Ақкөл ауданында дағдарыстың алдын алуға бағытталған жұмыс тобы құрылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Ақкөл аудан әкімінің орынбасары Анатолий Кривицкийдің жетекшілігімен экономикалық дағдарыстың алдын алуға бағытталған жұмыс тобы құрылып, өз қызметіне кірісіп кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның басты мақсаты жаппай жұмыстан босату, еңбек нарығын бақылауда ұстау, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды іске асыру болып табылады. Қазіргі кезде осындай іс әрекет «Ақмола тәжірибе-механикалық зауыты», «Жылусервис», «Асар НС», «АқМол компаниясы», «Өндірістік комбинат» сынды іргелі өндіріс орындарына хат жолданып, жұмыстан босатуға қатысты ақпараттар алдын ала жинастырылып, жаңа жұмыс орындарына жолдама беру сынды шаралар айқындалуда. Жұмыс тобы әр апта сайын атқарылған істерге қорытынды жасап отырады. Нәтижесінде бірде-бір кәсіпорында экономикалық ахуалға байланысты жұмыстан босату әрекеті тіркелмеген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру бөліміне жыл ішінде 107 адам тіркелсе, оның 24-і тұрақты жұмыспен, ал 36-сы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді.
Соңғы жаңалықтар