Ақмола облысында суда қалған 6 түйе құтқарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында суда қалған жануарларды құтқару жұмыстары жалғасуда, Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында 6 түйе құтқарылды.

Түйе
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түйелер қызыл су келгенде далада жайылып жүрген. Жануарлар судан үркіп, шөгіп жатып алған. Түйелерді ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов бастаған құтқарушылар құрғақ жерге алып шықты.

«Отыз жылдық тәжірибемде түйелерді алғаш рет құтқарып отырмын. Судың тереңдігі шамамен бір метр, жануарлар суда жүре де, жүзе де алмайды, шөгіп жатып алады. Біз оларды бірден суы жоқ, ашық жерге шығардық. Бірде-бір түйе зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті Ерлан Молдаханов. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар