Ақмола облысында боранда адасып қалған үш адам құтқарылды
Зеренді ауданында боранда адасып қалған Ақкөл ауылының үш тұрғыны табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, үш әйел мал бағуға шыққан. Боранда қалған оларды туыстары мен ауылдастары іздеуге шыққан. Алайда ақтүтек боранда іздеу шараларынан түк шықпаған. Кейін полициядан көмек сұрап, өтініш жасаған.
«Полиция қызметкерлері арнайы қызметтік көліктің көмегімен бірнеше сағаттың ішінде жоғалған үш адамды Ивановка ауылы маңынан тапты. Белгілі болғандай, олар бораннан адасып, ауылдан 10 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен. Қазіргі кезде үш әйел де үйлеріне жеткізілді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында дүлей желден ғимараттардың шатыры ұшып, елдімекендер жарықсыз қалғанын жазған едік.