Ақмола облысында монтаждау жұмыстары кезінде болған апаттан екі адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - 6 шілде күні Целиноград ауданы, Қараөткел ауылындағы су құбыры желісін монтаждау жұмыстары кезінде құдықта апат болд. Салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Павлодар
Фото: Павлодар облысы өңірлік жедел жәрдем стансасы

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция департаменті жұмыс берушілерді қызметкерлерді қауіпсіздік техникасы бойынша тұрақты оқыту ұйымдастыру, жеке қорғану құралдарын пайдалануды қадағалау, жұмыс процестерін ұйымдастырудағы кез келген бұзушылықтарды жедел жоюға шақырады.

Осыған дейін Ақтөбеде локомотив депосының аумағындағы оқиғадан соң екі жұмысшы мерт болғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар