Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар анықталды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының Ерейментау ауданында шетелдің 5 азаматы заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шілденің 31-і мен тамыздың 2-і аралығында облыс амуағында көші-қон заңнамасында құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған «Келімсек» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Акцияға көші-қон қызметі қызметкерлерінен бөлек, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған.
«Жедел-алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары базарлар, құрылыс объектілері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тексеріп шықты. Нәтижесінде Ерейментау ауданы аумағындағы ЖШС бірінде рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 5 шетелдік азаматты анықталды», - деді ведомстводан.
Шетелдіктердің айуынша, олар рұқсат құжаттарын кейін рәсімдемекші болған.
«Қазіргі уақытта жиналған іс материалдары әкімшілік сотқа жолданды, оларға әкімшілік жаза қарастырылған. Сондай-ақ шетелдіктерді жұмысқа рұқсатсыз, заңсыз тартқаны үшін жұмыс беруші де әкімшілік жауапқа тартылды», - деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Қоянды ауылында әлі күнге дейін 2 мыңға жуық үйдің құжаты жоқ екенін жазған едік.