Акметал ? дағдарыстан шығудың кілті

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Елбасы Н. Назарбаевтың «Российская газета» басылымында бұған дейін жарияланған «Дағдарыстан шығудың кілті» авторлық мақаласына Е.Дмитриев пен М.Уманскийдің «Известия» газетінде жарияланған (ақпанның 4- және 5-і күнгі нөмірлері) үнқатуларын ұсынамыз.
None
None
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің көптеген басшылары қол қойған және әлемнің көптеген парламенті бекіткен Әлемдік валюта туралы заңның негізінде жұмыс істейтін валюта жасауды ұсынуда. Мемлекет басшысы өткен дүйсенбі күні «Российская газета» басылымында жариялаған «Дағдарыстан шығудың кілті» мақаласында осындай идея айтқан болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, әлем елдері мен құрлықтарды әбіржітіп отырған қазіргі жаһандық әлемдік дағдарыс - адамзаттың басында бұрын болмаған айырықша құбылыс. «Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы тұрғыда Қазақстан басшысы, «айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз» екенін айта келе, «Қазір осындай қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы, оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек»,- деп атап көрсетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев орын алып жатқан дағдарыстың негізгі себептеріне әлемдік валюта эмиссиясының «мүлдем бақылаусыз» қолданыстағы жүйесін жатқызады. Әлемдік валюта эмитенттерінің абсолюттік жауапсыздығы осынау жаһандық дағдарысты туғызып отыр. Себебі әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі әлемдік капиталдың және тұрақты әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның да) болуының өзі бүгінде қатерлі жағдайға жеткізді. «Бұл оның толық тиімсіздігінің айқын дәлелі», - дейді Қазақстан Президенті өз мақаласында. Оған қоса Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі қолданыстағы ұлттық валюталарға «әлемдік валюта» ұғымының қолданылуының легитимділігіне күмән келтіреді. «Әлемнің бір де бір халқы әлемдік валюта эмитентінің шешімдерін қабылдауға да, қызметіне де қатыспайтыны айдан анық. Сондықтан да Ескі әлемнің әлемдік валютасы эмитентінің қызмет ресімдері қай жағынан да немесе қай тұрғыдан да демократиялық болып табылмайды»,- деп түсіндіреді Қазақстан Президенті өз ұстанымын. Қазақстан басшысы тығырықтан шығудың жолы - жаңа әлемдік валюта құру деп санайды. «Бірақ та, бұл мақсатта әлемнің кез-келген елінің ұлттық валютасын пайдалану өнімсіз екені анық», деп есептейді Н.Назарбаев. Сондықтан да ол, «акметал» деп атауға болатын жаңа әмбебап валюта енгізуді ұсынуда. «Ертедегі гректер дамудың жоғары кезеңін ?акме? деген әдемі сөзбен белгілепті. Біздің ұрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары ?ендігі жерде капитал емеске? дұрыс атау таңдап алатын болады. Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау жоғары сапаны ? ?акмені? қамти алатыны түсінікті: мәселен, акме-капитал, немесе ? ?акметал?. Сол кезде мұндай түбегейлі жаңа әлемдік ?акметал? қозғалысқа келтіретін түбегейлі Жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі жерде капитализм деп емес, ?акметализм? деп атау дұрыс болар еді», дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Жаңа валютаның қызметін мазмұндайтын қағидалар да мүлдем жаңа болуы керек. «Осыған байланысты жаңа әлемдік валютаны пайдаланушылар ? барлық негізгі субъектілер әлемдік валюта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және қатаң демократиялық ресімдер бойынша әрекет ететін эмитенттерін басқарудың демократиялық органдарын құра алар еді... Әлемдік валютаның барлық жария және заңды эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) алдында және бүкіләлемдік қоғамдастықтың алдында өз әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін толық мәнінде жауапты болуы тиіс, оны заң бойынша іс жүзінде, мәселен, Бүкіләлемдік валюта арбитражы қамтамасыз ете алар еді...», деп ұсынады Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемді транзитал құтқара ала ма? Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы манифест жариялады Давос экономикалық форумына қатысушылардың соңы үйлеріне жетіп болмай жатып, әлемге «Давос не берді?» деген сауалдар қоя бастады. Естеріңізге сала кетейік, форум «Дағдарыстан кейінгі әлем» деген атпен өтіп, оған әлем елдері мен қаржы ведомстволарының ондаған басшылары қатысты. Ең қызығы сол, қаңтардың 26-сында, Давос саммитінің қарсаңында, Қор рыногын дамыту орталығы Мәскеуде ең күшті ресейлік сарапшылардың басын қосып, «Дағдарыстан кейінгі әлемнің қаржылық құрылысы» деген тақырыпта талқылау өткізді. Орталықтың директоры Юрий Даниловтың мәлім етуінше, консенсус сол - әзірге проблеманың шешімі жоқ, осы анық. Біз ұлттық үкіметтердің қайсысы осы проблема бойынша не істеп, не қойды, әлемде қандай ой-пікірлер пайда болды деген сауалдарға жауап іздедік. Тек Ресейде ғана емес, басқа елдерде де ауызға ілетін ешнәрсе айтылған жоқ». Давос та үмітті ақтамады. Форум қорытындысы бойынша бір ғана мәселені айтуға болады - дағдарысты еңсеруге қатысты ортақ пікірдің жоқтығы. Әлем елдерінің басым бөлігі Давос саммитінде АҚШ- тан қаржылық сатисфакция талап етіп, Американың барлық кінәсін мойнына салды: әлемнің басқа елдерінің есебінен күн көріп отырғаны үшін, рынокты американ президенттерінің сурет-ақшаларымен басып тастағаны үшін айыптады. Ал АҚШ болса, «кешіріңіздер, білмей қалдық, ескермей қалдық, байқамай қалдық» дегенмен шектелді. Давостың лакмус қағазы зияткерлік биржаны құлдыраудың қызыл түсіне бояды. Әлемдік элита дағдарысқа белшесінен батқаны соншалық, олар одан шығудың идеясын ұсынуға да әлсіз болып шықты. Мүмкін бұл дағдарыс - әлемдік элитаның дағдарысы шығар. Әлем серпінді идеялар мен инновацияларға мұқтаж. Оларды Вашингтонда өткен G20 саммиті де, Давос форумы да бере алмады. Ал ақпан айының басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз бетінде күтпеген мәлімдеме жасады. Н.Назарбаевтың сөзі қазіргі мемлекет қайраткерлерінің ешқайсысына ұқсамайтын сөз болды. Назарбаев манифест жариялады. Үндеу әлем елдерінің ойшылдарына (ең алдымен, Ресейдің) арналып, дағдарыстан шығудың жолын бірлесіп іздеуге шақырылды. Назарбаевтың ойы дағдарысқа қарсы рецептпен шектеліп қалмаған. Ақпан манифестінде Қазақстан басшысы жаңа әлем құруға үндеу тастады (ескіні құтқару тиімсіз). Негізгі ой - Нұх кемесінің метафорасына негізделген. Қазіргі дағдарыс бұл адамзат бұрын біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Әлем бұдан былай мүлдем өзгеше болады, сондықтан да еск әлемді сақтауға бағытталған дағдарысқа қарсы рецепттің орнына жаңа әлем тұрғызу керек. Назарбаевтың сөзін дағдарыстан шығудың шараларын іздеп шарқ ұрған Ресей басшылары естір ме екен? Назарбаевтың ойына сүйенсек, әлемді инновация ғана сақтап қалады. Қазақстан басшысы «Түбегейлі жаңару жоспары» деген ұғымды енгізіп отыр. Табанды, пәрменді және жаңашыл жаңару үрдісі - өмірдің барлық саласын және барлық деңгейін ? мемлекеттен бастан әрбір жеке тұлғаға дейін қамтуы керек. Істі неден бастау керек. Дағдарыс әлемдік қаржы жүйесінен басталды, сондықтан да келешектің негізгі проблемасы - әлемдік ақша болмақ. Назарбаев болашақтың әлемдік ақшасын жасаудың мүлдем жаңа жеті қағидасын ұсынып отыр. Қазіргі әлемдік валютаның эмитенттері әлем алдында ешқандай жауап бермейді. Бұл тұрғыдан алғанда Америка толық жауапсыздық көрсетіп, оның салдары жаһандық дағдарысқа ұласып отыр. Сондықтан да жаңа әлемнің валютасы (Назарбаев оны «транзитал» деп атап отыр, «транзит» сөзінен алынған) әлемнің көптеген елдері бекіткен әлемдік заң негізінде жұмыс істеуі керек. Заң оның әлемдік мемлекетаралық мәртебесі мен эмиссиялардың демократиялық қағидаларын нақтылап береді. Бүгінгі «доллар» рыногы бос емес, себебі ол сатушыға айқын жеңілдіктер беріп отыр. Ал Транзитал рыногында сатушылар мен эмитенттер үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмайтын болады. Жаңа валютаның басты қағидалары - еркіндік және бәсекелестік болмақ. Оның қызметін арнайы орган, мысалы дүниежүзілік монополияға қарсы валюта комитеті қадағалайтын болады. Ал орын алуы ықтимал келіспеушіліктер мен дауларды дүниежүзілік валюталық арбитраж қарайды. Қазақстан басшысының пікірінше, қазіргі доллар тетігі әлем ағымынан мүлдем қалыс қалып, оны артқа тартып барады, мұны дағдарыс қуаттап отыр. Жаңа әлемдік валюта адамзаттың негізгі мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес болуға міндетті. Неліктен Н.Назарбаев бұл идеясын Давоста емес, Ресейде айтып отыр. Менің ойымша, оның себебі мынада. Бүгінгі дағдарыс жаһандық соғысқа барабар әлемді бөлісу үдерісіне итермелеп отыр. Әлгі әңгіменің бәрін Ресейге келіп айтып отырған Назарбаевтың ойы - Қазақстанның бүгінгі қарқынды өзгеріп отырған әлемде Ресейді негізгі серіктес ретінде көретінін жеткізу болып отыр. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұрынғы жаһандану үдерісі ыдырай бастап, енді аймақтық валюталар мен аймақтық қаржы орталықтары негізгі рөл атқаратын дәуір келе жатыр. Іс жүзінде, Қазақстан Ресей Федерациясына бірлесе отырып, еларалық қаржы орталығын және аймақтық валюта құруды ұсынып отыр. Міне осы жерде, Назарбаев та, Медведев те және Путин де кездесетін Мәскеуде өткелі отырған ЕурАзЭҚ саммитінің (Кеден одағы) маңызы зор сияқты. Саясаттанушылардың пікірінше, бір нәрсе ойластырылып жатқан сыңайлы. Назарбаев ? посткеңестік кеңістіктегі ең күшті (Ресейден кейінгі) көшбасшы, саясат патриархы, Еуразиядағы ықпалдастықтың идеологы және оның манифестінің идеясы ол саммитте сөзсіз талқыланады. Ал, біз тамаша және қуатты ықпалдастық бастамаларды күтуіміз керек. Ресей, Беларус және Қазақстан бірлесіп, үлкен бастама көтеретіні анық. Доллардың орнына әлемдік дағдарыстан құтқарудың бірден-бір жолы ретінде Қазақстан ұсынып отырған «транзиталдың» келер-келмесін уақыт көрсетеді. Бәрі келешектің үлесінде. Бір ғана мәселе анық. Достастықтағы ең қарқынды дамушы елдің басшысының бұл бастамасы сарапшылар қоғамында қалай қабылданғанына қарамастан, негізгі экономикалық шешімдерді үлкен державалар тобы ғана қабылдайтын уақыт аяқталды. Олардың желкесінде қарқынды дамушы, қаржы тәртібін өзгеруді талап етуші жас елдер тұр. Айтпақшы, Назарбаев жаңа әлемдік валюта туралы идеясын азиялық «жолбарыстың» елордасы ? Делиде жария еткен болатын. Сондықтан да, Қазақстан басшысының үндеуін тек қана Ресей естіп қоймайды.
Соңғы жаңалықтар