Ақмола облысында көмір мәселесі қалай шешіліп жатыр

Уголь Көмір
Фото: Kazinform

КӨКШЕТАУ.  KAZINFORM - Ақмола облысында алдағы жылыту маусымына жалпы 1 млн 378 мың тонна көмір қажет. Оның 465 мың тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, 913,5 мың тоннасы тұрғындар үшін.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі кезде өңірде жылыту маусымы алдында көмір жеткізу жұмыстары қызу қолға алынған.

«Алдағы жылыту маусымына облыс бойынша жалпы 1 млн 378 мың тонна көмір қажет. Оның 465 мың тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, 913,5 мың тоннасы тұрғындар үшін. Бүгінгі таңда жалпы 405 мыңнан астам тонна көмір жеткізілді», - деп түсіндірді әкімдіктен.

Көкшетау қаласы әкімдігінен атап өткендей, облыс орталығына қыркүйек айында «Екібастұз» көмірінің 40,9 мың тоннасы, яғни бір айлық қоры жеткізілмекші. Қажеттілік жоспарына сәйкес көмір разрездерін өтінімдермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, облыс орталығының тұйықтарында 11 830 тонна көмір бар болса, оның 4 950 тоннасы «Шұбаркөл» көмірі. Бұл көмірдің бағасы - 18 100 - 18 200 теңге шамасында. Бұған қоса, 6 200 тонна «Қаражыра» және 680 тонна «Майкөбе» көмірі бар. «Қаражыра» көмірінің тоннасы 18 500-18 700, «Майкөбе» көмірі 14 000-18 500 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын өңірлердегі көмірдің тоннасы қанша теңге тұратынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram