13:03, 18 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларына 12 млн теңге қарыз болып қалған
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының прокуратурасы араласқаннан кейін қана қарыз толық өтелді, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, Есіл ауданындағы бір кәсіпорында 33 қызметкерге жалпы сомасы шамамен 12 млн теңге жалақы берілмеген. Бұл жайт әлеуметтік жағдайға жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.
— Есіл ауданының прокуроры жедел шара қабылдап, бірнеше күн ішінде еңбекақы бойынша берешек толық өтелді, — деп мәлімдеді ведомствода.
Осыған дейін СҚО-да 104 млн теңгеге жуық еңбекақы қарызы қайтарылғаны туралы жаздық.