Әкімдіктер жедел жәрдем қызметкерлеріне бейне жетондар таратады

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне бейне жетондарды әкімдіктер сатып алатынын айтты.

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді
Фото: ҚР ДСМ

— Бұл ұсынысқа байланысты бұйрыққа тиісті өзгерістерді енгіздік. Жедел жәрдем қызметін ұйымдастру стандарты бар, соның аясында қызметкерлерге бейне жетонды міндетті түрде тағылуы ескерілген. Енді жергілікті атқарушы органдар, яғни денсаулық сақтау басқармалары осы норманы іске асыруы керек, — деді А. Әлназарова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жайында айтып берді.

Бұл тұрғыда құқық қорғау органдарының тәжірибесі негізінде оларды бейне жетондармен қамтамасыз ету мүмкіндігі пысықталып жатқаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар