Аққөл қаласында облыс жастарының форумы өткізілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен іске асырылған іс-шараға өңір жастары, жас ғалымдар мен мұғалімдер, жас кәсіпкерлер мен өндіріс жаңашылдары, мемлекеттік қызметкерлер, «Жас Отан» жастар қанаты, «Студенттер Альянсі» мен жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, жұмысшы жастар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысып, талқыланған мәселелер турасында ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында секцияларда жас басшының өзіндік менеджменті, жастар ұйымының әрекетін жетілдіру, интелектуалды ұлт, елдің бәсекеге қабылеттілігін арттыру мен дамыту, болашақ кадрларды дайындау мен іріктеу, «Дипломмен ауылға» бастамасына қолдау көрсету жайы тілге тиек етілді. Жастар басқосуына ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары, Қазақстан ауыл жастары одағының өкілдері қатысып, ой-түйіндерін ортаға салды. Форумда облыс жастарын ынтымақты іс-қимылға шақырған үндеу қабылданды. Жүзден жүйрік шыққандарға «Менің Қазақстаным» жастар акциясының қорытындысы бойынша облыс әкімінің «Үздік қазақстандық» сыйақысы табысталды.