Аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енді
АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрлігі аккредитация субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгертулер ашықтықты арттыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Енгізілген өзгерістер:
– субъектінің өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін +5 жұмыс күніне ұзарту;
– мониторинг нәтижелері бойынша міндетті деректемелері бар қорытындыны ресімдеу;
– аккредиттеу органы сайтында тоқсан сайын статистика мен тексерілген субъектілер тізімін көрсете отырып жария есептілік жүргізу;
– әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда ғана материалдарды уәкілетті органға беруді қамтиды.
Аталған өзгерістер мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ашықтығын, икемділік және аккредитация жүйесіне қатысушылардың мүдделерін ескеруге мүкіндік береді. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттыруға, аккредиттелген ұйымдар үшін тәуекелдерді азайтуға және аккредиттеу органы мен субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Өзгерістер 2025 жылдың 8 тамыз айынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі бірінші жартыжылдыққа арналған сауда саласындағы негізгі көрсеткіштерді жариялады.