Акис Вавалис «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM - «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері Акис Вавалис қызметінен кетті.

Акис Вавалис
Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

- Келісімшарт бас бапкердің бастамасымен отбасылық жағдайға және отанына қайту қажеттілігіне байланысты бұзылды. Біз Акиске командада атқарған жұмысы үшін, Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалғаны үшін, Лига Кубогының финалына шыққаны үшін алғыс айтамыз. Оған алдағы мансабына сәттілік тілейміз,- деп жазылған хабарламада. 

«Жеңіс» биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде бес ұпаймен оныншы орында келеді.

Акис Вавалис елордалық команда тізгінін 2024 жылдың мамыр айында ұстаған еді. Ол бапкерлік мансабын 2011 жылы Грекия суперлигасында «Пансерраикос» клубы бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады. 

Одан кейін грекиялық бірқатар командаларда еңбек етті. Сондай-ақ, швециялық «Васалундс», болгариялық «Крумовград» командаларының бас бапкері болды.

Бұдан бұрын ол Косово суперлигасында ойнайтын «Дрита» клубының тізгінін ұстады. Команда аиалған маманның жетекшілігімен 16 матч ойнады. Чемпионатта кездесу және УЕФА

Конференция лигасының іріктеу кезеңінде 2 ойын өткізді. Нәтижесінде 7 мәрте жеңіске жетіп, 4-де тең түссе, 3-де жеңіліс тапты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Премьер-лигада бірқатар команда бас бапкерлері қызметінен кетті.

Олардың қатарында Константин Горовенко «Атырау», Игорь Леонов «Ақтөбе», Александр Бразевич «Қызылжар» клубтарымен қош айтысты.

Соңғы жаңалықтар