Ақмола мен Павлодар облыстарында сегіз жол учаскесі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар сегіз автожол учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді және енгізіледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Ақмола облысында 23 қараша сағат 22:30-дан бастап бес автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Атап айтқанда:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 313-341 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 856-915 шақырымы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы кенті);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 552-595 шақырымы (Сұрған кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 40-61 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Ал Павлодар облысында 24 қараша сағат 00:00-ден бастап үш автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.

Олар:

  • «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы (Атамекен кенті – РФ шекарасы);

  • «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» автожолының 0-112 шақырымы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-415 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен кенті).

– Ақмола облысындағы жолдарды 24 қараша сағат 09:00-де, ал Павлодар облысындағы жолдарды сол күні сағат 06:00-де ашу жоспарланған. Жол қозғалысына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады, – делінген компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 20 қарашада Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар екі автожол учаскесінде қалың тұманға байланысты жылдамдық шектеуі енгізілген еді.