Әкімдіктер азық-түлік тауарларының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс - АШМ

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемі өндіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

- Мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемін өндіріп жатырмыз. Сонымен, ет өнімдері – сиыр, қой, жылқы еттері және жұмыртқа ішкі сұранысты толығымен жабады. Құс еті бойынша оң динамика байқалып отыр. Егер өткен жылы қамту деңгейі 79 пайыз болса, биыл 82 пайызға жетті. Сүт өнімдері бойынша да қамтамасыз етілу 100 пайызға жеткізілді, - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі өндіріс көлемі ішкі нарықты қолжетімді өнімдермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Дәл осы кезеңде әкімдіктер қажетті көлемді тек тұрақтандыру қорлары арқылы ғана емес, сонымен қатар сауда үйлері арқылы да келісімшартқа отырғызып, өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет. Бұл мақсатқа өңірлерде «айналым схемасы» бойынша 100 млрд теңгеден астам қаражаттары бар. Осы бөлінген қаражатты тиімді пайдалану арқылы ішкі нарықты қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтауға қол жеткізуіміз қажет, - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, биыл болжам бойынша 24 млн тонна астық бастырылады.

Соңғы жаңалықтар