07:44, 24 Тамыз 2025 | GMT +5
Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының Бурабай ауданында елордадан келе жатқан екі автобус қара жолдың қиын учаскесінде лайға батып қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Бурабай ауданында Астанадан шыққан екі автобус жаңбыр салдарынан лайға айналған дала жолында, жүріп өте алмай қалған.
Автобустарда 99 адам болған. Оқиға туралы хабар алған құтқарушылар бірден оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар автобустарды жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ.