Әкімдіктер заңдастыру өтінімдерін дер уақытында қарамай отыр - Б.Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдіктер заңдастыру өтінімдерін дер уақытында қарамай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Министр өз сөзінде бірқатар өңірде, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында заңдастыру  жұмыстарының төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты.  Осы ретте ол жергілікті атқарушы органдарды мұндай төмендеудің себептерін анықтау үшін қосымша сараптама жасауға шақырды.

«Заңдастыруға жататын нысандардың болмауына байланысты халық тарабынан сұраныс төмендеді не болмаса әсіресе шалғай жерлердегі халық жеткілікті деңгейде ақпарат алмаған», - деп қосты ол.

Сонымен қатар Б.Сұлтанов комиссия тарабынан  заңдастыруға берілген өтініштердің дер уақытында қаралмайтындығын атап өтті. Ақпан-наурыз айларындағы отырыстарда бірқатар өңірге ескерту жасалғанын еске салды,

«Дегенмен, Астана қаласының әкімдігі мамыр айының қорытындысында мұндай фактілерге тағы да жол беріп отыр. Дер уақытында қаралмаған өтінімдердегі мүліктердің жалпы құны 5 млрд. теңгеге жуықтайды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар