Ақмола облысында жаңа сайланған әкімдер қызметіне кірісті

Ақмола облысының Ақкөл және Шортанды аудандарының жаңа әкімдері аудан активіне таныстырылды, деп хабарлайды Kazinform.

әкім сайлауы
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қарашаның 5-де елімізде алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімі сайланды.

ақмола облысы
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақмола облысында Ақкөл, Шортанды, Астрахан, Есіл және Жақсы аудандарының әкімдері сайланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, Ақкөл ауданында сайлаушылардың келуі - 73 пайыз.

Көпшілік дауыс Біржан Әбдірахмановқа берілді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы Марат Ахметжанов бүгін Ақкөл және Шортанды аудандарында болып, аудан активтеріне жаңа әкімдерді таныстырды.

жаңа әкім
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Ақкөл ауданында болғанында жаңа әкімге ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.

- Әр тұрғынға сенім білдіргені үшін алғысым шексіз. Өз тарапымнан ауданымыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын, - деді Біржан Әбдірахманов.

Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов еңбек жолын 2005 жылы «Асти-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

2016-2023 жылдары Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйегінен Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен бірге, Шортанды ауданында сайлаушылардың 72 пайызы өз таңдауын жасаған. Оның 91 пайызы Сағындық Шабаровқа дауыс берді.

сағындық шабаров
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сағындық Серікбайұлы Шабаров 1982 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған. Екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2022 жылы Степногорск қалалық қазынашылық бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2006 - 2016 жылдары Степногор қаласының жергілікті атқарушы органдарында жауапты лауазымдарда жұмыс істеді.

ақмола
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

2016-2022 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің және Степногор қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Шортанды ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында сайлау қорытындысы жарияланғанын жазған едік.

ақмола
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі