Ақмола облысында 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды.  

жер
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқамерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қарау нәтижелері бойынша жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды.

- Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді, - делінген Ақмола облысы прокуратурасы хабарламасында.

Айта кетейік, Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілікті.

Соңғы жаңалықтар