12:07, 19 Тамыз 2025 | GMT +5
Ақмола облысында екі ұшақтың апаты: әуе көлігі иелерінің жұмысы тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана маңында биыл жазда болған екі ұшақ апатын тергеу жұмыстарына қатысты пікіп айтты.

Ол ұшақ апатының әрбір оқиғасы бір жыл ішінде тексерілетінін еске салды.
— Дегенмен, Азаматтық авиация комитеті Авиация әкімшілігімен бірлесіп тексеру жүргізу туралы және тергеу мерзімінде осыған қатысты ұшақ иелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, — деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, биыл маусым айында Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған еді.
Ал тамыз айында Ақмола облысында тағы бір жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.