Ақмола облысында трансформаторлық подстанцияның бұрынғы иесіне қатысты тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Целиноград ауданы прокуратурасы көмегімен әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды.

тергеу
Фото: Kazinform

Прокуратура азаматтарды «Естуші мемлекет» концепциясы аясында қабылдау нәтижесінде Коянды ауылы тұрғындарының 92-нөмірлі толық трансформаторлық подстанцияның (ТТП) бұрынғы иесінің әрекеттері жөнінде шағымы бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Анықталғандай, ТТП-ның бұрынғы иесі 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Ақмола тарату электр желі компаниясы» АҚ-на 6 353 000 теңге көлемінде қарыз жасаған.

Аталған факті бойынша ұрлық жасау ниетінсіз мүліктік зиян келтіргені ушін алдын ала тергеу басталды.

Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, қазіргі уақытта ТТП-ның бұрынғы иесіне қатысты қылмыстық іс қаралу үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум