Ақмола облысында балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады

103 мыңға жуық бала
Фото: Жетісу облысы білім басқармасынан

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Биыл Ақмола облысында сауықтырумен және демалыстың барлық түрімен 120 500 бала қамтылады.

Ақмола облысы білім басқармасының мəліметінше, 1 маусымнан бастап ақмолалық оқушылар үшін жазғы демалыс кезеңі басталады. Осы кезіңде қала сыртындағы 20 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік болса, 7-еуі жекеменшік. Бұл лагерьлерде Ақмола облысындағы балалардан бөлек, Қазақстанның барлық аумағынан оқушылар келіп демалатын болады.

Су тасқыны салдарынан Атбасар ауданындағы «Есіл» мемлекеттік лагері зардап шекті, аталған лагерь қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабылды. Қалған 8 мемлекеттік лагерь мен 7 жеке лагерь жазғы маусымдардың ашылуына дайындық үстінде. Бұған қоса, маусым айында Целиноград ауданының Қоянды ауылында бір маусымда 350 баланы қабылдайтын «Астана кэмп» жаңа жекеменшік лагерін ашу жоспарланған.

«Күні бұрын екшеліп, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жасаған жоспарларына сәйкес, балалардың жазғы демалысы кезінде сауықтырумен және демалыстың барлық түрімен 120 500 бала қамтылатын болады. Ал, еңбекке баулу ісімен 35 мың оқушы қамтылмақ. Ал қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалыспен шамамен 14 500 бала қамтылады. Қала сыртындағы лагерьлерге қосымша 488 мектеп базасында шамамен 76 мың баланың қатысуымен тамақтанатын және тамақтанбайтын мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді. Жаз бойы 7 мыңға жуық баланың қатысуымен жазғы демалыстың (шатыр, киіз үй, археологиялық лагерьлер) 49 аз шығынды нысаны ашылады», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, жасөспірімдер ісі бойынша бөлімше мен мектепішілік есепте тұрған балалар да назардан тыс қалмайды. Тәуекел тобындағы 18 868 мың бала бірінші кезекте демалыспен және сауықтырумен қамтылмады.

Бұған қоса, жаз маусымында Ақмола облысының мектеп оқушылары республикалық мақсаттағы лагерьлерде сауығатын болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 242 түлек «Алтын белгіге» үміткер екендігін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар