Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мүлдем жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мүлдем жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта дайындықтың түрлі деңгейінде 84 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бар. Олардың 8-і республикалық деңгейде әзірленуде. Оның ішінде Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты үш жоба Үлкен Алматы айналма тас жолын, Шымкенттегі айналма автомобиль жолын және Алматыдағы айналма темір жолды, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты 2 жоба Алматы мен Қарағанды қалаларындағы ауруханаларды, Білім және ғылым министрлігіне қарасты 1 жоба Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте инновациялық кластерді, Ішкі істер министрлігіне қарасты 2 жоба Шымкент пен Қарағандыда түрме құрылысын қамтиды. Ал өңірлік деңгейде 76 жоба бар. оның 23-і Шығыс Қазақстан облысына, 10-ы Астана қаласына, 1-еуі Алматы қаласына, 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысына, 5-еуі Қызылорда облысына тиесілі. «Қалған облыстарда, атап айтқанда, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұған дейін көтерілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша белсенділіктің төмендігін атап өткен орынды және Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мүлдем жоқ», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар