Әкімдіктер иесіз жануарларға арналған орталықтар салуға жеткілікті қаражат бөлмейді - Экология министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова өңірлік әкімдіктер иесіз жануарларды уақытша ұстауға арналған пункттерді салуға жеткілікті қаражат бөлмейтінін мәлімдеді.
None

Министрдің айтуынша, елімізде тек 4 мемлекеттік орталық жұмыс істейді. Ал жалпы республика бойынша жануарларға арналған 69 осындай үй-жай салу қажет.

«Біз заңнамадағы олқылықтарды жетілдіру бойынша зооқорғау ұйымдарымен тығыз жұмыс істейміз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты. Атап айтқанда, қаңғыбас иттер мәселесін көтіріп, қаражат пен инфрақұрылымды жетілдіруді сұрады. Олар бүгінде орталықтар мен уақытша ұстау пункттерін салуға жеткілікті қаражат салынбағанын айтып жатыр», - деп мәлім етті министр Зүлфия Сүлейменова.

Оның айтуынша, бұған қоса әкімдіктер қажетті инфрақұрылымды құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізбейді.


Соңғы жаңалықтар