18:53, 19 Қазан 2025 | GMT +5
Ақмола облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен жолдардағы тәртіпті қадағалау шараларын күшейтті.
Polisia.kz порталының мәліметінше, бұл жұмыстар полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
— Арнайы профилактикалық рейдтер барысында тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, сондай-ақ жүргізушілердің жол ережелерін орындауын бақылауға алды, - делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.