Ақмола облысында ет дүкенінен өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қосшы қаласында ет дүкенінің шатырынан өрт шықты деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында ет дүкенінен өрт шықты
Фото: Kazinform

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 6 шаршы метр аумақтағы өрт (жалпы аумағы 300 шаршы м) толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысы ТЖД тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Ақмола облысында ет дүкенінен өрт шықты
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Айта кетейік, Премьер-минитср Олжас Бектенов үкімет сағатында тұрғын үй секторында өрттің жиілеуіне алаңдаушылық танытқан болатын. 

Мясной магазин горел в Косшы
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

 

 

Соңғы жаңалықтар