Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкері пара алу үстінде қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы С. есімді азамат пара алып жатқан кезінде қолға түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Лауазымды қызметкер Ақкөл қаласынан жер телімін сатып алуға көмектесуге уәде етіп, ол қызметіне Ш.есімді кәсіпкерден 30 мың теңге өтемақы сұраған. Жемқор сол ақшаның алғашқы жартысын алу кезінде айғақты дәлелдермен құрықталды. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 311-ші бабы 4-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар