15:30, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақкөл ауданында төрт инвестициялық жоба іске асырылды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Ақкөл ауданында өткен жылы төрт инвестициялық жоба іске асырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл ішінде жылдық қуаттылығы төрт миллион дана кірпіш шығаратын жаңа технологиялық жүйе құрастырылып, тәулігіне үш мың тонна қиыршық тас өндіретін ұсақтау-сұрыптау кешенінің екінші кезегі жұмысқа қосылды. Нәтижесінде Ақкөл қаласында 50 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 71 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімін өндіру шешімін тапты. Сонымен қатар «Жөндеу механикалық зауыты» және «Ақмола компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде азот-оттегі стансысы мен астық өңдеу цехының қосымша учаскесі іске қосылды.