Әкімдерге ауылды дамытуға жеке инвестиция тартуды жеделдету жүктелді

«Біріншіден, Ұлттық экономика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл – ел бесігі» шеңберіндегі барлық жобаны сапалы әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, республикалық және жергілікті бюджеттерден «Ауыл – ел бесігі» жобасын барынша қаржыландыру мәселесін пысықтасын. Бұл ретте, арнайы назарды шекаралас орналасқан ауылдардың дамуына аудару керек», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы мәлімдегендей, өңір әкімдері ауылдарды дамыту үшін жеке инвестициялар тарту жұмысын жеделдетуі тиіс.
«Төртіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қажетті шараларды қолдансын және ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етсін», - деді ол.