Ақмарал Науатбек Паралимпиаданың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Парадзюдошы Ақмарал Науатбек бүгін Паралимпиада финалында бақ сынайды.  

парадзюдо
Фото: ҰОК
дзюдо
Фото: ҰОК

Парадзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. 

Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00–де өтеді.

дзюдо
Фото: ҰОК

Еске сала кетейік, биыл Ақмарал Науатбек парадзюдодан Гран-при жарысының жеңімпазы атанған еді. 

Ал былтыр Азия ойындарында чемпион болды. 

Парадзюдодан екі мәрте әлем чемпионы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

дзюдо
Фото: ҰОК

 

 

Соңғы жаңалықтар