Ақмола облысы Қараөткел ауылының тұрғындары табиғи газға мерзімінен бұрын қол жеткізді

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. KAZINFORM – Газдандыру елорда агломерациясын дамыту бойынша ауқымды жобаның бөлігі, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Жители акмолинского села Караоткель раньше срока получили доступ к природному газу
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақта маңызды оқиға болды: Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылы тұрғындарының үйлеріне алғаш рет табиғи газ келді. Ауыл тұрғындары үшін бұл жай ғана тұрмыстық жайлылық емес, олардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам. Бұл облыстық әкімдік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және оның еншілес компаниясы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның үйлестірілген күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.

село Караоткель подключили к природному газу
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Газ компаниясының мәліметінше, желі құрылысы өткен жылы басталып, мерзімінен бұрын аяқталды. Бастапқыда пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған болатын. Бірақ жұмыстың жеделдетілуі және құбыр желісінің уақытылы салынуының арқасында көгілдір отынды беру осы жылдың желтоқсан айында жүзеге асты.

- Қараөткелдің табиғи газға қосылуы – бүкіл аудан үшін маңызды оқиға. Жоба аясында 63 шақырымдық тарату желілерін салынып, 15 газ тарату пунктін орнатылған. Бұл шамамен 5 мың тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр, - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов.

село Караоткель подключили к природному газу
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ауылдағы әртүрлі қысымдағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 100 шақырымға жетті. Алғашқы үш іске қосу кешені 4110 үй шаруашылығының шамамен 2460-ын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Заманауи газ тарату пункттері тұрақты және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді, бұл солтүстік климат жағдайында өте маңызды.

- Біз бұл процесті айтарлықтай жеделдете алдық. Бұл бізге Қараөткел тұрғындарын табиғи газбен мерзімінен бұрын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Газдандыру жайлылықты жақсартып қана қоймай, сонымен қатар халық үшін айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қауіпсіздік біздің басты басымдығымыз болып қала береді, - деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Уәлихан Қымбатов.

село Караоткель подключили к природному газу
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ауыл тұрғындарының өздері мұны көптен күткен және шынымен де тарихи сәт деп атады.

- Бұрын қыста пешті тәулік бойы жағуға тура келетін. Қазір өмір әлдеқайда жеңілдеді. Ауылымызға газ жеткізуге көмектескен баршаңызға үлкен алғыс айтамыз, - деп бөлісті Қараөткел тұрғыны Рұқия Ажарбайқызы.

село Караоткель подключили к природному газу
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Қараөткелді газдандыру – Ақмола облысындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасының бөлігі. Биыл ғана табиғи газ Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин және Қоянды ауылдарына, сондай-ақ Қосшы қаласына жетті. Осы жобалардың арқасында қазір 42 мыңнан астам адам экологиялық таза және заманауи отынға қол жеткізді.

Сондай-ақ 2026 жылы шамамен 114 мың адам тұратын тағы жеті елді мекенді газбен жабдықтау жоспарланып отыр. Тағы сегіз ауылды газдандырудың жобалау-сметалық құжаттамасы да әзірлену үстінде.

природный газ
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар