Ақмола облысында айналымнан 195 кг есірткі тәркіленді

Ақмола облысында есірткі бизнесімен күресу бойынша «Қарасора-2023» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ес
Фото: ҰҚК

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 1-нен қазанның 30-ы аралығын қамтыған акция барысында облыс аумағында есірткіге қатысты 120 қылмыстық құқық бұзушылық (27 өткізу, 7 аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау, 1 өсіру және 80-нен астам есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу деректері) анықталды.

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде тиым салынған 193 кг есірткі заңсыз айналымнан алынды, оның 120 кг астамы марихуана, 58 кг гашиш және 14 кг синтетикалық есірткі заты. Сонымен бірге, Астана мен Ақмола облысының аумағына гашишті жеткізу мен өткізудің 2 арнасы жойылды. Бурабай, Шортанды, Ерейментау және Целиноград аудандарында 4 есірткі зертханасы анықталды, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары психотропты заттарды жасырумен айналысып жүргендердің қатары жасарып келе жатқандығына алаңдаулы.

- Төрт айдың ішінде ұсталған 11 есірткі жасырушының екеуі жоғары сынып оқушылары, - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола тұрғынының үйінен 8 кг марихуана табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар