Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында «Көкшетау-Петропавл» тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды, полиция іс қозғады.

апат
Фото: pixabay.com

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, тамыздың 17- де болған.

«Полиция департаменті осы жылдың 17 тамызында екі жүк көлігінің соқтысқанын хабарлайды. Апат салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, жол апаты туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Онда жол апаты «Көкшетау-Петропавл» тасжолының бойында Алексевка ауылы тұсында болғаны айтылады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында «Газель» көлігі локомотивпен соқтығысқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар