Ақмарал Әлназарова өңір әкімдерін ауыл дәрігерлерін ұстап қалуға көбірек ақша бөлуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір әкімдерін ауыл дәрігерлерін ұстап қалуға көбірек ақша бөлуге шақырды.

Ақмарал Әлназарова
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Өңір әкімдіктерінен жас мамандардың жетуіне мониторинг жүргізіп, жұмыс жағдайларына қаншалықты қанағаттанатындарына талдау жүргізуді сұраймыз. Сондай-ақ, ауылда кадрларды ұстап қалу үшін жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуді сұраймыз» - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, елдегі ауылдарға қосымша 1100 маман керек.

««Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының аясында денсаулық сақтау нысандарына қосымша 1100 медицина қызметкері қажет екені айқындалған. 2023 - 2024 жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері (375 дәрігер, 281 орта медицина қызметкері) жұмысқа орналастырылды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар