Ақмола облысында спорт мектебіндегі өрттен 15 бала эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіндегі өрттен 15 бала эвакуацияланды.

Өрт
Фото: Ақмола облысы ТЖД.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Степняк қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде болған.

«Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты. Ғимаратта болған 15 бала эвакуацияланды. Қызыл жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Арада отыз минут өткенде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы сауда үйіндегі өрттен 50-ден астам адам эвакуацияланғанын жазған едік.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда «101 және «112» жедел желісіне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар