18:35, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақкөлде суға кеткен екінші балықшының денесі табылды ? Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпванның 16-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының құтқарушылары жақында Ақкөлге суға кеткен екінші балықшының денесін тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұдан бұрын хабарланғанындай, ақпанның 12-сінде Қаратаудың екі тұрғыны мотоциклмен Талас ауданының Ақкөл көлінен мұз астынан балық аулауға шыққан. Көлдегі мұз ойылып, екеуі де суға кеткен. Олардың бірінің денесін туыстары ақпанның 13-і күні жағаға шығарды, төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері екіншісін іздестірумен айналысты. Келесі ақпанның 14-і күні сағат 17-де ғана суға кеткен екінші балықшының денесі сүңгуірлердің көмегімен судан шығарылды. Мотоцикл мен олардың заттарының су астында жатқанын басқа балықшылар анықтаған. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізуде.