09:14, 06 Қараша 2025 | GMT +5
Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.
- 2025 жылғы 6 қараша сағат 00:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жылдамдығы 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетілді, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл шектеу ауа райы тұрақтанған соң, 2025 жылғы 6 қараша күні сағат 15:00-де қайта алынып тасталмақ.
Айта кетейік, Алтынемел асуында жол ашылды.