Ақмола аймағында облыстық бюджет есебінен 6500 жұмыс орны ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша ағымдағы жыл ішінде әлемдік дағдарыстан шығуға бағытталған 11388 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы уақытта облыстық бюджеттен бөлінген 335,2 миллион теңге қаржы есебінен 4 мың адам қоғамдық жұмыстарға тартылып, 700-і қайта даярлау курстарында біліктіліктерін жетілдіріп, кәсіби шеберліктерін арттырмақ, 923-ы әлеуметтік жұмыспен, 500-ін жастар тәжірибесімен қамту көзделген. Қазірдің өзінде өңірде 1652 жаңа жұмыс орны ашылып, 2617 адам жұмысқа тартылды. Жергілікті бюджеттен қарастырылған 29 миллион теңге есебінен 719 адам қайта даярлық курстарымен қамтылады. Өңірде «Жол картасы» аясында 110 жоба шешімін тауып, 4095 жаңа жұмыс орны ашылады. Білім беру басқармасының ұйытқы болуымен қайта даярлықтан өткізілген 2264 адамды жұмысқа орналастыру көзделуде. Олар негізінен әлеуметтік нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жол құрылысына қатыстырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар