционалдық реформаны жүзеге асырудан туындайтын жастарды патриоттық және еңбекке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиында Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Бисенғалиева ардагерлермен ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар барысы турасында баян етті.

Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Галимов аудандық ардагерлер кеңесінің қоғамдық ұйымдар және үкіметтік емес мекемелермен бірлесіп, тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік шараларды өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Бөрлі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Мырзағалиев, белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Шыңғырлау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабырғали Самиев жастар тәрбиесіндегі ардагерлердің рөлі мен еңбегі елеулі тарихи тұлғаларды жастарға үлгі тұту мақсатында дәріптеу арқылы тәрбие бе-ру төңірегінде ой қозғады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық фестивалінің ережесі және өткізілуі жөнінде сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің мәдени және спорт жұмысы жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлсім Қадешова ардагерлердің белсенділігіне ризашылығын жеткізіп, мәдени шараларға қатысып тұруға шақырды.

Семинар соңында аудандардағы ардагерлер кеңесінің жұмысына зор үлес қосып жүрген бірқатар ақсақалдар облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шыңғырлау ауданынан Қ.Елемесов «Бір айда 15 мың блок-кірпіш» өндіруге болатынын хабарлаған.

Аудан орталығының тұрғыны Әлнұр Битимбаевтың «Битимбаева С.» жеке кәсіпкерлігі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге несие алып, жуырда керамзитті құрылыс блок-кірпішін құятын цех жұмысын бастап кеткен болатын.

Цех төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кірпіш беріктігі де цех басшысының өз тексеруімен тиісті нормалары сақталынып шығарылмақ. Қажетті керамзит шикізаты Ақсай қаласынан тасымалданып, жергілікті коммуналды шаруашылықтың су тасушы көлігі сумен қамтып отыр.

Бүгінгі таңда аталмыш цех толық қуатында жұмыс жасап тұр, кәсіпорын ауласындағы әдемі жиналған кірпіштер - осының айғағы. Жас кәсіпкер осы қарқынмен бір айда 15 мың блок-кірпіш шығаруға болатынын айтып отыр. Аудан көлемінен жаңа тапсырыстардың түсе бастағанын да жеткізді. Жұмысты кідіртетін мәселе де бар болып шықты, ол Орал қаласынан әкелінетін шағыртас (щебень), керамзит және цемент материалдарының жеткізілуі.

-Алдағы аптада бетон шығыршықтарын (кольцо) жасау және жол жиектемелерін (бордюр) құю жұмыстарын бастамақшымыз, - дейді Ә. Битимбаев.

Ал Жәнібек ауданынан А.Құсайынов «Бақша баптағандар» жөнінде сыр шертеді.

Талов ауылдық округінің байырғы тұрғыны Ғилым Қажығалиев ағайынды жігіттердің басын қосып, ауылдан 15 шақырымдай жерден бес гектар жер алып, бақша дақылдарын өсіруде.

-2009 жылдан бері Сарыөзеннің жағасынан жер алып, Қайдар, Асылхан, Сәлім Ғұбашев сынды аға-інілеріммен бірге осы кәсіппен шұғылданып келемін. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, жазғы каникулға шыққан кезде ылғи да ауылдың жанындағы бақшалыққа барып, ертеңнен кешке дейін жұмыс істейтінмін. Сонда жүріп 8-сыныпқа дейін соғыс ардагері, плантатор Паня ағайдан біраз нәрсе үйрендім. Содан қалған дағды шығар, бақша баптап, көкөніс өсірген өзіме қатты ұнайды. Көктем шыға осында келіп, жер баптаумен шұғылданамыз. Қолымыздан келген агротехникалық шараларды атқарамыз. Қазір бақшалықта қияр, қызанақ, қауын, қарбыз, картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз, асқабақ сияқты тоғыз түрлі дақылдар өсірілуде, - дейді Ғилым Кәрімұлы.

Бақша Сарыөзеннен қос мотормен аптасына бір рет мейірі қандырыла суарылып, арамшөптері оталып отырылады. Бақшалықтың басында үйлері бар. Бағбан Ғ. Қажығалиев өнімнің санына емес, сапасына қатты мән береді. Сондықтан да бұлардың ешқандай қоспасыз, табиғи таза өнімдері тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Әбден пісіп-жетілген көкөністерін жергілікті тұрғындарға, көршілес Борсы ауылына, сондай-ақ аудан орталығындағы жәрмеңкеге апарып өткізеді.

-Бізде жер жетеді, алдағы уақытта бақшаның көлемін әлде де ұлғайтып, тамшылатып суару қондырғысы мен трактор алғымыз келеді, - дейді бақша баптаған жан.

Жақсыбайлық Жақсыбек Қаратаев та Сарыөзеннің бойынан бақша салып, үш гектардай жерге қияр мен қызанақ, қауын-қарбыз отырғызған. Егілген көкөністердің қай-қайсысы да нитрат, химикат дегендерден ада. Бақшаны күтіп-баптау жұмыстарына екі адам тартылған. Алқап дизель моторы арқылы суарылады. Дайын болған бақша өнімдерін ауылдастарына, іргедегі Қазталов ауданының Қараоба ауылына, Жәнібек ауылында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге апарып саудалайды.

«Орал өңірі» газетінің 28 шілде күнгі санында «Жаңа ұшақтың таныстырылымы» (Н.Оразаев) болғаны хабарланған.

Орал әуежайында канадалық «Viking Air» компаниясы ұсынған «Twin Otter Series 400» әуе лайнерінің тұсаукесері өтті. Ұшақтың таныстырылымына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Бұл канадалық «Viking Air» компаниясының «Twin Otter Series 400» атты шағын ұшағы Қазақстанның климаттық жағдайына қолайлы етіп жасалған. Әуе ұшағы 19 орынға лайықталған және қызмет көрсету түрі де қарапайым. Яғни қажет болған жағдайда ішкі жабдықтарын өзгертудің арқасында орындықтарды жинап, науқас адамды тасымалдауға немесе жүк салуға әбден қолайлы. Ішкі ұшырылымдарды қамтитын ұшақ медициналық бағыттағы арнайы тапсырмаларды, құтқару операцияла-рын жүзеге асыруға да ыңғайлы. Жолаушылар тасымалымен айналысатын ұшақты бар-жоғы бір сағаттың ішінде медициналық жабдықталған санавиацияға айналдыруға болады. Көп салалы ұшақ ұшу-қону жолағын талғамайды. Ол су бетіне, қарға, тіпті асфальт төселмеген қара жерге де қону мүмкіндігіне ие. Аталмыш ұшақты бір ғана ұшқыш басқарады. Техникалық қызметі де қарапайым.

Компания өкілдері ұшақты жан-жақты таныстыру мақсатында үлкен круизге шыққандарын жеткізді. Дәл осындай таныстырылым еліміздің Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында да ұйымдастырылған.

-«Viking Air» әлемдік дәрежедегі әуе-ғарыштық компаниясы дәстүрлі әуе кемелерінің әлемдік паркіне арналған жабдықтар шығарады. Бүгінде біздің зауыт зымыран жүйелерінің, әуе жүйесінің талаптарын қанағаттандыруға арналған өнімнің түр-түрін ұсынып келеді. Біздің компания 1988 жылдан бері дәл осындай бағытта көп салалы 844 ұшақ түрін қолданысқа шығарды. Бүгін біз «Twin Otter Series 400» атты 19 орындықты шағын әуе кемесінің тұсаукесерін өткізіп отырмыз. Ұшақ тек жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, сонымен қатар медицина саласында пайдалануға және жүк тасымалымен айналысуға қолайлы. Ол түрлі климат-тық жағдайға бейім, яғни жоғары және төменгі температураға шыдамды. Қазіргі таңда «Twin Otter Series 400» ұшағына деген сұраныс күн санап артып келеді. Бүгінде біздің компания шығарған ұшақтар Канада, АҚШ, Қытай секілді әлемнің 57 елінде қолданысқа енді, - дейді канадалық «Viking Air» компаниясы маркетинг бөлімінің директоры Дэвид Хиз.

-Біздің ел өңірлерінің географиялық орналасу қашықтығын, сонымен қатар бір облыс аумағындағы аудандардың шалғай-лығын ескерсек, бұл өте қолайлы көлік деп есептеймін. Көп салалы ұшақ шалғайда орналасқан аудандарды облыс орталығымен, авиациялық қатынаспен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік туғызары сөзсіз. Тағы бір ерекшелігі, облыс орталы-ғынан 500-600 шақырым қашықтықта орналасқан аудандар аралықтарын осы ұшақпен қатынауды қамтитын болсақ, арнайы ұшу жолақтарын салудың да қажеттілігі туындамайды. Себебі өздеріңіз көргендей, бұл әуе көлігі ұшып-қонуы үшін жол, жер талғамайды. Алдағы уақытта жан-жақты экономикалық талдау жасап, бизнестің әлеуметтік серіктестігі арқылы инвесторлар тарту жағдайын қарастыратын болсақ, болашағы зор жоба, - деді таныстырылымнан соң ұшақпен әуеге көтеріліп көрген облыс әкімі Алтай Көлгінов.

«Viking Air» копаниясы өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға дайын. Сонымен бірге біздің елдің экономикалық әлеуеті азаматтық авиация тұрғысында өте жоғары деп есептейді.

Ақ Жайық атырабында таныстырылымы өткен «Twin Otter Series 400» ұшағының бағасы 7 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Шұбатылған кезектің күні өтті» (Н.Оразаев) атты материал 1-беттен бастап берілген.

БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полиция бөлімі жанындағы тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністері осыдан бір апта бұрын тұрғындарға сапалы әрі тез қызмет көрсету мақ-сатында электронды кезек жүйесін ашқан болатын. Кеше өңір басшысы Алтай Көлгінов жаңғырып, қайта жабдықталған қызмет көрсету орталығының жұмыс жүйесімен танысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының жергілікті полиция қызметі жұмысы бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №388-V санды заңына сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша БҚО ішкі істер департаменті, әкімшілік полиция бөлімі жанындағы тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністерін электронды кезек жүйесімен жарақтандыру жобасы қолға алынған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын және қайта жабдықтау, қажет құрылғылар мен компьютерлік құралдарды, жаңа жиһаздарды сатып алуға облыс бюджетінен 30 млн. 184 мың 837 теңге қаражат бөлінген.

Аталған жүйені енгізудің басты мақсаты - көлік құралдарын тіркеу немесе қайта тіркеуге қою, жүргізуші куәліктерін беру және әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша өндірісті іске асыру мақсатында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

Электронды кезек жүйесімен қызмет көрсету адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асады. Тұтынушының кезегі электронды түрде анықталады. Яғни бұрынғыдай шетімен-шеті белгісіз кезекке тұру, делдалдың көмегіне жүгіну сияқты келеңсіз жағдайлар ендігі жерде орын алмайды.

Жаңарып, қайта жабдықталған тіркеу-емтихан қабылдау және әкімшілік практика бөліністерін аралап, өз көзімен көрген өңір басшысы А. Көлгінов орталыққа келген тұтынушылармен жүздесіп, жаңа жүйе туралы ой-пікірлерін білді. Орталыққа келушілер өз кезектерінде қызмет көрсету жүйесінің едәуір жеңілдетілгенін, сол себепті жүйкені жұқартатын кезектен құтылып, уақыттары үнемделетінін айтып, облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді. Облыс әкімі тұтынушылар атынан айтылған кейбір кемшіліктерді жоюды және көрсетілетін қызметті жетілдіру жұмыстарын әкімшілік полиция басқармасы басшысы мен халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісіне тапсырды.

-Өздеріңізге белгілі, әкімшілік полиция бөлімінің қызмет көрсету сапасы туралы тұрғындардан арыз-шағымдар көптеп түсетін. Олардың дені аутокөлік иелерінің мемлекеттік нөмірлерін ауыстыруда, жүргізуші куәлігін алуда немесе айыппұл төлеуде ұзын-сонар кезектің болатынын айтып шағымданатын. Осы түйткілді мәселені шешу мақсатында бір терезе қағидасымен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын жұмылдыру арқылы бұл жерде де электронды кезек жүйесін енгіздік. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға ғимарат қайта жөнделіп, қажет құрал-жабдықтармен қамтылып, қосымша қызметкерлер жұмысқа қабылданды. Бұрын әр тұтынушыға қызмет көрсетуге алты сағат уақыт жұмсалатын болса, бүгінде ол үш есеге азайтылды. Жаңадан қолға алынған істің олқы тұстарын да байқадық. Дайын құжат бөлімінде болғанымызда, әзір тұрған құжатты алатын бірнеше тапсырыс берушілер күту залында болмай шықты. Кезегін алғаннан соң оны күтпей, өз шаруаларымен шығып кеткен сыңайлы. Ендігі жерде тұтынушыларға түсіндірме жұмыстарын күшейтуіміз керек. Себебі біздің тарапымыздан істелген істің түпкі мақсаты халыққа сапалы, ыңғайлы әрі тез қызмет көрсету болып саналады, - деді өңір басшысы Алтай Көлгінов.

«Құрылыс жұмыстарының сапасы үнемі назарда» (Н.Ғаббас) - мұнда облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, облыс әкімдігінің бас инспекторы Артур Баяхметов және облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Басаровтың Жаңақала ауданында болып, жүріп жатқан құрылыс барысымен танысқаны баяндалған.

Облыс әкімінің орынбасары алғашқы болып ат басын тіреген «Чапаев - Жаңақала - Сайқын» автожолын жөндеп жатқан мердігер «UNISERV» компаниясы болды. Мұнда ол жұмысшылармен кездесіп, салынып жатқан жолдың сапасы төңірегінде пікір алмасты. Осыдан 2-3 апта бұрын облыс әкімі келген кезде де, бүгін де жол жөндеп жатқан аталмыш компания басшысының және техникалық қадағалаушының құрылыс басында болмағанын сынға алған Бағдат Оразалдыұлы аудандағы жол жөндеу жұмысына жауапты мекеме басшыларына күнделікті құрылыс басында болып, оны қатаң қадағалауды тапсырды.

Қызылоба ауылдық округіндегі Е. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебін күрделі жөндеуден өткізіп жатқан «Тасқала Трансгаз» ЖШС-ның басшысымен кездесті. Облыс басшысының орынбасары жүріп жатқан құрылыстың қарқынына көңілі толмай, жұмыс күшін әлі де толықтыру керек екенін айтты. Сөз соңында ол қайткен жағдайда да, 25 тамыз күні құрылыс аяқталып, 1 қыркүйек күні балалар жаңа мектепке мерекелік көңіл күймен келуі керек екенін ескертті.

Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары бастаған делегация «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан аудан орталығындағы ауыз су тарту жұмысымен танысты. Биыл Ұлттық қор қаражаты есебінен аталмыш жоба құрылысына 129 014,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бөлінген қаржыны Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша мердігері «Жолаушы - Жол» ЖШС жеңіп алып, бүгінде Сәләмат Сертеков басқаратын бұл мердігер компания өз жұмыстарын бастап кетті. Жұмыс басталған 17 күннің ішінде жаңа құрылыс аймағындағы жұмыстың 80 пайызын бітіріп қойған құрылысшылардың қарқынды жұмысына разы болған Бағдат Оразалдыұлы, осы қарқыннан таймай, жұмысты жоспардан бұрын аяқтап, тапсыруды жүктеді.

-Осы уақытқа дейін аудан орталығындағы су тазарту құрылғысы үлкен жүктемемен жұмыс жасап келді. Ендігі жерде аудан орталығына тартылып жатқан 32,6 шақырым су құбыры іске қосылатын болса, күніне 1000 текше метр су берілетін болады. Оған біздің су тазарту құрылғымыздың күші жетпей қалуы ықтимал. Біз үшін ең тиімдісі - Құлшық су арнасынан суы тарту. Егер Құлшықтан су тартылатын болса, ауданымыздың 70 пайызы сумен қамтамасыз етілер еді. Құлшықтан су тартар болсақ, ол тек біздің ауданды ғана емес, жолшыбай көршілес жатқан Қазталов ауданының суға зәру бірнеше ауылын да ауыз сумен қамтамасыз етер еді. Оған Құлшықтың суы жеткілікті. Зерттеушілердің айтуы бойынша, Құлшықтың су қоры 25 жылға жетеді. Және суының сапасы өте жоғары. Бұл жұмыстар үшін барлық құжаттар дайын, - деді әңгіме барысында аудан әкімі Лавр Хайретдинов.

Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары бастаған топ аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысын тексеріп шықты. Соның ішінде аудандық №2 өрт сөндіру бөлімі жұмысының дайындығын тексеріп, дабыл бергізді. Өрт сөндірушілер дабыл берілген жерге жедел жетіп, қандай да болмасын өрт қаупіне сақадай сай екендерін дәлелдеп берді.

«Бір ғасырға қадам бастық» - «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Ж.Сафуллиннің мақаласы осылай аталады.

-Бүгін Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бастауында тұрған «Ұран» газетінің туған күні. 1917 жылдың 28 шілде күні алып Ресейде патша үкіметі құлап, Уақытша билік орнаған аласапыран кезеңде бөкейлік қазақ зиялыларының жанкешті әрекетімен жарық көрген «Ұран» газетінің алғашқы саны шыққанына 99 жыл толды, деп басталатын материалда газет тарихы сөз болады.

«Ұран» газеті - бүгінгі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің түп атасы. Дәл осылай сенімді айту үшін біз көп тер төгіп, еңбектендік. Жүйелі, тыңғылықты жұмыстандық. Осыған дейін де бұл ісіміздің мақсаты мен маңызы туралы айтқанбыз. Міне, 100 жылға қадам басарда, «Ұран» газетінің алғашқы нөмірі шыққан күн қарсаңында оқырманның есіне тағы бір салып қоюды жөн санадық.

Отарлауды басты мақсат еткен жүйе еліміздің шынайы тарихын бұрмалап, шындықты жасырып, өз саясатына қолайлы, оң жамбасына ыңғайлап құрастырылған тарих жасады. Соның салдарынан қазақ елі үшін ерен еңбек еткен талай тұлғаларымыз бен олардың атқарған істері беймәлім болып, саясаттың құрбанына айналды. Тәуелсіздігіміздің арқасында ғана осы олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіншілік алдық.

Солақай саясаттың салқынынан теперіш көрген, ғасырға жуық үздіксіз жарық көрген облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің тарихы оқырманын бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз. Себебі бұл басылымдар - аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың, бүгінгі біздің қиыншылық пен қуанышты бірге өткерген серігіміз, ақылшы, кеңесшіміз.

Ұзақ жылдар бойы «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері 1918 жылы 17 қарашада Ордада большевиктер шығарған «Хабар-Известия» газетінен бастау алды деп келдік. Алайда қос басылымның тарихы Кеңес үкіметінің құрылуынан кейін басталғанына іштей күмәнданатын едік. Бұған дейін де өңірімізде толыққанды басылымдар болғаны көпшілікке мәлім. Тағдырлас қос газеттің тарихын зерттей жүріп күмәніміздің оң-терісін айқындадық.

«Орал өңірінің» бастауы - «Ұран»

Мемлекеттің қолдауы арқасында «Жайық Пресс» ЖШС-ның материалдық-техникалық базасы нығайып, күнделікті газет шығарумен қатар төл басылымдарымыздың тарихын зерттеуді де қолға алдық. 2013 жылы облыс-тық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойын өткізу барысында газеттеріміздің тарихы біз негізге алып жүрген 1918 жылғы 17 қарашада емес, одан әріде екендігін, әлде де тыңғылықты зерттеулер қажеттілігін айтып, алғашқы нөмірге санап жүрген «Хабар-Известия» газетінің алдында «Ұран» газетінің болғандығы және алдағы уақытта осы газетті іздестіруден бастайтынымызды хабардар еттік. Бұған бірнеше себеп болды.

Біріншіден, 2012 жылы Мәскеу мұрағаттарынан «Хабар-Известия» газетінің 1918 жылдың аяғына дейін шыққан сандарының көшірмесін түгелге жуық әкелгенбіз. Міне, осы газеттің алғашқы нөмірінде, араб әліпбиімен жазылған нұсқасында облыстық кіндік комитеттің №12 хаттамасы жарияланған. Онда «Баспасөз тарату ісі ілгерілеп, жемісті һәм пайдалы болуы үшін Астраханнан келген жаңа баспахана мен Хан ордасындағы «Ұран» баспаханасы біріктіріліп, ол баспахананы басқару ісі жолдас Выгдорщикке тапсырылсын» делінген. Хаттамадағы «баспасөз тарату ісі ілгерілеп...» дегеннің өзі бұрын барды жаңа жүйеге ыңғайлап жалғастыруды меңзейді. Осылайша «Ұранның» орнын «Хабар-Известия» газеті басқанын дәлел-дейді.

Екіншіден, «Қазақстан» (1911-1913), «Ұран» (1917-1918), «Хабар-Известия» (1918), «Дұрыстық жолы» (1919) газеттерін шығару барысында көптеген азамат бас біріктірді. Бірақ осы басылымдардың бәріне бірдей белсенді атсалысқан екі тұлға бар. Олар Ғұмар Қараш және Ғабдолғазиз Мұсағалиев. Ғұмар Қараш «Қазақстан» газетіне редакторлық етсе, Ғабдолғазиз Мұсағалиев жазылу жұмыстарын ұйымдастырып, қаржы жинауға және таратуға көмектеседі. Ал «Ұран» газетіне редакторлық еткен - Ғабдолғазиз Мұсағалиев. Ал газетте Ғұмар Қараштың көптеген мақалалары, тіпті газеттің мақсатын айқындайтын «Ұран» атты өлеңі де жарық көрген. Ал бұл тұлғалардың «Хабар-Известия» газетіне де қатысы барлығын 1968 жылғы 17 қарашадағы газеттің елу жылдық мерекелік нөміріндегі Тамимдар Сафиевтің мақаласы дәлелдей түседі. Онда «Хабар» және «Қазақ дұрыстығы» аталып, екі тілде шыққан газет орнына бір ғана қазақ тілінде газет шығару мәселесі талқыланғандығы, көпшіліктің ұйғарымымен газет атауы «Дұрыстық жолы» болып өзгертілгенде, оның редакция алқасында Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев және мақала авторы Тамимдар Сафиев кіргендігі айтылған. Осымен-ақ бұл тұлғалардың баспасөзбен тығыз байланыста болғандығы көрінеді. Өкінішке қарай, кеңес дәуірінде осындай ұлт зиялыларының халқы үшін жасаған қызметі айтылмады. Тіпті ағартушы, ақын, ойшыл Ғұмар Қараштың еңбегі түгіл, атын атауға тыйым салынды. Көбінесе «Хабар-Известия» газетінің редакторы - Ішкі ордалықты басқарушы облыстық кіндік (орталық) комитет төрағасы Степан Милютиннің аты ғана аталып, басқасы көлеңкеде қалды.

Ғұмар Қараш және Ғабдолғазиз Мұсағалиев - екеуі де қазақ тарихында ойып алатын орны бар, ел үшін жанкешті еңбек еткен, баспасөз саласы арқылы халық санасын оятуға орасан еңбек сіңірген тұлғалар. Бұл газеттер қоғамдағы саяси жүйе қанша өзгерсе де, мүмкіндігінше халық үшін аянбай қызмет етті.

Үшіншіден, біз баспасөз саласын зерттеумен жаңадан айналысып жүргендіктен, әр тапқанымызды жаңалық ашқандай боламыз. Бірақ кәнігі кәсіби мамандар бұны әуелден білгендей.

Алматы қаласындағы Ғылыми кітапханада «Орал өңірі» газетіне қатысты формуляр былай толтырылыпты: «Қызыл ту. Оралдың губерниялық партия комитеті мен атқару комитетінің газеті. Орал, 1922-1929.1917 жылдың июлінен-1918 жылға дейін - «Ұран»; 1919 жылдан - «Дұрыстық жолы»; 1919-1920 ж.ж - «Сахара таңы»; 1920-1930 ж.ж. - «Қызыл ту»; 1931-1957 ж.ж. «Екпінді құрылыс»; 1958-1964 ж.ж. - «Октябрь туы»; 1965 ж. 1 янв - «Орал өңірі» деп аталады».

Міне, мұнда газеттің «Ұраннан» басталатынына еш күмәнданбайды. Жүйелеп, тап-тұйнақтай етіп көрсеткен.

Төртіншіден, «Ұран» газетін Кеңес үкіметі тұсында баспасөздің бастауына негіз етуге саясат жол бермеді. Бұған Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романында: «Бөкей ордасының біраз оқығандары, ақын, молда Қарашұлы бас болып, «Ұран» деген газет шығарып, «Алашорданы» ұран қылып тұрды...» дегенінің өзі дәлел. Алаш орданың айналасындағының бәрі «халық жауы» болғандықтан, газет те осы санатқа жатқызылып, іздегенде «әп» дегеннен-ақ таба алмауымыздың сыры осыда болар.

Газеттің атауы өзгергенімен, баспахана ортақ, шығарушылары бір болғандықтан, бұл газеттер - бір-бірін жалғастырған басылымдар. Жоғарыдағы айтылған негіздерге байланысты бүгінгі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бастауы 1917 жылы шілде айынан Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің редакторлығымен жарық көрген «Ұран» газетінен бастау алатыны анық.

«Ұран» қалай табылды?

2013 жылы қос басылымның 95 жылдығы қарсаңында-ақ «Ұран» газетін таныстырып, тарихын тереңдеткіміз келген. Бірақ қанша іздесек те, түпнұсқасын не көшірмесін таба алмадық. Сондықтан ойымызды айқындау болашақтың еншісіне қалды. 1911-1913 жылдар аралығындағы жарық көрген «Қазақстан» газетін Ресей мұрағаттарынан іздеп тапқан тәжірибеміз бойынша Ресейлік көптеген мұрағаттар мен кітапханаларға сұрау салдық. Өкініштісі, ешбірінде сақталмапты. Бірақ газеттің шыққаны анық, көптеген тұлғалардың көзімен көргені, оған өздерінің бағасын бергені анық. Не мұрағат, не мұражай, не кітапхана, не жекелеген адамдардың қолында сақталуы мүмкін деген оймен індетіп, іздестіруімізді жалғастырдық. Алғашқы қуанышты хабарды ғалым Мақсат Тәжімұрат жеткізді. Ол Алматы қаласындағы «Республикалық кітап мұражайы» РМҚК-нан «Ұран» газетінің бірнеше санын тапқан. Біздің жанұшырып іздеп жатқанымызды естігендіктен, құнды дүниені бізге беруді жөн санапты. Тіпті электронды көшірмесін жасатып, алып кетуге дайындатып қойған. Барып алдық. Тігіндінің бетіне былай деп жазылыпты: «халық ақыны Надралиев Андаш (1889-1954) жеке қорынан. Бұрынғы Астрахан облысы, Бөкей ордасы, қазіргі Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында дүниеге келген». Мұражай қызметкерінің айтуы бойынша газет тігіндісі 1978 жылы тапсырылған.

Мұстафа Ысмағұлов көзі тірісінде жинаған бірнеше қап құжатты мұражайға тапсырылғанын білетін едік. «Қазақстан» газетін алғаш тыңғылықты зерттеген де осы адам. Кеңес заманындағы солақай саясаттың кесірінен халыққа жария ете алмады. Мұстафа ағамыз шамалыға таптырмайтын «Ұран» газетінің фотокөшірмелерін де бір папкаға салыпты, тіпті осы газеттің бас редакторы әрі ұйымдастырушысы Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің көптеген еңбегін жинақтап, зерделепті. Мұражай басшылығымен келісіп, осы еңбектердің көшірмесін алдық.

Қолда бар газет көшірмелерінен түйгеніміз, «Ұранның» шамамен 40-50 нөмірі жарық көрген. Біз 10 нөмірін таптық. Нақты айтсақ, мына нөмірлер: №6, 1 қыркүйек, 1917 жыл, жұма; №7, 12 қыркүйек, 1917 жыл, сейсенбі; №8, 26 қыркүйек, 1917 жыл, сейсенбі; №9, 7 қазан, 1917 жыл, сейсенбі; №20, 31 желтоқсан, 1917 жыл, жексенбі; №24, 16 ақпан, 1918 жыл, жұма; №28 (датасы белгісіз); №30, 28(10) наурыз, 1918 жыл, бейсенбі; №38, 16(3) мамыр, 1918 жыл, бейсенбі.

Жиырмасыншы ғасырдың басы - қазақ елін отарлаудың белсенді деңгейіне көшкен сәті. Бір отарлаушының орнына екіншісі ауысып, халық кімге сенерін, кімнің айтқанымен жүрерін білмей, дұрыстығына жөн сілтегендердің айтқаны жаппай халыққа естілмей, абдыраған кездер еді. Осы сәтте барша қазақтың басын бір мақсат, бір мүддеге тоғыстыруға қауқарлы тек қана газет болды. Осыны жете түсінген қазақтың зиялы қауым өкілдері Батыс өңірінде тұңғыш рет тұрақты, жүйелі басылым - «Қазақстан» (1911-1913) газетін шығарса, одан әрі «Ұран» (1917), «Хабар-Известия» (1918), «Дұрыстық жолы» (1919) басылымдарын ұйымдастырды.

Ұлы істердің бастауы - «Ұран»

«Жайық Пресс» ЖШС жанындағы Баспасөз тарихын зерттеу орталығының дайындауымен 2014 жылы «Ұран» газеті. 1917-1918» атты тарихи жинақ баспадан жарық көрді. Бұл басылымды дайындауға арнайы ақылдастар алқасы құрылып, оның құрамына сол кездегі облыс басшыларына қоса Светлана Смағұлова, Ғарифолла Әнес, Мақсат Тәжімұрат, Қалиолла Орынғали, Қылышбай Сүндетұлы, Ғабит Қабекенов сынды танымал ғалымдар, баспасөз тарихын зерттеушілер де кірген болатын. Осылайша, «Ұран» газетінің табылған сандары қазіргі әліпбиге аударылып, газет ісіне белсенді араласқан Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Нұғман Манаев, Бақыткерей Құлманов т.б. сынды алаш азаматтарының өміріне қатысты тың деректер жинастырылды. Бұл шыға бастағанына бір ғасырға таяған «Ұран» газеті туралы тұңғыш толымды жинақ еді.

Айта кету керек, «Жайық Пресс» медиахолдингі аға буын ісіне адалдық таныту үшін әрқашан қызмет етіп келеді. «Ұран» газетіне арналған жинақтың көпшілікке, маман-ғалымдарға таныстыру үшін бірнеше шара өткізілді. Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің Отырар кітапханасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылса, «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақстан-Zaman», «Астана ақшамы» т.б. газеттерде көлемді мақалалар басылды.

Орал қаласында тарихшылар мен маман-ғалымдардың басқосуымен арнайы дөңгелек үстел өткізіліп, Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің бастауы Совет кезінде бекітілген 1918 жылғы 17 қараша емес, 1917 жылғы 28 шілдеден бастау қажеттігі туралы ұсыныс айтылып, ол бірауыздан мақұлданды. Бұл жөнінде қаулы қабылданып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігіне арнайы хат жолданды.

Біз газетіміздің шыққан жылын әріге шегеріп, жасын ұлғайтуды мақсат еткен емеспіз, ең бастысы - шындықты, ақиқатты айқындау. Бұл Кеңес үкіметі тұсындағы 73 жыл бойы айтуға, тіпті ойлауға тыйым салынған жағдай еді. Азат ел болғанымызға тәубе. Өткенімізді саралап, жақсылығын ұрпаққа айтатын күн де туды.

Міне, дәл бүгіннен бастап біз, Батыс Қазақстан облыстық газеттері, өзінің ұзақ тарихындағы бір ғасырлық межеге қадам басып отырмыз. Алдағы 2017 жыл - ұлтымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысының 100 жылдығы, бүгінгі Қазақстан үшін дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өтетін мәртебелі жыл ғана емес, бастауында Ғұмар Қараш, Бақыткерей Құлманов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды ұлт көсемдері тұрған «Ұран» газетінің де ғасырлық тойы. Мұны білу, мұны ескеру - бізді, бүгінгі журналистерді, ағалар аманатына, ұлт қызметіне адал болуға шақырады.

Бұл жылды «Жайық Пресс» медиахолдингі барынша мазмұнды, барынша тағылымды етіп өткізуді жоспарлауда. Газеттердің 100 жылдық тігіндісі жинақталып, электронды форматқа айналдырылу үстінде. 2013 жылы жарық көрген «Қос газеттің тарихы-История двух газет» кітабы толықтырылып, қайта жарық көрмек. «Ұран» газетінің толық тігіндісін Қазақстан, Ресей мұрағаттарынан іздестіру жалғасуда.

Бүгіннен бастап облыстық басылымдарда, «Жайық Пресс» ақпарат сайтында мерейтойлық арнайы айдар ашылады. Онда облыстық басылымдардың 100 жылдық тарихының түрлі кезеңін көрсететін құнды естеліктер, көне фотолар, құжаттар жарияланбақ. Баспасөз тарихы - ел шежіресі десек, газет оқырмандарын осы іске белсене қатысуға, өздеріңіз білетін тарих пен тұлғалар туралы естеліктермен, көне суреттермен бөлісуге шақырамыз.

Сонымен бірге Орал қаласында облыстық газеттердің 100 жылдығына және баспасөз тарихына арналған республикалық ғылыми конференция өткізу жоспарлануда. Бұл жиынға елімізде баспасөз тарихын жүйелі зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалымдар шақырылмақ.

«Батыс Қазақстан облыстық басылымдарының шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Жайық Пресс» ЖШС журналистика, филология және тарих факультеттері студенттері мен магистранттары арасында қазақ баспасөзінің даму тарихы тақырыбын насихаттау, осы мәселеге жас ғалымдардың көңілін аударып, қызығушылығын арттыру үшін байқау жариялап отыр. Қазақ баспасөзі тарихын, оның ішінде Қазақстанның батыс өңірінде шыққан басылымдардың даму жолын, баспасөз бастауында тұрған тұлғалардың өмір жолы мен қызметін зерттеу нысанына айналдырып, курстық, дипломдық және магистрлік зерттеу жұмыстарын жазған студенттер мен жас ғалымдарға қаржылай жүлде тағайындалды. Байқау қорытындысы 2017 жылдың 28 шілдесі қарсаңында қорытындыланады», делінген мақала соңында.

«Жасай бер, «Жаңа Айқап!..» орынборлық қазақ газетіне - 25 жыл» (Ж.Набиоллаұлы) - бұл көлемді ақпаратта аталмыш газеттің мерейтойы баян етілген.

Ресей Федерациясының Орынбор қаласында жергілікті қазақтардың бастамасымен сонау 1991 жылы «Айқап» (кейін «Жаңа Айқап») газеті ашылған екен. Жергілікті биліктің қаржылай қолдауымен, қазақ және орыс тілдерінде шығатын осы басылымға бүгінде ширек ғасыр толыпты. Қазақстан Республикасы үшін де, шетелдегі қазақтар үшін де маңызы зор бұл жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бастаған арнайы делегация қатысқан болатын.

Шілденің 24-і күні кешкісін Орынбор облыстық филармониясының ғимаратында «Жаңа Айқап» газетінің 25 жылдығына орай өткен мерекелік шараға Ресейдің түкпір-түкпірінен қазақ ағайындар көп жиналды. Газеттің алғашқы шығарушылары мен тарихынан сыр шертетін деректі фильмнен соң, басылымның құрылтайшысы, «Орынбор қазақтарының ассоциациясы» қоғамдық ұйымының төрағасы Жәнібек Иткөзов ақжарма тілегін жеткізіп, әр жылдары газет редакциясында қызмет еткен әріптестеріне алғысхат табыстады. Одан әрі Орынбор облысы үкіметі төрағасының ішкі саясат бойынша орынбасары - вице-губернатор Вера Баширова құттықтау сөз сөйледі. Қазақстаннан келген ресми делегация жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов жиналған қауымды Ақ Жайық жұртшылығы атынан құттықтап: «Сіздер арқылы облыстық газет ұжымына және оның орынборлық барлық оқырмандарына ыстық сәлемімізді жеткіземін. Осыдан ширек ғасыр уақыт бұрын Орынбор қазақтарының облыстық газеті жарыққа шығып, ол Орынбор облысы қазақтарының үніне, рухани өзегіне және ұлттық байлығына айналды. Газеттің жарыққа шығуы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жылымен тұспа-тұс келгендігі қуантады. Ақ Жайық өңірімен ежелден тығыз байланысып жатқан Орынборда 1991 жылы облыстық қазақ газетінің дүниеге келуі, ондағы қазақ бауырларымыздың ұйымшылдығына, ұлттық сана-сезімінің асқақтығына нақты дәлел бола алады. Ширек ғасыр уақыт ішінде газет үлкен жолдан жүріп өтті, облыстың барлық қазақтарын өз айналасына топтастырып, өз оқырмандарын тапты. Оларға облыс аудандарында және Қазақстанда болып жатқан жарқын жаңалықтарды жеткізіп, өлкедегі өзгерістер мен оқиғалар туралы материалдарды ана тілінде оқуына мүмкіндік туғызды. Адамның азамат ретінде рухани жағынан қалыптасып, ана тілінде сөйлеп, сол тілде оқуына мүмкіндік туғызу оңай шаруа емес. Арада өткен 25 жыл редакция ұжымына өзінің шеберлігі мен кәсібилігін шыңдауына, оқырмандарының сеніміне ие болуына ақпарат айдынындағы әріптестері арасында құрмет пен беделге жетуіне мүмкіндік берді. Орынбор облыстық қазақ газетінің журналистеріне өздерінің ұлттық тамыр-тарихына деген адалдығы үшін ризашылығымды жолдай отырып, жыл өткен сайын газет оқырмандары мен жанашырларының қатары көбейе түсетіндігіне сенімдімін» - деді. Құттықтау сөзінен соң Марат Лұқпанұлы газет ұжымына сый-сияпат табыстады. Ақтөбе облысынан арнайы келген өнер шеберлері орындаған ән мен күйге жиналған халық ерекше риза болып, бір қанаттанып қалды. Ресей Федерациясының Омбы қаласында 1989 жылы құрылған «Мөлдір» қазақмәдени орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Алтынай Жүнісова ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Одан әрі «Біздің елдің жігіттері» әнін нақышына келтіріп орындағанда халық сілтідей тынды, ән аяқталғанда қошеметін аямады.

Үш сағатқа созылған шара бір деммен өтті. Барша көрермен мерекелік шараны аяғына дейін ерекше ықыласпен тапжылмай тамашалап, соңында бір-бірін құттықтап тарасты.

«Достық туы мөлдір бұлақ басында» (Н.Оразаев) «Жайық - Орал» экспедициясының жиырмасыншы жорығына арналған.

Ресей Федерациясының Орынбор қаласынан бастау алған сапар барысында экспедиция мүшелері Жайық өзенінің экологиялық ахуалын зерттеп, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне зер салуды көздеп отыр. Орал тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құятын трансшекаралық өзеннің экологиялық ахуалын жақсарту мәселелерін көтерген экспедиция алғаш рет 1996 жылы сапарға шыққан болатын. Содан бергі жиырма жыл ішінде Жайықтың тағдырына билік пен қоғамның назарын аударып, мемлекетаралық деңгейде талқылауға қол жеткізілді. Ортақ мақсат жолындағы істерді тағы да саралауға арналған дәстүрлі экспедицияның жалауы биыл Орынбор қаласында көтерілді.

Қос мемлекет аумағымен ағатын, жалпы ұзындығы екі мың шақырымнан асатын өзен бойында бес миллионнан астам халық тұрады.

-Осы жылдар ішінде, шын мәнінде, көптеген іс тындырылды. Ең бастысы, трансшекаралық өзеннің экожүйесін қалпына келтіру мәселелерін реттейтін заңдық негізі бар құжаттың қажеттігін дәлелдедік. Биылғы сапар да көптеген игі істерге жол ашпақ. Биыл Башқұртстандағы Үшалы ауданына барып, Орынбор облысы, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары арқылы Каспийге жетуді жоспарлап отырмыз, - дейді экспедиция жетекшісі Елена Тарасенко.

Экспедиция мүшелері биыл тұңғыш рет Жайық өзенінің бастауына барып, мөлдір бұлақтың басына достықтың туын тікті. Еуропа мен Азияны жалғап жатқан киелі өзен ынтымақ пен бірліктің, достықтың өзені дейді экспедиция мүшелері. Олар экологиялық сұрақтармен қатар мәдени мұраны сақтау, салт-дәстүрді аялау бағытында да танымдық шараларды өткізуге зер салады. Екі елдің тарихын танып білу - дала өркениетінің даму кезеңдерін зерделеуге достық экспедициясының септігі зор дейді тарихшы ғалымдар.

Оралдықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жиырмасыншы рет ұйымдастырылған Қазақстан-Ресей тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық, туристік экспедициясының мүшелерін Жайық өзені жағалауынан қарсылады.

Экспедицияға қатысқан облыстық делегация мүшелері мен Ресейдің Орынбор облысынан келген меймандарды Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев, қалалық мәслихаттың депутаттары мен студент жастар қарсылап алды. Шараға қатысушылар алдымен Ұлы Отан соғысында құрбан болған боздақтарға арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Бұдан соң шараға қатысушылар қазақ драма театрында өткен экспедицияның тарихынан сыр шертетін суреттер көрмесін тамашалауға бет алды.

Көрменің ашылу салтанатында экспедиция мүшелері мен қатысушыларды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

-Жайық өзенінің бойында орналасқан көршілес екі елдің, қала берді екі облыстың арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, Жайықтың экологиялық жағдайының жақсаруына, жалпы табиғат қорғауға бағытталған экспедицияға биыл 20 жыл толды. Жайық екі мемлекетті қосып отырғандықтан, бүгінгі шараға Орынбордан келген үлкен делегация қатысып отыр. Жыл сайын осы екі өңірдің басшылары мен тұрғындары, туған еліне жанашыр азаматтарының аталмыш экспедицияға қаты- суының өзіндік нәтижесі бар деп айта аламын. 20 жыл бойы өтіп келе жатқан экспедицияның мақсаты екі облыстың тек бір-біріне барып келуі ғана емес, осы өзеннің мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеруге атсалысу болды. Соның нәтижесі биыл жоспарға сәйкес екі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін форумда үкіметаралық келісімге қол қойылады деген жоспар бар. Ал қол қойылған жағдайда ол құжатты әрі қарай іске асыратын - сіз бен біз. Жайық өзенінің өзекті мәселесі жыл сайын көтеріліп келеді. Шын мәнісінде, бұл - қолға алып, қолдау көрсетерлік үлкен мәселе. Жайық бойын бірнеше мыңдаған халық мекендейді. Сон-дықтан өзен суының деңгейін түсірмеу, оның жағасын ластамау сол тұрғындардың ортақ ісі болмақ. Кеше ғана облыстық делегация Орынбор қаласында болып, өңір басшысы Юрий Бергпен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Биылғы жылы өзендегі су деңгейінің мол болуы - көршілес облыстағы әріптестеріміздің бізге деген көмегі. Көктем мезгілінде Жайық өзеніне судың жіберілуін Орынбор облысының басшысы өзі қадағалаған екен. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы жылғы өзен суының деңгейі жақсы. Осы суды сақтап қалу үшін жұмыстануымыз керек. Бұндағы мақсат - біз келер ұрпаққа Жайықты суы мол әрі таза қалпында жеткізуіміз керек.

Жас ерекшеліктеріне, қызметтеріне қарамастан, осы экспедицияға қатысқан өңір адамдарына зор алғыс айтамын. Сонымен қатар осы шараның басы-қасында болып, жанашырлық танытып жүрген экспедиция жетекшісі Елена Тарасенкоға, Орынбор қаласынан келген делегацияға өз ризашылығымды білдіремін. Батыс өңіріне қош келдіңіздер! - деді Алтай Сейдірұлы.

Көрменің ашылу салтанатында Орынбор облыстық мәдениет және сыртқы байланыстар министрінің орынбасары, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Александр Калинин, экспедиция жетекшісі Елена Тарасенко сөз сөйлеп, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталды.

Мерекелік шара соңында өңір басшысы Алтай Көлгінов экспедицияға қатысушыларды алғысхатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан соң келген қонақтар мен өңір тұрғындары 20 жылдық тарихы бар экспедицияның суреттер көрмесін тамашалады.

«Жаңақала - шырайлы Шыңғырлауда» (А.Шотпанов, Қ.Елемесов) деген ақпаратта Жаңақала ауданының делегациясы Шыңғырлауда болғаны айтылған.

Жақында Шыңғырлау ауданына қазақ даласының күй ордасы атанған киелі Жаңақала ауданының делегациясы ат басын бұрды.

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында достық пен татулық, мәдени-танымдық бағытта қолға алынған ізгі сапарда жаңақалалықтар Шыңғырлау ауданының шаруашылық құрылымдарын аралап, кәсіпкерлік қанат жайған орталығында болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Делегация алдымен күн мен жел энергиясын қуат көзіне айналдырып, шаруашылығын өркендетіп отырған «Ғайни» шаруа қожалығында болды. Жоспарлы межесін алдағы жылдарға белгілеген шаруашылық басшысы Жасқайрат Айсиев бүгінгі таңда қолданып отырған гибридті, күн мен жел энергиясынан қуат беретін қондырғысымен таныстырып, алдағы құс өсіру жұмысын ұлғайту, мал шаруашылығындағы жоспарларын жүзеге асыру бағытындағы бірқатар жоспарларымен бөлісті.

Бұдан соң жаңақалалық қонақтар орталықта орналасқан «Даңқ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, соғыс боздақтарының рухына тағзым етті. Сондай-ақ делегация аудан орталығындағы «АкРам» мейрамханасы, «Астана» сауда орталығы, «Теща» супермаркеті нысандарын аралап көрді.

«Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында жалғасын тапқан «Бейбітшілік пен келісім - мәңгілік ел тұғыры» атты дөңгелек үстелде ұлтаралық татулық, конфессиялар түсіністігі, бүгінгі қоғамдағы ұлттық ерекшеліктер мен олардың бір мақсат, бір мүддеге жұмылуы барысында тақырыптар талқыға түсті.

Мегажоба сапарының түйіні аудандық мәдениет үйінде Жаңақала ауданы өнерпаздарының сазды, әуезді концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Сәні мен көркі келіскен кештің соңында Жаңақала ауданының басшысы Лавр Хайретдинов Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есаливке «Тілек кітабын», мегажоба эстафетасын салтанатты түрде табыс етті. Өз кезегінде мұндай ізгі шаралардың аудандарға қолайлы мүмкіндіктері, тәжірибе алмасу, өнер мен таным тақырыбы, экономикалық қолдау мен серіктестік бағытында берері мол екенін атап өткен аудан басшысы Альберт Темірболатұлы қонақтарға аудан халқы атынан алғыс білдіріп, ықылас гүлін ұсынды.

Өңірде шаруасын жақсы жүргізіп отырған шаруашылықтар аз емес. Қазталов ауданынан Т.Ақмұрзин «Шаруасы шалқыған шаруашылық» деген ақпаратында Ақпәтер ауылындағы ағайынды Мұрат, Самат Хасановтар жөнінде мағлұмат береді. Олар 1999 жылы «Қамқор» шаруа қожалығын құрған болатын. Бастапқы жылдары көптеген қиындықтарға тап болды. Шаруаны бастаған жылы иеліктерінде 30 ірі қара, 15 жылқы, 20 қой болған.

-Біздер әкеден алты қыз, екі ұл тарағанбыз. Хамза Хасанов - соғыс ардагері. Қоссартаң деген жерде көп жылдар бойы мал бақты. Бүгінде інім Самат екеуміз әкеміздің еңбек етіп, тер төк-кен жерлерін қайта жаңғыртып, өз пайдамызға жаратып жүрміз. Кеңшар тараған уақытта еншімізге ескі трактор тиді. Сол жыл-дары мал өз төл есебінен өсіп жатты. Ол кезде қазіргідей көмек-қаржы жоқ. 2006 жылы несие алып, мал басын көбейтуге шешім қабылдадық. Сол жылы «Казталовка» несие серіктестігіне мүше болып, 4697000 теңгеге мүйізді ірі қара сатып алып, мал басын әжептәуір көбейттік. 2008 жылы 3697000 теңгеге тағы да мүйізді ірі қара малын алдық. Сонымен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 62 мүйізді ірі қара малын алу үшін 11900000 теңге несие бөлді. Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға да мүмкіншілік болды. Соңғы жылдары мал тұқымын асылдандыру бағытымен шұғылданып келеміз. Асыл тұқымды «Көшім» жылқысын өсіру мәртебесіне қол жеткіздік. 2015 жылы еділбай қойын алу үшін 30 млн. теңге несие алған болатынбыз. Ендігі мақсатымыз - иелігіміздегі ірі қара мен қой тұқымын асылдандыру. Ауыл шетінен мал бордақылау алаңын іске қостық. Бұл алаң бір жылда 1000 басқа дейін мал бордақылап, етке тапсырып отыруға мүмкіндік тудырары сөзсіз, - дейді «Қамқор» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Хасанов.

Ағайындылар бордақылау саласын одан әрі дамытып, шағын мал сою цехын салып, ет өнімдерін алыс-жақын шет елдерге шығаруды да көздеп отыр. Қазіргі таңда шаруашылықта 25079 гектар жер, Тақырсуат, Қоссортаң-1, Қоссортаң-2, Ақмамық секілді елді мекендерде қыстақтары бар. Ақпәтер ауылының шетінде мал бордақылау алаңы болса, шаруашылықта түрлі маркалы тракторлар, шөп шабатын, тайлайтын техника, жүк таситын автокөлік жұмыстарына кеңінен пайдаланылуда. Қазіргі уақытта шаруа қожалығында 16 жанұя еңбек етуде.

Ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі З.Сисенғали «Қаршыға - шың» деген мақаласында атақты домбырашы Қаршыға Ахмедияров туралы тебірене жазады.

Биылғы жылы күй өнерінің қайталанбас шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толды.

Дүниеге аса сирек келер ғажайып құбылыс, дарабоз домбырашы, ұлағатты ұстаз, адамгершілігі зор азаматпен әлденеше рет дәмдес болып, бірге жүріп, тіпті сырлас болғанымызды өзімізге Тәңірдің берген сыйы деп санаймыз.

Қазақтың тағы бір ұлы перзенті Әбіш Кекілбаев «Күй Астанасы - Жаңақала» деп баға берген, өмірге Құрманғазы, Дина, Мәмен, Қали, Оқап, Шамғон, Тұяқберді сынды тұлғаларды әкелген киелі өңірімізге Қаршекең де талай рет ат басын бұрып, өнер десе, ішкен асын жерге қоятын жұртшылықты қара домбырасынан төгілген күйімен тәнті еткен болатын.

Қаршекең әр сапарында өзін насихаттап қана қоймай, аудандық мәдениет үйі жанындағы халық оркестрінде, күні кеше халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің атын алған халықтық фольклорлық ансамбльде шеберлік сыныбын өткізетін.

Өзінің ұлы ұстазы Қали Жантілеуовтің көзінің тірісінде 90 жылдық тойына қатысып, одан бері Дина, Қали, Оқаптың мерейлі мерекелеріне орай өткізілген республикалық домбырашылар сайысында қазылар алқасына жетекшілік еткен еді.

Қаршекең достыққа адал, жолдастыққа берік жан еді ғой. Ұзақ жыл бойы Жаңақала ауданын басқарған Төлеген Мерғалиевпен арадағы достығы адам қызығарлықтай еді-ау.

Қаршекеңнің өлкемізге жасаған соңғы сапары да көз алдымызда.

Атырау бетінен келе жатқан Қаршекеңді ауыл сыртынан қарсылап алған соң, ол қашанғы дағдысы бойынша ұстазы Қали бабаның тура басына барып, аруағына Құран бағыштады.

Орнынан көтерілген соң айналаға ойлана көз салып тұрған Қаршекең кенет осы аймаққа алғаш рет концерттік сапармен келген кезін еске түсірді. Ауыл маңындағы қыраттарды, жастық дәуреніне куә болған, қазір сиреңкіреп қалған тал-теректерді иегімен меңзеп, кеудесінен сағыныш сазын төкті дерсің. Амал не, Қаршекеңе қайран қалып қарап, әңгімесіне елітіп тұрғандардың бірде-бірі қазақтың маңдайына біткен дара тұлғасының туған жерімізбен қоштасып тұрғанын білмеппіз.

Қашанғы әдетінше аудандық емдеу-сауықтыру орталығында ем алып жатқан досы Төлеген Тастайұлына барып, хал-жағдайын біліп, сол жерде демалушылардың өтінішімен бірнеше күй орындап, олардың ыстық-ықыласына бөленді.

Көп ұзамай Алматы қаласына жолым түсті. Келетінімнен хабардар Қаршекең ұлы Ерболатпен орналасқан пәтеріме келіп, таудың етегіндегі үйіне апарып қонақ жасады.

-Закария, көріп отырсың, ешкімді шақырған жоқпын, екеуден екеу отырып, еркін әңгімелесейікші, - деді қайран Қаршекең.

Төсекті маған өзінің жұмыс кабинетіндегі диванға салғызып, жарықты өшіргеннен кейін де Қаршекең жаныма отырып, ұзақ-сонар сырларын ағытты.

Көкейімде ұмытылмастай болып қалған бір сөзі әлі күнге есімнен кетпейді.

-Аңғарсаңыздар, - деп еді-ау сонда Қаршекең, - Құрманғазының қайсыбір күйлерінде орыс халқының саз-әуені бар. Нарынның құмында жүрген Құрекеңе ол әуендер қалай жетті? Осы жұмбақтың шешуін іздесем бе деймін. Анау Мәмен атамыз жатыр зерттелместен. Ол да бір тылсым дүние, іздеушісін күтуде...

Қаршекең екеуміз терезеден мұнарланып тау сұлбасы елес бере бастағанда жастыққа қисайдық.

Қоштасарда Қаршекең Ахмет Жұбановтың, белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбековтің (өзіне арналған қолтаңбасымен) кітаптарын сыйлады.

Бір айта кетерлік жәй, аңғармай қалды ма, әлде арнайы берді ме, Ақселеудің кітабының ішінде Қаршекеңнің Мәменге арналған «Шілде», «Мәмен толғау» деген күйі жүр екен. Бұйырса, осы дүниелердің бәрін ұлы күйшінің шәкірті Досым Мақсотовқа тапсырсам ба деген ойдамын.

Амал не, сол жазда Қаршекеңмен мәңгіге қоштастық.

Қарбалас істер қабаттасып қимастай, сырластай болып кеткен аяулы ағаммен алыстағы ауылымда отырып өлеңмен қоштастым. Енді шағын мақаламды Қаршекеңе арнаған қоштасу өлеңіммен аяқтасам ба деймін.

Тербетіп күймен қазақтың сахи даласын,

Жұбатқан, шіркін, бесікте жатқан баласын.

Домбыра-дәурен жылаулы мына жұртыңның,

Басынан енді дүние-ай, ауып барасың.

 

Өмір-ай, өмір... опасыз ба едің осылай,

Кенеттен жетер хабардың сұмдық, жосыны-ай.

Қаршекең жапты дегенде пәни есігін,

Сұп-суық қанжар жүректі кетті осып-ай.

 

Көмкеріп күймен Жайықтың жасыл жағасын,

Пір тұтқан әр кез Қалидай баба-данасын.

Шың емес пе едің таласқан көкпен Қаршекем,

Қалайша енді төмпешік болып қаласың.

 

Жан далам менің, Жаңғалам деуші ең-ей, менің,

Той еді-ау елге сағынтып дәйім келгенің.

«Достарым менің аман ба?» деуші ең үздігіп,

Достыққа сына қағатын әсте сен бе едің.

 

Айналып кетті айналам түгел сағымға,

Ойпыр-ай, от па санамда әлде жалын ба?

Аясаң етті пендеңді сәл-сәл Құдай-ау,

Құшағын жайып кім келер енді Нарынға.

 

Сен аштың және Махамбет - күйдің бұлағын,

Дәлелдеп беріп, қалдырмай артқа күмәнін.

Соңғы рет тыңдап отырып баба сарынын,

Кеттің бе қалғып тұғырда тұрған қыраным.

 

Қазақтың өткен жаманы, сірә, болсын ба,

Жақсы деп айтпас тіріңде алыс, қоңсың да.

Ұлылар санын сол күні сен де бір жанға,

Көбейттің енді өзің біл, қомсын-қомсын ба?

 

Үзіліп кетті-ау ертерек тіпті жолың да,

Шүкір, Аллаға қалмадың шүршіт қолында.

Өлді деп өксіп айтуға ауыз бара ма,

Өлместей істі қалдырған жанды соңында.

 

Жазар-ау уақыт жүректің әлі жарасын,

Өрлейді көкке Қаршыға атты дара - шың.

Қоңыр күйіңмен мәңгілік атты мәреге,

Қаршекем, сен де халқыңмен бірге барасың.

«Сөз соңында айтарым, қайталанбас Қаршекеңнің мерейлі жасына орай өзінің туған өлкесінде, Алматы, Астана қалаларында күй қағанын есте қалдырарлықтай шаралар атқарылса деймін», деп аяқтаған З.Сисенғали мақаласын.

ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын Т.Жазықбай «Азап арқалаған ақын» деген мақаласында өмірден ерте кеткен ақын Сағат Абдуғалиев жөнінде сөз еткен.

Ақын Сағат Абдуғалиев Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында 1948 жылы дүниеге келген. 1967 жылы Алматыда қазақтың С. Киров атындағы мемлекеттік университетінде журналистика факультетінде оқыды. «Құлыншақ көктем», «Көзайым келешек», «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның», «Жанымның жалғыз бұлбұлы» атты жыр кітаптары кезінде оқырман қауымға жол тартты. Бетке айтып салатындығы, басшылардың «уысына» сия бермейтіні, өжеттігінің «кесірі» фтиіп, ол Орал, Ақтөбе, Жаңаөзен қалаларында түрме дәмін татты. 1984 жылы қыста қатты боранда адасып кетіп, сүйегі 1985 жылы көктемде Калмыков ауылының шетінен табылды.

Саңлақ Сағат ақын туралы ой өру қиын. Қиындығы сол, сөз қиынын келтірер тапқырлығын тап басу, ұйқас пен үндестігін келтірер керемет көрегендігін көруге де жай көз емес, өткір көз керек. Өлең ой өрмейді, ой өлең өреді. Ой да, өлең де бір кеудені мекендегенде ғана тұтастық, турашылдық кеңдікте қанат жаяды. Міне, Сағат та, өлең де, ой да бір жолда табылып, бірлесіп өнер туын көтеріп келді. Оған Сағат өлсе де, өлмейтін өлеңдерін куә етемін.

Ақынға өнерге деген сыншы, өлеңге деген пайғамбарлықтың қажеттігі айдан анық. Сағат осындай қадір-қасиетке ие еді. Көрер көзі мен көсемдігі, пайым-патшалығы мол болатын. Сөйтіп, Сағатты да, Сағаттың өлеңдерін де жай сезініп қана қоймау керек, сілкініп оқу керек, сағынып оқу керек. Осындай бір сағыныш билеген шағымда, 2013 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің №52 санында бір топ ақындар: Әбдікәрім Ахметов, Аманжол Шамкенов, Ізтай Мамбетов, Зейнолла Шүкіров, Еркеш Ибраһим т.б. танымал тарландардың өлеңдері қатарында өзіміздің Сағат ақынның да төрт шумақ жыры көзіме оттай басылды.

О, тағдыр, тірлігімде өлең өпкіз,

(Адамдар гүлге ұмтылған көбелекпіз).

Ақынның ақ жүрегін алаң қылған

Жаһанда жоқ-ау сенен керемет қыз.

 

Ешкімнен емес еді күлкісі кем,

Параққа жүрегімнен жыр түсірем.

Жоғалтып алғандайын мені іздейсің,

Жайқалған жапырақтай жұрт ішінен, - деген жыр шумақтары түсінген кісіге бір ғана ғашықтық мәселесімен көзге қиықты көрік салып тұрған жоқ. Сөз бен сурет салып тұр. Осындағы «адамдардың көбелекке айналуы», «жапырақтай жұрттың болуы», «жүректен жазу түсіруі» сияқты оқыс суреттеу мен мүсіндеу оқырманды ойсыз қалдырмайды. Мазмұн мен мағына, келбет пен көрік, кесте мен түр тауып, түндігіңді түрткілеп тұрғандай. «Сағынышқа саяхат» өлеңінде:

Түндерде құбылғанда түсім қырық,

Болады сыртым - бүтін, ішім - бүлік.

Жүректің жанталасқан жалқы даусын,

Айтамын қай пендеге түсіндіріп, - деген ақын шумағы біраз сөз құдіретін арқаланып тұрғаны ақиқат. Көркем сөз - ойдың жемісі. Ал ақын ойы әлемдік әдемілік-пен астасып жатады. Жоғарыдағы «қырық құбылған түс», «іштегі бүлік», «жүректің жалқы дауысы» сияқты сөз тіркестері де ойдан олжа тапқан жанның қалам сілтеуі. Тілдің төрелігін салмақтаған, киесін келбет еткен жанның сөзі.

1976 жылы Сағат ақынмен кездейсоқ таныстым. Жаздың кезі болатын. Калмыковтан Оралға жүргелі тұрған автобусқа ентелей мінген менен 3-4 жас үлкен ақсары қағылез жігітпен тығылысып, қалаға дейін бардық. Басқа да таныс жігіттер болды. Сол кезде Тайпақ аудандық «Ленин жолы» газетінде өлеңдері жиі басылып жүрген ақын Сағатпен сөйтіп, жарастығымыз жалғасып жүре берді. Мен ол кезде Харькин сегізжылдық мектебінде мұғалім едім. Сол аудандық газетке менің де өлеңдерім шығатын. Сөйтіп, Сағат ақынның өзімен де, өлеңімен де жақын болып кеттім. Сағаттай өлең жаза алмайтынымды біліп, оның алдында көп сөйлемейтінмін. Әрі жасы да менен үлкен еді. Көбіне оның тыңдаушысы болдым. Өлеңдерін оқиды. Төгілдіріп, төндіріп оқиды. «Өлеңің жақсы екен» деген бірауыз сөзден әріге бармаймын. Сақтанамын. Ақынның жолына, өлеңге деген төтендігіне төрелік айтар жай қайда? Оның «Есімде тұр Есенсай» өлеңінде:

Таңертеңнен тұңғиық түнге шейін,

Жүрегімнен жекенсал жырды есейін.

Жалғыз итің үрмеді маған қарап,

Мылқау жатқан таспен де тілдесейін - деп, маған қарап «Тілес, тас емессің ғой, бірдеңе деші», - дейді әзілдеп. Құдіретті өлең мысымды басып, тек бас изеймін. Ақындығын, өлеңге қойылар талап, тармақ, бунақ, ұйқас үйлесім тауып, мазмұн мен өлең арқаланар тұсты шабыт шаңырағында шайқап тұрған ақынның бейнесі әлі де көз алдымда.

Марқұм өлеңнен өмір іздеуші еді. Оны қорған етуші еді. Ол кезде өлең оқушылар сиректеу ме деймін. Әлде, Сағаттың сал-қамдығынан сақтана ма, әйтеуір, оған деген құрметтің болмағаны ақиқат. Бетің бар, жүзің бар демей, айтып тастайтындығы, дұрыс болсын, бұрыс болсын ешкімнен кешірім сұрамайтындығы бір бүйірден тартып жатқандай болатын. Ол өз бағасын өзі білетін.

Сағаттың жекелеген аудан басшыларына арнаған, ауыздан-ауызға тараған әзіл өлеңдерін сан-саққа жүгіртушілер де болмай қалған жоқ. Бұл - бір. Екіншіден, ол кезде ақын-жазушы атаулылар ауылда жүрмейді ғой. Олардың бағасын танып, бағын ашушылар да ауылда жоқ. Сөйтіп, Сағат жалғыз еді. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген бар. Осы сөз төрінде Сағаттың бар өмірі сыйып тұрғандай. Оны төмендегі «Идиллия» өлеңіндегі төрт шумақ төркіні аңғартады.

Тепсінетін табанда темірді үзіп,

Ақиқатты мойындар небір бұзық.

Ірі қылып жаратып әлдекімді,

Ірілікті сүймейтін өмір қызық!

 

Құдайшылар күткенде көктен шырақ,

Өмір деген - ағызып өткен сұр ат.

Қасық қаны қазақтың болса менде

Шенділерден жүрмеспін шекпен сұрап.

 

Қасиетін танытқан қаспақ беттің,

Балалықтан басталар бастапқы екпін.

Қулықтар мен сұмдыққа кіжінгенде,

Тіршілікті келеді тастап кеткім.

 

Төзімдердің тоздырып көк тағасын,

Жөнсіздіктен айтамыз жоққа да сын.

Адам да бір мәжнүн көбелек қой,

Өзі тығып жүреді отқа басын! - дейді. Осында ақын өзінің ындынына біткен «ірілігін» мойындайды. Бірақ оны өзгелер мойындағысы келмейді. Турасын айтсақ, талантты көргісі келмейді. Шенді-шекпенділерден не күтсін. Тек өзіне ғана сенеді. Қулықтар мен сұмдықтарға қарсы өлеңді ождан етеді. Жөнсіздіктер көп, оған сын айтсаң жаратпайды. Сөйтіп, төзімі төртке бөлініп, шыдамы шытынайды. Ақыры, азап отына көбелектей жанып түсті.

Ақын ғұмырының қысқа болуын да мен осы бір ақындық келбетті танымаған уақыт, мезгіл төрінен көремін. Ақын деген аяулы тұлғаны аялай алмаған заман көшіне кінә артпағанмен, күдігім мол. Сағаттай сезім сілкілеген, талант табына таңдайын күйдірген жан адамдардың арасынан арашашы таппаған соң, сөйтіп, тыншып тынды. Билікке жағынудың жолын білсе де, қайсарлығы, бірбеткейлігі ақындығымен астасып, осы бір көбелектей күйген күнге жетеледі. Оған «Жанымның жалғыз бұлбұлы» кітабындағы «менменшіл» жырлары куә.

Азаматқа арман, жігер - қос арна,

Жігітсің бе, төзіміңді тос алға.

Мансабына сеніп жүрсе біреулер,

Өз-өзіне сенген адам осал ма? -

Немесе

Баршаңызға бармақтайын бақ тілеп,

Жүрегімнен жыр самалы қақты леп.

Таразының екі басын теңгерсем,

Қиындықтың қиқым наны тәттірек, - деп келетін ақын төреліктері осы бір өз басындағы ойдың жалаң, жадағай көрінісі емес, өткір кестесі, қиындыққа төзген, өзіне-өзі сенген жанның сезімтал серілігі деп қарау төте болар еді.

Сорлымыз ба ана сүтін мүлт емген,

Үміт өзі жолаушыға үлкен дем.

Жүректегі көп жараның қотырын,

Бәрің үшін өлеңменен сүртем мен, - деп өлеңнен араша сұраған түрін қара, өлеңнен пана тапқан жайын көр. Өміршең өлең сөйтіп ақынға өршіл ес те, мұқалмас мұрат та сыйлап тұрғандай.

Иә, өлеңнен ақынды бөлектеп қарай алмайсың. Өлеңсіз ақын, өлеңсіз Сағат, Сағат болудан қалады. Оның азаматтығы да, адамдығы да айдаладан тумайды. Өлең ішінде туып, өлең ішінде өледі. Талантқа «тек» деу қиын. Тосқауылға тұра алмайсың. Себебі, ол өлеңге сүйенеді, өлеңнен күш алады.

Оның Махамбет ақынға арналған өлеңіне көңіл қойып, зер салалық. Өз басына бір ұқсастық тапқан ақын дәлдігі де діттеген жерден шығады. Махамбет те - өз тұсында шектен асқан қуғын көрген жан. Шектен шыққан қысымшылыққа қарсы найза сілтегені, отты өлең өргені, таптаурын тарихта қалды. Ерлігі ел есінде. «Қараойдағы толғаныс» атты өлеңін оқып көрелік:

Аяулы анаң - ақиқат та,

Атаң - кек!

Төрелердің тәтті қанын татам деп.

Бөрілермен бөрілерше белдескен,

Сен менен де бақыттысың,

Махамбет!

 

Заман деген

Заман емес - қари түн.

Бытырадай бөлініпті жан ұйқың.

Басың кетті,

Мынау мылқау даланың

Адамдыққа жеткізем деп «әр итін», - дейді. Міне, Махамбет өмірінің түйір дән берер ең өнегелі елдік мұраты екі шумақ жырға сыйып тұр. Махамбеттің бағын асырған да, патшалы Ресейдің құтын қашырған да от тілді, орақ ауызды, қылыш қасиетті өлеңдерін ел жатқа айтты, жолына ту етті. Ал ол ел билеушілеріне тікенектей қадалды.

Қайран, Сағат! Тірі кезіңде тілектестер жоқ, тірсекке тіс салғандар көп еді. Бүгінде сені жоқтаймыз! Бүгінде баршамыз сені ауыздан тастамаймыз. Абайға да қамшы көтердік, мұқалмас Мұқағалиды да мұқаттық. Саңлақ Сағаттың да сағын сындырып, мойындағымыз келген жоқ. Бірақ осы тұлғалардың бәрі де кейіннен Алты алаш қазаққа қадірін танытты, қасиетін биіктетті.

Кемеңгер - қашанда кемеңгер. Ол келешекке сенді. Келешек оны ақтап алды. Себебі, үлкен әріппен айтсақ, дарынның өлеңдегі жолы, өмірдегі жолы жаратылыспен жапсарлас, табиғатпен тағдырлас, өмірмен өзектес өрілетін. Күнмен бірге шы-ғып, күнмен бірге бататын. Айды аялайтын, жұлдызды бағалайтын. Сондықтан да олар тірліктен туған қиындықтарға түкірген де жоқ. Бас имей өмірге келді, бас имей өмірден өтті. Оның «Дауыс туралы дискотека» өлеңінде:

Шабады шабдар ой мыңға,

Сырлардан тартсам суыртпақ.

Тірлікте балға тойдың ба,

Ушықтың неге у ұрттап...

 

Жалғанда кімдер бас ұрған,

Күлліні көрді көз мынау.

Қарғалар сайрап қасыңнан,

Жарығым, кейде тоздың-ау.

Ұласып түндер таңға аман,

Жондардан соқты майда леп.

Жоқтайды екен жан далам,

Сағаттың даусы қайда деп? - деген өз өмірінің бар қырын жайып салған ақын жыры әулие дерсің.

Кезінде Қадыр Мырзалиев «Сағат Абдуғалиевке қызмет ету - түбінде әдебиетке қызмет ету болып шығады», деген ойлы пікірі біздің де айтар сөзіміздің мазмұн шаңырағын көтеріп тұрғаны белгілі. Кейін танымал Жанғали Нәбиуллин, Рақымжан Отарбаев, Сүлеймен Мәмет, Темір Құсайын, Табылды Досымов, Бауыржан Ғұбайдуллин, Ғайсағали Сейтақ, Қазбек Құттымұратұлы, Сағынтай Бисенғалиев, Мәлік Бердалиев сияқты қаламгерлер мен журналистер Сағат ақынның әдеби мұрасын насихаттауға айтулы үлес қосты.

«Мен оны жақсы білемін. Сондықтан да сөзіме куә іздемеймін. Ақынның өзін көрдім, өлеңін оқыдым. Өлеңінің түрін, түсін таныдым. Тыңдарман болса, осылай бағасын беріп келемін. Сағаттың арқаланған азабы аз болған жоқ. Темір торлы түрмеде өмір кешті. Қарқылдаған қарғалармен бірге жүрді. Сөйтіп, у ішті. У ішпес еді, егер бағын бағалай білсек... Енді, міне, өзі айтқандай, сол Сағатты жоқтап отырмыз. Сағаттың сүйегі жер астында жатса да, өлеңі бізбен бірге», деп түйіндеген автор ойын.

Осы нөмірде сондай-ақ газеттің бас редакторы Б.Ғұбайдуллиннің Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевпен «Білегі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлағандармен әңгіме қысқа» деген сұхбаты жарияланған.

-Нариман Төреғалиұлы, бүгіндері Орал қаласында біраз көшенің жөнделіп жатқанын көріп жүрміз. Дегенмен осы бағыттағы нақты статистикалық мәліметтерді өзіңізден естісек дейміз. Яғни биыл жазда неше көшенің қанша шақырым жолы «адам қалпына» келмек?

-Иә, байырғы әрі әсем қала Оралдың ең осал жері - көшелік жолдар екені баршаға белгілі. Облыс орталығындағы жолдардың жалпы ұзындығы 581 шақырым болса, соның жартысына ғана асфальт төселген. Сол асфальт төселді деген жолдардың өзінің қазіргі күйі сын көтермейді. Еліміздің батыс қақпасы боп есепте-летін шаһарға, бұл әрине, абырой әперер жайт емес. Тура осы мәселеге осыдан екі жарым жыл бұрын облысқа жұмыс сапарымен келген Елбасы да айрықша назар аударып, нақты тапсырмалар берген болатын. Содан бері Президенттің өңірлердегі инфрақұрылымдық жүйені дамыту жөнінде берген тапсырмасына сәйкес біздің қалада да біраз шаруа атқарыл-ды. Мысалы, соңғы үш жылда 11 миллиард теңгеге жалпы ұзындығы 84 шақырым қала жолдары күрделі жөнделіп-жаңғыртылды. Бұл Оралға қатысты жол атаулының 14 пайызын құрайды. Алайда алда кезек күткен жұмыс әлі ұшан-теңіз. Шаһар көшелерін тақтайдай тегіс қылу үшін бізге әлі 130 шақырым көше жолдарын өзіңіз айтпақшы «адам қалпына» келтіру қажет. Жуырда қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып бекітілген Орал қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, таяудағы бес жылда 80 көше мен екі көлік өткеліне қатысты 116 шақырым жолды жаңғырту және жөндеу көзделген. Осынау қарайған құрылыс жұмыстарының жоспарлы құны 19,5 млрд. теңге. Сонымен қатар мамандардың есептеуінше, қалаға жалпы құны 3 млрд. теңгені құрайтын, ұзындығы 300 шақырым жиекжол (тротуар) салу керек. Алғашқы кезекте 66 шақырым жиекжол салу жұмысын бастаймыз. Осының өзіне 850 млн. теңге жұмсалмақ.

Ал енді биылғы жұмыстарға келсек, ағымдағы жылы 14 көшеде 20 шақырымға жуық жолға асфальт төселмек. Осы мақсатқа барлық қаржы көздерінен 2,4 млрд. теңге бөлінді. Оның негізгі бөлігі Қарашығанақ кен орнын игеруші «ҚПО б.в» компаниясы-ның облыстың әлеуметтік жобаларына бөлетін қаржысы есебінен қаралған. Бұл қаржыға Достық даңғылының Мәметова көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі 3,5 шақырымдық бөлігі (625 млн. теңге) күрделі жөнделуде. Бұл шаруа қазан айының аяғына дейін толық аяқталуы тиіс. М. Ықсанов атындағы көшенің жолы Шаған жағалауы көшесінен Рубеж көшесіне дейінгі аралықта (ұзындығы 2,7 шақырым, құны 511 млн. теңге) қайта жаңғыртылуда. Бұл екі көшедегі құрылыс жұмыстары былтыр басталған, ауыспалы нысандар болып табылады. Сонымен қатар Еуразия даңғылында ауқымды жұмыс жалғасын тапты.

Өткен жылдары аталмыш даңғылдың Шаған жағалауы көшесінен Мұхит көшесіне дейінгі 1,8 шақырымдық бөлігі күрделі жөндеуден өтті. Биыл Екінші база ауданындағы көлік өткелінен бастап Мұхит көшесіне дейінгі аралығы жөнделуде. Бұл аралықтың жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал қаралған қаржы 665 млн. теңге. Әлгі аралықтың тек жолы ғана емес, жолдың астындағы 1,4 шақырым кәріз коллекторы, төрт шақырымнан астам су құбыры толықтай жаңартылуда. Жарық бағаналары оң жағынан сол жағына ауыстырылып, жарық желілері жер астымен тартылуда. Сондай-ақ биыл «ҚПО» бөлетін қаржыға Циолковский көшесінің Әбілқайыр хан мен Шолохов көшелерінің аралығын (ұзындығы - 766 метр, 77 млн. теңге), Жымпиты, Чкалов көшелерінің Шубин мен Қазталов көшелері аралығын (ұзындығы - 780 метр, жобалық құны 66 млн. теңге) орташа жөндеу, 7-9-шағынаудандарда көшеішілік жолдардың (№1 көше) құрылысы жоспарланған. Ұзын-дығы - 761 метр, жұмыс құны 215 млн. теңге тұратын соңғы нысанда жұмыстар басталып кетті. Бұл шаруаны мердігер мекеме ретінде «ОралЖолдары» АҚ өз жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен құрылысы өткен жылдары басталған бірнеше көшеде қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Зашаған кентіндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы көшеде жұмыстар аяқтала келді. Есқалиев көшесі және 7-9-шағынаудандардың арасындағы Желаев трассасын Мәскеу көшесіне қосатын (№3 көше) жолдың құрылысы жалғасуда.

Бұдан бөлек бюджет есебінен 6-шағынаудандағы Әбілқайыр хан мен Желаев тас жолын қосатын, ұзындығы 759 метрді құрайтын жол да биыл жөнделеді. Құрылыс барысында №28 мектепке кірер жолды салу да ескерілген. Шұрқ тесік осы көшенің жай-күйіне тұрғындар тарапынан арыз-шағым аз емес-ті.

-Қалаішілік жол жөндеу жұмыстарын тендер негізінде мойнына алып, бекітілген жұмыс кестесінен кешеуілдеген мекеме-кәсіпорындар бар ма?

-Өкінішке қарай, сіз тілге тиек етіп отырғандай фактілер бар. Мәселен, Есқалиев және Байтұрсынов көшелерінің құрылы-сын тендерде жеңіп алған «Нұржолстрой» серіктестігінің тірлігі көңілден шықпады. Аталған көшелердегі жұмыстар 2014 жылы басталып, былтыр бітуі тиіс еді. Мойнына алған міндеттемесін уақтылы орындамауына байланысты бұл серіктестік сотқа берілді, міндетін жауапсыз орындаушылар тізіміне енгізіп, қалған жұмыс ауқымына қайтадан байқау жарияланды. Биыл Байтұрсынов көшесіндегі жұмыстарды «ДСК Приоритет» ЖШС жүргізуде. Қазір құрылыс аяқтала келді. Есқалиев көшесінде «PIRAMYD» ЖШС-ы жұмыс істеуде. Бұл кәсіпорындардың жұмыс қарқыны әзірге жаман емес.

Биыл да кестеден кешеуілдеген мердігер мекемелер баршылық. Мәселен, Достық даңғылының жолын жаңғыртып жатқан «Азия техстрой» ЖШС кесімді уақыттан жұмыс ауқымын 12 пайызға кешеуілдетуде. Тапсырыс беруші «ҚПО» компаниясы тарапынан оларға айыппұл салынды. Олар өздерінің шабандығын кейбір құрылыс материалдарының болмауымен түсіндіреді. Бірақ ондай орынсыз сылтаулар қала әкімі ретінде менің көңіліме қонбайды. Жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Да-йындалуға, алдын ала барлығын ойластыруға олардың уақыты жеткілікті болды деп санаймын.

7-ші және 9-шағынаудандардың арасындағы Мәскеу көшесі мен Желаев трассасын қосатын жолды салып жатқан «Балтемен» ЖШС-ы да жайбасарлықтан алдына «жан салмай тұр». Аталған нысан күзге дейін тапсырылуы тиіс. Сөйте тұра, құрылысшылар табиғаттың қолайлы уақытын пайдалануға асығар емес. Қазір ТҮКШ бөлімі аталған серіктестікті сотқа беруде.

Сөздің турасын айтқанда, білегі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап алып, тастап кетуге көзі қимай, ұруға күші жетпей жүргендермен әңгіме қысқа. Жуырда қалалық әкімдікте өткен кеңесте де айттым, оларға заң аясында тиісті шаралар қолданылатын болады.

-Нариман Төреғалиұлы, қаланың алдағы қысқа дайындығы жөнінде не айтар едіңіз?

-«Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, көктем келісімен қысқа дайындық жұмыстарын уақтылы жүргізу туралы тиісті мекеме-кәсіпорындарға тапсырмалар берілді. Бүгіндері облыс орталығындағы 105 пәтер иелері кооперативі тұрғын үйлердің жылу жүйесін қысыммен тексеруде. Күні бүгін көп пәтерлі баспаналардың 52 пайызында осындай жұмыс атқарылды. Көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық паспорты қыркүйектің 30-на дейін әзір болуы тиіс.

Дегенмен кооператив құрамына кірмейтін иесіз үйлердің қысқа дайындығы көңіл көншітпейді. Бұл жерде тұрғындардың өздері «Менің меншігімдегі үйді әкімдік немесе басқа да тиісті мекемелер келіп, қысқы маусымға әзірлеп берсін» деген жайбарақаттықтан арылып, белсенділік танытуы қажет.

Ал инженерлік желілердің жайына келсек, қалада 6 мың шақырымнан астам инженерлік желі бар. Оның 2848 шақырымының, яғни 47 пайызының тозығы жеткен. Соңғы үш жылда 7 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралып, 483 шақырымдай инженерлік желі атаулы жөндеуден өтті. Биыл да бұл бағытта ауқымды жұмыс жүруде. 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы құны 1,34 млрд. теңге, ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 183 мың адам қосылған су құбырлары мен кәріз (канализация) жүйесін жөндеу жоспарлануда. Қалалық сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы - 428 шақырым, ал тозу көрсеткіші - 67%. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстарды да үнемі назарда ұстап, барынша ілгерілетудеміз. Мәселен, «ҚПО б.в.» арқылы жұмыс құны 430 млн. теңге құрайтын 4 шақырымнан астам су құбырларын, сондай-ақ 207 млн. теңгеге ұзындығы 1,3 шақырым жеке сарқынды кәріздік (канализациялық) коллекторды жөндеу жоспарлануда.

Инженерлік желілердің техникалық жағдайын жоқ дегенде қазіргі деңгейде сақтау үшін жыл сайын 10-12% жөндеу жүргізу қажет. Қазіргі таңда тез арада жөндеуді талап ететін әр түрлі диаметрлі 52 шақырымдық кәріздік желілер бар.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның инвестициялық жобасы арқылы 2016-2020 жылдары 33 шақырым су құбыры мен 6,5 шақырым кәріздік желіні жаңалап-жаңғырту қарастырылуда. Ал Орал қаласына тиесілі жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 240 шақырым, тозу көрсеткіші - 52,7%.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, 2016 жылы ұзындығы 1,2 шақырымдық 31 мың адамды, яғни жеті әлеуметтік және 96 тұрғын үй нысанын жылумен қамтитын жылу магистралін жөндеу жоспарлануда. Бұл шаруа үшін 375 млн. теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы алғанда тоғыз нысанға 1,9 млрд. теңге бөлінген болатын. Қазір барлық нысандар бойынша жаңғырту, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүруде. Бұған қоса «ҚПО б.в» компаниясынан қаралған қаржыға жоғарыда атап өткеніміздей, Еуразия даңғылы бойынша 637 млн. теңгеге 4,3 шақырым су құбыры мен 1,3 шақырым кәріз коллекторы жаңартылды. Демек, қаһарлы қысты қаламыз сақадай сай қарсы алады деуге негіз бар.

-Орал қаласы бойынша тұрғын үй қорын жаңғыртудың жай-жапсары сізді қанағаттандыра ма?

-Орал қаласында 1164 көпқабатты тұрғын үй болса, соның жартысынан астамы 1960-70 жылдары салынған баспаналар. Осы үйлердің 37-сі күні бүгін апатты жағдайда деп танылып отыр.

Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Орал қаласында апатты үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтуға бағытталған қанатқақты жоба қолға алынды. Өзекті мәселенің түйіні мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында тарқатылады. Жобаға «Болашақ Т» және «СВ+» құрылыс компаниялары қатысуда. Бүгінде Депо көшесіндегі №18 және 2-ші шақырым көшесіндегі №20, 21, 22 апатты үйлердің орнына көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс аяқталған соң сүріліп тасталған үйлерден 48 отбасына жаңа пәтер берілмек. Бұл жобаны болашақта да жалғастырып, басқа апатты үй-лерге қатысты мәселелерді де осы үлгіде кезең-кезеңмен шешпек ойдамыз.

Ал салынғанына біраз жыл болған басқа үйлерді апатты жағдайға жеткізбеудің кілті «ТҮКШ жаңғырту» бағдарламасында жатыр. Бағдарлама басталған 2011 жылдан бері 76 үйге 651 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді. 3877 отбасы өз мекенжайын жақсартуға мүмкіндік алды. Былтырдың өзінде қаламызда тоғыз көпқабатты тұрғын үй жөнделді. Бұл мақсатқа 82, 6 млн. теңге жұмсалды.

Жұмыс сапасын арттыру арқылы тұрғындардың аталмыш бағдарламаға сенімі нығайды. Нәтижесінде 2015 жылы қаржының қайтарылуы 73 пайызға жетті. Осыдан үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 25 пайыз ғана еді.

Бағдарламаның жағымды жақтарын ұғынған тұрғындар қатары жыл сайын көбейіп, бағдарлама аясында күрделі жөндеу өткізуге ықылас танытып отыр. Биыл үш көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өтініш білдірген тағы көп қабатты 10 үйдің бесеуіне жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ол үйлердің жөндеу жұмыстары 2017 жылдың жоспарына енгізілмек.

-Ағымдағы оқу жылы аяқталысымен, жаңа оқу жылына дайындық күн тәртібіне қойылатыны белгілі. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, алдағы қыркүйекке дейін Орал қаласындағы қанша білім ошағы жаңарып-жаңғырмақ?

-Орал қаласы бойынша 48 жалпы орта білім беретін мектеп пен 50 балабақша бар. Соңғы бес жылда 15 мектеп, үш балабақша жөнделді. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы №2, 36, 39 мектептерге және №33 «Орленок» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сөйте тұра, облыс орталығындағы әлі де 13 мектеп, 15 балабақша күрделі жөндеуді талап етеді.

Биыл жөндеу басталған №36 мектепке бюджеттен 111 млн. теңге бөлінсе, №39 мектепке 107 млн., №33 балабақшаға 133 млн. теңге бөлінді, ал №2 мектепті жөндеуге «ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан 390 млн. теңге қаралып отыр. Аталған білім ордаларындағы құрылыс мерзімі келісімшартқа сәйкес алты ай болғанымен, мектептердегі жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жөнінде мердігерлерге талап қойып отырмыз. Құрылыс жұмыстарының қазіргі қарқыны көңілден шығады. Бұйырса, Білім күнін жаңарған мектептерде қарсы аламыз деген үміттеміз.

-Жақында еліміздегі ең ірі елді мекен, яки мегаполис Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне көңілі толмайтындығын айтып, бұл саланың жұмысын өзі қатаң бақылауға алатындығын мәлімдеді. Сіздің назарыңыздан бұл сектор тыс қалған жоқ па?

-Орал қаласында 105 пәтер иелері кооперативі жұмыс жасайды. Олардың жоспарлы жұмыстарын жүргізуі, тұрғындардан жиналған жарналардың мақсатты жұмсалуы, шығындар сметасын келісу, жылына бір рет тұрғындар алдында алдын ала бекітілген кестеге сәйкес есеп беруі қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қадағалауында. Сонымен қатар аталған бөлімнің тұрғындардан түскен өтініштер негізінде техникалық тексерістер жүргізіп, анықталған кемшілік-ақауларды жою туралы ұйғарым береді. Орал қалалық ТҮКШ бөлімі де елдің арыз-шағымы бойынша үйге дейінгі инженерлік желілермен жұмыстанады. Алайда ПИК-тердің жұмысы керемет деуге әлі ерте. Тұрғын үй қорын басқару саласына жасалған талдау халықтың төмен белсенділігі мен көрсетілген қызметтерге қарыздың қордаланып қалуы кооперативтердің жұмысына теріс әсер ететіндігін көрсетті. Мұндай жағдайлар кооператив пен тұрғындар арасында түсініспеушілік туғызады, ал кейбірінде төрағалардың жауапсыздығы жұмыс сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына бірнеше түзетулер енгізілген болатын. Осы заңның 6-бабына сәйкес, тұрғын үй қоры мен кондоминиум нысанын басқару пәтер иелері таңдап алған құрылым (орган) арқылы жүзеге асырылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес, кондоминиум нысанын басқару органының осы нысанда сервистік және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

Қазіргі таңда тұрғын үй инспекциясы бөлімімен әрбір үйде басқару құрылымын құру бойынша тұрғындармен түсіндіру жұ-мыстары жүргізілуде.

-Нариман Төреғалиұлы, Орал қалалық қоғамдық кеңесінің таяудағы отырысында кеңес мүшелерінің бірі тұр-мыстық қалдықтарды тауарға айналдыру жөнінде әңгіме қозғады. Бұл идеяға сіз өзіңіз де қызығушылық таныттыңыз. Осы бағытта нақты қозғалыс бар ма, әлде әзірше бәрі сөз жүзінде ғана ма?

-Орал қаласының бас жоспарына сәйкес облыс орталығының дамуы солтүстік-шығыс және оңтүстік-батысқа бағыт алмақ. Соңғы бағытта бүгінгі қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны орналасқан. Таяу келешекте, тіпті қазірдің өзінде ҚТҚ полигонына таяу маңға тұрғын үйлер, медицина, білім беру және мәдениет нысандары салынуда. Осы факторды әрі полигонның лықа толғанын ескерсек, жаңа полигон салу қажеттілігі айдан айқын. Осыған байланысты Зеленов ауданы аумағында қазіргі полигоннан 7 шақырым қашықтықта қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон салуға 70 гектар жер бөлінді.

ҚТҚ арналған жаңа полигон құрылысы бойынша техникалықэкономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Жаңа полигонның технико-экономикалық негіздемесін жасақтау барысында полигон құрылысының бірнеше нұсқасы қарастырылуда.

-Қоқысты сұрыптау кешенінің құрылысы, қоқыстар сұрыпталып, тығыздалып одан әрі қайтара өңдеуге жіберіледі. Сұрыптаудан қалған қоқыстар тығыздалып полигонда көміледі, ол қалдықтарды болашақта цемент зауыттарында қолданылатын балама отын ретінде қолдануға болады. Бұған қоса биологиялық қалдықтардан компост, яғни биологиялық ты-ңайтқыш өндіретін цех құрылысы да қарастырылған. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуде, қадеге жаратуда заманауи технологияны қолданатын қоршаған ортаны қорғау саласында тәжірибесі бар шетелдік инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы қазан айында Орал қаласының әкімдігінде Хорватияның «Техникс» компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. Атал-ған компания қоқыстарды 100% пайдаға асыру құрылғысын және коммуналдық қалдықтарды қайтадан кәдеге жарату технологиясын ұсынды. Ал биылғы ақпан айында финляндиялық «Doranova» компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. Үшбу фин компаниясының суды тазарту мен қоқыс өңдеу бойынша көп жылдық тәжірибесі бар.

«Doranova» компаниясының басшылығы ҚТҚ полигонын басқаруға алуға және Орал қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар жүйесін басқарып, жетілдіруге қатысты инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Финдер ұсынған жоба мынандай негізгі кезеңдерді қамтиды:

1. Полигонда биогазды өндіру қорын растау бойынша (іздеу жұмыстары) зерттеу жүргізу;

2. Биогазды жинау жүйесін жобалау;

3. Биогазды жинау жүйесінің құрылысы мен монтажы;

4. Сорғы станцияларын орнату;

5. Биогазды жағу жүйесі;

6. Жылу электрстанциясы.

Жобаның бірінші кезеңі - іздестіру жұмыстары полигондағы биогаздың мөлшері мен сапасы жайлы Еуропадағы тәуелсіз зертханалардың қажетті мәліметтері мен қорытындысын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу құны - 214 мың еуроны құрайды, 1 гектарға орташа есеппен 6,5 мың еуро. Өздеріңізге мәлім, энергия көздерін жаңғыртуды енгізу және қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату жүйесін жетілдіру Қазақстанда «жасыл» экономикаға иек артудың негізгі бағыты болып табылады. Бұл мәселе жан-жақты зерттеліп, талданғаннан кейін түбегейлі шешім қабылданатын болады.

-Қала маңындағы саяжайларға қатысты жер телімдерінің біразы бүгіндері иесіз қаңырап бос жатыр деп естиміз. Ендеше, саяжайлық жер телімдерін қалалық әкімдік тарапынан қайта қатаң есепке алып, бағбандықпен айналысуға ынталы оралдықтарға ұсынса, қалай болар еді?

-Орал қаласында 165 бау-бақша серіктестігі бар. Оларға тиесілі жалпы жер аумағы 3,8 мың гектарды құрайды.

ҚР Жер кодексінің 14-1-бабының 3-бөліміне сәйкес бос жатқан саяжай телімдерін анықтап, оларды есепке алу жергілікті атқарушы құрылымдардың құзыретінде. Соған сәйкес 2012-2016 жылдары 483 жер телімі иесіз жатқаны анықталып, 84 саяжай иелерінің өтініші бойынша есептен шығарылды. Сот арқылы 250 жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылып, саяжаймен айналысуға тілек білдірген азаматтарға берілді.

ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес меншік иесі жоқ немесе белгісіз, болмаса иесі бас тартқан мүлік иесіз деп танылады. Ондай жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлікті тіркеумен айналысатын мекеменің есебіне алынады. Иесіз ретінде тіркелгеннен кейін бір жыл өткен соң жергілікті атқарушы құрылым сот арқылы ол жерді коммуналдық меншікке алуға құқылы.

Орал қалалық жер қатынастары бөлімі осы бағытта жұмыстар жүргізуде. Қазіргі кезде бөлімде шамамен 500-дей жер теліміне қатысты материал бар, олардың иесі бойынша мәліметтер жинақтау үшін түрлі мемлекеттік құрылымдарға (органдарға) сұрау салынды. Сонымен қатар Орал қаласы әкімінің өкімімен бау-бақша серіктестігінен тыс жерлерді заңсыз иелену мен құрылыс жүргізуін болдырмау мақсатында жедел топ құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі мекемелердің өкілдері енді. Күні бүгінге дейін әлгіндей бағыттағы бірде-бір заңбұзушылық анықталған жоқ.

«Жергілікті салық жергілікті жұрттың игілігіне жұмсалуы тиіс» (А.Өтебәлі) - аудан әкімдерінің баспасөз мәслихатын бұл жолы Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов жалғастырды.

Әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші оның демографиялық дамуы дейтін болсақ, Жаңақала ауданының демографиялық көрсеткішімен мақтануға болады. Бүгінде ауданымызда 24 311 халық бар. Жыл сайын дүниеге келген сәбилер саны артып, түрлі себеппен қайтыс болып жатқандар саны азайып келеді. Ауданның табиғи өсімі 110 пайызды құрайды. Бұл өңірден сонау тоқырау жылдарында жұрт көшпеген, ырыздықтарын атамекендерінен тауып, барға қанағат қылып, малдарын өсіріп отыра берген. Керісінше, Жаңақала секілді құтты өңірге өзге жақтан көшіп келушілер көбейіп, сол жылдары аудандағы халық саны 5-6 мыңға артты.

Келесі негізгі көрсеткіштердің бірі - бұл бюджет көлемі. Ауданымыздың бюджет көлемі жыл өткен сайын өсе түсуде. Мысалы, 2015 жылғы бюджетке түсім мөлшері 528 миллион теңге болса, осы жылдың алты айында 304 млн. теңге бюджетке құйылды. Үш (3) миллиард теңгеге жуық ауданның жылдық бюджетінің 80 пайызын біз мемлекеттік бюджеттен аламыз, ал қалған 20 пайызы жергілікті жерден жиналған салықтан құралады. Сонда аудан бюджетін негізінен мемлекеттік қазынадан бөлінген қаражат толықтырып отыр. Меніңше, бұл дұрыс емес. Біз малды ауданбыз, уақыт өткен сайын мал басы өсіп, онымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны көбейе түсуде. Міне, біз осыны пайдаланып, жергілікті бюджетті осы шаруа қожалықтарынан және жеке аулада мал ұстайтындарға салық салу арқылы толықтыруымыз керек. Және жергілікті кәсіпкерлерден жиналған салық түсімі тек сол жердің тұрғындарының игілігіне жұмсалуы тиіс. Сонда ғана біздің бюджетіміз түзеледі. Бұл тәсілмен әжептәуір қаржы көзін жасақтауға болады, біз оны өз тәжірибемізден көріп отырмыз. Мысалы, 2015 жылғы 528 млн. теңге көлеміндегі аудан бюджеті кірісінің 2,5 миллион теңгесін ауданның шаруа қожалықтарына қатысты қаржылай төлем-түсім құрады. Бұл өте мардымсыз салық мөлшері. Яғни барлық түсімнің 0,46 пайызы ғана. Бұл, әрине, өте аз мөлшердегі қаражат, бірақ біз егер осыны заңдастырса, жергілікті шаруа қо-жалықтарынан тәп-тәуір қаражат жинауға болатынын дәлелдедік. Біз осыны үлкен басқосуларда үнемі айтып келеміз. Қазіргі кезде елімізде көптеген заңдарға өзгеріс енгізілуде, соның нәтижесінде ауылдық округтерге дербестік беріліп жатыр. Осы өзгерістерге байланысты ауылдық округтер өз бюджеттерін жасақтауы керек. Жаңағы біздің ұсынысымыз тап осы жерде тиімді. Өйткені тәжірибе көрсеткеніндей, ауылдық округ бюджетін ешқандай айыппұл немесе округ әкімдерінің өкілеттілігі толтыра алмайды. Сондықтан, менің ойымша, жергілікті қауымдастық, соның ішінде ауылдық округтер, жалпы атқарушы билік елдің малының саны көбеюі үшін, оның есебі түзелу үшін осы саладан бюджеттік түсімдерді алу жолын өзгертуі керек сияқты. Қысқасы, Бюджеттік кодекске өзгеріс енгізу керек. Біз ауылдардағы шаруа қожалықтарына 25 жыл бойы көмектестік. Бүгінде олардың барлығы аяқтарынан тұрып, өз беттерінше өмір сүре алатындай, табыс табатындай жағдайға жетті. Енді олар елдің дамуына, экономиканың өркендеуіне қызмет етуі керек. Осы себепті жаңағы айтқан шараға бару қажет деп есептеймін.

Жаңағы бюджеттің сыртында біздің ауданға даму бюджеті бойынша жыл санап, жақсы қаражат бөлініп келе жатқанын айта кеткім келеді. Мысалы, былтырдың өзінде 5 миллиард теңгенің көлемінде құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы алты айда 2 млрд. 560 млн. теңгенің шаруасы жасалып жатыр. Бұл - Чапай - Жаңақала - Сайқын жолының күрделі жөндеуі, коммуналдық 19 тұрғын үйдің құрылысы, Орақбаев атындағы орта мектептің жөндеу және тағы басқа нысандарды жөндеуге, құрылыс жұмыстарына қарастырылған мемлекет қаржысы.

Біздің аудан, негізінен, мал шаруашылығымен айналысады. 2 млн. гектардың үстінде жеріміз бар, бүгінде соның 60 пайызын пайдаланып отырмыз. Жалпы малдың өсімін білу үшін біз төрт түлікті шартты басқа айналдырып, екі жылмен салыстырдық. Сонда былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда мал басы алты пайызға өскен, яғни ауданымызда 91 мың 294 шартты мал басы бар. Бұлардың 60 пайызы шаруа қожалықтары мен серіктестіктерде, 40 пайызы жеке иелікте. Біздің болашақтағы мақсатымыз - қалай болғанда да ұйымдасқан шаруашылықтардағы мал санын көбейту. Біз қазіргі таңда осы бағыттағы түсіндіру, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудеміз. Ауданымызда ауылдың бір адамына шаққанда төрт шартты басқа дейін мал бар, бұл - облыстағы Бөкей ордасы ауданынан кейінгі көрсеткіш. Ауданымызда төрт түліктің саны өсу үстінде. Біздің аудан еділбай қойы мен көшім жылқысының отаны болып есептеледі. Кезінде республикамыздың Алтын кітабына жазылған еділбай қойы мен көшім жылқысын өсіру қазір де жалғасуда. Ауданда асыл тұқымды еділбай қойын өсірумен 3 шаруашылық, көшім жылқысын өсірумен үш шаруашылық, асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 15 шаруашылық айналысады.

Соңғы жылдары аудан шаруалары шетелдерден, алыс-жақын аудан, облыстардан асыл тұқымды ірі қара малын көптеп сатып алуда. Негізінен, біздің аудан ірі қара санын және жылқы санын көбейтуге күш салмақ. ХІХ ғасырдың соңында қазіргі Жаңақала ауданының аумағында 40 мың халық тұрған және жергілікті жұрттың 70 мың ірі қарасы, әрқайсысы 25 мыңнан жылқы мен түйесі, 200 мың қойы болған. Біз қалай болғанда да, ауданды осы көрсеткішке жеткізуіміз керек. Ал кешегі Кеңес дәуірінде совхоз болған кездегі көрсеткішті біз қазірдің өзінде қуып жеттік. Тек қой саны ғана аздап кемшіндеу, қал-ған көрсеткіштерге біз артығымен жеттік деп мақтанышпен айта аламын.

Енді асыл тұқымды малға келсек, бұл бағыттағы көрсеткішіміз облыстың басқа аудандарымен салыстырғанда жақсы, тіпті төрт түлік бойынша да. Мысалға айтар болсақ, 2012 жылы ауданға 94 бас асыл тұқымды мал сатып алынса, 2014-2015 жылдары 700 бастың үстінде ірі қара сатып алыппыз. Биылғы алты айда ауданға 450 бас асыл тұқымды ірі қара алынды. Тап осы жағдай қой және жылқы шаруашылығына да тән. Асыл тұқымды мал өсірген соң оны басқа жерлерге сату керек. Былтыр аудан 224 бас ірі қараны өзге аймаққа сатса, биылғы 6 айда 176 бас ірі қара сатыппыз. Жалпы, мал сату науқанының жаңа басталып жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін тағы біраз көтеріледі деп ойлаймын. Негізі, мал шаруашылығын дамыту үшін асыл тұқымды мал басының үлесі табында 30 пайыздан кем болмауы керек. Біздің мақсатымыз - болашақта аудандағы асыл тұқымды мал басын осы көрсеткішке жеткізу. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының мал басын өсіруге септігі көп. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасын 132 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасын 175 пайызға, «Құлан» бағдарламасын 141 пайызға орындадық. Биыл жоспарды тағы да асыра беріп отырмыз, мұны да орындайтынымызға сенемін. Бірақ, менің ойымша, мұндай қаржыны бізден гөрі мал басы аз аудандарға беру керек, өйткені мал басын өсіруде олар қаржылай қолдауға мұқтаж. Малды тек қана Нарынға ғана толтыра бермей, басқа да аудан-дардың мал басын көбейтуіне мүмкіншілік берген дұрыс.

Ал енді «Агробизнес - 2020» бағдарламасына келер болсақ, бұл бағдарлама бойынша үш шебер жоспар аясында ауданымызда 11 жоба жүзеге асырылуда. Осы жоспарлы жұмыстардың арқасында жыл өткен сайын мемлекеттен алып отырған демеуқаржы (субсидия) көмегін алып отырғандар саны артып келеді. Мысалы, былтыр жарты миллиардқа жуық қаржы алыппыз. Бұл, әрине, шаруашылықтың дамуына үлкен ықпалын тигізуде. Тағы бір айта кететін нәрсе, ауданымыз ауыл шаруашылығы техникасын көптеп сатып алуда. Аталған көрсеткіш бойынша біз облыс бойынша алдыңғы орындамыз. Күні бүгін ауданда 70% техника жаңартылды. Соңғы төрт жылда 270 дана техника сатып алынды. Ауданның ауыл шаруашылығының дамуы жоғарыдан үш өзеннен келетін суға байланысты. Биыл Жайықтан суды жақсы алдық әрі биыл жаңбыр да жақсы жауып тұр. Сондықтан былтырғымен салыстырғанда биыл жағдайымыз әжептәуір жақсы. Шөп шабуды бастағанымызға 1 ай болды, қазірдің өзінде шаруалар шөптің 70 пайызын дайындап алды. Биыл шөптің екі жылдық қорын жинап алу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізудеміз. Кез келген шаруашылық суға тәуелді. Сондықтан су мәселесі қашан да басты назарда болуы тиіс. Оның үстіне Елбасының бұрынғы көлтабандарды сумен қамту жөнінде тапсырмасы да бар.

Осыған орай жақында ауданымызға келген облыс әкімі Алтай Көлгінов су мәселесін шешуге бағытталған тапсырмалар берді.

Осы мақсатқа тиісті қаражат бөлінуде, бұйырса, бұл мәселе жуық арада шешілетін шығар.

Кәсіпкерлік - экономиканы жандандыратын маңызды фактор. Ауданымызда кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік нысандарда жұмыс істейтіндердің саны, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардан бюджетке түсетін салық көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. Мемлекет қолдауының арқасында жаңа нысандар көптеп ашылуда. Соңғы төрт жыл ішінде аудан тұрғындары өздерінің жеке кәсібін жүргізу үшін 2 миллиард 839 миллион теңге несие алды. Бұл да халықтың әлеуетінің жоғары-лағанын көрсетеді. Осы атқарылған шаруалар мен мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асыру нәтижесінде ауданымызда жұмыссыздар саны төмендеп, әлеуметтік жәрдемақы алатындар да азайды, - деген Лавр Рашидұлы бұдан әрі аудандағы білім, денсаулық және мәдениет саласында атқарылып жатқан оңды істер жайлы әңгімеледі.

Жиын соңында аудан басшысы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

«Орал өңірі» газетінің 30 шілде күнгі саны жәнібектік журналист Н.Жапақовтың «Қазпоштаға» оқырмандар неге өкпелі?..» деген мақаласымен ашылған.

Былайғы кезде мерзімді басылымдарға жазылған қайсыбір оқырманнан сұрасаңыз: «Газет-журнал уақытында қолға тимейді» деп жатады. Бір апарғанда бірнеше нөмірді теңдеп жеткізе салу көз үйренген жағдайға айналғалы қашан. Бұл мәселе жайында бірнеше рет жазылды да. Алайда еш нәтиже шықпай тұр. Мәселен, биылғы жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді басылымға жазылғандардың газет-журналдарын уақытында алуы мұңға айналып, бұл жағдайды, әсіресе, аудан орталығындағы тұрғындар басынан өткеруде.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова биыл екінші жартыжылдықта тұрғындарға 2441 дана басылым тарап, баспасөзге жазылу науқаны ұйымшылдықпен өткізілгенін, бірақ пошта тасымалына байланысты жұртшылық тарапынан наразылық көп екенін айтады.

- Бізге телефон арқылы шағым жиі түседі, - дейді ол. - Күні бүгін аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, су шаруашылығы мекемесі және А. Оразбаева атындағы негізгі мектеп басшылары шілде айынан бері басылымдардың дұрыс келмейтініне шағымданды. Сондай-ақ еңбек ардагері Карл Ма-қашев соңғы кезде жазылған мерзімді баспасөз өнімдерінің тым кешігіп жеткізілетініне өкпелі.  Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлмира Есниязова өзі тұратын Ғ. Қараш атындағы көшеге газеттің уақытында жеткізілмейтінін, мекенжайына мамыр айынан басылымдардың бармағанын, аудандық пошта мекемесінің басшысына бұл туралы шағымданғанда, түрлі сылтауларды желеу еткенін баяндады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары да бізге биылғы «Егемен Қазақстан», «Орал өңірі» газеттері тігінділерінің ең соңғы саны 21 маусымдағы датамен шектеліп қалғанын көрсетті.

А. Оразбаева атындағы негізгі мектепке барғанымызда, мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы, аталмыш оқу орнының психологі Мөлдір Шалғынбаева биыл екінші жартыжылдыққа өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне жазылғандығын, дегенмен оның уақытында үйіне келмейтінін мәлім етті.

-Пошта тасушы 18 шілде күні осы газетті бір буда етіп әкеліп тастады. Газеттің 18 күн кешігіп қолыма тигеніне өкпелімін. Сонда жарты айдан астам уақыт кешіккен ақпараттың маңызы кетіп қалмай ма?.. Жаңалықты дер кезінде оқығанға не жетсін, - дейді ол. Сол сияқты Жәнібек ауылының тұрғыны Сырымбек Мүсәлімұлы жеті айдан бері үйіне жазылған газеттің мерзімінде жеткізілмейтінін, жеткізілген күнде де сандарының түгел келмейтініне наразы екендігін білдірді.

-Газет келмегесін бір рет поштаға барып, өзім алдым бір бума етіп. Екі-үш күннен соң пошта тасушы сол алған нөмірлерімді қайтадан үйге әкеліп тұр. Мұның өзі пошта мекемесінде басылымның есебі дұрыс жүргізілмейтінін айғақтайды, - деді абонент өз сөзінде.

Пошта таситындар «Қазпошта» АҚ-ның Жәнібек аудандық пошта байланыс торабында тұрақтап жұмыс істемейді. Еңбек биржасында жұмыссыздар есебінде тұрғандар пошта тасушылық қызметке жіберілгенмен, осында түпкілікті қалып жұмыс істейтіндері тым сирек. Бұл тұрғыда, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Зухра Дәулетшинамен сөйлескенімізде, ол аудандық пошта мекемесінде пошта тасушының бос орнына ағымдағы жылғы 23 ақпаннан жұмыссыздар есебіндегі Алмагүл Хамзина мен Нұрсұлу Сәрсенғалиеваны, 4 наурыздан Балауса Ахметәлиеваны жолдағанын мәлімдеді.

-Олардың Н. Сәрсенғалиевадан басқасы бір ай істемей жатып жұмыстарымен қоштасты. Мұның кілтипаны аталмыш мекеме әкімшілігінің оларды уақытша жұмысқа қабылдап, бір ай сынақ мерзімінде тегін жұмыс істетуіне байланысты болса керек деп ойлаймын, - дейді бас маман. Ал пошта тасушылық қызмет атқарған Нұрсұлу Сәрсенғалиева аудандық пошта мекемесі басшысының құзыретімен бір ай «сынақ мерзімінде» жұмыс істеп, ақшасын төлемегесін, аудандық прокуратураға шағымданған.

-Жазған арызымды прокуратура қарап, тексеріп, нәтижесінде бір айлық ақшамды пошта мекемесінен өндіріп алдым, - деді арызданушы үйіне барып онымен тілдескенімізде.

Мерзімді басылым тасымалының жай-күйін тұрғындардың аузынан естіген соң «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық байланыс торабына келдік. Аталмыш мекеменің басшысы еңбек демалысында болып шықты. Басшының міндетін уақытша атқарушы, осы мекеменің бас маманы Аида Исқақова газет-журнал тасымалында бүгінгі таңда аудан орталығы бойынша екі адамның жұмыс істейтінін, бір орынның бос тұрғанын айтты.

-Биржа арқылы жұмысқа келгендер мұнда күні ұзақ жұмыс істегісі келмей, "20 мың теңгені көше тазалап жүріп-ақ аламыз" дейді. Келгендерінің өзі поштаны дұрыс тасымағасын тұрғындар телефон арқылы бізге шағым айтады, - дейді ол. «Сіздің мекемеде пошта тасушылармен еңбек шарты жасала ма, сондай-ақ пошташылардың бір ай сынақ мерзімінде тегін жұмыс істеуінің мән-жайын нақты түсіндіріңізші» деген сауалымызға бұл қызметке жаңадан кіріскен бас маман: «Оны басшымыз біледі», - деді.

«Ал оқырмандар «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының басылымдарды таратудағы кемшіліктердің салдарынан дер кезінде ақпаратқа, мазмұнды материалдарға қанық бола алмауда. Мұның шегі болар ма екен?..», деп автор орынды сауал қояды.  

«Бас  хатшымен  кездесті» - «Егемен-ақпараттан» алынған хабарда Шанхай ынтымақтастық ұйымында Қазақстан Республикасы төрағалығының басымдықтары талқыланғаны айтылған.

Осыған байланысты Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар осы жылғы маусымда ШЫҰ саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген 2016-2017 жылдардағы Қазақстанның төрағалығының басымдылықтарын ілгерілету жолдарын талқылады. Ұйымдағы Қазақстанның төраға-лығы аясындағы негізгі іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-сессиясының «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзара әрекет ету» қарарын дайындау және қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. 2017 жылғы маусымда Астанада өткізу жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын жоспарлы және жүйелі дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығының бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ш. Нұрышев сұхбатында "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы хабардар етті және алдағы іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. Кездесу соңында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан төрағалығы Ұйымның қызметін айтарлықтай белсендіруге және оның халықаралық аренадағы рөлі мен орнын жоғарылатуға ықпал ететініне және Астанада алдағы ШЫҰ саммиті сәтті өтетініне сенім білдірді.

Газет тілшісі Л.Шағатай «Кеңдаланың»  «Мичурині» деген мақаласында «Оралдың «Кеңдала» шағынауданындағы Мұрат Мөңкеұлы көшесінде ауласы жасыл желекке толы жалғыз үйге» сапар шегеді. Әлгі жасыл желегіңіз, тал-теректер емес, әр түрлі жеміс ағаштары. Бұл үйдің жанынан өткен кез келген жаяу жүргінші шарбақтың іші-сыртында жайқалған ағаштарға тамсанбай, уылжып тұрған жемістеріне көз салмай өткен емес. Жері саз, топырағы құнарсыз әрі суы жоқ жерге осыншама жасыл желекті баптап өсірген бағбанның ісіне сырттай ырза болып жүруші едім. Жақында танысудың да сәті түсті.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»

-2012 жылы осы жерге көшіп келіп, үйдің қоршауы бітпей тұрып жас көшеттер отырғыза бастадым. Алманың «башкирская красавица», «малиновка», «солнце дар», «пеструшка» дейтін сегіз түрінен тоғыз ағаш, бір алмұрт, 19 түп сары өріктің (абрикос) ташкенттік және жергі-лікті, шиенің талды (черешня), бұталы (войлочный) және қытайлық түрлері, шабдалының «некторин» деген түрі бар. Бүгінде бәрі кісі бойынан асып, аула ішіне көрік беріп тұр. Ағаштарымның алды жеміс бере бастады. Өнімдері де жаман емес. Бәрін де ғылыми негізге сүйеніп ектім. Бұдан бөлек таңқурай, қара қарақат (смородина), тікенді қарлыған (крыжовник) бар, - деп сөз бастаған Ермек Абдуловтың ешқандай агро-номдық мамандығы жоқ болып шықты. Жаңақала ауданының Қызылоба ауылында туып-өскен ол ұзақ жыл бойы Е. Орақбаев атындағы орта мектепте әскерге дейінгі дайындық пәнінен сабақ берген. Бір қызығы, бағбандыққа ден қоюға жездесінің бірауыз сөзі ықпал етіпті.

-Қалада тұратын апа-жездемнің саяжайындағы жеміс ағаштары жақсы өнім беретін. Сол өнімнен біз де «ауыз тиіп үлгереміз». Бір күні жездем: «Біз саған қашанғы тасимыз, өзің ексең қайтеді, ауылда малдың қиы мен көңі тегін ғой» деп ақыл айтты. Ойлап қарасам, ауылда кәсіптің бұл түрін ешкім қолға ала қоймаған кез еді, тәуекелге бел будым. Алғашқыда екі түп алма ағашын ектім. Содан қызығушылығым оянып, бағбаншылық бағытындағы түрлі газет-журналдарға жазыла бастадым. Украинада шығатын журналдар арқылы алыстағы бағбандармен хат алысып, оқыған-тоқығандарымнан ғылыми негізде тәжірибе жинақтай бастадым. Енді көшеттерді жәй ғана емес, ғылыми тұрғыда егуді қолға алып, соңында 80 түп жеміс ағашына дейін жеткіздім. Алғашында шиенің «московская растунья», «саратовская расплетка», «карлыковая» және қытайлық түрлерін еккен едім.

-Сайып келгенде, мәскеулік сұрпының биіктігі 6-7 метрге дейін жетеді екен де, оның ұшындағы өнімді жинау қиынға соғып, ақыры оны бақшамнан құрттым. Ал «карлыковая» жақсы гүлдегенімен, өнімі аз, оның да көзін жойдым. Тек сарытаулық және бұталы шиені ғана қалдырдым. Бұталы шиенің бір жақсы қасиеті жердің астын қуалап тарамайды, қай жерге ектің сол жерге шығады. Бірақ «өмірі» қысқа, 5-6 жылдық. Жемісі өте дәмді, сусындар мен тосап қайнатуға секер аз кетеді. Ауылдағы жерімнің кең болғаны сонша шырғанақ (облепиха), ранетка (алманың ұсақ түрі), қара өрік (слива) пен сары өрік (абрикос), алманың бірнеше түріне де орын табылып, тіпті бақша да салдым. Жеміс ағаштарына түрлі екпелерді өзім жасап, бірнеше сұрыптарын қолдан өзім шығаратынмын. Жазғы маусымда шиеден 30-35 шелек өнім жинайтынбыз. Ал алма ағаштары тонналап түсім береді, сусын мен тосап қайнатудан артылғанын кептіреміз, одан қалғанын сатамыз. Көрші-көлем, тамыр-таныс, туматуыс үйге келіп, қапшықтап тиеп кетеді. Тіпті жаз бойы қорадағы малды алмамен асырап шығушы едік. Оның бір пайдасы наурыз айында төлдеген бұзауды қыс түсе сойғанда, 100 келіден артық ет беруші еді. Соғымның семіздігін көргенде, жұрттың бәрінің есі кететін. Одан бөлек бақшамызда асқабақ, картоп, қызанақтың өзін 250-300 түп егіп, тек бау-бақшадан маусымына 70-80 мың теңге пайда түсіреміз. Бір қызық айтайын, ауылдағы жұрт қияр мен қызанақты «құралай» өткесін, яғни 25 мамырдан кейін еге бастайды, ал біз ол уақытта өнім жинаймыз. Себебі қолдан кішкене жылыжай жасап, ақпан айынан бастап көшет әзірлеп, үйдің ішіне егемін. Қызанақтарым сыртқа шыққанша гүлдеп барады, маусымның 15-20-ларына қарай пісе бастайды. Қыркүйектің 5-і күні күздің алғашқы салқыны (заморзка) сезіледі, соның қарсаңында ауылдың халқына жариялап, өнімді жинап алуға шақырамын. Содан бәрі қаптарын арқалап, тегін жинап кететін еді.

Әйтеуір, отбасымызбен жаз бойы бір тыным таппаймыз, содан шығар, ауылдастарымның бәрі мені «Қазақтың Мичурині» деп атап кетті, - деген Ермек ағайдың жүзінен өткен күндерге деген сағыныш байқағандай болдым.

Өкінішке орай, соңғы кездері денсаулығы сыр берген қария отбасымен қалаға көшуге бел буыпты. Үйді өз бағасына сатса да, қаншама жыл баптап, аялап, мәпелеп өсірген ағаштары үшін бірде-бір артық тиын сұрамапты. Тек «Ағаштарыма тимеңдер, сындырмаңдар» деген ғана өтініш айтыпты!

Көшеттерді тегін таратамын

Үйге келген кісілердің бәрі «Жері құнарсыз, топырағы саз, суы жоқ жерге жеміс ағаштарын егіп, үш жылда төрт метрге жеткізіп, жеміс алудың сыры неде?» деп таңғалысып сұрап жатады. Сонда мен: «Ол үшін күнмен таласып ерте тұрып, әр ағашпен амандасып, құшақтап, «Айналайын, өссейші, сен жақсысың ғой, жеміс берсеңші деп сылап-сипап өбемін» десем, ешкім сенбейді. Бірақ расымен де күндегі әдетім солай. Әр терегіме бала-келіндерімнің, немере-жиендерімнің атын қойдым. Мұндағы мақсат балалар әрқайсысы өз талдарын күтіп, баптасын, еңбекке үйренсін дегенім. Тіпті әр еккен ағашымның сызбасын сызып, қай жерде қандай ағаш егілгенін жазып қоямын.

Кеңес сұрап келетіндер өте көп. Иә, қалалық жерде күбір деген атымен жоқ. Ол үшін көк шөптерді жұлып, жинап, суға салып борсытып, тауықтың саңғырығын қосып үш-төрт күн ұстау керек. Жас көшеттің бой алып, тез өсуіне, топырақтың құнарлығын арттыруға қоспаның пайдасы мол. Шарбақтың сыртында 14 түп сары өріктің алды жеміс беруде. Біреулер «Мұны неге қоршамайсыз, бөтен адам теріп, жеп кетсе қайтесіз?» деп айтып жатады. Ал мен үшін ол маңызды емес, ең бастысы, терегімді сындырмаса болды. Ұяты бар адам бір-екеуін жұлып жер, етегін толтырып, шелекпен теріп кетпес деймін. Бір айтарым, бау-бақша еккен жерге шөп өспеу керек. Шөп ішінде жыбырлаған зиянкесі, оның жемістерге тигізетін кесірі көп болады. Соңғы жылдары көршілерім маған еліктеп ағаш отырғыза бастады. Көмегім болсын деп көктем мен күзде айналамдағы сұраушыларға жас көшеттерді тегін таратып беремін. Керек болса, егуге де көмектесемін.

Өйткені ауламыздың ауасы тазарып, айналамыздың жасыл желекке бөленіп тұрғаны тамаша емес пе?!

«Қызылобаның картобы Айдарханның қауынынан асып түсті»

-1988-89 жылдары мектепте қызмет жасай жүріп, 10 гектар жерге оқушылармен картоп ектік. Кетпенмен суарған сол жыл-ғы өнім күшті болды. Облыс орталығынан басшылар келіп, картобымызды мақтап, артынша «Пионерский правданың» тілшілері газетке шығарып, беделіміз едәуір көтеріліп қалған еді. Қазан айында аудан орталығындағы жәрмеңкеге қатысатын болып, өнімімізді апардық. Қызығы сол, картоптың әрқайсысы тәрелкенің үлкендігіндей болғаны сонша атақты Айдарханның қауынынан үлкен болып шықты. Бәлкім, қазан айына дейін ірілерін сатып жіберіп, жәрмеңкеге масақтары қалған шығар, жағдай солай болды. Әйтеуір, сол кезде ел ішінде «Қызылобаның картобы Айдарханның қауынынан асып түсті» деген әңгіме көпке дейін айтылып жүрді.

«Сегіз  қырлы, бір  сырлы»

Бағбандықтың бейнеті мен зейнетін қатар көріп келе жатқан Ермек Төлеуғалиұлы 70 жасты алқымдаса да, әлі тың көрінеді. Тек қыста инсульт соғып, аздап шаруадан қалған түрі бар. Бірақ «Мен ауырдым, маған жұмыс жасауға болмайды» деп үйінде жатқан ағайды көрмедік. Ылғи да кетпенін ұстап, бау-бақшасын баптап жүргеніне куә боламыз.

-Маған дәрігерлер бір жылға дейін ауыр жұмыс жасауға, еңкеюге болмайды деген. Алайда ағаштарымды суармасам, артық шөптерін жұлмасам, бір күн де артық өмір сүре алмайтынымды білемін, осының арқасында тәуір болдым. Жұмысымды жұбаныш қыламын. Ренжісем де осы жерге келемін, - дейді ақсақал өзі егіп, өзі күн сайын сәбидей мәпелеп жүрген  жеміс  ағаштарын  құшақтап.

Иә, зайыбы Бәтима апай екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, бүгінде немере-жиеннің қызығына бөленіп отырған жәйі бар. Ермек ақсақал тек ағаш егумен ғана айналыспайды, ағаштан ою ойып, шаруашылыққа қажетті барлық құрал-саймандарды өзі жасайды.

«Яғни әрі суретші, әрі безендіруші. Баян аспабында бір кісідей ойнап, өлең жазады. Сынық салатын, емшілік қасиеті де бар. Кезінде жаздырып алған газет-журналдардың барлығын біріктіріп, екі үлкен кітап құрапты. Бүгінде шежіре таратып, бата шығарып, немерелеріне жаттатып жүрген ақсақалға зор денсаулық тілейміз. Ақсақал аман болса, әлі де талай жеміс ағашы егіліп, көшенің сәніне айналары сөзсіз. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз, сірә, осындайдан қалса керек-ті», деп түйіндейді автор өз мақаласын.

Г.Жолдығали «Иван  Купала  мерекесі» туралы жария еткен.

Оралдағы мәдениет және демалыс саябағында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және «Грамада» белорус этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Иван Купала атты мерекелік шара өткен.   

Мерекеге қала әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат Ұлттық комиссиясы  төрайымының орынбасары Елена Тарасенко, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов қатысты. «Этнос күндері» аясында өт-кізілген шарада «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы Вячеслав Беляев жиылғандарды мерекемен құттықтады. Еліміздегі ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолында әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін насихаттауды мақсат еткен шара қызықты сәттерге толы болды.

Иван Купала - Шығыс және Батыс славяндардың мерекесі. Бұл жазғы түн сиқырлы қасиеттерге толы, ең қуатты түн болып саналады. От, су және шөп бұл түннің басты күштері болып есептеледі. Мерекелік шарада алау жағылып, салт-дәстүрге негізделген ойындар ойналды. Жиылғандар ән шырқап, би биледі. Ертегі кейіпкерлері де осы мерекеден табылып, шара өте әсерлі өтті.

 

Соңғы жаңалықтар