Әкімдік Астанадағы жаңа ЖЭО неге биыл іске қосылмай қалғанын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімдігі елордадағы жаңа тұрғын үйлердің жылу мәселесін шешу үшін салынып жатқан №3 жылу электр орталығы неге биыл іске қосылмай қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«№3 жылу электр орталығының құрылысына жауапты мердігер ұйым – «Центрказэнергомонтаж» акционерлік қоғамы. Ол ұйымға қатысты наразылық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы –83%. Нысанда 255 адам жұмыс істейді. Су жылыту қазандығы мен бірінші деңгейдегі насоста, қуаты 110 кВ болатын ашық жылутаратқыш қондырғыда, су айыратын қондырғыда және электр сүзгілерде жұмыс жүріп жатыр», - деп жазылған қалалық жанармай-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.
Сондайқ-ақ, әкімдік аталған ЖЭО-ны іске қосу неліктен 2023-2024 жылдарға қалдырылғанын түсіндірді. Басты себебі іргелес елдердегі геосаяси жағдай болып оытрған көрінеді. Нақтырақ айтсақ, логистиканың қиындауы мен валюта бағамының құбылмалылығы құрылысқа қажет жабдықтар мен материалдардың тасымалын кешіктірген.
«Сондай-ақ мердігер ұйым №3 жылу-электр орталығына қосылуға тиіс нысандардағы жұмысты кестеден 4 айға кешіктіріп жатыр», - делінген ресми жауапта.
Әкімдік мәліметі бойныша, аталған жобаның жалпы құны – 122 млрд теңге. Оның 86,1 млрд теңгесі игерілген. Биыл жобаны іске асыруға 29,4 млрд теңге бөлініп, 9 млрд теңгесі игерілген. Келесі жылы республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге тағы бөлінеді.