Ақмола облысында өткен жылы 29 өрт тіркеліп, 10 адам қаза болған — прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысында 2024 жылы 29 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тапты, 46 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстардың алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мысалы, Бурабай ауданында биыл 6 оқиға тіркеліп, олардың салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Улы газдан улану салдарынан 3 адам қаза болды.

Осыған байланысты, Бурабай ауданы прокуратурасы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында түтін мен улы газды уақытылы анықтау және оған жедел әрекететуге арналған көмірқышқыл газының детекторлары орнатылды.

Сонымен қатар, Целиноград ауданында газ-ауа қоспасынан жарылысы болып, 3 адам жарақат алды. Шортанды ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 адам мерт болып, 10 адам жарақат алды. Сол сияқты, Қорғалжын ауданында газ баллонының жарылуынан 3 адам қаза болып, 16 адам жарақат алды.

— Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз! — делінген баспасөз-баянында.

Осыған дейін Көкшетауда екі қабатты облыстық кітапхана өртенгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар