Әкімдіктер инфрақұрылымды жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісуі керек – депутат

Әкімдіктер инфрақұрылымды жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісуі керек – депутат
Фото: Facebook.com/edilzh

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық апат болған өңірлердегі инфрақұрылымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform. 

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық апат болған өңірлердегі инфрақұрылымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Оны тексеретін министрлікте арнайы комитет бар. Жалпы, жергілікті әкімдіктер жылу беру маусымына дайын екенін жариялаған еді. Алайда бүкіл инфрақұрылым тозғанын ескерсек, жылу беру жүйесінде проблема бар. Алдын ала соның бәріне аудит жүргізіп, тексеріп, тиісті жоспар құрып, тозған учаскелердің барлығын жөндеу керек еді», - деді Е.Жаңбыршин Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл тұрғыда ол қыс кезінде жылу бері жүйесіндегі кемшіліктер салдарынан тұрғындар қайтадан қиындыққа тап болғанын айтты.

«Сондықтан жергілікті билік алдын ала сол инфрақұрылымды жаңарту жөнінде жүйелі жұмыстарға кірісуі керек. Тек осындай нақты қадамдар нәтижесінде ғана апаттар болмайды», - деді депутат.

Айта кетейік, кешелі бері еліміздің бірнеше өңірі жылусыз, сусыз қалды. Энергетика министрлігі мен жергілікті органдар мәселені толық әрі тез шешудің амалын қарастырып жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. 

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Соңғы жаңалықтар