Ақкөл ауданы егін жинауға дайын - Ақмола облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысы Ақкөл ауданында 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 84 шаруа қожалығы 123,7 мың га дәнді және дәндібұршақ ауылшаруашылық дақылдарын жинауы тиіс, деп хабарлады «Ақмола Медиа орталығы».
None
None

Егінді жинауға күзгі егістік жұмыстарына литрі 110 теңгеден 2145 тонна кепілдендірілген дизельдік отын бөлінді.

Көктемгі кезеңде 60 мың га алқап зерттелді, солардың ішінде септориоз және қоңыр тотпен зақымдалған 40мың га жер анықталды, улы химикаттармен 30,0 мың га жер өңделді. Италиялық прусқа қарсы 5,2 мың га жер өңделді. 2014 жылда парлармен 37 мың га жер жыртылды. Қазіргі кезде олар үшінші із бойынша 27мың га ауданда өңделуде.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық техникасының дайындығы - 98 %. Астық жинауға 262 бірлік комбайн қатысады, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар