Әкімшілік әділеттік жазалау емес - құқық қорғау институты болып табылады - Б.Бекназаров

Бұл пікірін бүгін Астанада шетелдік тәжірибеге сүйеніп, Қазақстан Республикасында әкімшілік әділетті жаңарту мәселелері талқыланған халықаралық концеренцияда ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.
Конференция ТМД және Еуропа елдерінің беделді халықаралық сарапшыларының қатысуымен өтті. «Нақты конституциялық құқық» деп сипаттауға болатын әкімшілік құқық басқалармен қатар, экономикалық климатты жақсартуда елеулі рөл атқарады. Мамандандырылған білікті және тәуелсіз әкімшілік әділеттің болуы, халықаралық инвесторларға іс-қимылдардың бастауы болып табылады. Бұл көрсеткіш - инвестицияларды қорғаудың айғағы.
«Германияның әкімшілік құқық, әкімшілік рәсімдер және әкімшілік соттар салаларында жүздеген жылдар бойғы жинақталған тәжірибесі бар. Германдық әкімшілік құқық және әкімшілік сот ісін жүргізу салалары мемлекет қызметінің барлық бағытын қамтып отыр. Бұл қызмет өте ауқымды болғандықтан, әкімшілік соттар жауапкершілігі көптеген мәселелерді қарастырады. Мысалға, тексерулерден бастап, коммуналдық даулар бойынша шешімдерді шығару, құрылыс құқықтарына арналған мәселелер, экология, көпшілік биліктің классикалық міндетіне жататын талаптар бойынша шешімдерді қабылдауға дейінгі мәселелер енген», - деді Б.Бекназаров.
Жоғарғы сот төрағасы атап көрсеткендей, Германияда сондай-ақ әкімшілік соттылық міндеттер жоғары білікті судьялармен шешілуіне аса жоғары мән беріледі. «Себебі, әкімшілік құқық саласында азамат мемлекетке қарсы шығатын даулар туындап жатады. Сондықтан, судьялардың шешімдері мемлекеттік органдардың қызметі елдің құқығына және оның негізгі Заңына сәйкес келуіне ықпал етуі тиіс. Әкімшілік соттар, осылайша қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық тәртіпке сай мемлекеттің қызметін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтық тәртіпке және мемлекетке деген сенімін арттырады. Бұл өз кезегінде, қоғамның тұрақтылығына септігін тигізбек», - деді ол.
Б.Бекназаровтың айтуынша, әлемдік тәжірибе әкімшілік соттар бұқаралық дуларда әкімшілік жазаларды салуды емес, оларды шешуді мақсат етеді. Себебі, әкімшілік әділеттік жазалау емес - құқық қорғау институты болып табылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта еуропалық стандарттарға сай келетін әкімшілік әділеттік жоқ. Бұқаралық-құқықтық дауларды қарастыру кеңестік үлгі бойынша азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша жүргізіліп жатыр. Ал құрылған әкімшілік соттар бұл уақытта, негізінен, әкімшілік құқықтың орнына әкімшілік құқықбұзушылықтармен айналысуда.