Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен амбулатория салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысында прокуратура көмегімен қайтарылған активтер дәрігерлік амбулатория салуға бағытталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

врачебная амбулатория
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге Пятигорское ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты. Бұл нысан — прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен салынып жатқан әлеуметтік жоба.

— Амбулатория алты елді мекеннің 1800-ден астам тұрғынын алғашқы медициналық көмекпен қамту үшін салынып жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 95%-ы аяқталған, — делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомство дерегіне сәйкес, жоспар бойынша, нысан осы жылдың үшінші тоқсанында толық пайдалануға беріледі.

Бұған дейін Алматыда қайтарылған қаражат есебінен салынған фельдшерлік пункт пайдалануға берілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар