02:40, 05 Маусым 2016 | GMT +5
Әкімдікке сөзі өтпеген екі аяғы сал қария өз қолымен жиектасты шағып, мүгедекарба өтетін жол ашып алды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярск қаласында екі аяғынан сал болып қалған зейнеткер бірнеше сағат тізерлеп отырып, жол шетіндегі жиектасты балғамен шағып, арба өтетін жол жасап шықты. Зейнеткердің айтуынша, ол 2013 жылдан бері қалалық әкімдіктен ауруханаға кірер жерде пандус орнатып берулерін сұрап келген. Алайда еш жауап болмаған, деп хабарланды Красноярск телекомпаниясының сайтында.

Қарияның есімі - Владимир Журат. Ол 20 жылдан бері арбаға таңылған. Қос аяғы және оң қолының бір бөлігінен жан кеткен зейнеткер күнара шаһардың Тотмина көшесіндегі ауруханаға келіп тұруы керек. Бірақ, әр келген сайын жол шетіндегі биік қойылған жиектас оған бөгет болған да тұрған.
«Осы көшемен жүру мүмкін емес. Еш жерде пандус жоқ. Бұлай бола ма? Бұл деген бізді, мүмкіндігі шектеулі жандарды, мазақ ету ғой», - дейді Владимир Журат.