Әкімнің есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныс-тілектер орындалуда - Павлодар

ПАВЛОДАР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімі Бақытжан Жоламановтың есеп беру кездесулерінде халық тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер өз шешімін тауып жатыр. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңесте айтылды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Ленинский кентінің әкімі Жеңіс Әбікен, тұрғындар тарапынан айтылған барлық ескертулердің ескерілгенін: Даңқ обелискі жөндеуден өткізіліп, екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталғанын, тағы үш көшеге жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізілетінін баян етті.

Ал Кенжекөл ауылында, демеушілік көмектің есебінен, «Азат етуші жауынгер» обелискі қалпына келтірілді, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің есімдері жазылған ескерткіш тақта орнатылды, мүгедектер балаларды медициналық мекемелерге тасу үшін екінші автобус сатып алынды.

Мойылды ауылында жолдар жөнделіп, тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі шешімін тапты.

Әкім Б.Жоламанов, қала тұрғындарының барлық ескертулері мен ұсыныстары тұрақты бақылауда екенін және олардың орындалуы керек екенін тағы да еске салды.

Соңғы жаңалықтар