Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысты
Ақмола облысының «Астана-Петропавл» тас жолының 255 шақырымында бірнеше көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Kazinform.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бурабай курорты аумағында жол ақысы төлейтін терминалдан 10-15 шақырымда болған.
Астана бағытындағы КамАЗ жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей алда кетіп бара жатқан Toyota Camry жеңіл көлігіне соқтығысқан.
«Салдарынан тағы үш КамАЗ жүк көлігі мен үш жеңіл көлікке зақым келді. Түрлі дене жақаратымен «Авиценна-Бурабай» ЖШС ауруханасына КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі мен жеңіл көліктің екі жолаушысы жеткізілді», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды жолға шыққанда абай болуға шақырады.
Еске салайық, Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам көз жұмған болатын.