Ақмола облысында астық сақтайтын қойма өртенді

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының Есіл қаласында элеватордың астық қоймасынан өрт шықты. 

от
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын астық қоймасының 900 шаршы метр аумағын шарпыған.

өрт
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Отты сөндіруге Есіл ауданының азаматтық қорғау гарнизоны, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру поезы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күш-құралдары тартылды. Тілсіз жаудан жапа шекендер мен қайтыс болғандар жоқ. Келген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

от
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Айта кетсек, бұдан бұрын бұдан бұрын Ақмола облысында спорт мектебіндегі өрттен 15 бала эвакуацияланғанын жазған едік. 

от
Фото: Ақмола облысы ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар